Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформалары

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформалары. Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады.

Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рүқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-құжаттарына белгі қойылды.
«Павловск» реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету зандылығы дәлел-
денбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. — 300 т., 1990 ж. — 234 т.1.
Гринберг И. Рубль, червонец, тенге. Алматы: «Каржы -каражат»,
66 Ақша, несие, банктер
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы — рубль бірінші
кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты бір-
тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдырағын соң ақшаны дезинтеграциялау процесі
өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің
меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың
міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және
Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам — меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңала-рына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған «Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы», соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге «рубль аумағында» қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюрлары шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. • 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Хариссон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасына ¥лттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 карашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта — теңге енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде — шексіз, 1961-1993жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.
Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер мен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шыгарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мысникельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.
Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.
Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *