Қиял және оның балалық шақта дамуы

Қиял және оның балалық шақта дамуы. Ескі психологияда қиял біздерге әсер еткен нәрселердің бейнесін байланыстар нәтижесінде қиысатын психикалық процестердің барлық түрлеріне қатысты адам әрекетінің ерекше түрі мәселердің сипатталатын.

Ұзақ уақытка дейін қиялдың сырын ашу қиын мәселелердің бірімен санальш келді. Қиялдың өзіндік сипатына сәйкес психологтар оны ерекше процесс деген түсінікті қолдан келді, Адамның әр алуан атқаратын қызметіне орай қиялды біздерге бұрын әсер етуші нәрселерді жинақтап, оларды жаңаша деп қайта жасалған түрде бейнелейді деп санады. Бұл пікірді өзгеше айтқанда санада сақталған әсерлер жаңарып, қайта жасалып, өзгеше болып құрылып, тық бейнелер пайда болады деп түсіндіріліп келді, Мұндай беймелер негізінен адамнын іс-әрекеті арқылы жүзеге асып, қиял процесі пайда болады. Сондықтан ассциация психологиясында қиял бұрыннан адам санасында ірге тепкен нәрселердің қисынды бейнелері мен бөлшектері житалып әсер етеді, солай болғандықтан да қиялдын сырын ұғу қиынға түседі деген пікір өктем болып саналғанды.

Қиялға байланысты қиын сырдың мәнін ашу ниетімен бұрынғы психология оны өзге психикалық процестердің қызметіне қызу үшін де әрқилы әрекеттер жасараны мәлім. Т.Рибо қиялдың мән-жайын зерттуге арнаған еңбегінде оның негізінен түрін атап көрсетеді. Оның бірі — қайта жаңғырту қиялы, ал еніншісі — творчествовалық немесе шығармашылық қиялы.

Қайта жаңғырту қиялын ес деп айтуға да болады. Қиялдың түрі бойынша біз санамызда бұрын бастан кешіріп, көріп-білген нәрселер мен құбылыстардын түр-сипатын қайтадан жаңғыртып көз алдымызға келтіреміз. Ес процесіне тән мұндай кызмет нәрселердің бұрынғы бейнесі дәл қазіргі кезде біздерге тікелей әсер етіп тұрмағандақтан оларды санада жаңғыртуымыз қиял деп аталады. .

Қиялдың бұл түрінің естен айырмашылығын түсіндіруде оны қазіргі көріп тұрган нәрселеріміз біздің санамызда бұрын әсер еткен нәрселердің бейнесін еске түсіріп, олар қайтадан жанғырады деп түсіндіреді. Дұрысын айтқанда мұндай жайт әдеттегі ассоциациялық қозғалыстар арқылы еске түсіру қызметін атқаралды. Егер мен ешқандай табиғат көріністерін көрмей-ақ өзіммен-өзім болып, ойым мен мақсат-мүлдем жайында қиялданатын болсам бір кезде менің есіме пәленбай уақытта көрген көрініс елес береді. Ойлану әрекетіндегі мұндай жайт ес процесінен өзгешелеу. Өйткені менің қиялымды тудырушы сол нәрсенің бейнесі емес, бөтен бір процестердің ықпалы.

Бұл жайтгы басқаша айтатын болсақ, онда психологтардың айтқанындай ойдың мағынасы дұрыс жеткізіліп тұр. Себебі қиялдану әрекетінде бүрынғы бейнелерді жаңғырту еске түсіру әрекетінен әлдеқайда өзгеше сипатта болатындығын көрсетеді
Психологтар бұл ретте мынадай жайтқа кезігеді: белгілі жердің атын естігенде, сол бұрынғы көзбен көрген нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп, бұрынғы бейнелерді жаңғыртады

Сол көріністі еске түсіруден мәселенін түпкі мәні өзгере қоймайды. Сондықтан қиял мен естің. өзара айырмашылығы қиялданудан көрі сол әрекетті тудыру себебіне байланыстылық басымырақ әсер етеді. Мұндай жағдайларда әрекет түрлері өзара ұқсас келіп, атомистік психологиясының қағидасына орай ұқсас бөлшектерден әрекеттің күрделі түрлері пайда болады. Осы орайда қиялдану әрекетінен бір бейне көрінісінен ассоциация бойынша жаңа бейне пайда болады. Қайта жаңғырту қиялы бұл түрі толығымен ес процесімен бірігіп кетеді де оның алуан қызметгерінін біріне айналады.

Психолог мамандардың пайымдауынша адамның іс-әрекет күрделірек маңызы бар қиялдын түрі — шығармашылық Қиялдың бүл түріне тән сипат — санада бұрын ірге теуіп тәжірибеде кездеспеген жаңа тын бейнелердің жасалуы.

Ассоциация психологиясы жаңадан пайда болатын бейне; түрлі бөлшектердің кездейсоқ бірігіп кетуі деп түсіндірге Творчестволық қиялда бөлшектер сана арқылы бірігіп, бейнеге айналады. Алайда ондай бөлшектерді тың нәрселер атауға болмайды. Творчестволық қиялдың бөлшектерден құралатыны туралы алғаш рет пікір айтқандар — В.Вунт пен Т.Е Олар творчестволық қиял сан алуан бөлшектерден құра дейді де, қиялдың бұл түрі өздігінен бірде-бір жаңа бөлшек жасай алмайтынын атап айтады.

Мен бұл психологтардың жұмыстарында елеулі жетістіктері болғанын атап көрсетіп, олар қиялдың сезімдік таныммен ұштасты екендігін бірізді түсіндірііі берді. Сондай-ак олар бе бір психологтардың бағалауындай біздің арман-қиялдарымыздың шарықтап дамуы орынсыз ниет-тілектерімізден емес, адамның өз басынан кешірген өмір тәжірибесіне байланысты неше алуан, болмыстардың ерекшеліктері мен бөлшектерінің қиысып бірігуінен туындап отыратын процесс деп анықтайды. Адам қиялының көріністері оның бір кездерде басынан кешірген оқиғалары мен танып білген нәрселерінің бейнесі ретінде ұйқыда түс көру құбылысынан да байқалады. Түс көру кезінде адамның ғажайып оқиғалар мен құбылыстарды басынан. кешіруінің бәрі өмір тіршілігіндегі болмыспен, арқилы іс-әрекет түрлерінің тәжірибелерімен байланысты әсерлердің жиынтығы екендігін айқын аңғаруға болады. Алайда бұл мәселенің астарында жатқан тағы бір жәйт бар.

Ол сол әсерленген бейнелер қоспасынан туындайтын, не олардан жасалатын қиялдың жаңа түрі мен оның өзіндік сипаты нендей жағдайға байланысты деген сұрақтың мән-жайын ашып көрсету өз шешімін талап ететін жұмбақ мәселе сияқты.

Психологияның ертеректегі мектептерінің өкілдері бұл сұраққа төте жауап беріп, қиял арқылы жаңа бейнелер кездейсоқ түрде нәрселер бөлшектерінің өзара бірігіуінен пайда болып отырады деген-ді. Осы ретте В.Вундтың түс көру туралы пікірінің мәнін ескерген орынды сияқты. Ол адам көрген түстерінің бөліктері бұрын адамның күндіз басынан кешірген нәрселердің бейнесі санаға әсер етіп, олардың бөлшектерінен құралған қияли бейнелер дейді. Түс көру кезінде адам сыртқы нәрселердің әсерін көріп ести алмайды. Ұйқыдағы адам ешнәрсені кермейді, ести де алмайды, немесе оның сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді сезе алмайды, сондықтан нәрселердің бейнесі бұрмаланып, өзгеріп бейнеленеді. Ұйқыдағы сана ішкі органикалық әсерленулерді ғана қабылдайды. Ұйқы кезінде ми алаптарында қозу процесінің де таралуы өзіндік сипатга болғандықтан нәрсердің бейнесі де өзгеріп, әр қилы шым-шытырық кездейсоқ бейнелердің өзара ұласуынан пайда болады.

Сонымен, Вундтың айтуынша түс көру күндізгі бастан кешіріп әсер еткен нәрселер мен оқиғалардың үзінділерінен құралатын бытырыңқы мағынасыз бейнелер. Соған орай Вунд пен өзге психологтар адамның қиялы бейнелерге сараң, адам басынан кешір-меген нәрселердің бөлшектері арасында байланыс болмадықтан творчестволық қиялдың әрекет шеңбері де соғұрлым болады дейді. Психологгар кейбір адамдардың түс көруі өмірбойында бір ғана оқиғаның маңында болып, ол түрлі сипатта болғанымен өзге оқиғалармен бірігіп жаңа бейнелер тудыра. алмағандығын бірсыпыра нақтылы фактілермен тізіп көрсетеді.

Сол психологгар қиял сыртқы жағдайға бейімделіп отыратын әрекет, соңдықтан оның щарықтап дамуы да заңды дейді, Алайда олар осы орайда қиялдың жаңа бөлшектері де пайда болы отыратындығын ескерусіз қалдырады. Вундтың заңы бойынша әсерлену не ойлану, немесе үйлену тойын тікелей бақылап көрген адамның ойында кері түсініктер де тудыруы мүмкіі Мысалы, үйленген зайыбыңнан үнемі бөлек жүріп тіршілік ет өлім алдындағы табыттың елестеуі сияқты. Сондықтан адамның қиялдануы көріп-білген нәрселерінен ары ұзап кетпейді. Мысалы, үйлену тойының әсері адам тісінің ауруы туралы елес тудыруы мүмкін емес. Өйткені үйлену мен тістің ауруы үйлесімсіз жәйттер. Сондықтан да адамның қиялы біздің есімізде сақталған нәрселердің мазмұнына тіректеледі.

Творчестволық қиял бір жағынан қараганда қайта жаңғыру сипатында болғанымен, өзіндік әрекет ретінде, ес процесімі бірігіп кете алмайды. Творчестволық қиял адам әрекетін айрықша түрі ретінде ес процесінің өзіндік бір сипаты болып табылады. Дегенмен қиялдың мән-жайын шешусіз қалдырады.

Атомистік психология адамның мақсатты әрекеті мен ақылды ойдын түйінді мәселелерін жүйелі түрде түсіндіре алмады. Сондай-ақ творчестволық қиялдың пайда болуы жайындағы мәселе түсіндіруге келгенде де дәрменсіздік танытты. Мұндай көзқарастың әлсіздігі ақырында келіп психологияның бірден себепті түсіндіру-шілік интуициялық сияқты бірнеше тармақтарға бөлшектердеп кетуіне әкеп соқтырды.

Ассоциация психологиясы творчестволық қиялды, ойлау процесі сияқты, бірізділікпен түсіңдіруге шама-шарқы жетпегендіктен, интуициялық бағыт ұстаған психологтардың ізін қуып ойлау мен творчестволық қиялды, Гетенің сөзімен айтқанда, дәйектеп жатуды қажет етпейтін постулат деп санады. Идеалистеп адам санасына творчестволық қиялдың тән екені рас, ал оның мәні адам тәжірибесінен бұрын пайда болатын априорлық сипатта болады деп жауап берді. Интуициялық бағыттағы психологтар ассоциация психологиясының қателерін сынап, ол творчестволық қиялдың пайда болуын адамның түйсігі мен қабылдауы сияқты психиканың бастапқы процестеріне сүйеніп адамның іс-әрекеті, нәтижесінде жасалды деген пікірде болды. Интуициялық психология, шынында, адамның саналы әрекеттерінің барлық түрлері жасампаздық сипатта болады да, сыртқы нәрселерді сезіп білген танымына өзіндік үлес қосады дейді. Сөйтіп қазіргі идеалистік көзқараста психологиядағы түрлі қызмет өзара орын ауыстырды. Егер ассоциация психология-сы қиялды ес процесіне әкеп телісе, ал психологияны естік өзі сол қиялдын жеке бір ерекшелігі деп санады. Осы бағытта иедалистер қабылдаудың да қиялдың жеке қасиеті деп санаудан танбады. Олар қабылдау адамның ақылымен жасалатын болмыстың бейнесі, ол сыртқы нәрселердің әсеріне тіректеліп, таньш білудің творчестволық әрекетінен туындайды дейді.

Сонымен қиялға байланысты идеализм мен материализм арасындағы қайшылық бұл процестін таным әрекетіндегі алатын орны мен мән-жайын барлап анықтауды талап етеді. Идеализм қиялдың пайда болуын санадан бұрынғы деп санап, оны сананың творчестволық әрекетімен ұштастырады. Бұл орайда идеалистер өз көзқарастарының ұтылысқа ұшырағанын аңғара алмайды. Г.Дриша мен А.Бергсон және басқа виталистер мен интиуацияшылдар санамызға ерік бостандығының пайда болуымен атар шыққан деп қостайды. Заттың дүниенін дамуында ерікті рекеті сияқты адамның іс-әрекеті де дербестік сипатга болады. .Джемс те осы пікірді қолдап, адамның творчестволық әрекетерінің бәрі де ерікті түрде құдайдың жаратылуымен іске асып отырады дейді.

Идеалиет ІІсихологтардың көзқарастарын анығырақ аңғарып, мәнісін түсіну үшін олардың қиял процесінің пайда болуын генетикалық тұрғыдан іздестіріп, оны санадан бұрын пайда болған деудің өзі материалистік ілімге ашықтан-ашық қарсы қойылғанын көрсетеді.

Біз енді осы салада балалар психологиясының нендей жаңа-лықтарға қолы жетті деген сауалға тоқталайық. Мен бұл мәселенің тарихын егжей-тегжейлі баяндаудың қажеті жоқ деп са наймын. Алайда мәселенін, бағдарын байқап білудің артықшылығы болмас деп білемін.

Қиял алғашқы және ол балалар санасының бастапкы түріне жатады, соның нәтижесіңде адам санасының өзге түрлері пайда болады дейтін көзқарас психанализ және бұл ілімді жасаушы З.Фрейд, Оның айтуынша баланың психикалық әрекетін реттеп отыратын екі түрлі принцип бар. Оның- бірі — бала талабын қанағаттандырып, одан рахат табуы, екінші — шындык болмыс. Бала дамуының бастапқы кезіңде алғашқы принцип негізгі және оның психикасындағы үстемдік етуші талап.

Баланың биологаялық мұқтаждығы мен еркін ересек адамдар үнемі қолдап, қолпаштап отырады. Ол әлі өзін-өзі тамақ, киім . мұқтаждықтармен қамтамасыз ете алмайды. Баланын мұңдай мұқтаждықтарын ересектер атқарады. Бала Фрейдтін сөзінше нақтылы болмыс пен дүниеден бейхабар, уайым-қайғысыз өмір сүретін жан. Мұңдай жағдайда бала санасы негізінен өзінің жеке баеынын сезімі мен мұң-мұқтажын қанағаттандыруға бейімде; одан рахат табуға ғана бағытталған. Ол шындық, болмыст мәнін әлі де түсініп қабылдай алмайды.

Бала психикасының. дамуындағы осындай ерекшеліктер Пиаже зерттеулерінде кеңінен қамтылып, баланың ойлауы мен қиялы шындыққа, болмысқа бағдарланғанын көрсетеді. Алайда баланың санасыз ойы мен ересек адамның мақсатты ойының арасында өтпелі кезең болады дейді. Мұндай аралық немесе өтпелі кезеңді Пиаже бала ойының эгоцентрлігі (өзімшілдігі) деп атайды. Бала ойындағы эгоцентризм қиялдан шындық ойлауға өту сатысы болып саналады. Баланың эгоцентрлік ойын түсіндіру үшін Пиаже оны жеңіл-желпі түс көру, елес сипатында болады да ол қалайда өзінің талабын орындауға бағытталып, шындықтан әлдеқайда алыста жатады дейді. Ал енді бала есейген соң оның мұндай ойы шындық болмысқа қарай бет бұрып, жүзеге асыруға ұмтылады дейді.

Осы бағытта жүргізілген Пиаженін тәжірибелік зерттеулері айтарлықтай маңызды болды. Ол баланың сырттан алған әсерлері мен өзінен-өзін алған әсерлерінің мән-жайын толық ажырата алмайды. Оның «мән» деген түсінігінде әлі де нақтылы ажырата білу жоқ. Сыртқы әсер мен өз әрекетінің мәнін де түсіне алмайды. Бала санасындағы мұндай шатыспалы түсніктердің пайда болу себептері мен олардың мәнін Пиаже тәжірибелік зерттеулерінде айқын да, сенімді етіп түсіндіре білді.

Егер бала өзінің қимыл-қозғалыстары арқылы бір нәрседен рахат тауып тілегін қанағаттандыратын болса, ересек адамдардың сөзімен айтқанда, оны сол алдыңғы жасаған іс-әрекетінің жімісі деп ұғынады. Пиаже бес айлық қыз баламен мынадай тәжірибе жүргізген. Бөбек қолындағы қалам мен қаңылтыр қорапты соғып, одан шыққан дыбысты естиді. Бөлменің бір бұрышында тығылып тұрған зерттеуші бөбек соққан сайын оған жауап ретінде құстың дыбысын шығарған. Бөбек еңді корапты бір-ақ рет соғып, жауап күткен. Оған «құс» жауап береді. Бөбек дыбыстың қайдан шыққанына түсіне алмайды. Ол тағы да қорапты соғады. Бірак оған жауап болмайды. Бұған наразы болған бөбек ашу шақырып қорапты жиі-жиі өзге жағынан соғады. Бөбек өзінің қылығымен кездейсоқ дыбысты естіп, өзінін қорапты соғуынан пайда болған дыбыс екен деген түсінікте болады.

Пиаже өзінің тәжірибелерін онан әрі қарай жалғастырып бөбектің қылығын зерттеуді өзге бір автордын зерттеу әдісін қолдану арылы байқап көреді. Баланың жасы неғұрлым болса, онын өзімшілдігі (эгоцентрлігі) соғұрлым күшті болтынтындығы аныкталады. 7 жасар баланың дербестігі 10 жастағы балаға қарағанда әлдеқайда басым. Осы ретте біздер баланың бастапкы даму кезеңінде кылығындағы эгоцентрлігі барынша асым болып отырады деп санаймыз

Эгоценгризм деген не? Пиаже бұл сұраққа былай жауап береді.Бұл ұғым сананың жалған түрі, сананың бұл түрінің болмысқа қатысы жоқ, дүниеде тек өзіндік сана құрылымымен ғана тіршілік ету. Баланың дербестік санасы өсе келе ересек адамдардың шындықпен байланысты түрде дамитын санасы сияқты сипат алып, оның болмысты пайыадауында жүйелі ойы қалыптасады.

Бұл мәселеден қиял жөніндегі ілімге көшу үшін сәби анасының дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Осы орайда Пиаже, өзге зерттеушілер сияқты, Фрейдтің іліміндегі біраз жайттарға арқа сүйейді. Бұл көзқарасқа сәйкес қиялдың бастапқы түрін пайымсыздық сипатта болады деп санауға болады. Мұндай қиял адамның саналы әрекеті мен ойлауынан өзгеше. Бұл ерекшеліктің мәнін қиялды зерттеуші авторлар ойлауды жүзеге асыруда белгілі ниеттегі мақсат-міндетгер болатындығын атап көрсетеді. Ал қиялға негізделетін ойлауда белгілі мақсат-мүлде болмайды, ондай ойлау парықсыз болып қала бермек. Демек, бірінші айырмашьшық ойлаудың шындыққа сай саналы сипатта болуы, ал қияли ойлау парықсыз түрінде тірексіз болып қала береді. Екінші айырмашылық адамның саналы әрекетіңін мақсатты түрде жұзеге асырылуы. Киял, бұл орайда іс-әрекет түрі ретінде, өзінің максатгы мүлдесінен нәтиже күтіп, одан рахат табады. Қиял бұл орайда өзгеше қызмет атқарады.

Үшінші айырмашылық шындыққа сәйкес ойдың сөз арқылы өзгелерге жеткізілуі әлеуметгік сипатта болып, дауыстап айтылады. Мұңдай ой әлеуметгік сипатта сыртқы болмысты бейлейді. Осы сипаттағы саналы әрекетгердің әр алуан түрлерінің ара ұқсас болуының негізгі себебі ойдың сөздік атаулармен айтылып, өзге адамдарға хабар ретінде таратылуы. Хабарласып тілдесудің негізгі құралы — сөз. Сондықтан да шыңдык болмысты бейнелейтін ой бір мезгілде әрі әлеуметтік, әрі дауыстап сөйлеу сипатында дамып отыратындығын көрсетеді. Ал керісінше елікпе да әлеуметтік сипат жоқ, ол өзіңдік (эгоцентрлік) сипатга болады. Ондай ой жалаң, бейне түрінде, шартты белгі сипатында болғандықтан ондай ойды сөз арқылы өзгелерге жеткізу мүмкін есмес.

Бұлардан да өзгеше бірсыпыра айырмашылықтарды атауға болар еді. Алайда осы баяндалған жайттардан-ақ қиялдың балаларда алғаш пайда болуын көптеген авторлар пайымсыз болғандықтан, әрекет шьшдықты танып білуден гөрі оның дербест қалауын ғана қанағаттандырып, одан рахат алуына бағытталған дейді.

Қиял жөніндегі мұңдай түсініктер биологиялық негіздер сүйенген психологтар тарапынан айтарлықтай қарсылықтар тудырды. Өйткені мұндай бағдар ұстаған психологтар адам дамуын бастапқы кезде әлеуметтен тыс тіршілік етеді десе, ал оның әлеуметгік іс-әрекетіне сыртқы жағдай оған өсе келе әсер етет екінші реттегі жайттар деп санады.

Биологиялық бағдардағы психологтар мынадай екі түрлі өзекті мәселенің мәнін анықтады. Бірінші мәселе хайунаттардың ойлауы мен қиялына қатысты. Голландия зерттеуш К.Бойтендейк жүргізген тәжірибелер мен өзге де нәтижелі хайуанаттарда не елікпе ойлаудың көріністері, не қиял сияқты ерекшеліктер болмайтындығын анықтады. Биологиялық тұрғыдан адам организмнің өсіп жетілуінде алғаш рет ойлау он мұқтаждығын қанағаттандырып рахатгану қызметін атқарады ал оның дуниені танып білудегі қызметін қуаттамайды. Бойтендейк хайуанаттар тіршілік еткен ортасына бейімделіп псикасының даму деңгейіне орай айналадағы жағдайға икемделе алмаса, онда олар тіршілік ете алмаған болар еді дейді. Сондықтан теориялық тұрғыдан да, Бойтендейк зерттеулері нәтижелеріне сүйеніп те мәселенің шындығын филогенетикалық даму зандылықтарына орай киял мен ойлау баланың рахаттануына бағытталған, ал елес пен арман ойлаудан бұрын пайда болған процестер деп санау дұрыс болмас еді.

Екінші топтағы фактілер балаларға бақылау жүргізіп солардан шығатын нәтижелерді талдауға арналған. Зерттеушілер бала дамуының бастапқы кездерінде өз қажеттілігін қанағат-тандыруы табиғи талап. Оны бұрмаланған (галлюцинация) санау дұрыс емес. Бұл орайда Блейлер баланын тамаққв деген құлқы кәдімгі қажеттілік туралы қиялын қанағаттандыру, нақты тамақ түрінен ләззат алуы екендігі анық байқалады деп түйеді. Баланың өз қажеттілігін қанағаттандыруы табиғи процесс және оның санасының ояна бастауынан анық аңғартады.

Қажеттілікті қанағатгандыру тірі организмнін. тіршілік әрекетінің негізгі түрі ретінде балада өте ерте оянады. Соған орай ойлау да сол қажетгілікті қанағатгандырып, одан ләззат табуға бағытталады. Блейлердің айтуынша қажетгілікті қанағатандыру балада өте ерте басталып, одан барынша шапшаң рахат табуға ұмтыдды. Бала дамуындағы мұндай ерекшеліктер оның әрекетіндегі басты мәселе және бұл онын өзге әрекетгер бәрінен басым тұрады.

Шындық болмысты зерттеу арқылы айқындалған мәселенің бірі балалар ойының арманшылдығы туралы түсініктің. Баланың ойлауы мен қиялының арақатынасын маңызды жайт — оның сөйлеуі мен қиялының дамуы.

Фрейд пен Пиаженің пікірінше бала қиялының сөйлеу әрекетімен ұштаспай, оның өзге адамдарға жетпей қалуы. Бұл орайда бала ойының сөздерге тіректелмей жалаң болуы мен ше ойының арасында қайшылық тудыратынын атап көрсетуді қажет етеді.

Ал шындығында тиісті зертгеулер арқылы анықталған нәрсе бала қиялынық қарқынды дамуы оның дыбысты сөздерді игеріп, сөйлеу әрекетімен тікелей байланысты болып отыратындығын көрсетеді. Тілі кеш шығып, сөйлеуінің дамуы мешеулеп қалған баалардың қиялы да жұтаң, әрі сүренсіз болатындығы тәжірибелік зертгеулермен анықталған. Табиғи кемтарлыққа ұшырап, саңырау болып қалған балалардың сөйлеуі де дамымай қалғандықтан олардың қиялы да мардымсыз әрі сүрең болатындығын көрсетеді. Солай болғанмен де Фрейд пен өзге де зертгеушілердің пікіріне сенетін болсақ, онда сөйлеуі дамымай қалған балада оның есесіне өзгелермен қарым-қатынас жасау үшін айлы жағдай жасалып, олар дыбыссыз сөйлеу арқылы, мысалы, саусақтары мен ауыз-ернінің қимыл-қозғалыстары арқылы өзгелерге ойын жеткізерлік қиялдың өзіндік формасы жасалады.

Сонымен бакылау нәтижелері бала қиялының дамуы, оның сөйлсуіне тәуедді екендігін көрсетеді. Сөйлеуі өрістеп дамымаған баланын қиялы мардымсыз болып қалатыны анықталған.

Бала қиялының дамымай тоқырап қалуы әрқилы жүйке ауру-ларына ұшырау себептеріне байланысты болатындығын Германия-дағы құрылым психологиясының өкілдері жүргізген зерттеулер арқылы анықталды. Әсіресе, сондай жайттар мидың түрі ауруларға ұшырап, не мидың зақымдалу салдарынан сөйлеу қабілетінен айырылғанда қиялдың немесё қиялға байланысты армандау сияхты ерекщелікгерінің тіптен дамымай қалғандығы белгілі болған. Ондай ауруға душар болғандар өздері тікелей көріп білген нәрселері мен құбылыстары жайындағы әсерлері туралы бірдемені құрастырып айту не ондай әсерлердің бейнесін жасуға да қабілетсіз болып қалатындығы анықталған.

Сол сияқты жайт Франкфурт институтындағы денесінің сол жағы сал болып қалған адамға жүргізілген тәжірибелер оған айтылған сөздер мен естіген сөздерін де дұрыс қабылдамайтындығын оның мән-жайына түсіне алмағандығын байқатқан.

Оған «Мен оң қолыммен жақсы жаза аламын» деген сөздерді кайтадап айтшы дегенде, ол оң колым деудің. орнына «сол| қолым» деген сөзбен үнемі ауыстырыпа айтатын болған. Мұның тәжірибелерді сан’ рет қайталап жүргізгенде де анықталған жайт сол сөйлеу кабілеті закымдалу салдарынан қиялдану қабілетін де біржолата айырлғанын көрсетеді.

А.Блейлер мен оның — жолын қуғандар сөйдеудің дамуы оның қиялының өрістеуіне күшті әсер етуші фактор екендігін тәжірибелері арқылы дәйектейді. Баланың дыбысты тілі мен сөйлеуі оның тікелей көріп білген әсерлерінен өзге, өздері естіген нәрселер мен заттардың бейнесі жайында ойлап, пайымдауы дамиды. Бала сөйлеу арқылы заттар мен нәрселердің бейнесі жайында өзінің елестері мен түсінисгерін өзгелерге жеткізеді. Соның нәтижесінде баланың танымдык әрекеттерінің өрістеу қолайлы жағдай жасалады.

Баланың мектепке түсіп оқуы оның әрбір нәрсені көріп білуімен қатар, әрқилы әрекеттерге бой ұрып, оларды іске аі ру жолында ойланып клядцанады. Мүндай әрекет балан мектеп кезеніндегі нәрселер туралы саналы ойлауымен бірге қиялын, арманын, ізгі мақсатын орындауға ұмтылып, оның ойлау құрылысының да қалыптасып отыруына ықпал етеді. Өз ойының шындығын сөз арқылы өзгелерге жеткізеді, сөйтіп оның нәрселер мен заттар жайындағы ойлауы нәтижесінде ұғымдар жүйесі қалыптасады. Өткінші кезеңде бала әр алуан нәрселердін ер шеліктері жайында тиісті мағлұматтарды игереді, нәрселеді өзара байланыстары мен пайда болу себептерін біледі. Бала психикасының дамуындағы мұндай сапалы өзгерістер оның сөйлеуі мен қиялының дамуына да айтарлықтай ықпал етеді, Мұнда өзгерістердің бәрі тәжірибелік зерттеулермен анықталған.

Сонымен, нақтылы зерттеу нәтижелері көрсеткендей бала қиялының дамуы, өзге де жоғары дәрежедегі психикалық қыз- меттер сияқты, оның сөйлеуімен тікелей байланысты. Бала сөйлеуінің дамуы оның бір ғана психикалық процесімен шектеліп қоймай, оның өзге адамдармен қарым-қатынас жасау өрісін кеңейтіп, ұжымдағы әлеуметтік тіршілік шеңберін кеңейтеді.

Блейлердің зерттеулерінде қиял белгілі мақсат-мүлделері іске асыру әрекетгеріне бағытталып отыратындығын әдейі көрсеткен болатын.

Егер, біздер, балалар салған суреттерге зейін қойып қарайтын болсақ, олардың өзіндік творчестволық қиялының да мен оның максат-мүлдесін де айқын анғара аламыз. Көркем саласында бала қиялының мәні айқын көрінеді, Қысқа-қысқа өлең текстерін жаттауы, ертегілердің мазмұнын өз сөздер айтып беруі — мұның бәрі бала қиялының бағдары мен саналы әрекетінің жемісі.

Баланын әртүрлі нәрселерді бөлшектерден құрастырып оларды қайта жасауы, техникалық-кұрастыру істерімен шұғылдануы бала қиялының басынан аяғына дейін белгілі мақсаттағы әректтерді орындауға бағыттальш, оның келешектегі мақсат-мүлделерінің мәнін айқындайды. Бұл ретте бала қиялының өзіндік ерекшелігін оның бастапқы қиялы (фантазиясы) деп санайтын көзқарастардың қате пікір екендігін көрсетеді.

Енді мен осы мәселедегі қиялдың эмоциямен байланысына тоқтадап өтейін.

Балалар психологиясывдағы қиялға байланысты маңызды мәселе шындықты сезу заңы делінеді. Бұл заңның негізгі тірегі тікелей бақылау. Қиялдык дамуы мен әрекеті біздің сезімдік тануымыздың өрістеуіне тәуелді. Қияли ойымыздың кейбір жайттары болмыстағы шындыққа сай келмесе де, олар эмоциялық жағынан алғанда шындық. Мысалы, бейтаныс үйге кіріп келгеңде, сол үйдегі ілулі тұрғақ қарақшы киімін көріп, адам шошып қалады. Бұл қорқыньштың шындық еместігін аңғарғанымен, бастан кешіргеи қорқыныш сезімі ақиқат. Қияли сезімдердің мұңдай түрлерін бастан көшіру балаларда да, ересек адамдарда да ақиқат нәрсе. Мұндай болмыстың мәні қиялдың әр алуан сезім күйлерімен байланысты түрде дамып отыратындығын көрсетеді. Қиялдың әр алуан сезім күйлерімен ұштасты екендігіне көздері толық жеткен психологтар қиялдың алғашқы пайда болу негізі және оның қозғаушы механизмі аффект дейді.

Осы негізге арқа сүйеген зерттеушілер бала қиялының даму жолын болмыстағы иақты ойлаумен, түрлі сезімдік-(оциялық жағдайлармен, баланың өз қажетгерін қанағаттандырудағы мүлдесімен т.б. ерекшеліктерімен өзара байланысты дамып отыратындығын барынша тәптіштеп қарастырады.

Сонымеи, ойлау адамның сезім күйі мен қызығуы сияқты процестердің ықпалында қалатын сияқты. Ойлау және сезім процестерінің өзара қатынасы мен қосындысынан психикалық құйма пайда болады, оны біз қиялдың армандау түрі деп атаймыз.

Алайда мынадай екі түрлі жайтқа көңіл аударуды кажет етеді. Сезімдік күй қиялдың ерекше қасиетін құрай алмайды және қиял да адамның толык сезімін қамтуы мүмкін емес.

Адамның ойлау әрекеті оның алдына қойған міңдеттерін шешуге бағытгалған болса, ол қиялдану мен армандаудан гөрі өз басынан әрқилы сезім күйлерін кешііретін болады. Мысалы, революционер-дің ой-то лғанысы белгілі саяси жағдайларға орай өмірлік маңызы бар мәселерді шешуде оның қиялына қарағада сезімі мен эмоциянын әрі күшті, әрі өте терең болатындығын көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның сезімдік күйі мен ойлауының ұласып кетуінің өзіндік тәсілі болатындығын еске кажет.

Егер қиялшыл ой адамның сезім күйлерін бейнелейтін түрі болса, болмыстық ойлау сезім жүйесінің үстемдігін бейнелейтін түрі екенін білдіреді. Ойлау түрлерінің арақатынасындағы мұндай ерекшеліктер олардың атқаратын қызметінің күрделі екендігін көрсетеді. Адамның жасампаздық қиялы мене болмысқа ықпал етуін алып қарастыратын болсақ, оңда адамның қиялы оның ішкі сезім күйінің ықпалынан тыс болатынын байқаймыз.

Сызу арқылы өз қиялымен бір объектінің жоспарын жасаушы өнертапқыш адамның қиялы мен өзінің сезім күйінің жүйесі бар адамның қиялы түрліше сипатта болады және қилдың бұл екі түрі адамның күрделі іс-әрекетінің өзіңдік жүйелеі көрсетеді.

Қиял аса күрделі психикалық процестің қызметі деп санай отырып, оны мидың бірнеше қызметінің өзара бірігуі мен қатынасы нәтижесінде жүзеге асып отыруы деп санаймыз.

Психологияда қиял процесіне байланысты мұңдай күрделі іс-әрекеттерді психологиялық хүйе деп атап, оның атқаратын қызметі мен сипатын, өзіндік құрылымын атап көрсетуі манызы ерекше. Мұндай жүйеде қиялдың ішкі кызметі мен өзі қарым-қатынасы манызды роль атқарады.

Қиял мен ойлау процестерінің өзіндік ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін талдау нәтижесінде олардын белі жүйемен дамып, адам психикасында атқаратын қызметін, олардың түрлі өзгерістерге ұшырап, өзара тәуелді әрқилы байланыстар түзіліп жататындығын көрсетеді.

Лекциямыздың қорытындысында осы тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыра отырып, бірсыпыра мәселелердің мен мұңына тоқталып өтейік. Дұрысында ойлау мен қиял, қиялдану мен елікпе ойлау арасында өзара бітіспейтіңдей қайшылық бар ма деген мәселенің мәнін айқындау керек сияқты. Егер ойдың сөздер арқылы бейнеленуін алатын болсақ, онда сөйлеу, нақты ойлау мен қиялға бірдей тән қасиет екендігін байқаймыз. Ал ойлаудың бағдары мен мақсатын алып қарастыратын болсақ онда шындықты бейнелейтін ой мен елікпе ойлау да белі бағдарда дамып отыратындығын айқын аңғарамыз. Бұл жайт керісінше де алып қарастыратын болсақ, адам шындық жайындағы ойлауының мақсат-мүлдесінің ақиқатгығын аяғына дейін толық түсіне бермейді.

Егер біз киял мен ойлаудың баиланысты болуын аффектік жағынан алып қарасак, онда бұл ерекшеліктің екі процеске бірдей тән екендігін көреміз. Сол сиякты бұл екі процестің сезімге байланысты дамып отыратындығы шындық және бұл процестер арасында біріне-бірі қайшьшықтар болады деген пікір де шындыққа сай келмейтіндігін аңғартады. Бұл мәселені тереңірек іздестіріп көрген ондай қайшылық абсолюттік сипатга емес, қатынасты сипатта ғана болатындығын көреміз.

Осы баяндалған жайттармен бірге ойлау мен қиял арасындағы қатынастың мынадай екі түрлі мәнді ерекшеліктері атап көрсетуді қажет етеді. Біріншіден, бұл екі процесс өзара тығыз байланысты Бұл процестердің пайда болу төркіні де бір. Олардың жемісті болуы тілдік материалға, сөйлеу әрекетіне тіректеледі. Балалардың ойлауы мен қиялының дамуындағы күрделі өзгеріс оның тілінін шығуы және сөйлей бастаған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Соған орай мектеп жасындағы балалар дамуында ойлауы мен елікпе ойлауы олардың сапалы өзгерістерге ұшырау кезеніне сай келеді. Ал қиялдың творчестволық ерекшелігі ойлауымен тығыз ұштасып, ойлау мен қиял арасындағы айырмашылық өшіп кетеді де қиял ойлаудың тұрақты қасиетіне айналады.

Осы орайда заттардың нақты қасиеттері мен жағдайларына байланысты қайшьшықтар да тууы ықтимал. Өйткені шындықты танып білу қиялдың қатынасынсыз мүмкін емес, шындықтың жекелеген ерекшеліктері мен даралык әсерлері бөлшектер ретінде біздің санамызда бейнеленеді. Мысалы, біз өнертапқыштық пен көркем шығармалардың туындьшарын жасауға байланысты мәселелерді алып қарастыратын болсақ, мақсатты мәселелердің түйінін шешуде адам қиялында ойлау шексіз роль атқарады. Бүл процестер үнемі бірлікте дамиды.

Алайда, қиял мен ойлаудың арасындағы айырмашылық ерекшеліктерді көрмей қалу және бұл екі процесті біріне-бірі тепе-тең деп санау әділеттік болмас еді. Бұл екі процесс арасында өзіндік қайшылықтар да бар. Мұңдай қайшьшық киялдағы сезім мен эмоцияға, саналылық пен болмысқа да тән. Бұл қайшылықтар ойлаудың түрлі даму сатыларында да кезеседі.

Қиялдың өзіне тән ерекшелігі сол, ол өзіндік психикалық процесс ретінде, шындықтан алыстап кетіп, сана дербестік сипат аңғандай болады. Мұңдай сипат болмысты тікелей танып білуден оқшауланып тұрады.

Адам тікелей танымы арқылы бейнелер жасайды. Сондай-ақ ол қиялы арқылы да танымық бейнелер құруға қабілетті. Адам ойлау арқылы болмыста жоқ жаңа туынды бейнелер жасайды. Бұл ерекшеліктер ойлау әрекеті мен қиялдың жоғары деңгейде дамуы. Бала ақыл-ойы өсіп, өзі өмір сүргеп ортада маңындағы нәрселер мен кұбылыстардың мән-жайын түсінеді. Ол жасы өскен сайын тереңдеп, сапалы өзгерістерге ұшырайды. Баланың өмір тәжірибесінен көріп-білген ұғым-түсініктері кеңейіп, әрбір зат пен құбылыстың себепті байланыстарын да барлап ұғыну деңгейіне дейін көтеріледі.

Баланың тікелей таным процесі нәрселердің сыртқы көрініс-сипаттарын білуден олардың өзара шартты байланыстарын ұғынуына қарай ойысып, мағыналық жағынан барынша күрделене түседі.

Киял мен ойлау арасындағы ішкі байланыс ерікті түрде танып-білген мағлұматтармен толығады. Сөйтіп, заттардың мазмұн-мәнінің сыры барған сайын ашыла береді. Жалпы айтқанда танымдық процестің дамуында қиялдың атқаратын қыз ерекше және ол сана мен шындық арасында өзіндік сипаты байланыс орнатады.

Біздер бұл мәселеде қазіргі балалар психологиясына қатысты үш түрлі келелі мәселелерді сөз етіп көтердік. Олар ойлау проблемасы, қиял мәселесі және ерік әрекет жайындағы мәселелер.

Ерік туралы мәселе келесі лекцияда сөз болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *