Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесі — бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие.

Тұтыну несиесінің негізгі міндеті — тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан — тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан — тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытт а нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапония-да тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда — 30%, ал
Ұлыбритания мен АҚШ-та — 60%-дан астам1. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма-қол төлеу шартымен сатылады.
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты — клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер — бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің сомасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтелу мерзімі — 36 ай.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады. Бұл төлем карточкаларының көптеген түрлері бар. Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған. Бұл үшін тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін бөлігін қысқарту, несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі. Экономиканың “қызып кеткен”, ақшаның инфляциялық құнсыздануы күшейуі жағдайында қарама-қарсы саясат жүргізіледі: қолма-қол төлемнің үлесі жоғарылайды, несиенің мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте жоғары. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
КСРО-да тұтыну несиесі 60-70-жылдары дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1-2% жылдық мөлшерлемемен 6-24 айға берілді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Түрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *