Экономикада стратегиялық жоспар

Экономикада стратегиялық жоспар.
Стратегия термині гректің «стратегос» сөзінен туындаған. «Генерал өнері» немесе «адамды басқару өнері» түсінігін береді. Қазіргі заманғы түсінікте және мемлекеттік басқару реттеу істерінде және кәсіпорындар деңгейіндегі қолдануда стратегия – бөлшектеніп нақтыланған жан-жақты және кешенді іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады.

Ел президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» еңбегінде «нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесін басшылыққа ала отырып, бізге белгілі бір кезең ішінде Қазақстан экономикасының дамуына үкімет тарапынан тұрақты таңдау мен бақылау жасау мақсатында индикативті сипаттағы қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспар болжамдар практикасын еңгізу қажет» деген. ҚР –да алғашқы стратегиялық жоспар 1997 жылы «Қазақстан 2030ж гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуінде «біздерге кешіктірмей мемлекетіміздің ұзақ болашағына арналған даму стратегиясын жасауды бастауымыз және 5-10 жылдық даму жоспарларын әзірлеуіміз керек» деген.
ҚР –ның стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенствосымен еліміздің 2010жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жасалды.
Стратегиялық жоспарлау тек макро деңгейіндегі басты реттеу құралдары болып қана қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономикасының ажырамас бөлігі. Облыстық стратегиялық жоспарлау келесі бөлімдерден тұрады:
1) Облыстың қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайының бағалануы
2) Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты
3) Экономикалық дамуы
4) әлеуметтік дамуы
5) күтілетін нәтиже
Басым бағыттарды анықтау үшін облыс экономикасының SWOT(свот) талдауы жүргізіледі. Бұл ағылшын термині.SWOT талдауы келесіден тұрады:
1) облыс экономикасының күшті және әлсіз жақтары талданады, олардың маңыздылары анықталады, тізімдері белгіленеді.
2) Мүмкіндік және қауіпті факторлар анықталып, талданады. Олардың тізімі анықталады.
3) Осы мәліметтер негізінде свот матрицасы жасалынады.
Әлеуметтік даму стратегиялық жоспарда келісідей салалар, сфералар шеңберінде анықталынады:
1) білім
2) денсаулық сақтау
3) халықты әлеуметтік қорғау және т.б.
Осы бағыттар бойынша SWOT талдау принциптеріне сүйеніп, стратегиялық мақсаттар жүйесін анықтайды. Тұжырымдалған стратегиялардың қаржылық көзі белгіленеді және т.б. мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *