Элеваторлар мен шнектер

Жалпы құрылысы. Астық пен майда топандар молотилкаға элеватормен және шнекпен тасымалданады. Жұмыс органдары, әдетте, егер артық жүк түспесе, тоқтаусыз жүмыс істейді. Артық жүк түсуін болдырмас үшін шнекке сақтандыррыш муфта мен сигнализатор орнатылған.

 

СК-6-дан басқа барлық комбайндарға шынжырлы-қырнауышты әлеватор қолданылған. СК-6-да элеватор шнекті болып келеді.

 

Шынжырлы-қырнауышты элеватор дегеніміз үзына бойына тақтаймен бөлінген үзынша металл корпус 6 (70-сурет). Осы кор-пустың шет жағына орналасқан екі жүлдызшаға көп қабатты резина белдіктен жасалған қырнауышы 7 бар роликті-втулкалы шексіз шынжыр кигізілген (адымы 38 мм).

 

Шнек құндағының 13 келте түтігіне 10 сақина 9 бекітілген, Осы сақинаға элеватор корпусы сүйенеді. Элеватор корпусының шнек қүндағымен жалғасқан жері ілмекті болтпен 5 үстатылады,

Қырнауышы бар шынжырды элеватордың жоғарғы қалпақшасы арқылы орнатады: бір мезетте екі тармағын да төмен түсіреді. Дұрыс керілген шынжырда қырнауышты екі жағына да 30° жантайтуға болады.

Элеватор қақпарының оның қалпақшасына, әсіресе төмендегі»

 

70-сурет. СК-5 комбайнының дән шнегі:

1 — сақтандырғыш муфтасы бар жетек шкиві; 2 — сигнализатор;

3 — желдеткіш құндағының аузы; 4 — торлы станның еңіс тақтайы; 5 — ілмекті болт; 6 — элеватор корпусы; 7 — қырнауыш; 8 — элеватор шынжырынық жетекші жұлдызшасы; 9 — элеватор корпусының төменгі қалпақшасына бекітуге арналған белдеулі шойын сақина; 10 — шнек құндағының келте түтігі; 11 — нығыздағыш; 12 — шнек құндарындағы люк қақпағы; 13 — шнек құндағы.

71-сурет. «Нива» комбайнындағы дән шнегінін, сақтандырғыш муфтасы:

1 — тарту болты; 2 — қалпақ; 3 — серіппе; 4 — штифт; 5 —қысқыш дискі; б —втулка; 7 — снгнализатор; 8 — білік; 9 — контактілі рычаг; 10 — шкив; 11 — кідірмелі тісті дискі- 12 — муфта. сіне тығыз орналасуының шығынды азайтуда айрықша маңызы бар.

 

Сактандырғыш муфта. Шнек пен элеваторды қозғалтатын шкив 10 білікке 8 бос орнатылған (71-сурет). Ол білікке қозғалысты екі  тісті кідірмелі дискі 11 мен муфта 12 арқылы береді, бұлар білікке

штифтермен 4 білектермен.

 

Әбір кідірмелі дискінің 11 бір жағында төрт кертік, ал екінші жағында-биіктігі 6 мм тістер бар. Дискі кертіктері шкив күпшегі 10 мен муфтаға 12 жасалған ойыққа сұғындырылған Дискі тістері бір-бірімен ілініскен. Серіппе 3 шкив күпшегін, 10 кідірмелі тісті дискіні, муфтаны 12 және дискші 5 бір-біріне қысады. Серіппенің керілуі 8-14 кг-м (80-140 Н. м) айналу моментіне есептелген. Егер шнекке немесе элеваторға түсетін жүктеме осы мәннен асса, онда кідірмелі тісті дискі серіппе қысымынан асьш бір-біріне тіреліп қалады. Білік тоқтайды да, шкив білікте бос айналады. Сақтандырғыш  муфтаға  сигнализатор 7 орнатылып, бұл комбайнның электр желісіне қосылған және прибор  қалқаны  мен дыбыс сигналының лампочкасына жалғанған. Дискі кідіргенде шкив күпшегі 10 оңға қарай ығысады (егер 71-суретке қарасақ)   Күпшектің ығысуы 6 миллиметрге жетеді (дискі тістерінің  биіктігіндей). Күпшектен 2 мм қашықтықта контактілі рычаг 9 орналасқан. Күпшек оған сығылады да, сол мезетте сигнализатор прибор қалқанындағы лампочка  мен дыбыс сигналын қосады. Комбайншы осы сигналды алысымен дыбыс сигналын ажыратып, комбайнды тоқтатады да, себебін анықтап, қажетті шараларын қолданады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *