Тоқылдақ құсы

Тоқылдақ құсыү Тоқылдақ тәрізділердің көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар.

Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.
Тукандар (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді. Бұлар өте ашық түсті, тұмсығы өте үлкен, жиегінде тісшелері болатын организмдер. Жеміспен, кейде құстармен және олардьң жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар ағаштың қуысына ұялайды.
Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді.
Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді.
Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б.
Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін
183
алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *