Халықаралық валюта қоры

Халықаралық валюта қоры. 1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды.

Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет бол-са, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөлік-тен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлемін-дегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше-елдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел
Халықаралық валюта-несие… 445
экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген,
1992 ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және 1993 ж. 174 ел — 140 млрд. $ төлеген.
ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония — 7%, әрі қарай — Германия, Франция, Ұлыбритания — 5-6%.
ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы — губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама гу-бернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:
— халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
— экономканы қайта құру жөнінде өте кедей
елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;
• жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға
мүше-елдерді тексеру.
Қалған уақытта губернаторлар, штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан атқарушы кеңесті құрайтын өкілдері ар-қылы, ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. Жиырма төрт атқарушы директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар кеңесі арқылы мүше-елдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, Құрама Штаттар, Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып, 19 мүше-ел ішінен бір атқарушы директорды сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді.
Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді:
• займ тек қана мүше-елдің экономикалық өсуіне кө-
мектесетін өнімді мақсаттарға беріледі;
— займ сәйкес үкіметтермен кепілдендірілуі тиіс;
— займ беру шешімі экономикалық себептерге негіз-
делуі тиіс.
ХВҚ -ның қызметкерлері 2 мыңға жуық адамнан тұрады және директор-басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы болады, оны кеңес сай-лайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы — еуропалық немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады, сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы БҰҰ-ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ның мүшесі болып табылатын елдерде қызмет көрсетеді.
ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жа-сайтын қадамдары туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуден бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді. Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті ғып санайды.
Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше-елдердің төлем баланстары мен валюталық ба-ғамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына бақылау жасау мәселелері қойылған болатын. Бұл ХВҚ-қа мүше-елдердің өз валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларымен қоюға және Қордың рұқсатынсыз оны
10%-дан астам мөлшерге өзгертпеуге, ал ағымдағы операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-дан астамнан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байланысты болып отыр.
Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүше-елдердің төлем баланстарының жағдайын бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар, қажетті жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген халықаралық ұйымның іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше-елдердің көбі өздерінің төлем баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге, диверсификациялауға тырысады.
ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі резерв-тік несиелер (стенд-бай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз «шартсыз» түрі, яғни ХВҚ-ға мүше-ел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие (транши) болып табылады. Бірақ бұл несиенің үлесі өте аз.
ХВҚ-ға мүше-елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез кел-ген ұлттық валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушы-ларының қаншалықты тырысқанымен СДР “әлем валюта-сы” бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары халык-аралық валюталык резервтердің 5-6%-ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ қүнына тең 21,4-млрд. СДР бар.
Әрбір мүшенің ХВҚ-дан квота бойынша жазылған сома-дан бірнеше есе көп сомада несие алу құқығы болғандық-тан да несиелік ресурстарға деген сұраныстың өсу кезеңінде квоталар өздерінің мүшелерш колма-қол қаражат-тарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша пайыздар төлейді және займдарды 5 жылдан кейін өтеуге міндеттенеді. Алайда мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ-ның құқықтары квоталардың жалпы көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген.
Халықаралық валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтон-дағы оқу институты — ЭДИ (экономикалық даму институты) арқылы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары арқылы ХВҚ-ның мүше-елдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады.
90-жылдардың басында өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қа-тар ХВҚ, орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрынғы КСРО республикаларына көмек көрсету үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5% жылдық пайыз мөлшерінде алуға рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да қаржылық құрылым-дарды кұру кезінде эксперттік баға береді. ХВҚ-ның елдер-ге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:
1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойын-ша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсы-ныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.
2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекет-терге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қаржылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.
3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады.
ХВҚ-ның сарапшыларының ұсынған, ұлттық экономика-ны басқарудың негізгі әдістері, 4-кестеде берілген.

Читайте также:

1 комментарий

  1. luther:

    Сәлеметсіз бе, сіз өз шоттарын төлеуге немесе қаржы мәселені кез келген түрін шешу, мейірімділікпен электрондық пошта арқылы қазір маған хабарласыңыз не үшін қажет қарыз: johnlutherloanfirm1@outlook.com
    і қарыз барлық түрлерін ұсынамыз.
    рахмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *