Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы

Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
Тағамның химиялық қүрамының өр түрлілігі адам денсаулы-ғының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті био-лоиялық белсенді заттармен (витаминдермен) А, С, Д, Е, В1, В2, В6, В12, В15, В5, В3 (РР — никотин, қышқылы), инохин,холин, парааминобензой қышқыл (туберкулезді емдейді) қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер-кальций (Са), фосфор (Р), темір (Ғе), кобальт (СО), қалайы (Zп), мыс (Си), мышьяк (Аs), Ванадий (В), йод (1), кремнезем (Sі), өте үлкен физиологиялық-биохимиялық роль атқарады.

Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуіне байла-нысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ? ішкі физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.
Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод (і) жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды.
Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде:
Натрий — оны адам ас тұзынан қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты (диетаны) дәрігерлердің ұйғаруы бойынша пайдаланған дұрыс. Жалпы алғанда тұссыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы Осмос қысымын реттеп тұрады.
Калий. Нерв жүйелерінің қальшты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картофель арқылы келеді. Сондай-ақ калий фруктылар мен көк өністердің (овощтар) химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түсіп отырады. Сондықтан да әр түрлі тамақтар ішкен жөн.
Кальций. Сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцииді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да оларға қүрамына калтьцииі кеп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет. Кальций сүтте, суттен жасалған тағамдарда өте көп болады.
Фосфор. Сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп болады. Сондай-ақ бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген овощтарда фосфор өте көп болады.
Темір. Адам ағзасына ол қан түзеу үрдісіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі — эритроциттер темірсіз түзілмейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада бірнеше қатерлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды (малокровие) дамытады. Сондықтан да құрамында темірі көп тамақтар ішу қажет. Темір сиыр, жылқы, қой, шошқа еттерінде көп болады. Алма, алмұрт, шие және тағы басқа көк-өністер мен фруктыларда көп. Осыларды үнемі үздіксіз жеу керек. Ауру дамымайды, адам тез серігіп жазылып кетеді. Малокро-виемен қыз балалар көп ауырады.
Йод. Ең қажет ететін орган щитовид безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшырататын жағдайға алып келеді. Құдай сақтасын деп сыйынып жүрген дұрыс. Бұл ауру түрі дер кезінде емдетсе адам ағзасына онша қатерлі емес. Адам тез арада айығып кетеді. Химиялық құрамында йод бар азық-түлікгі пайдалану керк. Йод теңіз капустасының құрмада көп болады. Алматыда ол көп сатылады. Онша қымбат емес. Теңіз капустасында (ламинария) деп аталатын балдыр өсімдігінде иод көп болады. Ол да Алматы да сатылады. Сатып алып пайдалануға болады. Теңіз балықтарында йод көп кездеседі. Әдетте астұзына қосып береді. Арал-тұзын сатып алған адам байқайды (солъ йодированная) деген жазу болады. Мұндай тұзды көпшілік халық қолданады. Нәтижесі жаман емес сияқты. Уланған адамдар кездеспейді. Зоб пен ауыратын адамдардың саны күрт азаяды.
Фтор. Тістің эмалын түзеуге және сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын. Тіс жолақ -жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді кариес қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьщ тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылдры деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *