Қоректендіру жүйесінің әсері, сүзгілер және ауа тазартқыш

Отынды тазарту. Дизельдік двигательдердің қоректендіру жү-йесінің сенімді түрде жұмыс істеуі, көпшілік жағдайда, қолданы-латын отынның қаншалықты тазалығына байланысты болады. Отынды (яғни жанар майды) бакқа құяр кезде жібек матадан немесе қалың бөзден жасалған сүзгісі бар таза воронка пайдалану керек. Май құярдан бұрын бактың құяр мойнын мұқият тазарту және тығындағы желдеткіш тесіктің бітеліп қалмауын қадағалау керек. Егер дизельдік отынды жеті тәулік бойы тұндырса, ол механикалық қоспалардан толық тазарады. Отынды тұндырудың ең қысқа мерзімі 48 сарат.

Тұндырылған отынды ыдыстан сорып алар кезінде шланганың ұшы оның түбіне 75—100 мм жетпеуін қадағалау керек. Бактағы отынның толықтай шығындалуына жол беруге болмайды; онда шамамен 15—20 проценттей пайдаланылмайтын отын қалуы керек, кезекті май құярдан бұрын ол бактан ағызылып алынады. Осы отынды сүзеді немесе ұзақ уақыт тұндырады. Май құяр алдында бакты және құяр ауыз тығынын мұқият тазарту қажет. Егер ком-байн 10—12 сағат тұрса, онда отын бағынан 2—3 л тұнбаны ағызу керек.

Бак. СК-4 және СК-4А комбайндарының багына 140 л, ал СК-5 және СК-6 комбайндарьша — 190 л отын сияды. Құяр мойын сүз-гімен жабдықталған. Бакқа отынның деңгейін көрсететін мөлшері бар мөлдір поливинилхлоридті түтік бекітілген.

Қоректендіру жүйесінің әрекет ету схемасы. Отын бактан 17 ішінара тазарту сүзгісіне 21 барады (117-сурет). Ол бұл жерде механикалық қоспалардан тазартылады. Айдамалауыш помпа 19 отынды ішінара тазарту сүзгісінен сорып алып мұқият тазарту сүзгісіне 13 қысыммен айдайды. Бұл сүзгіде қағаздан жасалған сүзгі элементтері отынды біржолата тазартады, осыдан соң ол отын насосына 22 барады, ал мұны үлкен қысыммен форсункара 9 және одан әрі жылжу, жану камерасына бағыттайды. Форсунканың құрылыс және әсер ерекшелігіне орай отын камераға өте үлкен жылдамдықпен және майда тозаңданған түрде бүркіледі. Мұнымен қоса камераға ауа таратқыштан жақсылап тазартылған ауа да келеді.

Айдамалауыш помпа түтік 12 арқылы мұқият тазарту сүзгісіне двигательдің жұмысына қажет шамадан біршама артық отын айдайды. Ол отын насостың өткізу клапаны және түтікше 16 ар-қылы айдамалауыш помпаға құйылады.

Артық отын форсункадан түтікше 11 арқылы мұқият тазарту сүзгісіне құйылады.

117-сурет. СМД-15К двигателінің қоректендіру жүйесі:

7 —ұшқын сөндіргіші бар эжектор; 2 —сору түтікшесі; 3 — сыртқа шырару түтігі; 4 — ауа тазартқыш; 5 — ауа сорғыш; 6 — ағызу тутікшесі; 7 — жүргізу алдындағы жылытқыш; 8 -мұқият тазарту сузгісінен жылытқышқа жалғасатын түтікше; 9 — форсунка;10- жоғарғы қысым түтікшесі: 11— форсункадан отынды ағызатын түтікше; 12 — сормалау помпасынан мұқият тазарту сүзгісіне жалғасатын түтікше; 13 —отынның мұқият сүзгісі (2СЛФ-.І), 14 — мұқият тазарту сүзгісінен отын насосының қақпарына жалғасатын түтікше; 15 — реттеуіш- 16 — отын насосының қақпағынан артық отынды ағызуға арналған түтікше; 17 — отын бағы; 18 — ішінара тазарту сүзгісіне отын беретін түтікше; 19 — сормалау помпасы; 20 — сормалау помпасына отын беретін түтікше; 21 — отынды ішінара тазарту сүзгісі (ФІ-1); 32 — отын насосы;А — оң жақ бөлікті жууға арналған 2ТФ-2 сүзгісінің үш жүрісті кранының қалпы; Б — кранның сол жақ бөлікті жууға арналған қалпы; В — кранның жұмыстық қалпы;

СМД-17К және СМД-18К двигательдерінде форсункадағы артық отын ендіру коллекторына ағызылады. Бұл отын ендіру клапандары мен ершікті майлайды, осының нәтижесінде бұлардын жұмысының сенімділігі артады.

СМД-64 двигателінде төртінші цилиндрдің форсункасындағы артық отын турбокомпрессордың ендіру кылта түтігіне ағады. Осы келген отын турбокомпрессордың компрессорлық бөлігіне қонған шаң-тозаңдарды шаяды және ендіру клапандарын майлайды. Ци-линдрлер форсункаларындағы артық отын мұқият тазарту сүзгісіне құйылады.

Насос, реттеуіш және айдамалауыш помпа бір тұтас агрегат құрады.

Төменгі қысым отын түтіктері пластмассадан жасалған. Олар ды шұғыл иіп орнатуға болмайды. Төменгі температурада бұл түтіктер морттық қасиетке ие болады, сондықтан оларды соққыдан қорғау керек. Түтіктерді жылыту үшін ыссы суға матырылған шүберек пайдаяанылады. Әрбір 60 сағаттан соң ішінара тазарту сүз-гісінің тұнбасын ағызып жібереді. 240 сағаттан соң оны бөлшек-тейді, стаканды, сүзгілеуіш элементті және саябырландырғышты жуады.

2ТФ-2 мұқият тазарту сүзгісі параллель қосылған екі бөліктен және оны бөлшектемей-ақ жуу үшін онын, кез келген бөлігін ажы-ратып тастауға мүмкіндік беретін үш жүрісті краннан (шүмектен) құрылған. Отын қағаздан жасалған сүзгілеуіш элементтермен та- зартылады.

Двигатель 240 сағат жұмыс істеген соң сүзгі мына тәртіппен жуылады: двигательді зая жүрістің ең жылдам айналысына көші-реді; үш жүрісті кранды А қалпына бұрып қояды; осы кезде бірінші бөлік жуылады; оң жақ бөліктің ағызу тығынын ашады және лас отын ағып кетуі үшін 5—10 минут уақыт күтеді: осы бөліктің ағызу тығынын бұрайды да үш жүрісті кранды Б қалпына бұрып қойып, сол жақ бөлікті жуып-шаяды; сол жақ бөлікті оң жақ бөлігіндей жуып шаяды; кранды жұмыстық В қалпына бұрып қояды; жүйені отынмен толтырады да қолмен ору насосы арқылы ондағы ауаны шығарады.

Сүзгілеу элементтерін двигатель 1500 сағат жұмыс істеген соң алмастырып отырады.

Отандық жүйенің өзара жалғасқан жапсарларының герметика-лығын тексеру үшін отын түтіктерін және отындық аппаратура-ларды, әсіресе олар өзар.а жалғасқан жапсарларды құрғатып сүр-теді. Жапсарларда отын тамшылайтын жерлердің бар-жоқтырын мұқият тексереді. Тамшылайтын жапсарлар бола қалса, бекітулер қатайтып тартылады немесе астарлар алмастырылады.

1970 жылдың декабрь айынан бастап двигательге 2ТФ-2 сүз-гісінің орнына тізбектей жалғастырылған қағаздан жасалған сүзгі элементтері бар екі сатылы 2СТФ-3 сүзгі орнатылған. Бұл сүзгіде кері аққан отын тек өте лас оң жақ бөлікті ғана жуып-шаяды, бұл тазартудың бірінші сатысы болып табылады. Сол жақ бөліктен (бақылау) тек тұнба ғана ағызылады.

2СТФ-3 сүзгісін мына тәртіппен жуып-шаяды: двигательді зая жүрістін, ед жылдам айналу жиілігіне көшіреді; айырып-қосқыш-тың екі жүрісті кранын сағат тілінің жүрісіне қарама-қарсы бағытқа 90°-қа (“Жуып-шаю” — “Промывка” қалпына) бұрады; сол жақ бөліктің ағызу болтын бірнеше айналысқа бұрайды; осы бөліктегі тұнбаны ортынның мөлдір ағыны шыққанға дейін жуып-шаяды; оң жақ бөліктің ағызу болтын бұрайды; айырып-қосқыштың екі жүрісті кранын сағат тілінің жүріс бағыты бойынша 90°-қа (“Жұмыс” — “Работа”) бұрады.

Сүзгілеуіш элементтерді мынадай мерзімде алмастырады; оң жақтағы бөлікте — 2000 мото-сағат өткенде, сол жақ бөлікте —

4000 мото-сағат өткенде.

118-сурет. Ауа тазартқыш және турбокомпрессорлар.

1 — кассеталар; 2 — рефлектор; — бағыттауыш түтікше; 4 — сору түтікшесі; 5 — шаң-тозақ жинауыш шанақ; 6 — циклон; 7 — өндіру келте түтігі; — ауа сору келте түтігі; 9 — ауа тазартқыш құндары; 10 — 2СТФ мұқият тазарту сүзгісінің екі жүрісті кранына ауыстырып қосу схемасы; 11 — турбокомпрессордың корпусы; 12 — ротордың білігі; 13 — компрессор доңғалағы; 14 — компрессордың ендірмесі.

Егер отын маймен ластанған болса, ол сүзгілеуіш элементтерді тез ластайды.

118-суретте 2СТФ-3 сүзгісінің жууға арналған және жұмыс істеу кезіндегі кранынын қалпы көрсетілген.

Ауа тазартқыш. Ауа тазартқыш (118-сурет) құндақтан 9, циклондар блогынан және үш кассетадан құралған. Циклонның әрқайсысында бағыттауыш тік 3 және циклонның шеңберіне жанама бойынша орналасқан ендіру келте түтігі бар. Циклондардың барлығы үстіңгі және астыңғы қақпақтарға (поддон) пісіріліп ұстатылған, ал астыңғы қақпаққа шаң-тозаң жинауыш шанақ 5 пісіріліп ұстатылған. Осы детальдардың барлығы — екі қақпақ, циклондар және шаң жинауыш шанақ-циклондар блогын құрайды. Кассеталар умаждалған сымдармен толтырылған.

Ауа тазартқыштағы ауа екі түрлі тәсілмен тазартылады: шаң-тозаңды двигательден сыртқа шығаратын газдар арқылы тазартатын центрден тепкіш инерциялы эжекторлы құрғақ тәсіл және кассеталар мен рефлекторлар арқылы тазартатын дымқыл сүзу тәсілі.

Ендіру келте түтіктері циклонның корпусына жанама (тан-генциальді) бойынша орналасады. Сондықтан циклонға енген ауа онда айналмалы қозғалысқа түседі. Ауада қалықтаған шаң-тозан,-ның түйіршіктері центрден тепкіш күш әсерінен циклонның қабыр-ғасына қарай лақтырылады, сонан соң шаң-тозаң жинауыш ша-наққа түседі. Циклондардың ортасында түтікшемен жоғары қарай көтерілетін таза ауа қалады.

Сыртқа шығару газының әсерінен сору түтігінде күшті сирек-

119-сурет. Эжектордын. және турбокомпрессордың әрекет ету схемасы:

1 — ауа сорғыш; 2 — ауа тазартқыш; — компрессор; — турбина; — сору түтікшесі;

сіту пайда болады. Осы-ның нәтижесінде шаң-тозаңдар шанақтан сыртқа шығарылатын газдармен ылғи сорылып әкетіледі. 119-суретте эжектордың әрекет ету схемасы көрсетілген.

Кассеталар ауа тазартқышқа салудың алдында маймен майланады. Олардан ағатын май рефлекторда пленка түзеді. 4

Циклоңдармен тазартылған ауа рефлектор мен кассеталарға карай жоғары көтеріледі. Рефлектор шаң-тозаңның бір бөлігін өзінің бетінде ұстап қалып, ауаны кассеталардың бетіне біркелкі тартады. Каесеталар ауаны біржолата тазартады.

Күн сайын техникалык қызмет көрсету кезінде құлақты гайканың тартылып бұралуын тексеру керек, ауа сорғыштың торын тазарту керек, ауа тазартқыштың шлангаларының өзара байланысқан жапсарларының нығыздығын тексеру керек.

Кассеталарды двигатель 60 сағат жүмыс істеген соң жуады. Егер ауа өте шаң-тозақды болса, онда оларды 25—30 сағат жұмыс істеген соң жуады. 240 сағат жұмыс істеген соң ауа тазартқышты толық бөлшектейді де жуады. 1971 жылдан бастап СМД двигателіне төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған циклондар орнатылады. Циклондар металл қақпақтарға престелген.

Читайте также: