Ілбі

Ілбі, вульпия (лат. Vulpіa) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жерорта теңізі аймағына тараған 23 түрі белгілі. Қазақстанда Солт. және Батыс Тянь-Шаньнің құрғақ жерлеріндегі төм. тау беткейлерінде өсетін 2 түрі: егеуқұйрық І. (V. myuros) және иран І-сі (V. persіca) бар. Олардың биікт. 10 – 40 см, сабағы түзу, жіңішке, кейде иілген, жалаң. Гүлшоғыры масақ тәрізді сыпыртқы. Масағы қысқа немесе ұзынша сабақты, жоғарғысы отырыңқы 4 – 8 гүлді. Масақ қабыршағы екеу, ұзынша, үшкір. Гүлқабыршағы жіңішке, таспа-қандауыр тәрізді, ұз. 7 мм, бес жүйкелі, ұшы қылтанды. Аталығы біреу. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. І. – малазықтық шөп.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *