ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКТЕР

Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты бір тілде, белгілі дәуірде, жалпы халықтық сипат алған сөздерге мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жағынан сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму сатысындағы сөздік құрамыньщ сан мөл-шерін біршама анықтау. Солардың мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету міндеті жүктеледі. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуы нормаларының еқ дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік руді қарастырады.

Сондықтан түсіндірме сөздік кейде нормативті сөздік деп те аталады. Нормативті түсіндірме сөздік біртомдық және көп томдық болып та, жасала береді. Қөлемнін, үлкендігіне қарай көп томдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп те айтады. Орыс тілінде үш түрлі (17 том үлкен сөз-дік, төрт том орташа сөздік, бір том кіші сөздік) түсіндірме сөздік басылып шықты. Академик В. В. Виноградов: “Ұлт тілі-нің түсіндірме сөздіктері сөйлеу мәдениетінің ең күшті құралы ғана ^емес, сонымен бірге сол мәдениетінің жемісі”— деп бағалайды1. В. И. Ленин орыс әдеби тілінің жақа түсіндірме сөзді-гін^жасаудың соншалықты қажет екендігін айтып, оны жеделдетіп шыгаруға үлкен күш жұмсап, әкелік қамқорлық көрсеткен болатын. Демек, әрбір тілдің түсіндірме сөздігі әсіресе ғылым мен техниканың кемелденіп жетілген кезінде соншалықты қажет екендігін аңғарамыз. Бұл кезеңде бүкіл баспасөз, мектеп, радио, телевизияның барлығы да жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі біздің еліміздегі әрбір ұлт республикалдры өз ана тілінің түсіндірме сөздігін жасауға жаппай_кірісті деуге_ болады. Бұл салада қазақ тіл мамандары да жемісті еңбек етіп келеді. “Қазақ тілінін, түсіндірме сөздігі” ең алғаш рет екі том болып, 1959 және 1961 жылдары ба-сылып шықты. Содан бері жұртшылықтың күнделікті кәдесіне

В. В. Виноградов Теория и практика русской лексикографии, “Вопросы языкознания”, № 6, 1956, 80-бет.

жарап, азды-көпті мәнді қызмет атқаруда. Бұған небары жиырма мыңдай рана ең жиі қолданылатын сөздер енген еді. Содан бергі өмір талабы бұл сөздікті місе тұтпай, толықтырып, жанартып қайта жасауды талап етті. Қай елдін, даму тарихын алып қарасақ та, әдеби тілдің нормативті сөздігі бір мәртебе емес, әлденеше рет жасалған. Олар бірден-бірге кемелденіп толығады, сараланып өңделеді. Ешбір елде жүйелі толық сөздік бірден жасалмаған. Қазақ ССР Ғыльш академиясының Тіл білімі институты 1967 жылдан бастап “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін” көп (он том) етіп шығару жұмысына бел шешіп, қайыра кіріскен еді. “Сабақты ине сәтімен” дегендейін, сол игілікті еңбекті шығару 1974 жылы басталып, соңғы томы (10-том) 1986 жылы басылып шықты. Бұл сөздіктің алға қойған мақсаты қазақ тілінің сөз қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу, Тіліміздегі сөздердін, мән-мағыналарын дәл анықтай отырып, олардын, әдеби нормаларын белгілеу. Реестерге алынған сөздерге қай сөз табына қатысты екендігін көрсететін грамматикалық белгілер қойылған. Сөздікте сөздердіқ қолдану аясы мен шегін, тарихи және территориялық таралу әдісін, сондай-ақ, змоциялы-экспрессивті ренін сипаттайтын да белгілер көрсетілген. Стильдік белгілер негізінен мынадай төрт топқа жіктеледі, 1. Әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылуы шегін көрсететін белгілер: қарапайым сөз (қарап.), түр-пайы сөз (тұрп.), сөйлеу тіліне тән сөз (сөйл.), диалектілік лексика (диал.)- 2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана жұмса-латынын көрсететін стильдік белгілер: кәсіби лексика (кәсіб.), кітаби лексика (кітап.), Діни сөз (діни), мифологиялық сөз (миф.), көнерген сөз (көне.), тарихи сөз (тар.), жаңа сөз (жа ңа), поэтикалық сөз (поэт.) т. б. 3. Ғылымның белгілі бір сала сында гана арнайы жұмсалатындығын көрсететін белгілер: биология (биол.), химия (хим.), музыка (муз.), медицина (мед.), спорт (спорт), авиация (авиац.), т. б. 4. Сөздердің әр түрлі стильдік бояуыи көрсететін белгілер: экспрессивті (экспр.), эмо-ционалды сөз (эмоц.), сыпайы сөз (сып.), т. б. Сонымен бірге сэздікте азын-аулақ болса да қай сөз қай тілден келгендігін көрсететін этимологиялық белгілер де қойылггн. Мысалы: араб сезі (ар.). иран (парсы) сөзі (ир.) монғол сөзі (монғ.), орыс сөзі (ор.) т. б.

Аталған неше алуан белгілер (пометы) бұрынды-соңды шық-қак турік халықтары сөздіктерінің бәрінен де өте-мөте бай екендігін ескерсск, бұл сездіктін, багасы мен құнын біршама артты-ра түспек. Әрбір сөздің мағыналарына қысқа түрде тұжырым-ды анықтама беруге тырысқан. Сөздің негізгі заттық мағынасы алдымен беріледі де, онан соң қосымша және ауыспалы мағыкалары келтіріледі. Сөз мағыналарының бәрі де белгілі цитаталармен документацияланып, келтірілген мысалдар кімнеп және онын қаіі шығармасынан алкнғандыгы автордьщ фамилиялары, кейде өз есімі (Абай, Жамбыл, Махамбет т. б.) арқылы көрсе-тілген. Реестр сөздің анықтамасы, оған берілген грамматикалық, шығу төркіні (қай тілдің сөзі екендігі) мен қай стильге жағатындығы туралы белгілер, бұларға келтірілген түрлі мысалдар, бір сөзбен айтқанда, сөздік мақала деп аталады. Әрбір сөздің. марынасы мен реңкін айқындауға берілген нақтылш мысал-дар, келтірілген иллюстрациялық материалдар сөздің қолдану аясын, стильдік мәнін мүмкіндігінше толық және айқын етіп дәлелдеуді көздейді. Сол себептен олар атау сөзге қойылған грамматикалық, стильдік белгілерге сай, сөздің табиғатын, сипатын жан-жақты түсіндіріп, аиық ашып береті“дей болуы және мазмұны жағынан ұстамды да тұжырымды болып келуі қадағаланады.

Фразеологиялар сөздікте сөз мағыналары талданган соң, қойылған мынадай белгі-ден кейін келеді. Бұл белгі бір-ақ рет қойылады. Сөздің әр мағынасын ашу үшін 3—4 мысал, ал фразеологияға 2—3 мысал алу жеткілікті деп есептеледі. Келтірілген цитаттар мүмкін болғанынша әр авторды және әр дәуір мен түрлі жанрларды қамтитындай болуы жағы көзделеді. Цитат табылмаған кейбір сөздерге ойдан мысал алынып, соңынан жақшаның ішіне (Аүызекі тіл) деген белгі қойылады.

Он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” 70 мыңдай реестр сөз, 20 мыңдай күрделі сөздер мен фразеологизмдер қамтылды. Аталған сөздіктің көп том болып басылып шығуы тек — қазақ елінің тарихында ғана емес, бүкіл түркі тілдес халық-тардың тарихында да бұрын-соңды болмаған айтулы оқиға. Бұл жайында оқушы қауымның көптеген бағалы пікірлері бар. Мәселен, М. Әлімбаев өзінің “Көңіл күнделігінен” деген мақаласында- “. бұл сияқты қомақты ғылыми көрнекті еңбек — Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының өзі-өз болғалы шығарған шын мағынасындағы шынайы халық кітабы. Бұл көптің еңбегі — өлмейтін еңбек, жоғалмайтын қазына. Қалам устаған казақтың бірі болғандықтан ғана емес, тіпті тілге, тіл білімше он қайнаса сорпасы қосылмас қаймана қазақ болған күннің өзінде де мен осы сөздікті іздсп тауып окыр едім, күнделікті құралыма айналдырып, стол үстінен түсірмес едім”,— деп жаоған еді. Онан кейіи ол тағы да озшін “Іздеген інжу табар” деген мақаласында алдыңғы айтқан пікірін одан әрі жалғастырып “Қазак тілінің көп томды басылымы — бүкіл халықтың ғасыртар бойғы сары алтындай сақталған төл казынасы, ортаймай, толыса беретін рухани дәулеті”,— деп қайталады. Бізше, бұл берілген баға жалғыз бір кісінің пікірі емес, бүкіл қалың жұртшылықтьщ ізгі ойы деп түсінген жөн.

Читайте также: