Экономикада индикативтік жоспар

Экономикада индикативтік жоспар.
Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму жоспары 2 түрде болуы мүмкін, яғни дерективті сипатта және индикативті. Әміршілдік сипаттағы жоспарлар бұрынғы Кеңес Одағы экономикасына тән болды. Әлемдік тәжірибе мүндай сипаттағы жоспарларды ұзақ уақыт пайдалану әлеуметтік – экономикалық дамуды дағдарысқа әкелетіндігін көрсетті. Нарықтық аралас экономика талаптарына индикативтік жоспарлау тән.

Индикативті жоспарлау келесідей сипатталады:
1) Индикативті жоспарлау нарықтың экономика субъектілері болып өз өнімдеріне, түсімдеріне өздері қожа еркі меншік иелері есептеледі деген ұғымға негізделінеді.
2) Жоспарлары құжаттар көрсеткіштері нұсқаушылық бағыт берушілік сипатта
3) Жоспарлық көрсеткіштерді қосымша келесім шарттармен толықтырусу мүмкіндігінің болуы.
Индикативті жоспарлау мақсаттары:
1) Ұлттық мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын алу, экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету.
2) Әлемдік және ішкі нарық коньюктураларын бюджеттік қаржыларды мемлекеттің пайдалану, бағыттары турасында шаруашылық субъектілеріне мәліметтер жүйесін қалыптастыру.
3) Нарық субъектілеріне оларды қызықтыратын және мемлекеттік ұлттық бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштер жүйесін құру.
4) Тауар өндіруді жаңа техника технология және озық тәжірибелерді пайдалануға бағыттау.
ҚР-ң индикативтік жоспар жүйесі бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше деңгейлі бағыттардағы жоспарлардан тұрады.

Бұл жүйені құрайтын жоспарлар:
— ұзақ, орта, қысқа мерзімдегі индикативтік жоспарлар болады
— макродеңгейдегі, яғни ҚР-ның әлеуметтік – экономикалық даму жоспары
— халық шаруашылығының салалар жоспарлары
— шаруалар, кәсіпорындар, ұйымдар жоспары

Әлеуметтік экономикалық индикативтік жоспарлау келесідей талаптарға сай келуі керек:
1) ҚР-ң қолданып отырған экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының тиімділігін қамтамасыз ету
2) Нарық механизмдерінің ықпалдары негізінде экономиканы өзін-өзі жоғары деңгейде реттеуі және шаруашылық субъектілердің экономикалық еркіндіктерін кең көрсетулерін қамтамасыз ету
3) әлеуметтік – экономикалық дамуды болжамдау мен бағалау, талдаудың әлемдік тәжірибеде жалпы қолданатын әдістерін пайдалану
4) тиімді аймақтық саясат жүргізуді қамтамсыз ету

Индикативті жоспарлаудағы бағыттау
Индикативтік жоспарлар жүйесіндегі бағыттардың ұзақ, орта, қысқа мерзімді болады. Олардың ішінде экономикалық субъектілер үшін тиімдісі болып, орта кезеңдегі 3-5жыл, қысқа яғни жылдық бағыттар есептеледі. Бағыттаушы құралдар реттегіштер, көрсеткіштер келесідей топтарға біріктірілуі мүмкін
1) нарық сигналдары
2) өндіріс саласын реттеу әдістері мен түрлері
3) инвестициялық қаражаттардың іс-қызметтері
4) әлеуметтік жүйенің дамуы
5) ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бағыттары
6) нарық субъектілердің тиімділік параметрлері
7) өндіріс саласының болашақ даму жолындағы кездесетін жаңа тенденциялар
8) экономика салаларындағы интеграция мен коперациялардың мүмкін және ұтымды даму жолындағы бағыттары
9) өндіріс салаларының даму жолдардағы аймақтық ерекшеліктері.
Мысалы: ауыл шаруашылық салаларын реттеу жұйесіндегі бағыттаушы құрал жүйесін қарастырайық

Нарықтық сигнал
— халықтың төлемдік деңгейін зерттейді
— ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерінің коньюктурасы
— аймақтар аралық және әлемдік нарықтар жағдайлары
— қаржы мен құнды қағаздар нарығы
— қызметтер мен өндіріс құралдардың нарығы

Өндіріс саласын реттеу әдістері мен түрлері:
— бағалардың реттелінуі
— салықтар
— несиелер
— бағдарламалар
— сақтандыру жағдайлары

Индикативті қаражаттардың іс-қызметтері:
— меншік көтермелеу
— жекеменшік қаржыларын пайдалану оның ішінде шетелдер қаржылары
— ресурстармен қамтамасыз етілуі

Әлеуметтік жүйе:
— жұмыссыздық
— мамандарды даярлау
— инфроқұрылымдарды мемлекеттік көтермелеу

Ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бағыттары:
— өндірістің тиімділік параметрлері және жаңа тенденция
— аймақтық және аймақтар аралық мәселе

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *