Төменгі сатыдағы аңдар

Төменгі сатыдағы аңдар. Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда оның төменгі сатыдағы тұрған аңдардың құрылысындағы бір қатар белгілерді байқауға болады.

Төменгі сатыдағы аңдардың плацентасы нашар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да, нағыз жетілмеген әлсіз бала туады. Мысалы, американың опоссумасының буаз болу мерзімі 12 күн болса, ал алып кенгурулар 39 күн ғана көтереді. Ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың туған баласы 3 сантиметрге азар жетеді. Кенгурулардан әлде қайда кіші күзендер баласын 36 күнде, ал күндыздар 105—107 күнде туады.
Төменгі сатыдағы көпшілік түрлерінің құрсағында тері қал-тасы болады. Оның ішіне жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішіне балаларын емізетін емшектері де ашылады. Қалта болмайтын (опоссумада) түрлерінің емшегі көкірегінде немесе бүкіл құрсағын бойлай орналасады. Балаларының пассивті қоректенуіне сәйкес олардың анасының емшегіне бекінуіне өзіндік бейімделу әсер етеді. Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Осы кезде баласының көмекейі жоғары көтеріліп, ауыз қуысы мен тыныс қуысы (хоан тесігі) бір-бірінен ажырайды. Сондықтан баласының аузына қарай сүт кұйылғанда ол тұншықпайтын болады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайында орналасқан ерекше еттер жиырылып-жазылу арқылы орындайды.
Қалталылардың дене құрылысында бірнеше қарапайым белгілері бар. Біріншіден, ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады және сүйелді дене болмайды. Екіншіден, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабы да екеу болады. Осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады. Үшіншіден, жабастың шап сүйектерімен буындасқан қалта сүйектері денесінің құрсақ бөліміне орналасқан, яғни бұларда қалталы сүйектер болады. Төртіншіден, жоғарғы сатыдағы сүт қоректілердің нағыз азу тістерінен басқа тістері тісеп түсіп, қайтадан шықса, қалталылардың тек қана алдыңғы азу тісі ғана түсіп, қайтадан шығады, басқа тістері тісемейді.
Қалталылар көпшілігінде Австралияға және оған жақын жатқан аралдарға тараған. Оңтүстік Америкада бірнеше түрі кездеседі. Солтүстік Америкаға тараған бір ғана түрі белгілі.
Барлық төменгі сатыдағы аңдар — қалталылар (Магsиріа-liа) деген бір ғана отрядқа жатады. Бұл отряд бірінен-бірінің өзіндік ерекшелігі бар екі отряд тармағына бөлінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *