Шу — экологиялық фактор

Шу — экологиялық фактор
Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.

80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.
Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.
Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.
Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.
Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82—85 децибел.
Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі — 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу — спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75-80 децибел.
Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті бо-луы көрсетілгсн. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.
Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен — ал жиілік -спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.
Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.
Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *