Тәрбие — жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде

Тәрбие — жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады.
Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.

Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды пісіп жетілуі мен қалыптасу процесін сипаттайды, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-құлығының жас кезеңдерінде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамьпуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелік- білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде
сауаттьи диагностика беру болып табылады. Қазіргі уақытта баланың іс-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,
оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
«Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,
кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.
Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
«Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар,
мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Тұқым қуалаушьшықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие — педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген өткен кезеңнің прогрессивті педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиын», тіпті «тәрбиесі қиын» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Тәрбие — бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,
ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардьщ белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам
өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші құрал.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды».
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүреді» (Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекетгің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.ДУшинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский окыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың «дамудың ең жақын аймағына» сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «Дамудың алдында болған окыту ғана жақсы болып табылады». Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды құралы — табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
«Бала дамуының ең жақын аймағы» туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдык мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *