Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы

Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру:

— адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера);

— қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. — әлеуметгік ортасы);

— психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).

Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады.

Оқыту процесінде білім-білік, икем-дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады да, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп адамның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Осыдан келіп тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары туындайды:

1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту.

2. Жеке тұлғаның қоршаған ортаға гуманистік қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін калыптастыру.

3. Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға түрткі туғызу.

I. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту. Бұл бағыт оқушылардың сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары мынадай:

— оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, конкурстар, пөн сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллеюуалдық жарыстар);

 пәндердің клубтық жә не үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері, т.б.);

— музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің түрі әр алуан. Бірақ шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын тобына байланысты кейбір құрылымдарға олар бағынады:

1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік);

2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс);

3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бір, бір параллельдегі балалар тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары;

4. оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер, тапқырлар клубы, т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында өр түрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады.

Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:

1 кезең — осы шығармашылық істі өткізуге деген оқушылардың құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.

2 кезең — шығармашылық істі өткізудін жоспарлануы және Кім үшін? Кіммен? Қай мезгілде? — дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау.

3 кезең — шығармашылық істің жүзеге асуы.

4 кезең — атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезендегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең.

Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылар өздеріне қызықты шығармашьшық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.

Тәрбие технологиясының кез — келгенінің ең маңызды кезеңі — қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс балаларға қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім кана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.

2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:

• адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);

• адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);

• адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);

• адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі): — адамгершілік тәртібінің нысандары.

Оқу процесі барысында ғылым негіздерін оқу арқылы әдебиет пен өнер туындыларын, тарихи оқиғаларды, қоғамдық процестерді, ғылым негіздерінің өзара байланыстарын сезіну және ойша қорыту, ал әдеп этикасы негіздерін оқу арқылы адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік ойдың қалыптасуы жүреді.

Сабақтан тыс уақытта проблемалық — психологиялық жағдай туғызу, ұжымдық шығармашылық істер сыртқа саяхатқа, экскурсияға, шеруге шығу, спорттық жарыстар, ЕТЛ (еңбек-тынығу лагерлері), пәндік лагерлер, сыньштағы, мектептегі бірлескен еңбек қызметтерін ұйымдастыру т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Өзара көмек көрсету жағдайлары, адамгершілік сезімнің оянуына қажеттілік туғызатын оқиғаға талдау жасайтын ситуациялар өте маңызды орын алады. Сол себептен де оқу — тәрбие процесінде оқушылармен каникул кезінде өткізілетін шараларға айрықша көңіл бөлінуі керек.

3. Жеке тұлғаның оздігінен жетілуіндегі ішкі қажеттіліктерді қалыптастыру. Өздігінен жетілу — жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттердің терендей түсу процесі, адамның өзін жете түсінуі мен өзімен өзі тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажеттілігі, өз мінез-құлқының ерекшеліктерін білуге жол ашатын жеке тұлғаның психологиясындағы күрделі процесс. Ол үшін мектепте оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын психологиялық консультациялар жүйесінің болуы қажет. Сонымен қатар, оқушылардың ерік-сезімі аясының, олардың даму деңгейлерінің, кәсіби бағдарының диагностикасын (социометрия) анықтау өте маңызды. Сол сияқты оқушыға өз бетінше еңбек ету барысында да өз орнын таба білуге көмектескен жөн. Бұл жерде мектептің ғылыми қоғамы мен жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.

Гимназия сияқты бағдарлы мектептердегі тәрбие жүмыстарын кураторлар үйымдастырады. Кураторлар сынып жетекшілерінен атымен ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның атқаратын қызметінің терең мазмұнды өзгерістерімен де ерекшелінеді. Кураторлардың міндеттері өзірге түбегейлі анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі танда белгілі болған функционалдық міндеттерді атап көрсетуге болады. Олардың қатарына 4 психологиялық және 4 педагогикалық міндеттер жатады:

1. Әкімшіл куратор, бүл сынып жетекшісінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), ақпараттық (әрбір оқушының сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік шаралар және т.б.)-

2. Тәрбиеші куратор — бұл өзінің тәрбиешілік міндеттерін оқушылардың жас ерекшелігі теориясына сүйене отырып жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің педагогикалық қызметін оқушынын жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырушы педагог. Баланың жеке психологиялық ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызамыз:

а) баланың мектептен тыс уақыттағы жағдайларын білу: оның ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны.

ә) баланың отбасы туралы мәлімет: оның құрамы, білімі, баланың ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының мектепке деген қатынасы, отбасының психологаясы (мүмкіндігінше).

б) мектепте бала туралы не белгілі? (мәліметгер):

— мінез-құлық ерекшелігі;

— ерік-сезім сапасы;

— таным мүмкіндіктері мен қабілеті;

— баланың ұстанған бағыты;

— сабаққа, еңбекке қатынасы;

— қызығушылығы, бейімі;

— өзіне қатынасы;

— ұжымға қатынасы.

Тәрбиеші куратор сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің көмегіне сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысьшен айналысады. Кейде мұндай кураторларды міндетіне қарай “өз бетінше ойлаушы куратор” деп те атайды. Бұл басқа пән мұғалімдерімен байланыста жұмыс істеуді қаламағандықтан емес, мұндай кураторлардың арнайы ұйымдастырылған дағдыларының жоқтығынан.

3. Байланыстырушы куратор, бұл өз сыныбында пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін, яғни оқушы-куратор-мұғалім арасын байланыстыратын тәрбие жұмысымен айналысушы педагог тәрбиеші,

Куратор әрбір баланың психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы жағдайларын біле отырып, әрбір пән мұғаліміне жеке оқушылар мен қалай жұмыс істеу қажеттігіне көмектеседі, . сондай-ақ пән мүғалімдері кураторларға ақыл-кеңес беріп отырады. Оған ата-аналарға белгілі бір ақпараттарды жеткізіп отыруды тапсырады.

4. Ұйымдастырушы куратор, бұл пән мұғалімдерін олардың сабақтарынан тыс уақытта сыныптағы белсенді шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып ұйымдастыратын тәрбиеші. Шығармашылық істерді бір сынып оқушыларымен ғана емес, бірнеше параллель сынып оқушьшарымен өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушы куратордың деңгейі әлдеқайда жоғары болады. ұйымдастырушы куратордың қызметі бірнеше кезеңдерден тұрады, нақтырақ айтсақ, бұл кезең немесе сатылар төмендегідей:

1 саты — куратор балалардың ұйымдастыру ісіндегі қолдауына сүйенбей, сыныппен жан — жақты жұмыс істейді, жұмысты өзі жоспарлайды, өзі ұйымдастырады, балалар өздері үшін жасалып жатқан жұмысқа ықыласты болады.

2 саты — куратор сыныптың кіші белсенді тобы болып табылатын референттік топпен жұмыс істейді, бірақ микро —псевдо-активтер болуы мүмкін.

3 саты — куратор өзінің жеке — референттік топтарымен жұмыс істейді, яғни олардың әрқайсысы шығармашылық істің белгілі бір бөлігі үшін жауап береді.

4 саты — куратор референттік топтардан тұратын сынып ұжымымен жұмыс істейді, мұндай жағдайда олар бірлескен қызметтерінде өзара тығыз байланыста болады.

Әрине, мүндай сызба өте тиімді, бірақ алғашқы үш сатыда ол шын мәнінде жүзеге асады да, ал сыныптағы психологиялық ахуал өте жоғары деңгейде болса, онда ұжымды ұйымдастырудың 4 сатысы тиімді болмақ.

Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары (формалары). Тәрбие нысандарының жалпы сипаты мен классификациясы.

Педагогикалық әдебиеттер мен мектеп практикасына талдау жасау барысында мектеп мұғалімдерінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар да тап болатыны байқалады. Бұл тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жеткілікті білімнің болмауынан және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктерінің жетіспеушілігіне байланысты тұындайды. Мұндай кемшіліктерді жеңу педагогикалық теорияны әлдеқайда сапалы меңгерумен ғана байланысты емес, сонымен бірге төрбие қызметін ұйымдастырудың кешенді, жүйелі әрі мақсатқа ұмтылған әрекеттерін меңгеруге де байланысты. Мұндай қиыншьшықтарды практикалық іс-әрекеттен тыс жеңу мүмкін емес.

Тәрбиенің күрделі және әрқырлы міндеттерін педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын кешенді пайдалану жолымен шешуге болатынын белгілі ғалым П.И.Пидкасистый атап көрсетеді.

Тәрбие нысандары (тәрбие жұмыстарының формасы) — бұл нақты тәрбие үрдісін ұйымдастыру нұсқалары; тәрбие шараларының композициялық құрылысы (построение). Олар әрқашан да тәрбие мазмұнымен байланысты болып отырады.

Нысан (форма) дегеніміз — үрдістің, құбылыстың, заттың тіршілік ету бейімінің мәні мен мазмұндық көрінісі. (Философиялық сөздік, М.,1989, с. 595) В.И.Дальдың “Толковый словарь живого великорусского языка” (М., 1991, с. 537) атты сөздігінде “форма”, яғни нысан — образ сияқты белгіленген тәртіп деген анықтама берілген.

Мектеп тәжірибесінде кейде тәрбиенің ұйымдастыру нысандары деп те айтады. Яғни, бұл сонымен бірге тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру тәсілдері деген түсіндіреді де қамтиды.

Тәрбиенің бір ғана ұйымдастыру нысанын үнемі пайдаланып отырудың өзі тәрбиенің тиімділігін әлсіретіп жібереді. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары мазмүны жағынан неғұрлым бай әрі әрқырлы болып келсе, солғұрлым ол тиімдірек болмақ.

Мұғалім оқушылармен өткізетін төрбие нысандарын қаншама көп қырлы етіп тандағанмен, ақылды, әсерлі, ойлы да өткір тілмен жүргізген оның әнгімесіне ешнәрсе жетпейді.

Белгілі педагог В.А.Караковский соңғы жылдары ізденімпаз энтузиаст мұғалімдердің оқушылардың бос уақыттарын өткізуге арналған тәрбие шаралары нысандарынан төрт мыңға жуық түрлерін ойлап тапқандарын атап көрсетеді. (Қараңыз: Караковский В.А. Любимые мои ученики. М.,1987, с.27).

Сондай-ақ тәжірибеде тәрбие шаралары деген анықтама да кеңінен қолданьшып жүр. Шаралар — белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ұжымның ұйымдастырылған әрекеті.

Тәрбиенің күрделі үрдісін мүғалімнің бір ғана нысанға бағыттай жүргізуіне болмайды. Кезінде А.С.Макаренко тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру нысаны өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайтынын айта келіп “Никакое средство педагогическое, даже общепринятое…, не может быть признано всегда абсолютно полезным… Никакое средство нельзя рассматривать с точки зрения полезности или вредности, взятое уединенно от всей системы средств… никакая система средств не может быть рекомендована как система постоянная” (Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Соч. т. V. с. 117) дейді.

Тәрбие жұмысы нысандарының көпқырлылығы, олардың жүйесі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің көпқырлылығына, оның жан-жақты дамуына сәйкес келеді.

Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие жұмысының нысандарын классификациялауда бірыңғай бағыт жоқ. Оқушылардың қалай ұйымдасқанына байланысты тәрбиенің ұйымдастыру нысандарының неғұрлым кеңірек таралған классификациясына мыналар жатады: бұқаралық сипатты нысандар, (бүкілсыныптық немесе бірнеше сыныптық), үйірмелік сипатты нысандар (топтық), жекеше сипатты нысандар (жеке балалармен өткізілетін). Сол сияқты тәрбие әдістеріне байланысты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: сөз арқылы өткізілетін нысандар (лекциялар, оқырмандар конференциялары, диспуттар, кездесулер, ауызша журналдар, т.б.); практикалық нысандар (саяхат, экскурсиялар, спартакиадалар, конкурстар, үйірмелер, еңбекке қатысты жұмыстар және т.б.); көрнекі нысандар (мектеп музейлері, тақырыптық стенділер, көрмелер және т.б.).

Соңғы уақытга көптеген жаңа ұйымдастыру нысандары пайда болды. Солардың ішіндегі сынып жетекшісінің (тәрбиешінің) тәрбие жұмыстарының бағыттарымен сәйкес келетін тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтауға әрекет жасауы көңіл аударарлықтай. Мысалы, оқушылардың танымдық — дамытушылық қызметін ұйымдастыруға мынадай нысандар лайықты: викторина, білім аукционы, “Бәрін де білгім келеді” деген клубтың отырысы, жобалар конкурсы, эрудиттер конкурсы, интеллектуалдық конкурс, іскерлік ойындары, білім байқауы, оқушылардың ғылыми конференциялары, тапқырлар мен фантазерлар конкурсы, шешендік өнер сайыстары, кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары (оқырмандар конференциялары және т.б.), ауызша журнал, практикалық сабақтар, оқушылардың ғылыми ұйымдары, т.б.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай тәрбие нысандары кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі төрбиелеу тақырыбындағы әнгімелер, әдеби — музыкалық композициялар, “Қарым-қатынас мәдениеті”, “Құқық пен міндеттер бірлігі” типіндегі практикалық сабақтар, телекөпір, сырттай саяхаттар, мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б.

Педагогикалық тәжірибе оқушыларға кәсіптік бағдар беруде төмеңдегідей тәрбие нысандарының лайықты екенін танытып отыр: “Мамандықтар әлемінде”, “Мамандықты қалай таңдау керек?” деген тақырыптарда әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру, өндіріс орыңдарына саяхаттар жасау, “Кімнің мамандығы ең жақсы мамандық?” деген тақырыпта конкурс — ойын өткізу және т.б.

Эстетикалық тәрбие беруде әдеби-музыкалық кештер, Поэзия сағаты , өнер адамдарымен кездесулер өткізу, музей, театр, көрмелерге экскурсиялар жасау, табиғатқа саяхат, музыка мен сурет әлемі туралы әңгімелер, “Туған табиғаттың сұлулығын танып, бағалай білейік” атты сыныптык дискокеш ұйымдастыру, көркемөнер тақырыбындағы мерекелер өткізу, журналдарға шолу жасау, қолжазба журналдар шығару, т.б. тәрбие нысандарын кеңінен қолдануға болады.

Сол сияқты дене тәрбиесіне байланысты жан-жақты қолдануға болатын ойын типтерін де атауға болады: “Көңілді старттар”, кіші олимпиадалық ойындар, туристік саяхаттар мен эстафеталар, әртурлі спорт өкілдермен кездесулер, спорт тақырыбындағы кештер, гигиена, денсаулық және дене мәдениеті туралы әнгімелер мен сұхбаттасулар және т.б.

Тәрбие нысандарын таңдау. Тәрбие жұмысының нысандарын таңдау тәрбиенің ғылыми ұстанымдары негізінде анықталады. Әрбір балалар ұжымы үшін неғүрлым ынғайлы, лайықты нысандарды таңдаған жөн. Жалпы тәрбие жұмысының нысандарын таңдау педагогикалық мақсатқа сәйкес анықталады. Өйткені, тәрбие қызметін ұйымдастыру нысандарын таңдау көптеген компоненттерге байланысты. Бұл ең алдымен оқушылардың жас ерекшеліктерінің тәрбие міндеттерінің бағыттары мен мазмұнына сәйкестігіне, олардың тәрбиелік деңгейі мен жеке тұлғалық әлеуметтік тәжірибесіне, балалар ұжымының ерекшеліктері мен оның дәстүрлеріне, аймақтың ерекшеліктері мен дәстүрлеріне, мектептің техникалық және материаддық мүмкіндіктеріне, мұғалімнің кәсіби деңгейіне байланысты болып келеді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сәйкес нысанын анықтау — бұл мұғалімнің тәрбие міндеттерін шешудегі жетістігінің алғашқы қадамы. Қолданьшатын кез-келген нысанның тиімділігі көп жағдайда осы міндеттердің ғылыми негізде жүзеге асырылуына байланысты. Оған мыналарды жатқызуға болады: алда тұрған шараны өткізу дайындығына оқушыларды барынша көп қатыстыру және оны өткізу; шараларды өткізуге дайындық пен оны өткізуге оқушылардың белсенді, өзіндік іс-әрекетіне ықпал ететін эмоционалдық және рационалдық факторлар; оқушылар бойында іс-әрекеттін маңызды мотивтерін қалыптастыру жатады.

Мектеп тәжірибесінде бір ғана тәрбие жұмысын ұйымдастыру нысандарын қолдану әдетте трафаретке айналып кетеді де және оның бірте-бірте сапасы әлсірейді. Тәжірибелі педагогтар тәрбие нысандарының көпқырлылығын шебер пайдаланып отырады. Сондықтан да, әрбір сынып жетекшісі тәрбие нысандарының көпқырльшығы мен тәрбие үрдісі технологиясының барлық ерекшеліктерін меңгергені жөн.

Жеке тұлғаны дамытудың негізгі құраддары. Жеке тұлғаның дамуына тәрбие құралдары маңызды әсер етеді. Ғалым П.И.Пидкасистыйдың педагогикалық тұжырымдарына сүйенер болсақ, онда материалдық мәдениет құралдары баланың практикалық интеллектісін дамытуға барынша әсер етсе, ал рухани мәдениет құралдары ойлау қабілеттері мен басқа да жоғары психикалық функцияларын дамытуға зор әсер етеді екен. Л.С.Выготский дамудың қызмет құралдарын меңгеруге қатысты төрт сатысын атап көрсетеді. Біріншісі — мінез-құлықтың қарапайым нысаны — табиғи қарапайым саты, екіншісі — таңба және ауызекі сөз нысанында берілген мәдени мінез-құлық құралдарын меңгеру, үшіншісі — таңба нысанындағы құралдарды пайдалану тәжірибесін жинақтау және мәдени мінез-құлық әдеттерінің көрініс бере бастауы, төртіншісі — сыртқы таңба нысаны ішкі мазмұнмен ауыстырылғанда өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік мәдени дамуында рухани қажеттілік көріне бастайды.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы дегеніміз — бұл адамзат баласы жасаған материалдық және рухани мәдениет құралдарын меңгеру үрдісі, «бала мәдениеттен бірнәрсе алып қана қоймайды, сонымен бірге мәдениеттің өзі де баланың бойындағы табиғи атаулының барлығын қайта түлетіп, оның даму жолын түгелдей жаңаша өлшеп-пішеді» (Л.С.Выготский).

Рухани мәдениеттің таңба нысанды құралдары тәрбиеде екі функция атқарады. Біріншіден, олар тәрбие ұжымыңдағы коммуникация мен ақпараттық айналымды қамтамасыз ететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасын байланыстыратын құрал ретінде қызмет етеді. Тәрбиеші байланыс құралдарын оқушының еркіне, ынта-ықыласына, түсінігіне ықпал ету үшін қолданады. Келешекте олар өзін-өзі бақылау мен өзіне өзі әсер етуде көрініс бере отырып, балалардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына айналады. Екіншіден, олар тәрбие міндеттерін бірлесе отырып шешудегі қызмет құралдары ретінде қолданылады. Сөзбен байланысты материалдық және бейнелі құралдар күрделі жүйені құрайды, оның ішіндегі бейнелі құралдар оқушьшардың іс-әрекетін басқару мен жоспарлауға бағытталған. Жеке тұлғаның абстрактылы-бейнелі ойы, санасы, моральдық, эстетикалық және тағы да басқа сапалары осындай іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Таңбалық құраддар ойды дамытуда мәнді қызмет атқарады. Олар интеллектуалдық қызметте сананы тәрбиелеу үшін пайдаланылады (ғылыми, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және т.б.). Сана таңбалық құралдардың екеуімен де тәрбиеленеді. Коммуникация құралдары (және де ең алдымен сөз) тәрбиеленушінің әлеуметтік ортада дұрыс бағыт алуы үшін, олардың табиғат пен қоғам арасындағы тығыз байланысты дұрыс түсінуі үшін, мәдени мінез-құлықтың сенім, әдет, дағдыларын тәрбиелеу үшін өте қажет. Бұл құралдар тәрбиеленушілердің бірлескен және жеке-дара іс-әрекетінде қолданылады.

Жасөспірімдік шақта тәрбиенің ықпалы арқылы сана жүйелілік, жинақылық жөне әрекеттілік сипат алады. Әрбір осындай сипатты тәрбиелеу үшін өзіне төн құралдар қолданылады. Сананың жүйелілігі балалар энциклопедиясының, мектепте оқытылатын пәндерге қатысты ғылыми-көпшілік әдебиеттердің, ғылыми білімнің әр түрлі жүйесін көрсететін графикалық құралдардың көмегімен тәрбиеленеді.

Сананың жинақтылығы теориялық білімнің түпнұсқалылығын, солардың графикалық немесе кестелік нысанда берілген білім қорының нақтылығы мен оқып, біліп отырған құбылыстың жүйелілігін пайдаланумен қалыптасады.

Сананың әрекетгілігі өмірлік мәселелерді (үлкендердің беделін мойындау, дос таңдай білу және т.б.) шешуде бірнеше рет теориялық тұрғыдан тану нәтижесіңде құрылады.

Ересек жаста негізінен өзін-өзі тәрбиелеуде сана жаңа сипатқа ие болып дами түседі: рефлексия, антиципация мен ассимиляция. Рефлексия арқылы сана жеке түлғаның өзіндік сапаларына талдау жасайды, тәрбиенің өткені мен өзін-өзі тәрбиелеудегі кемшіліктерін танытады. Рефлексияны төрбиелеуде үлкендердің өнегелі өмір жолдары, классикалық көркем әдебиет, өзіне-өзі баға берудің логикалық құралдары маңызды рөл атқарады.

Антиципация санада жоспарланған істердің дайындық кезеңіндегі және келешегіндегі нәтижесін көру қабілетін танытады. Антиципация әр.түрлі балалардың мінез-құлқы мен әрекетіне, (соның ішінде жеке қателіктеріне, қате жіберу арқылы үйренуіне) логикалық талдау жасау арқылы қалыптасады, (алғашқыда беделді адамдардың ; талқылауы, сосын өз достарының талқылауы, содан кейін өзін-өзі талқылау арқылы).

Ассимиляция өз халқының рухани құндылықтарын мен туысқан басқа халықтардың мәдени құндылықтарын ‘ меңгеру мүмкіндіктерін жоспарлаудағы сананы сипаттайды, соның негізінде жеке тұлғаның мінез-құлқындағы сенім, әдет, т.б. сапаларды дамытады. Мәдени құндылықтарды ассимиляциялау қабілетін дамыту үшін тұлғааралық қарым-қатынас, моральдық және эстетикалық тақырыптардағы әңгімелер, ұстаздар мен ата-аналардың өнегелі үлгісі, саяхаттар, көркем әдебиет шығармаларын оқып талқьшау сияқты әрекеттер пайдаланылады.

Жоғары сынып оқушыларының моральдық және эстетикалық сезімдерге өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына көркем әдебиет, көрмелер мен музейлер, көркемөнердің өр алуан түрлері, көркем өнерпаздар үйірмелері мен шығармашылық студиялар, туризм, спорт жатады. Бүл құралдардың сенімділігі олардың жоғары сынып оқушыларының өздеріне арналған іс-әрекеттердің қай түріне қатысатынына байланысты болып келеді.

Жоғары сынып оқушыларының ерік сапаларын і (қайсарлық, мақсатқа ұмтылушылық, табандылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуелсіздікке, жүйелілікке ұмтылушылық, өзін-өзі басқара білу) тәрбиелеу құралдарына үлкендердің өнеге-үлгісі, қиын мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекеті, оқушылар ұжымы және т.б. олардың мінез-құлқын басқару органы жатады; сыныптың қоғамдық пікірі тәрбиеленушінің өмір тіршілігінде маңызды орын алатын мақсаттар жүйесі.

Оқушылар әр алуан ерік іскерліктерді тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланьшады: шараларды өткізуді басқару, өзін-өзі басқару әдістерін пайдалану, бұйрықтар беру, бұйрықтарды орындаудың, нақты, бірқалыпты болуы, мектеп ұжымын басқарудың күрделі мәселелерін талқьшауда өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу т.т.

Қоғамдық пікір жеке тұлғаның әр түрлі сапаларының қажеттіліктерін тәрбиелеуге қызмет жасайды: ол оқушьшардың батьш, нақты, ержүрек, тәуелсіз, табанды болуына әсер етеді. Сынып ұжымының қоғамдық пікірі тәрбиешінің байқаусыз ықпалы арқылы жинақталады және ол келешекте оқушыларды өздеріне сенімді болу мен ерік сапаларын дамытуға пайдаланылады.

Жоғары сыныптарда жеке тұлғаның өзі таңдаған ерік сапаларын өзінің тәрбиелеуі өте маңызды болып табылады. Өз еркін өзі тәрбиелеу жеке тұлғаның сезімдік және интеллектуалдық сфераларымен бірлікте жүзеге асырылады. Сондықтан да оның құралына рефлексия мен антипацияны біріктіре қамтитын танымдық және практикалық іс-әрекет жатады.

Өз еркімен танымдық және практикалық қиын міндеттерді шешу жоғары сынып оқушыларына ерік, табандылық, мақсаттылықты өз мұратымен сәйкестендіре дамытуға мүмкіңдік береді. Рефлексия мен антипация арқылы жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуді өмірлік мақсаттарымен, дағдылы мұраттарымен мезгіл-мезгіл салыстырып отырады.

Читайте также: