Экономикалық жоспарлау түрлері

Экономикалық жоспарлау түрлері
Стратегиялық жоспар. ҚР-да ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жыл аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың 1-ші кезекті даму қажетті бағыттары, олардың іске асырылу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді.

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 4 бөлімдерден тұрады:
1) әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдауы
2) әлеуметтік – экономикалық даму концепциясы
3) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
4) ұлттық бағдарламалар

1) Әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдауы – төмендегідей жағдайларды суреттейді:
1. өндірістік күштердің жағдайы;
2. экономиканың ішкі және сыртқы даму тенденциялары;
3. мемлекеттік реттеу жүйелерінің реттегіш құралдарының ықпалдылығы мен нәтижелігі
4. өндіргіш күштердің сапалы өсу динамикасы және оларға ықпал жасайтын факторлары
5. жалпы экономикалық дамудың әлемдік экономикалық дамумен салыстырмасы
2) Әлеуметтік – экономикалық даму концепциясы – келесі жағдайларды анықтайды:
1. Әлеуметтік – экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттарын анықтайды
2. Мақсат – міндеттерінен туындайтын, оларды іске асыруға бағытталған ұлттық бағдарламалар тізімін анықтайды
3) Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімі:
1. экономикалық өсу, дамудың болжамдық қарқынының деңгейі
2. экономикалық құрылым
3. экономика салалары аралығындағы байланысы
4. халықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы мүмкіндіктерін суреттейді
4)Ұлттық бағдарламалар – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық стратегиясын іске асырудың немесе ұлттық мақсаттар мен басым бағыттарға тиімді, ұтымды жету жолындағы әлеуметтік – экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы. Ұлттық бағдарламалар республикада жоғары тиімділіктегі Ұлттық экономиканы құруға бағытталған күрделі, маңызды әлеуметтік — экономикалық, ғылыми – техникалық, экологиялық және басқа да жағдайларды шешу үшін қажет.
Орта мерзімдегі және жылдық әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын жасаған кездерде ұлттық бағдарламалар жоспардың экономикалық реттегіштер бөлімінде, сонымен бірге экономика салаларының жоспарында және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік тапсырыстардан көрініс алады. Орта мерзімді жоспарлар 3-5 жыл арналып жасалады. Бұл жоспардың қызметі:
1) әлеуметтік – экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары іске асыруға бағытталған мемлекеттің саясатын және экономикалық реттегіштер жүйесін анықтау.
2) Стратегиялық жоспарда мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген параметрлердің, индикаторлардың жинақталуын қамтамасыз ету.
ҚР экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі орта мерзімді жоспарлар келесі бөлімдерден тұрады:
1) әлеуметтік – экономикалық жағдайын талдауы
2) экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
3) әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
4) экономикалық реттегіштер
1-ші бөлім, яғни әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдауы. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық даму жағдайының жетістіктері мен кемшіліктерін, экономикаға ықпал жасаушы ішкі сыртқы орта факторларын жан – жақты суреттейді. Тек осындай жан –жақты кешенді талданған, бағаланған мәліметтер негізінде ғана жоспарлау уақытының әлеуметтік – экономикалық саясаттын негізгі бағыттарын анықтауға болады.
2-ші бөлімінде, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспардан туындайтын негізгі мақсаттар мен міндеттердің кезеңдік нақтылануын және ұтымды, тиімді даму жолын көрсетеді. Мақсаттар 1-ші бөлім қорытындысымен бағаланып, нақтыланады. 2-ші бөлім қорытындысы экономиканы реттеу жүйесінің құрылымдық және ықпалдық бағыттары анықталынады. Мысалы: экономикалық салық, несие, сыртқы экономикалық инвистициялық, әлеуметтік ғылыми – техникалық саясаттардың негізгі бағыттары 3-5 жылға анықталады.
3-ші бөлім келесідей бөлімдерден тұрады:
1) макроэкономикалық қорытындылау көрсеткіштері, пропорциялар
2) ақша айналымы және қаржылар
3) өндіріс салаларының дамуы (заттық және құндық көрсеткіштері): өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс және т.б. салалары
4) әлеуметтік даму және өмір сүру деңгейі: халықтың саны және құрылымы, еңбекпен қамтылуы, түсімдері және әлеуметтік қамсыздануы, тұтыну секторы, тұрғын үй және басқа әлеуметтік, мәдениеттік объектілермен қамтылуы.
5) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
6) ғылыми – техникалық прогресс
7) сыртқы экономикалық байланыс. Оның ішінде ТМД елдерімен байланыс, алыс шет елдермен байланыс
8) нарықтық қатынастардың дамуы. Оның ішінде: мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, нарық инфроқұрылымдары, кәсіпкерлік (ірі шағын орта)
9) натуралды құнды баланстар: жалпы қоғамдық өнімдер және ұлттық өсім балансы, қаржы балансы, төлем балансы, валюталық қаржылардың түсу және пайдалану балансы, еңбек ресурстары балансы, халықтың ақша түсімі және шығыны балансы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларының әр түрлі өнімнің заттық балансы.
10) ұлттық нысаналы бағдарламалардың негізгі маңызды көрсеткіштері
11) облыстардың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері
4-ші бөлім – экономикалық реттегіштер – нақты қолданылатын нормалар мен нормативтерден, тарифтерден және басқа да тікелей жанама ықпал реттегіштерден тұрады. Осы реттегіштер арқылы мемлекеттің экономикаға мақсатқа жету іске асырылады. Орта мерзімдегі жоспарларға экономикалық реттегіштер келесідей құрылымда болуы мүмкін:
1) мемлекеттік ұлттық өнімдер мен қызметтер көлемі
2) салықтық ставкалар, салықтық жеңілдіктер деңгейі
3) несиелердің пайыздық деңгейі
4) реттелінетін бағалар мен тарифтер
5) кедендік түсімдер мен төлемдер
6) амортизациялық төлем нормасы
7) валюталық түсімдердің нормативтік аудармамалары
8) мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнімдер сатып алуға қажетті бюджеттік қаражаттар көлемі
9) орталықтандырылған қаражат қорларынан берілетін субсидтер, дотациялар көлемдері
10) Қазақстанның маңызды өнімдерді сыртқа шығару квоталары және т.б.
Осы реттегіштер шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық дамуын тиімді, сапалы реттеу мақсатында қажетті заң құжаттар және күнделікті өмірде қолданылатын түзетулер еңгізу жолындағы ұсыныстар жасалады.
Осы орта мерзімдегі жоспар шеңберінде ағымдағы жылдық жоспар жасалынады немесе мемлекеттік реттеу құралдарының нақты қолдану бағыттарын, түрлерін анықтау құралы. Бұл жоспардың негізгі міндеттері:
1) қалыптасқан жағдайға байланысты экономикалық саясатқа, яғни оның негізгі бағыттарын іске асыруға қажетті шараларды жасау
2) орта мерзімді жоспарда анықталған реттегіштер жүйесіне түзетулер енгізу. Олардың нақты қолдану аяларын, деңгейлерін, көлемдерін анықтау
3) ағымдағы макроэкономикалық баланстылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды шешу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *