Қазақ тілі лексикасы туралы жалпы түсінік

Лексика, лексикология және стилистика — бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп — әдетте тілдегі барық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағынасын, онын, шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жана сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарыньщ қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мысалы мына бір үзінділерге көңіл аударып көрейік.

 

Білігі артық Қарашаш (Батырлар жыры); Заявление — арыз, Тексеру бізге парыз (I. Жансүгіров); Сөйлеп көр тіл мен жақ. Сө-зіңнің бэрі хақ (С. Сейфуллин);Атаның адал батасын, анаңның ақ сүтін ерлікпен ақтау саған парыз (Б. Момышұлы); Бізге бригади-ріміз Кудрявцев сияқты білікті құрылысшы болу элі ертерек (га-зеттен); Қазақ халқының, оның ескі тайпаларының, талай тарихи шытырман кезеңді өткермегі де хақ, талай жазу-сызу жоралғыла-рына бірде тікелей, бірде жанамалай жанаспағы да хақ (ғылыми мақаладан). Жерді тыңғылықты өңдеп, баптау ең алдымен трак-торшыныц парызы (газеттен). Осы үзінділердегі білік (білікті), парыз, хақ, улан лексикамызда жалпы белгілі сөздер. Бірак, олар тіліміздегі әр түрлі стильдерде қолданылуы жағынан бірдей емес. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардьщ өзінен-ақ оңай байқаймыз. Ілгерідегі мысалдарды өз ара салыстыру арқылы да осыны аңғарамыз. Бұл арада әр түрлі стильде қолданылған бір сөзге әдейі тоқталып отырмыз. Өйткені ондай жеке сөздін, стиль түрлерінің кез келгеніне жарасып, қонымдылық табуы мүмкін емес. Дегенмен қай тілде де қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен көбінесе белгілі, бір ғана стильге бейімірек тұрады. Лексикология мен стилистиканық бір-бірімен байланысты, олардың әдетте өз ара тығыз қарым-қатынаста болатыны міне осыдан. Парыз есімін тракторшы дегенмен қосақтау, яғни тракторшының парызы деу қай жағынан да келісіп тұрған жоқ. Бұдан гөрі тракторшының міндеті түрінде қолданылғаны әлдеқайда орынды. Дұрысының өзі де сол. Себебі парыз сөзі көбінесе көркем әдебиет стиліне тән құбылыс. Кейде публицистикалық стильде де қолданыла береді. Ал күнделікті баспасөз бетінде жарияланып жататын ресми шағын хабарда парыз есімін пайдалану, оны және тракторшы дегенмен тіркестіру стиль шартына үнемі дәл келе бермейді, ұтымды да болып шықпайды. Ол сондай-ақ ғылыми стильге де, ресми кеңсе тіліне де үйлесімді емес. Мұны, яғни қандай да бір тілдік құбылысты, стильдік өңіне қарай талғап қолдану қажеттігін, сондай-ақ ұлан, саңлақ, марқаю сөздерінен де айқын көруге болады.

 

Сол бұйырмаған махаббат-достықтан біткен екеуінің баласы, жөргектегі нэрестесі жас ұлан мынау шеткі Ақшоқының есіз биі-гінің басына апарып тасталды (М. Әуезов); Еңлік үнімен қыз жүрегі сыр айтса, Кебек тілімен ұл арманы, ер ашуы, ұлан жаны жоқталса болмас па (осында); Бұл бастаманы өндіріске енгізген тапқыр ұландар қазірдің өзінде 45 мыц адамды қол жұмысынан босатты (газеттен). Автомобиль транспорты да кемеліне келіп марқайды(газеттен.) Жапырақтар жалпайды. Жас қозылар марқайды

(I. Жансүгіров); Ел құрметіне бөленіп, көзге түсіп жүрген саңлақ сауыншылар бізде көп (газеттен). Мен-дағы мұндай кезде жылмаң қақам, Мінгенмін не саңлаққа сумаң қаққан (I. Жансүгіров).

 

Әуелі мұндағы сацлак, сөзінің қолданылу ерекшелігіне, стильдік бояуына тоқталып көрейік. Бұл да негізінен сол көркем әдебиет стиліне тән құбылыс. Ол әдетте ақын, жазушылардың шығарма-ларынан жиі кездесіп отырады. Саңлақ және сауыншы сөздерінің қатар қолданылуынан жатықтық емес, қайта жасандылық сезіліп тұрады. Парыз, саңлак, сөздері ара-тұра сөйлеу стилінде де айты-лады. Ғылыми стильде, газет, журналдарда ақпар түрінде шығып жататын қысқа материалдарда, ресми кеңсе стильдерінде мұның екеуі де сирек ұшырасады. Саңлақ сауыншы немесе тракторшының парызы деу құлаққа да тіпті ерсі естіледі. Ұлан, хақ, білік есімдері мен марқаю етістігін де дәл осы тұрғыдан алатын болсақ, бұлардың да жоғарыдағы қолданылуының қайсысы орынды, қайсысы жасанды екенін білу қиын емес. Мысалы, “Білігі артық Қарашаш” деген жолды “Білімі артык, Қарашаш” деп өзгертуге де болар. Бірақ дәл осы контексте, осындай ескі жыр шумақтарына білім зат есімінен гөрі көне форма білік сөзінің өзі көбірек үйлеседі. Албілікті қүрылысшы дегендегі білікті өз орнында тұрған жоқ. Кон-тексте стиль ерекшелігіне сай жұмсалмаған. Бұл арада және бір ескертетін нәрсе: білік білім сөзінің ғана орнына емес, ақыл деген мағынада да қолданылады. Оны осы себепті де кез келген стильде келтіре беруге болмайды. Сондай-ақ автомобиль транспорты мар-қайды мен жас қозылар марқайды дегендерді немесе тапқыр ұлан-дар 45 мың адамды қол жұмысынан босатты мен ұлан жаны жоқ-талса болмас па деген екі үзіндіні салыстырсақ та, жоғарыдағы тә-різді ерекшелікті: қандай бір сөздің болса да белгілі бір стиль түріне көбірек бейім тұратынын аңғарамыз. Марқайды етістігі қозыға байланысты айтылғанда, айналасындағы сөздермен қиюласуы да, үйлесімі де өте табиғи, жым-жігі білінбейді. Бұған керісінше, автомобиль транспорты марқайды дегеннен мұндай жатықтық көрінбейді. Парыз, саңлақ есімдері тәрізді бұлар да (хақ, ұлан, білік, марқаю сөздері де) негізінен көркем әдебиет стиліне, ара-тұра публицистикалық мақалалар мен ара кідік сөйлеу тілінде қол-данылады. Демек, лексиканың стильдік сипаты әдетте тіліміздегі әр сала сөздердін, белгілі бір стиль түріне бейімділігіне не онда сирек қолданылатындығына қарай анықталады.

 

Әдеби, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде сөздердің өз-ді-өзіне тән жұмсалу қабілеті аңғарылады. Мұндай өзгешелік әсі-ресе көркем әдебиет стилі мен кеңсе, ғылыми, публицистикалық стильдердің арасында айқынырақ сезіледі. Қөркем шығарма тілінің дені қазақ тілінің байырғы сөздері болып келеді. Онда әдетте ‘ тілде бар сөздін, қолданылмайтыны аз байқалады. Стильдік мақсатта керегіне карай, мұнда байырғы құбылыстар да термин де, көне сөздер де, диалектизм де кездесіп отырады. Бірақ солардың ішінен көбінесе көркем әдебиет стилінде жұмсалатындары да бар. Мысалы:

 

Қайта жолдастары осыны айтқалы көңіліне амалсыздықтың бір жадаулығы да келіп еді (М. Әуезов). Күңгірт, сұрғылт қыс аспа-нында көшпе бүлттар өркеш-өркеш боп, терістікке қарай маңып, ауып барады (сонда). Мен малыма өзім иемін — деп, Нуржан шірене түсті (Б. Майлин). Самаурынынбыжылдатып, мына саба-лақ сары баланы күтіп бұл эйел отырады да қояды. Отасқандарына жыл да толмаған. Ойын-күлкіге батып жайраңдайтын кезі ғой шыны (сонда).

 

Бұл^ келтірілген мысалдарда жадаулық, күңгірт, сұрғылт, ману, шірену быжылдау, сабалақ,, отасу, жайраңдау деген сөздер өзге стиль түрлеріне қарағанда, әсіресе көркем әдебиетте жиі байқа-лады. Жеке сөздерден байқалатын осы ерекшелікке байланысты, яғни олардың әр түрлі стильдік бояуына қарай, лексиканы жалпы бірнеше салара топтастыруға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *