Чистиктер құстары

Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің, мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі.

Бұлардың денесі үзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.
Балта тұмсықтылар (Ғгаtегсиlа). Бұлардың түмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Ғг. согпісulа) мекен етеді. Кейде Жана Жердің және Мурманскінің жағалауында (Ғг. агtіса) да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жүмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.
Чистиктер (Серрһиs) — үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы бол-майды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика те-ңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.
Қайрлар (Uгіа). Бұл отрядтың ішіндегі үлкендері ірі үй-ректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.
Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық кезеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі.
Қайрлар Жаңа Жердегі “базарларына” майдың аяғы, июнь-нің бас кезінде келеді. Балапандары мамыққа оралып шығады. Олар ұзақ уақыт ұяларында болады. Ата-аналары балапандарын балықтармен (август айына дейін) қоректендіреді, одан кейін олар теңізге туседі. Қайрлар ұя салған жерінен сентябрьдің басында ұшып кетеді.
Ертеден-ақ қайрларды аулау және олардың жұмыртқасын жинау кәсібі іске асырылып келген. Жұмыртқалары ірі, ұзын-дығы 78 мм, сыйымдылығы 86 см3 болады. Олардың екі жұмыртқасының ішіндегі затына бір шай стақаны толады. Қайрлар адамнан оншама қорықпайды. Соңымен бірге олардың баспаған жұмыртқасын жинап алса, олар қайтадан жұмыртка салады

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *