Қауырсын қанатты балықтар

Қауырсын қанатты балықтар
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 процентінен астамы осы класс тармағына жатады.
Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады.

Қауырсын қанаттылардын, барлық түрлеріне тән дене құрылысында мынандай белгілері бар. Дене скелеті толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанаттылардың өкілі ретінде алабұға балығының, құрылысын қарастырамыз.
Алабұға сүйекті балықтар өкілі. Алабұға (Регса fluviаtilis) тез жүзетін, көбінесе ұсак. шабақтармен қоректенетін жыртқыш балық.
Алабұғаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсактың шекарасын-да артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады. Кеуде қанаттары басқа балықтардың кеуде қанаттары сияқты екі бүйірінде желбезек саңылауларының артқы жағына өте жақын жерге орналасады. Құрсақ қанаттары денесінің алдыңғы жағына жақынырақ орналасқан. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан түрады. Барлық қанаттарының. да сүйекті қауырсындары болады. Олардын, кейбіреулері — жұмсақ және бунақты (арқаның, артқы қанаты және құйрық қанаты), екіншілері — қатты және бунақталмаған (алдыңғы арқа қауырсындары) түрде болады. Алабұғалардың, құйрық қанаттары кең,, ашалы келеді. Құрылысы осындай құйрыкты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды Басының тұмсык жағына сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай болады, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы кақпақтардың астында орналасқан.
Балықтардьщ жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қа-наттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуында құйрық қанаты басты органы болып есептеледі және ол денесін басқару қызметінде атқарады. Қос қанаттарының жәрдемімен балықтар су ішінде денесін бұрып отырады. Сонымен бірге қос қанаттары денесін су ішінде табиғи қалыпта ұстауға жәрдемдеседі. Егер де қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа жэне құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.
Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады. Сол, сыртқа шығып жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды ктеноидты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде — карп, сазан, тағы басқаларының қабыршақтарының сырты тегіс болады. Мұндай қабыршақтарды циклоидты қабыршақ деп атайды. Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Өйткені, бүйір сызығы өткен жердің тұсындағы қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері қалады. Осы тесіктер арқылы бүйір сызы-ғы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есіту орган-дарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органдары жақсы дамымаған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты су-дың терең немесе тайыз қабаттарында жүргенін осы бүйір сы-зығы арқылы сезеді. Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан. Мысалы, алабұғаның бүйір сызығы бүйірін куалай түзу орналасса, ал “семсер балықтардың” бүйір сызығы ирек-теліп орналасады. Терісінде болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырындардың әсерінен балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедергісіз, тез қозғалады.
Омыртқа желісі. Амфицельді сүйекті рмыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құй-рық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Бас сүйегі. Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінін, құрылысына тоқталамыз. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dіегmосгапіиm) және шеміршек (сһопdгосгапіиm) тектес сүйектерден пайда болған.
Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақүс тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғарш шүйде сүйегі қоршап жатады. Есіту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады.
Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.
Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды. Сөйтіп, шеміршек арқылы сүйектену ми сауытынын, артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.
Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маң-дай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында — барлық бас сүйегінің түбін — парасфеноид және оның алдыңғы жағы да жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.
Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцеральдық скелет құрылады. Акулаларда болмайтын желбезектер қақпағы сүйекті балықтарда болады. Сүйекті балықтардың алғашқы ретте пайда болған жақтары қоректі азықтарын ұстау қызметін атқармайды. Қоректі қабылдау әрекетін және басқа да болатын күрделі қозғалыстарды жақ аралық сүйегімен жоғарғы жақтан құралған екінші ретте дамыған жақтары атқарады. Төменгі жақ құрамы шаршы сүйекпен үштасатын шеміршекті буындасу сүйегінен, екі үлкен тіс сүйегінен және кішкене бұрыш сүйегінен тұрады.
Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері тек қана шеміршекті сүйектерден қүралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлімі, акулалардікі тәрізді үлкен гиомандибуляре — деген сүйектен пайда болған. Гиомандибуляреге бір жағынан шаршы сүйекпен буындасып түратын симплектикум келіп ұштасады да, ал екінші жағынан жақ асты шеңберінін, төменгі бөлімінің элементтері жалғасып жатады. Сөйтіп, гиомандибуляре симплектикуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептелінеді. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді. Тек қана бас сүйегінің есіту бөлімінде гиомандибуляре сүйегі арқылы жалғасқан түрін гиостилия деп атаймыз. Симплектикум — дегеніміз сүйекті балықтарға тән айрықша сүйек. Бес пар желбезек доғалары болады, бірақ соқғы бір пары (бесіншісі) нашар дамыған.
Желбезек қақпағы гиомандибуляре сүйегіне бекіп тұрады. Желбезек шатыры жалпақ келген үстірт төрт (қақпак, қақпақ алды, қақпақ асты және қақпақ аралық) сүйектен құралған.
Қауырсын қанатты балықтарға ғана тән, тіл асты доғасынын төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйекшелер — желбезек торсылдағының қауырсындары болады. Алабұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі — біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден, көз аралық пердесі болмайды.
Аяқ скелеті: Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден барып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек “жауырын” мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеукеліп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.
Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектер-ден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластинкадан тұрады.
Сүйекті балықтардын. алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. Бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерек-шелігі болып есептеледі.
Ет системасы. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.
Нерв системасы. Миы кейбір қарапайым белгілері бойынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым- болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миынын. көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олардың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жарынан нерв заттары жоқ эпителиймен капталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арқылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды. Бұларға алдыңғы мидың жұп өсінділері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.
Бас миынан 10 пар нерв тарайды (I—X). ХІІ-пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.
Көру органдары. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан. Көз ұясының қабырғаларынан келіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып-жазылуы нәтижесінде, көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсіндінің жиырылып-жазылуы хрусталиктің қозғалуына әсер етеді, сонымен қатар көруге бейімделуіне себепші болады. Көз қабақтары болмайды.
Есту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін— эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттер-мен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады. Алабұғаларда және сүйекті балықтардың көпішлігінде мұндай ірі отолиттер үшеу. Ең үлкен есіту тасы дөңгелек қапшықша-ның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Қалған екі есіту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады, ал екіншісі — сопақ қапшықшаның. арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама ал-дыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының, манайында орналасқан.
Дәм сезу органы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана орналасып қоймай, сонымен қатар бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.
Иіс органдары — екі тесікті (танау) жұп қапшықшадан кұралады.
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақ аралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Тістердің барлығының формасы бірдей болады. Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай аламайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректік затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына карай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақтың жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда турліше болады. Мәселен алабұғада — 3, ласосьта — 40, скумбрияда — 200 жуық.
Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Өт—өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашылады.
Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шашырап жатады.
Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне орналасады. Торсылдақты іші газға (көмір қышқыл газына, оттегіне және негізінен азотқа) толған жұқа қабықты қапшық деуге болады. Торсылдақ негізінде гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды, қысылған кезде меншікті салмағы артады. Торсылдақтың ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы — торсылдақтың қабырғаларында көптеген ұсақ қан тамырларының болуына байланысты. Кейбір жерлерінде қан тамырлары ұсақ капиллярға тарамдалады. Осы ұсақ қан тамыршалары арқылы, торсылдақ ішіндегі оттегін қабылдап, немесе газ алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқа шығарып оты-рады. Осындай процестін, нәтижесінде балық торсылдақтарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Бұған қа-рағанда торсылдақ кейбір балықтарда аздап та болса тыныс алу процесіне қатысады.
Алабұралардьщ, сол сияқты сүйекті балықтардың көпшілігінің торсылдағы сегіздік цифр тәрізді кёйеді. Судың түбіне тереңірек сүңгуде, немесе тереңдіктен тез. судың үстінгі қабатына көтерілуде торсылдақтың маңызы үлкен. Суға төмен сүңгігенде денесінің бас бөлімінің меншікті салмағын арттыру үшін, торсылдағының алдыңғы бөліміндегі ауаны қысып, арткы бөліміне ырыстырады. Жоғары көтерілгенде керісінше — торсылдақтың алдыңғы бөліміне ауаны көбірек ауыстырады.
Тыныс алу органдары. Алабұғалардың басқа балықтардікі сияқты, төрт пар жетілген желбезектері болады. Сонымен қатар желбезек қақпағының ішкі жағында жалған желбезек деп аталатын жетілмеген желбезегі болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары желбезек шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек кақпағы жауып тұрады.
Сүйекті балықтар — желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балық желбезек қақпағын ептеп көтере бастағанда, желбезек қақпақшасының жиегіндегі жұқа тері перде сыртындағы судың қысымының әсерінен желбезек саңылауларына жабысады. Мұның нәтижесінде желбезек қақпағының астында бос қуыс пайда болады және ауыз-жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпағы төмен орнына түскенде, су қысылып барып, желбезек саңылауларынан сыртқа шығады. Балықтардың тыныс алуы суды ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалатынын мына тәжірибеден байқауға болады. Ыдыста (аквариумда) жүзіп жүрген балықты алып, аузының ішіне кергіш салып керіп қойса да, олардың тыныс алып, тіршілік ететіндігін көруге болады.
Қан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камерадан тұрады: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Сөйтіп, алабұғаның акуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі — қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтан да ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды.
Тіл асты жартылай желбезектің шала дамуының салдары-нан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп, қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артерияларының төрт-ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының түбіне келіп кұяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан сабақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Бұл сүйекті балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып есептелінеді.
Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, арқа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
Вена. Акуланың вена жүйесімен салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар:
1) бүйір веналары болмайды; 2) сүйекті балықтардың көп-шілігінде, тек кана сол жағындағы артқы кардиналь венасы тікелей келіп ковьер өзегіне жалғасады. 3) кұйрық венасы бауыр қақпа вёнасымен бірігіп кетеді.
Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тэрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйрёктерінің ішкі жиектерін қуалай орналасқан вольфов қаналшаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Қейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.
Жыныс органдарының құрылысы — шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады, Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын — мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрекпен байланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.
Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және “тірі жұмырт-қа” туушылық байқалады. Мысалы, Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті карп тэрізділері (Сургіпоdіопtіdіае) және аквариумдарда өсіретін — гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді.
Балықтарда гермафродиттік өте сирек кездеседі. Бірақ та теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.
ҚАУЫРСЫН ҚАНАТТЫ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ
Қауыреын қанатты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-отряд үсті — сүйекті ганоидалар (Ноіоsіеі), 2-отряд үсті — көп қанатты балықтар (Роіурtегі), 3-отряд үсті — сүйекті балықтар (Теіеоstіеі).
1-отряд үсті. Сүйекті ганоидалар (Ноlоstеі)
Қауырсын қанаттылар өте қарапайым құрылысты, өткен мезазой дәуірінде кең тараған балықтар. Осы кезде әр түрлі отрядқа жататын екі түрі ғана тіршілік етеді.Өзіне тән ерекшелігі ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде артерияльдық конусы болады. Қабыршақтары ганоидалы немесе сүйекті (циклоидты) болып келеді. Скелеті шеміршек тектес сүйектерден пайда болған. Бірақ та жоғарғы шүйде сүйегі болмайды. Жүзу торсылдағы болады. Осы кездегі өкілдері Солтүстік Американың тұщы суларында тіршілік ететін — кайманов, немесе сауытты шортан (Lеріdіоsіеиs) мен амия (Аmіа саlvа) балығы. Бұлардың омыртқаларының арт жағы ойыс, алдыңғы жағы дөңес, болып келеді. Мұндай омыртқаны опистоцельді омыртқа деп атайды. Қабыршақтары ганоидалы болады. Денесінің ұзындығы 2,5—3 м, ал кейбір түрлері 6 м-ге дейін жетеді.
2-отряд үсті. Көп қанаттылар (Роlурtегі)
Бұл сан жағынан аз болса да құрылысында өздеріне тән ерекше белгілері бар тұщы су балықтары. Денесі ромб тәрізді Ірі, өз ара қозғалмалы болып байланысқан қабыршақтармен хабылған. Арқа қанаты көптеген ұсақ қанаттардан тұрады, соған байланысты бұларды көп қанатты балықтар деп атаған. Көкірек қанаттарының түбінде етті алақаншасы болады. Жүзу торсылдағы ерекше құрылысты болады. Оның оң жақ бөлімі үлкен, ал керісінше сол жақ бөлімі кішірек болып келеді.Екі бөлімі де жалпы канал арқылы ішекпен жалғасып, қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Әйткенмен, қос тыныстылар мен саусақ қанаттылардан ерекшелігі — көп қанаттылардың ішкі танау тесігі болмайды.
Көп қанатты балықтар тропиктік Африкада таралған. Олар өзендердің түбінде, ылайлы (илистый) бөлімінде тіршілік етеді. Негізінен жануар текті қоректермен қоректенеді. Дамуы — өзгеру арқылы орындалады. Личинкаларында өте жақсы дамыған сыртқы желбезектері болады. Кәсіптік маңызы жоқ. Қазір көп қанаттылардың он шақты түрі белгілі. Қазба қалдықтары түрінде әлі анықталмаған.
3-отряд үсті. Сүйекті балықтар (Теlеоstеі)
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, те-ңіздерде және тұщы суларда кездеседі. Түрлі тіршілік жағдай-лары мен тіршілік ету тәсіліне байланысты, бұл балықтардың. сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Құрылысындағы жалпы ортақ белгілері: қабыршақтары (бола қалса) сүйекті циклоидты, немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцер-калды. Қөкірек қанаттарының скелетінде базалиялары болмай-ды, ол тек қана радиалия мен тері қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері қауырсындарынан құралады.
Бұлардың кейбір қарапайым түрлерінің болмаса, көпшілігінің ішектерінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде артерия конусы болмайды, бірақ қолқа түйіні жақсы дамыған. Көпшілігінің ішегінде тұйық, пилорикалық деп аталатын өсінді-лері болады. Өсінді түрінде дамыған торсылдағы бар. Бұлар-дың қарапайым құрылысты формаларының торсылдағының өңешпен байланысы бүкіл тіршілігі аяқталғанша сақталады да, ал көпшілігінде торсылдағының өңешпен байланысы балықтардың дамуы барысында жойылып кетеді. Бұл отряд үсті бірнеше отрядқа бөлінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *