Лиро-эпостық жырлар
Лиро-эпостық жырлар
“Козы қөрпеш — Баян сұлу” жыры
Жырдың варианттары
Жырдьң зерттелуі
Жанақтыңжыры
қыз Жібек
Айман — Шолпан
Ертедегі қазақ поэзиясывда сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады.
Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі — ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға ала-ды.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрліжағдайларды, таптық, қоғамдықтілектердіңыңғайына қарай өзгеріп отырған. Үрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақтаған емес. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан. Сондай-ақ, халықтың лиро-эпос жырларын үстем тап та өз мүддесіне пайдаланған, жырдың халықтық идеясын бұрмалап, ескі әдет-ғүрыптың халыққа жат жақтарын мақтап көрсетуге тырысқан.
қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше үлгілері бар. Солардың ішінде бас-
тылары деп “қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “қыз Жібек”,
“Күлше қыз — Назымбек” “Мақпал қыз”, “қүл мен қыз”,
“Айман — Шолпан” жырларын айтуға болады. Бүл жыр-
ларда тек ғашықтық, махаббат әңгімелері ғана суреттелмейді.
Солармен қатар, халықтың ертедегі түрмысы, салты,
• қогамдық мәні бар жайлары қамтьшады. Жырлардың оқигасы
і халықтың тұрмыс, салтынан туып дамиды, күрделі әңгімелер
! айтылады. Осыған орай біз лиро-эпостың кейбір үлгілерін
і мысалға ала талдап көрелік.
“қОЗЫ КӨРПЕШ — БАЯН С¥ЛУ” ЖЫРЫ
Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құры-лысы жағынан ерекше орын алатыны және халық арасына көп тарағаны — қозы Көрпеш-Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастьщ өдоірін ғана баяндаған дастан емес. Ол сонымен қатар, қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр.
ЖЫРДЫң “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жыры тек қазақ
ВАРИАНТТАРЫ
арасында туып, қазақ еліне ғана та-раған жыр емес. Ол ерте кезде бір-бірі-мен қарым-қатынас жасаған, көшіп—қонып көршілес болған, түрмыс-салты, тіршілігі ұқсас қазақ, башқұрт, барабын татарлары, үйғыр, алтай елдерінде айтылып жүрген жыр. Аталған халықтардьщ қайсысы болса да жырды өзінің төл шығармасы деп таниды.
Соңғы кезде “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жыры жай-ында біраз еңбектер жазылды. М. әуезов, қ. Жүмалиев, Ы. Дүйсенбаев, ә. қоңыратбаев сияқты галымдар бүл жырды арнайы зерттеп, оның қазақта он алты варианты барлығын анықтады. Және де олар жырдың қазақтағы варианттарьш башқұрт, ұйғыр, барабын татарлары арасында, алтай ел-дерінде айтылатын әңгімелерімен салыстыра зерттеді, қандай ұқсастықтары, айырмашылықтары барлығын көрсетті.
қазақ арасында айтылып, ауызша тараған “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының он алты варианты бар дедік. Оларды зерттеген ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда , бүл жыр ел арасынан өткен ғасырдың бас кезінде-ақ жинала бастаған. Бүр ретте игілікті жүмыстар
қазақәдебиетінің тарихы, Ітом, 511-бет; Ы. Дуйсенбаев, “Тұрмыс-салт жырлары” (орыстілінде), 1955.
жүргізген орыс ғалымдары болған. Мәселен, шығыс әдебиеті мен араб тілін зерттеуші орыс ғалымы Саблуков жырдың бір варианты 1830 жылы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Көкпектілік бір жыраудан жазып алған. Омбыда, губернатордың кеңсесінде, іс жүргізуші болып істеген ғ. Дербісәлин 1834 жылы “қозы Көрпеш — Баян сұлудың” | бір үлгісін хатқа түсірген. Бүрынғы Аягөз сыртқы округтік приказының тілмашы Андрей Фролов деген кісі 1841 жылы қазақ ақындарының айтуынан жырдың бір нүсқасын жазып алған.
1856 жылы Шоқан Уәлиханов “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырын атақты Жанақ ақыннан естігенін және жазып аліанын айтады . Бірақ жырдың Шокэн жазып алнан бұл варианты өз кезінде баспа жүзін көрмегендіктен әлі күнге дейін жұртшылыққа мәлім болмай келеді.
Орыс халқының ұлы ақыны А. С. Пушкин Пугачев қозғалысы туралы материал жинау мақсатымен Орынбор жағына келіп, сол маңдағы қазақ ауылдарында да болады. Осы сапарында ол ел арасынан “қозы Көрпеш — Баян сұлу” әңгімесін естіп, негізгі мазмұнын жазып алады, кейіннен оны өзі поэма етіп жазуды ойлайды .
М. Путинцев 1865 жылы “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының бір вариантын жазып алып, оның мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған . Академик В. Радлов жырдың бір нұсқасын қазақ арасынан жазып алады да, оны өзінің үшінші томына (1870 ж.) енгізеді.
Петербург университетінің профессоры И. Н. Березин өзінің “Түрік хрестоматиясы” дейтін кітабында (1876 ж.) “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының бір вариантын жариялайды. Түркістан өлкесінің археологаясын зерттеген ғалым Н. Пантусов 1898 жылы қозы мен Баянның моласы дейтін ескерткішті зерттейді, ол осы жолда ел арасынан “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының бір нұсқасын жазып алады да, оны әуелі Ташкентте кейіннен қазанда шыққан “Орта Азияның ескі заманы” дейтін кітабында ба-стырған. Оренбург музейінің басқарушысы болған орыс та-рихшысы И. А. Кастанье өзінің “қазақ даласы мен Оренбург өлкесінің ескі белгілері” (1910) дейтін кітабында “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының он шақты нұсқасынан дерек береді және сол кітабында жырдың бір үлгісін орысша
1 Ч. Балиханов. Сочинения, том I, стр. 200,1961.
2 “Каз. правда”газеті, 12ақпан, 1938.
3 М. Ду/иик^ев.ОтСемипалатинскадоКапала, “Военныйсборник”,’№12, 1865.-
аударып жариялайды. Кастанье бастырған бұл нүсқа жай-ында мынадай бір мәлімет келтіреді: бүрынғы Жетісу об-лысының губернаторы Колпаковский Семейден қапалға бара жатып, жолда қозы Көрпеш пен Баян сүлудың моласын көреді, осы екі ғашық жайындагы аңыз әңгімелерді жина-стыруды Лепсі уезінің начальнигіне тапсырады. Лепсі уезі начальнигінің айтуы бойынша, “қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырының бір үлгісін орман қарауылшысы Салағаев ел арасынан жинап тапсырады, ол орысшаға аударылады да, қастаньенің қолына түседі. Бүл кейіннен Кастаньенің бастырған варианты болып кетеді.
Бүлармен қатар, “қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырының кейбір үлгілері, үзівділері 1877 жылы “Ақмола облыстық ведомосында”(186 1,3), “Нива” журналында (№2, 1899 ж., Е. 3. Баранов нұсқасы), “Дала уалаяты” газетінде (1894 және 1899 жылдар), “Торғай газетінде” (А. Васильев нүсқасы, 1900 ж., №6) басылған. Жырдың бір варианты 1916 жылы Сейітовтың қолжазбасы бойынша, “Орыс гео-графия қоғамының батыс — сибирлік бөлімінің еңбектерінде” жарияланған.
1878 жылы жырдың бір варианты “Хисса қозы Көрпеш” деген атпен қазанда Ш. Хүсаиновтар бастырып, оны 1890, 1894, 1896, 1905 жылдары қайта бастырған.
“қозы Көрпеш — Баян сұлу” жыры кеңестік дәуірде бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы Москвада басылды. 1936 жылы жырдың Жанақ айтуындағы нүсқасын М. әуезов Алматыда шығарды. Кейіннен ол 1939 жылы шыққан “Ба-тырлар жыры” жинағына енді. Бұл жырдан алынған үзінділер оқу орындарына арналған хрестоматияларда жа-рияланып келеді. Г. Тверитин дейтін ақын жырдың бір вариантын өзінше жырлап, орысшаға аударып (1928, 1941, 1949) бастырды және “Песни степей” атты жинақта жари-яланды. 1959 жылы қазақстан Респуликасы Үлттық ғылым ағадемиясы жырдың алты вариантынан қүралган (қүрасты-рушы Ы. Дүйсенбаев) жинақ ‘шығарды. Мұнымен қатар, “қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының сюжетін пайдалана отырып, жазушы ғабит Мүсірепов пьеса жазды, кино-фильм де шығарылды.
ЖЫРДЫН ЗЕРТТЕЛУІ
Өткен ғасырдың өзінде-ақ “қозы Көр-ЗЕРТТЕЛУІ пеш — Баян сүлу” жырына талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан болатын. Олар жырдың өзін ғана сөз қылып қоймай, сонымен қатар қозы Көрпеш пен Баянның бейітін ескі
дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген еді. Мәселен, Г. Н. Потанин бұл жырды аса жоғары бағалап, дүниежүзілік эпостық шығармалардың қатарына қояды. “Бұл жыр — дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма” , — дей отырып, Потанин оны Ромео мен Джуль-еттаға теңейді. Өз тұсында Шоқан да “қозы Көрпеш” жырын сүйсіне тывдап, Жанақтан жазып алганы мәлім. “Алтын айдар қозы Көрпеш пен сұлу Баянның сүйіспеншілігі туралы шығарылған ақындық аңыз”, — деп бағалайды ол.
Академик Радлов пен профессор Березин де “қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырының ертеден келе жатқан әдебиеттік мүра екендігін атап көрсетеді. И. Безверхов “қазақтың өлеңшілері мен ақындары” туралы жазған мақаласында” “қозы Көрпеш” жырын жоғары бағалап, қазақ халқының ерте заманда туғызган ақындық шығармасы екендігін айтады да, оны Арыстан ақынның қалай жыр-лағанын жазады. Түрік халықтарының ертедегі өлең құры-лысын зерттеген ғалым Ф. Корш “қозы Көрпеш” жырының көркемдігін ерекше сөз етеді. Бұл шын мәніндегі халық жыры деп бағалайды .
“қозы Көрпеш — Баян сұлу” жыры жайында пікір айтқан ғалымдардың екінші тобы қозы мен Баянның бейітін зерттеген. Орыс ғалымдары Н. Абрамов, Н. Пантусов, И. Кастенье, т. б. өткен ғасырдың аяқ кезінде бұл бейітті зерттей келіп, оны ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.
Сөйтіп, қазан революциясына дейін “қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын көптеген ғалымдардың жоғары бағалағандығын көреміз. Бірақ та олар бұл жыр жайында азды-көпті пікірлер айтқаны болмаса, оны арнайы зерттеген жоқ еді. Кеңестік дәуірде ғана бұл жыр зерттеле бастаған.
Кеңестік дәуірде “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жыры туралы үлкен көлсмді ғылыми зерттеулер бірден туған жоқ. Ең алдымен, әр түрлі пікірлер айтылды. Мәселен, СәкенСейфуллин“қазақәдебиеті” (1932 ж.) деген кітабында “қозы Көрпеш” жырына тек Радлов варианты бойынша
1 Г. Потанин. В юрте последнего киргизского царевича, журн. “Русское богатство”, №8,1896, “Восточные мотивы, 1899.”
2 Ы. Дүйсенбаев, жоғарыдааталғанеңбегі.
3 “Ақмолаоблыстықведомосы”, №16,1893.
4 Записки вост. отд. русского геофафич. общества, том XIX, вып. ІІ-ІІІ, 1909.
тоқталады да, қозы мен Баянга байланысты жырлардың барлығын үстем таптың шығармасы деп көрсетеді. Және пе ол: “қозы Көрпешті” талай оқымыстылар мақтайтын еді. Мен мақтарлық ештемесін таба алмадым”, — дейді . Сәбит Мүқанов “Батырлар жыры” туралы жазған еңбегінде (1939 ж.) “қозы Көрпештің” халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді. Революцияға дейін қазақ жастарының, әсіресе қазақ қыздарының, ескі әдет-ғүрып шырмауынан шыға алмай, ауыр күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі деп бағалайды. Осы пікірді қажым Жүмалиев те өзінің “қазақ әдебиеті” деген оқулығында (1944), “қазақ эпосы менәдебиеттарихыныңмәселелері” (1958) монографиясында, әлкей Марғүлан да (жоғарыда аталған еңбегінде), Мүсатай Ақынжанов та айтады. Олар жырдың әр түрлі варианттарын салыстыра отырып, қозы мен Баян жайындағы әңгімелердің негізі халықтық ортада туғандығын анықтайды.
Бертін келе, “қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырына арналган ғылыми еңбектер жазылады. Бұл реттс Мүхтар әуезов пен Ысқақ Дүйсенбаевтың зерттеулерін атауға бо-лады. Мүхтар “қозы Көрпеш — Баян сүлу” жырының қазақ арасына тараған варианттарын зерттейді, жырдың әдебиеттік жақтарына толық талдау береді. Сонымен қатар жырдың шыгу мезгілін мөлшерлейді. Ол бірсыпыра дсректер келтіре отырып, жырдың ХҮ-ХҮІ ғасырлар шамасында шыққандығын айтады. Содан бері қарай бұл жырдыц талай өзгерістерге ұшырағанын, жырды әр таптың өз тілсгіне қарай пайдаланғандығын дәлелдеп көрсетсді. қазақтың ли-ро-эпостық жырларын зерттеген Ы. Дүйсснбаев “қозы Көрпеш — Баян сұлуды” арнайы текссреді. Ол бүл жырдың қазақ арасында сақталған варианттарын башқүрт, үйғыр, ба-рабын татарлары және алтай елінде айтылатын түрлерімен салыстыра зерттейді. Олардың “қозы Көрпешті” қалай жыр-лағанын, қандай айырмашылық, ерскшеліктері барлығын көрсетеді. Мүнымен қатар, ол Шоқан мен Потаниннің жәнс басқа да ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жырдың оқиғасы халықтың аңыз-әңгімелерінен туган дейді. қозы мен Баян тарихи адамдар емес, олар халықтың аңыз-ертегілері жасаған кейіпкерлері деген қорытынды жасайды.
Сейфуллин, қазақ әдебиеті, I кітап, 226-бет, 1932, М. Ахинжанов. Проблема народности казахских социалыю-бытовых поэм,1953.
•* М. әуезов.“қозы Көрпеш — Баянсұлу”, 1936; “қазақССРтарихы” (1943, 1957); “Казақ әдебиетінін тарихы”, I том, 1960; Ы. Дүйсенбаев. қозы Көрпеш — Баянсүлу (жинақ), 1959.
“қозы Көрпеш — Баян сұлу” қазақ халқының ерте заманда шығарған ескі жырының бірінен саналады. Бұл жырды көптеген ақын-жыршылар айтып біздің заманы-мызға жеткізген. Ол өзінің қалыптасу, даму жолында талай таптық тілектердің елегінен өткен. Жырдың қай вариантьщ алсақ та, әр түрлі көзқарастардың барлығын аңғартады. Мәселен, Шөже, Мұқан айтқан жырда дін әңгімелері басым келеді, олар жырға дін жайын, ескі наным-сенімдерді көбірек енгізеді. Радлов жинап бастырған жырда үстем тап адамдарын, әдет-ғұрып салтты дәріптеушілік орын алады. Жырдың Кастанье жариялаған нұсқасында көптеген әңгімелер қиял-ғажайып ертегі түрінде айтылады. Мұның бәрі жырдың әрбір ортаның тілегіне қарай өзгеріп отырғанын көрсетеді. Бүған “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының барлық варианты халыққа жат деген ұғым тумайды. Жырдың халық тілегіне сай келетін, әр алуан қайшылықтарымен қатар, халықтық сипаты барлары да көп. Бұл ретте біз Жанақ вариантын мысалға аламыз.
ЖАНАқТЫң ЖЫРЫ Жанақтың өмірбаянын, ақындық қыз метін баяндайтын деректер өте аз. Шоқанның айтуына қарағанда, Жанақ ірі ақын және асқан қобызшы болған. Оның өлең, жырларын тыңдаған Шоқан: “Жанақ нағыз ақын, жыршы еді”, — дейді. Біржанмен айтысқа түскен Сара да осыны айтады, Жанақтың әрі қобызшы, ,әрі атақты алғыр ақын екендігін еске түсіреді.
Жанақ ақындар айтысы арқылы ақындық атқа, ие болған, ол өз кезінде көптеген ақындараден айтысқа түсіп, талайды сөзбен буған ақын. Оның бір-екі айтысын Сәкен Сейфуллин “қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” (1931ж.) деген кітабына енгізген. Соның бірі Жанақтың Түбек ақынмен айтысы. Ес-мағамбет Ысмайыловтың мәліметгеріне қарағанда, Түбек “XVIII ғасырдың ақыры мен XIX гасырдың басында жасаған” .
Жанақ өз кезінде Жетісу, Семей жақтарын көп ара-лаған, сол мандағы ақындармен айтысқа түскен және үлкен жырлар айтып жүрген. Бірақ та оның “қозы Көрпеш — Баян сұлудан” басқа тағы қандай жырлар айтқанын анықтау қиын. Өйткені басқа жырлары сақталмаған секілді.
Жанақтың айтуындағы “қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырын ел арасынан жинап, 1936 жылы бастырған Мұхтар
Е. Ысмайылов. Ақындар, 100-бет. 1956.
Эуезов. Мұхтардың айтуына қараганда, Жанақ бүл жырын Сыбанның төресі Солтабай дегеннің үйінде жатып айтыпты деген сөз бар дейді. . Содан оны басқа ақын-жыршылар үйреніп алып, елге таратыпты, кейінгі айтушы ақывдар Жанақ нүсқасына біраз өзгерістер де енгізеді, қозы мен Баянды арман-мүддесіне жеткізіп, өлтірмей тірі қалдырады. Мүнысы Жанақ жырына қосылган жамау сияқты дейді Мұхтар.
Жырдың Жанақ айтты дейтін варианты Жанақтың өз аузынан емес, Бейсенбай деген жыршының айтуынан жазып алынған. (Бейсенбайдың айтуынша жырдың аяғы осы делінеді). Жанақтан Шоқан жазып .алған вариант әлі күнге табылған емес. Сондықтан, жырдың Жанақ вариантына бергі ақывдар қавдай өзгерістер қосқанын -анықтау қиын. Бірақ бұл жөнінде Мұхтар әуезов аса орынды пікір айтады:“Ел арасына тараған Жанақ жырының бір түрінде өлетін Көсемсары емес, қозы Көрпештің өзі, онда жыр аяғы қайғылыхалмен бітетін еді, ал жырдың қуанышпен аяқталуы Бейсенбай ақынның қоспасы, өзгертуі болып табылады”, — дейді. Біздіңше, бүл дүрыс пікір. Өйткені жыр оқиғасының дамуына қарасақ, қозының өлмей тірі қалуы мүмкін емес. Демек, бергі айтушы ақындар Жанақ вариантын өңдеп өзгерткен.
Жанақ жырлаған “қозы Көрпеш — Баян сұлу” — негізінде халықтық жыр. Сюжет қүрьшысы, оқиғаны дамы-туы жағынан болсын, көркемдік-шеберлігі, образ жасау жағынан болсын, бұл — күрделі шығарма, Мұнда да жырдың басты тақырыбы — ескі әдет-гұрып, тұрмыс-салттан алы-нады. Ескі рушылдық, феодалдық қоғамда туып белгілі пра-волық нормаға, дәстүрге айналған, заң болып қалыптасқан салтты, яғни жастарды үйлендіру салтын, жырдың басты тақырыбы етеді. Жырдың қайсысы болса да бұл салтқа қарсылық білдіріп шенемейді, қайта оны бүзбай сақтау жағына көңіл бөледі. Жанақ жырында да осы мотив басты орын алады. қарабай мен Сарыбай төс түйісіп қүда бо-лысады, тумаған балаларын атастырып қояды. Мұны Жанақ табиғи нәрсе, халықтың салты осы деп түсінеді. Сол түсінігін жырына қосады. қозы мен Баян арасындағы махаббат, сүйіспеншілікті де жыр осы салтқа бағындырады. Жастардың қайсысы болса да бүл салтты бұзбай, оны қүптауға тиісті екендігін ескертеді және мүны орындаған жастар кіршігі жоқ таза махаббатқа ие болады, ынтымағы жарасады деген
“қозы Көрпеш-Баян сұлу”, жинаған М. әуезов, 5-бет, 1936.
түйін шығарады. қозы мен Баян арасындағы сүйіспеншілік, махаббат сезімдерін осыдан тудырады және олардың қайғы-қасіретке ұшырауы да, өлімге душар болуы да ескі салтты өздеріне парыз ете шын пейілімен беріле орындагандығынан деп көрсетеді. Ал қарабай мен қодар жайына келгенде, жыр бұл екеуін де ұнамсыз бейнеде суреттейді. қарабай ескі салтқа қарсы шығып, бата бұзады, уәдесінен танады, жастардың ажалына себеп болады. Сонысы үшін ол жырда жиренішті бейнеде сүреттеледі. қодар да сондай, ескілік жолмен атастырып қойған екі жастың арасына тікен болып қадалады, озбырлық жасайды. Сондықтан жырда қодар да жауыздық бейне ретінде алынады.
Жырдың негізгі идеясы осындай бола тұрса да, ол ескі заманның объективті шындығын айтпай кете алмайды. Ру-шылдық, феодалдық қоғамда жастардың бас еркі бол-мағандығын, олар өздерінің сүйген адамдарына қосылуы жолында көптеген бөгеттерге ұшырағандығын жасыра ал-майды. Бұл Жанақ айтқан жырдан да орын алады. Жырдың халықтық сипаты да осыдан көрінеді. Жырдың басты идеясы да, халықтық сипаты да ондағы образдар арқылы беріледі.
Жырдың бас кейіпкері қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббаттың иесі болып бейнеленеді. Ол Баян жайын, ата-стырып қойған қалыңдығы екендігін Айбастан естіп біледі. Баянның өзіне тең екендігін, оның Айбас арқылы жіберген сәлемдемелерінен аңғарады. Сондықтан да ол Баянды көрмей жатып ғашық болады, құмары арта түседі. Жатса да, түрса да ойынан Баян шықпайды, ғашық жарын көруге асығады, оны іздеп сапар шегуге дайындалады. Бұл сапардың қиыншылықтарын айтып: “Оған бармай-ақ қой, күдеріңді үз, осы елден тандаған қызынды алып беремін”, — деген шешесінің сөзіне құлақ аспайды. Есі-дерті Баянға ауған қозы:
Алдымда неше қатар тұрса да оқ, Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ. Сұлуын дүниеиің жисандағы, Бір жарымдай болмайды көціліме тоқ,—
дейді.
Баян үшін шыбын жанын шүберекке түйген қозы ел-жұртын және артында қалып бара жатқан қарт анасын Тайлақ биге тапсырып, алыс сапарға жол тартады. Жол-шыбай көптеген қиыншылықтар көріп, Аягөзге келеді. Баян үшін қандай қасіретке де шыдамақ болып, қарабайдың қойын бағады. Осындай ауыр халде жүрсе де, есі-дерті Баян болады. Ол өзіне-өзі қайрат беріп:
Сенен басқа хор қызы, Болса да көңіл салмаспын. Шашы күміс, басы алтын
Болсадағы алмаспын… Сені алмасам осы жол, Тірі де жүріп оңбаспын.-
деп ант етеді. Сол сертіне, мақсат еткен арманына жете берген шақта, қозының алдынан тағы да көп бөгет, қиыншылықтар кездеседі. Бір кедергіден екіншісіне жо-лығады. Соның ішінде басты бөгет — қарабай мен қодар болады. Өзгеден қүтылса да, қозы бұл скеуінің опасыздығы мен жауыздығынан қүтыла алмай, ақыры аянышты өлімге ұшырайды. (Жырдың Жанақ вариантына Бейсенбайдың енгізген өзгерісінде қозы бұ.л бөгеттерді оңай жеңіп шығып отырады).
Жырдың басқа варианттары секілді, Жанақтың “қозы Көрпеш-Баян сүлуында” да қозыға ерлік, батырлық сипат беріледі. Белгілі мөлшерде ол күшті батыр жігіт болып суреттеледі. Ол қодардың батпандай балгасын асықша үйіреді, қодардыаттан аударып алып, қабырғасын күйрстеді.
қозының жақсы мінездері де жырға қосылады.. Ол — ақ көңіл, әділ, аңғал, қулығы жоқ, адамгершілігі мол жігіт. қодар мен қарабай қозыны өлтірмек болып, Сасан биге ақылдасады, сөйтіп оны қонаққа шақырады. Бұл шақыруды қозы қарсы алады.
Бірақ мұндай шақырудың артында бір сұмдықтың барын Баян сезеді,
Баян айтты: ал, қалқам, қапы қалма, Бұларды дос болар деп ойыца алма. Ептеп-септеп ниеті өлтірмекте, қауіпсіз үйлеріне тіпті барма,—
дейді. “Барамын” деп уәдс еткен қозы екі сөйлегенін өлімге тең көреді. Ол қарабайлардан жақсылық күткендіктен емсс, жұрт алдында өзінің беделін түсірмеу үшін, “қорықты” дегсн сөзгс ілікпеу үшін барады. “қозы досы түгіл жауына да қастық ойламайды, жаманшылық жолға түспейді. Не нәрссге болса да ақ нист, адал жүргімен келеді”, — дейді Мұхтар. қодармен сыйыса алмаган Көсем-сары да Баянға ғашық жігіттің бірі болатын. Бұл ретте ол қозының да бақталасы еді. Бірақ Көсемсарыны қозы өзінс тартып, дос санайды, оның қодармен қақтығысуын бағалайды. Сондықтан да осы Көсемсары үшін қодардан кек алады. Сөйтіп, жырда қозы образы сүйкімді болып жасалады, жырды айтушының да, тыңцаушының да бар тілегі арманына жете алмай, қазаға үшыраған қозы жағында болып отырады.
Жырда қозы қандай сүйкімді болса, Баян да сондай. Жырдағы барлық оқиға құрылысы, тартыс-талас Баян жай-ынан басталып, Баянмен аяқталады. қозы секілді Баян да — адал ниетті, ақ жарқын, кіршіксіз таза махаббатты көксеген, өзінің сүйген адамына қосылуды арман еткен жан. Баян да қозыға ғашық. Ол өзінің қозыға атастырылып қойғанын және қозының кім екендігін апалары мен Айбастан біледі. Осыдан былай қозыға деген қүмарлығы, махаббат сезімі күшейе береді, оны өзінің теңі деп түсінсді. Ескі салтты орындауды парыз ұғынған Баян атастырып қойған жігітін көрмей, танысып біліспей-ақ ғашық болады. Бұған біріншіден, Ай, Таңсық, Айбастардың сөзі, олардың қозыны мақтауы себеп болса, екіншіден, қарабай мен қодардың опасыздығы, жауыздығы түрткі салады. Өзінің туған әкесі дүниеқор қарабайдың бата бұзуы, антынан тануы, адам-гершіліктен безуі және сүймегсн қодарга зорлап қосам деуі Баянды өжеттендіре, ызаландыра түседі. Сондықтан да ол осындай ауыр халден құтқарып алатын, қайғы-қасіреттен азат ететін адамды, яғни қозыны, іздейді, соны аңсайды. Бұл ретте де ол қозыдан көп үміт күтеді. Оның қозыға ғашық болуының екінші бір себебі осыдан туады.
Барлық болашағы, өмірдегі қызық дәурені қозымен ғана байланысты деп түсінген Баян оган деген махаббатына кір жүқтырмайды. Жатса да, түрса да көз алдына қозы еле-стейді. Ол Айбасқа айтқан сөзіндс:
Сәлем де інінізге іздеп келсін, Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін. Көңілім кетті қозыға, жаным мұнда, Айтқан сөзді, інініз қабыл көрсін,—
деп, қозыға деген сүйіспеншілік сезімін білдіреді, ғашық жарын көруге асығады. Бұдан былай оның қозыға арнаған махаббаты ұлғайып дами береді. Бастығы қодар болып, тоқсан байдың мырзасы: “Мен алам”, — деп таласқан шақта, жас өміріне қатер төнген Баян үрейленіп, саспайды, мыр-залардың бірде-біріне көңіл аудармайды, менсінбейді. Есі-дерті тек қозы болады. Ақ нист, адал көңілмен қозыны сүйстіндігін білдіреді.
Баянның қозыға деген махаббаты, адалдығы, айтқан серт, берген уәдесінен танбайтындығы, әсіресе қозының өлімі үстінде, айқындала түседі. қарабай қозының өлгенін естіртіп, Баянға: “Сені қозыдан артыққа қосамын”, — дейді. әкесічің бұл сөзіне қаны қайнап, ыза болған Баян, кекті ашумен:
Етегімді жел ашып жүрген емен, Козыкеден басқамен күлген-емен, әке, неке қидағы енді өзің ал, Елден бура салғандай інген емен,—
деп жауап қайырады, қара жүрек, опасыз әкені қайғьшы, қатал сөздерімен түйреп салады.
Ауыр қазаға душар болған, сүйген жарынан айрылған Баян қозының өлімі үстінде қайғы тартып отырьш қалмайды. Сүйген ғашығының өлімі ерлік, өжеттік ту-дырады. қапыда кеткен қозы үшін кек алады. Ол айламен қодарды құдыққа түсіріп, жарып өлтіреді, қанды қанмен жуады. Сөйтіп Баян қозыны адал көңіл, шын нитімен сүйгендігін білдіріп, ғашық жарының жас қабырын қүшақтай өзі де өліп кетеді. Жырдың барлық вариантында Баянның бүл әрекетін әлсіздік, амалсыздың күнінен жасаған қармануы деп суреттемейді, оны өжеттілік, ерлік, сүйген жарына шексіз берілгендік деп бейнелейді. Мұнда сүйген адамыңның өліміне күйініп жылаудан гөрі, оны өлтірген жаудан кек ал, кіршіксіз таза махаббатыңды аяққа бастырма, жа-уыздыққа қарсы алысып өт, қатал болып намысыңды қорга деген қорытынды жасалады.
Ал Жанақ вариантына Бейсенбай енпзген қоспа әңгімеде бүл жай бұрмаланып жырланады. Бейсенбай екі жасты өлімге душар етпей, қуанышқа жеткізеді. Мұның өзі жыр-дың халықтық сипатын өзгертіп жібергенін аңғартады. Ол өткен заманда бір-біріне ғашық болған жастар ешқандай қиыншылықсыз, бөгетсіз арман-мүддесіне жеткен, жігіт сүйген қызын алған, қыз таңдаған жігітіне қосыла берген демек болады. қарабай мен қодарлар дәуірлеген заманда екі жастың өз еркімен қосьшуы мүмкін болмағандығын жасыруға тырысады. Шынына келгенде, бұл олай болмасқа керек. “Жырдыңжелісіне, қарабай, қодарсияқты жандардың қиянатына қарағанда, — дейді М. әуезов, — Баян заманының тымқараңғы, меңіреу, әділетсіз болғаны байқалады. Олкезде, Баян сияқты, өзінің сүйгеніне қолы жетпей, арманда өткен қазақ қыздары аз емес-ті. Баян — осы әділетсіздіктің, аталық, феодалдық кертартпа салттың қүрбаны” .
Жанақ жырында аса айқын суреттелген жанның бірі — қарабай. Жырдың алғашқы әңгімелерінің өзінен-ақ Карабайдың сараң пейілі тар, мал қүмар, мейірімсіз жан екендігін аңғарамыз. Бұл ретте, ол дара бейнеде алынса да, өзі сияқты адамгершіліктен айрылған сасық байлардың
1 қазақәдебиетінін тарихы.Ітом, 534-535-бет.
жиіркенішті кескінін, жағымсыз мшез-құлық, Іс-әрекеттерің, топастық ой-санасын жинақтап көрсеткендей болады. Жыр оны:
Тоқсан мын жылқы айдағап бай болса да, Үйінде сілкіп киер шапапы жоқ,—
деп суреттейді. Осының өзінен-ақ қарабайдың қандай жан екендігі көрініп тұргандай. Ол мыңдаған малға ие бола тұрып, өзіне-өзі сараңдық жасайды, ішер асқа, киер киімге жарымайды.
қарабайдың малдан басқа арманы жоқ. Мал дегенде ар-ұятын, адамгершілігін аяққа басуға дейін барады. Оган бала-шағасынан да қымбат саналатыны — мал. Сексен беске келгенше бала көрмеген қарабайдан Баян туады. Бұл қуаныш хабарды айтып, сүйінші сұрай келген әйелге сыйлық берудің орнына, қарабай айып тағып, сөзінс құлақ аспайды. Сонда әйел тұрып:
Картайғанда көріпсіз бір перзентті, Шынымснен бір шапан бсрмейсіз бе?—
дейді. Мұндай сөзді жақтырмаган қарабай жаңағы әйелді сүйінші сұрадың деп жазалайды. сегіз өрмс бұзау тіс қамшынын астына алып, сабап, тәнін қатты жаралайды. Бұл қарабайдың адамгершіліктсн айрылған, кісілік ссзімі жоқ жан екендігін дс айқындай түседі.
қарабайдың мейірімсіздігі тоқсан мың жылқысынан сойып жерлік мал таба алмағандай, Сарыбайға буаз маралды атқызуынан да көрінеді. “Буаз маралды ату обал ғой, әйелім екі қабат еді, буаз маралды атуым қырсық болып жабысар”, — дсген Сарыбай сөзіне қарабай құлақ аспайды. “Буаз маралды атып бермссең, құдалықтан кетемін”, — дсп қарабай өкпс сөзін айтады. құдасының көңілін қимаған Сарыбай маралды атады. қарабай маралдың өлген, өлмегеніне қарамастан ішін жарып, скі бұзауын тірідей мөңіретіп алып шығады да: “Үйге апарып бір тоя жейін”, — деп тарта жөнеледі. Сол жерде тіл тартпай өліп кеткен құдасы Сарыбайға да бұрылмайды.
қарабай жиырма шапан, тоқсан саба қымыз алып, құда-сына бата қылуга шығады. Бірақ ол Сарыбайдың үйіне бірдсн барып түспейді, алдымен салт барып біліп қайтады. Жөргекте жатқан қозыны көре салып:
Мені жұтар жалмауыз туыпты деп, Тантық шал Бақа айғырға міңе қашты,—
дейді- Осыдан кейін ол тоқсан сабасын пышақпен жарып тастайды, ақты төгеді, Сарыбайға берген антын бүзады па- “Жстім ұлға қызымды бермеймін”, — деп көше жөне-леді. Ақты төгіп кесапаттық жасаса, антын бұзып адам-гершілік ар-үяттан айрылады.
қарабайдың мейірімсіздігі, пейілі тарлығы, қара жүректілігі мұнымен ғана емес, өзінің жалғыз баласы Баянға жасаған жауыздығымен де көрінеді. Ол балам екен деп Баянға әкелік жылы мейір білдірмейді, қайта одан мал ар-тық деп түсінеді. Ел-жұртынан безіп қозыдан қаша жөнел-ген қарабай, жолда көп қиыншылық көреді. Бетпақтың шөліне кезігеді, малы қырыла бастайды. Осындай жағдайда оған қодар жолығады. Ол:
қарекс-ау, іздеп едім, кез келесің, қодар батыр мен едім, сен көресіц. Мсп шөлдетпей Бетпақтан алып шықсам, қаныкей, ақысына не бересін,—
дейді. Бұған қуанған қарабай: “қалың малсыз, борышсыз қыз бсрейін”, — деп айтып салады. қодар: “Асыранды қыздарынды алмаймын, тек Баянды бсресің”, — деп қарабаймсн саудасын шегелсй түседі. Еңбегіне мал алмай, Баянды ғана сүрап отырғанына іштей көңілі толған және Баяннан да малды жақын көргсн қарабай қодарға жалғыз қызы Баянды бермек болып уәде стсді.
Ел-жұртынан безген, адам баласын сүймеген, мінез-құлқы, іс-әрекеті тұрпайы қарабайды жыршы ақын аса айқын стіп суреттейді, оның жирснішті бейнесін ешбір әлсіретпей үсті-үстіне күшейте түссді. Ақыр аягында қарабай екі жас-тың өлімінс себепкср болып шығады. Сондықтан да халық жыры қарабайды осындай адамгершіліктен тысқары, азғындық қылықтары үшін ауыр жазаға бұйырады, бұл қарабай сияқтыларды жек көрген халықтың ой-санасын білдіреді.
“қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының барлық вариант-тарында айрықша орын алған жағымсыз кейіпкердің бірі — қодар. Оның кім ексндігі әр түрлі баяндалады. Мысалы, Шөже вариантында: Аягөз бойына көшіп келген қарабайды ноғайлЬІның биі Сұлтангазы еруліккс шақырады. Бүған сол елдегі Шақшақ дейтін атақты байдың мырзасы қодар да келеді. Жиналған жұрттьтң көзі Баянға түсіп, оның сұлулығына таң қалысады. Осы кезде:
Жалғызы Шақшақ байдын қодар мырза, Баянға төрде отырған көзі түсті… Төрдс отырған Баянға көзі тусті,
Шымылдықтан көре алмай күйіп-пісті. Баянга ауызба-ауыз бір тілдесу қодарға жұмыс болды көкей тесті.—
Осыдан былай қодарға Баян қатты ұнайды, қайда жүрсе де есінен Баян кетпейді. Баянға қалай үйленудің жолын таба алмай сандалады. Ақырында, қарабайдың мал құмар адам екендігін біліп, қодар оған жалшылыққа тұрады. “Тоқсан мың малыңды қандай жұттан болса да құтқарып берем, ақыма мал алмаймын, тек Баянды бересің”, — дейді қодар. Малының шығын болмайтындығына және қодардай қарулы жігіт өзі жалданып отырғанына, оның еңбегіне мал сұрамай, Баянды сұрап отырғанына, қарабай қуанады да: “Баянды берем”, — деп уәде етеді.
Жырдың Н. Пантусов, И. Кастанье бастырған вариант-тарында қодар қалмақ батыры еді делінеді.
Жырдыңбіз талдап отырған Жанақ вариантында Баянның сұлулығын қодар естиді де, Баянды іздеп шығады. Бұл кезде қарабай бұрынғы ел-жұртынан көшіп кетеді. Бірақ қодар олардың соңына түседі.
Арқадан қызы сұлу бай көшті деп, Торғауыттан бедеумен қодар салды,—
дейді. қодар қарабайды шөл далада кездестіреді де: “Ма-лыңды шөлден аман алып шығамын, ақыма Баянды бересің”, — дейді. Малдан басқа ойы жоқ қарабай қодарға Баянды беруге уәде етеді және қызының айттырып қойған күйеуі бар екенін жасырады. қарабайдың Баянды бермек болганына сенген және Баянның басы бос деп ойлаған қодар қатты алданады. Ол Баянға қосылу мақсатымен қолынан келген күшін аямайды. Шөл даладан құдық қазып, қарабайдың тоқсан мың жылқысын қауғамен суарады.
Антұрған, білдірмсйді қодар жасып, әр жерден жүз кісілік құдық аршып, Су шыққаннан су шығар құдығынын Суы жоғын толтырар мсспен тасып,—
дейді. Бойы он кез, жауырыны үш жарым кез, сыңар жұды-рығы қол ағаштай болған алып қодар Баянды аламын деп асыра қимылдайды. Ол бслгілі мөлшсрге дейін жырда қайраты мол, қара күш иесі ретінде көрсстіледі.
қозы сияқты Баянға гашық болып қол созған қодардың еңбегін қарабай қатты пайдаланады; оны ұзын арқан, ксң тұсауға түсіреді. Баян үшін қарабайдың тұзағына ілікксн қодар есек-дәме болып жүре береді, Баянға үйленемін деген
ойынан танбайды. “Баян менен асып кімге барар дейсің, бай десс — шалқыған байлығым бар, батыр десс — алып күшім бар”, — деп тасиды. қодардың Бяннан дәмелі болуын, сырттай тон пішуін жыршы ақын өткір әжуа, мысқыл стсді- қыс бойы қозымен бірге жылқы баққан қодар көктем шыға ел шетіне келеді. Сонда ол қасындағы жолдастарына мақтана отырып: “Ауылга барып, жеңгеңнен ссндерге құрт-май, өрік-мейіз алып келейін”, — дсйді. Ауылға барған қодар Баянмен сөйлеспек түгіл, онымен кездесе алмай, қосқа қайтып келеді. Бірақ ол мұнысын жасырады да: “Ба-янның сендерге берген сәлемдемесін ауылға ұмыт қалдырыппын”, — деп өтірік айтады. Оның бұл сөзін қозы да, жылқышылар да мазақ стеді.
қодар Баяннан күдер үзбейді, оған өзін тең санайды. Бірақ Баян қодарды жек көреді, қозыдан басқа сшбір адамға көңілі жоқтығын білдіреді. Осыдан былайғы жерде: “Ссні әйслдікке алмасам, дүнисдс тірі жүрмеймін”, — деп серт еткен қодар Баянды қорқытып та, жалынып та көреді. Мүның бірде-бірі Баянға әсер етпегеннен ксйін, қодар кек-тсне, қатулана бастайды. қозыны өлтіру жайын қарастырады. қодар қаншама күшті болса да, өзіне бақталас болған қозыны жскпе-жек ұрысқа шақыруға батылы бармай, тайсалақтай береді, қорқақтыққа салынады. Бір сәтте ол қозымен қагысып та қалады. қозыға әлі жетпей қодар жеңілсді, жан сауға сұрайды, дос болайық деп жалынады. Көңілінс сш жамандық алмаған қозы: “Нетейін қанын жүктсп осы иттің, — деп, қодарға, — тілегің болсын”, — дсйді. Бірақ қодар қарабай сияқты достық антын бұзады да, ұрланып келіп қозыны өлтіреді. Екі жастың арасына тікендей қадалған қодар оларга үлкен қиянат жасайды. Сонысы үшін оны халық жыры жиіркснішті бсйнеде алып суреттейді, ауыр жазаға тартады; жауыздық жасағандардың жазасы осындай болмақ деген халықтық сананы аңғартады.
Жанақ айтқан “қозы Көрпсш — Баян сұлу” сюжет құруы, оқиға желісін тізбектей отырьтп баяндауы және адам образдарын айқын етіп жасауы жағынан, өзі тектес басқа жырлардан әрі күрделі, әрі көрксм екендігін байқаймыз. Жанақ жырының ең алдымен көзге түсетін ерекшелігі — оқиғаны реалистік өмірдсн алуында. Егер жырдың басқа варианттарында ертегіге тән, фантазиялық халге құрылған әңгімелер басым келсе, Жанақта олай емес. қозы мен Баян да, қарабай мен қодар да шындықта болған типтік бейне болып суреттеледі. Оларға қиял-ғажайыптық сипат бермсй, реалистік жағдайда бейнеленеді. Және жырдағы әрбір
кейшкердщ мінез-құлық, Іс-әрекеттерше қараи көз ал-дыңнан кетпейтін портреттер жасайды, олардың түс келбетің, ішкі сезім дүниесін айқындайтындай бояулар табады.
Жыр оқиғасын дамытуда, адам образын жасауда жыршы өз кезіндегі қазақ поэмасының әр түрлі үлгілерін барынцщ мол пайдаланғавдығын аңғартады. Ретіне қарай, ол өлеңнің айтыс түрін де, тұрмыс-салт өлеңдерінің естірту, жоқтау, қоштасу. т. б. түрлерін де қолданады. Және басқа жырларға қарағанда, мүндағы өзіне тән бір ерекшелік — окиғаны диалог арқылы (мысалы, қарабай мен Сарыбайдың, қозы мен қодардың, Баян мен Айбастың, т.б. диалогтары) да-мытуывда деуге болады. Бұл диалогтар және оқиғасын әлсіретпей, қайта әңгіменің желісін үзбей, бір-бірімен жалғастыра, үдете түседі.
Жанақ жыры тіл көркемдігі жағынан да шебер жырдың бірі болып табылады. (Бұған өз кезіндс Шоқан да айрықша көңіл аударган болатын.) Мысалы:
Балталы, Баганалы ел аман бол, Бақалы, балдырғанды көл аман бол. Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Ойнап, күліп, ер жеткен, жер аман бол—
деп басталатын қоштасу осы жырдың аса бір әсерлі, көркем айтылған, ақындық шабытпен суреттелген жері болады. Ақынның тіл байлығы оқиғаны суреттеуінен ғана көрінбейді. Ол, мүнымен қатар, әрбір кейіпкердің мінез-құлық, іс-әрекеттеріне қарай түрлі бояу таба білуінен дс байқалады. қарабай мен қодар жайына келгенде жырдың бояуы да күңгірттене түседі. қозы мен Баянды айтқанда жырдың әрбір сөзі жүрекке жылы тиіп, өзіне тартып отырады.
қорыта келгенде, жауыздық пен әділст дүниесінің тар-тысын суреттеген “қозы Көрпеш — Баян сұлу” қазақ халқының ертеден келс жатқан көркем шығармасы болып табылады.
“қЫЗ ЖІБЕК”
Лиро-эпос жырларынан сл арасына ауызша да, баспа арқылы да ерте тарағаны — “қыз Жібек”
М. әуезовтің айтуына қарағанда, “қыз Жібек” жырының бір варианты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында қазанда басылған . Бірақ ол күні бігінге дейін қолға түскен 1 қазақәдебиетішңтарихы,Ітом,547-бст, 1960.
емес. Ы. Дүйсенбаевтың зерттеуінде былай делінеді. XIX Іясырдың екінші жартысында Зайсан жагында Валиолла Тух-ватуллин деген мүғалім болыпты. Ол ел арасынан “қыз Жібек” жырын жинайды да, 1894 жылы қазанда бастырады . Кейіннен бұл вариант 1896, 1897, 1905, 1911 жылдары да басылды, 1958 жылы “қазақ эпосы” деп аталатын жинаққа
енді.
“қыз Жібек” жыры қазақ еліне көптен таныс және оны бірнешеақындар жырлаған. Мәселен, орысғалымы В. Карлсон осы ғасырдың бас кезінде жазған бір мақаласында “қыз Жібек” жырын қазақбай және Көшілек деген ақындардың айтып бергенін хабарлайды . қазақтың халық ақындары Нүрпейіс, Мұрьш жырау, Айса да жас шағында бұл жырды айтып жүрген. Бірақ олардың қай көлемде және қандай мазмұнда жырлағанын айту қиын. Өйткені олардың айтуындағы “қыз Жібек” жазылып алынбаған. Мұны халық ақыны Омар Шипин де жырлаған. Бұл жөнінде Ы. Дүйсенбаев жоғарыда аталған еңбегівде мынадай бір дерек келтіреді. “қыз Жібекті”, — дейді ол, — жас кезінде Омар Шипин ұзақ жыр етіп айтқан екен. Кейіннен ақын ол жырын үмытқан көрінеді. Тек болғаны:
Жақсыға бір сөз айтсаң, шам алмайды, Сөз бабын жаман адам таба алмайды. Жайықтың екі жагын бірдей жайлап, Өтіпті он мың үйлі Жағалбайлы әр қойды жетім қозы емеген-ді, Екі айғыр қасаң байтал тебеген-ді. Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз, Айтайын өлең қылып Төлегенді, —
деген шумақтары есшде қалыпты .
Бұл деректерге қарағанда, “қыз Жібек” жыры ел арасына бірнеше вариантта тараған. Солардың баспа жүзіне шыққаны (1894 жылы) Валиолла жинаған варианты.
“қыз Жібек” жырының Валиолла варианты орыс тіліне де аударып басылған болатын (“Песни степей”, 1940) және жазушы ғабит Мүсіреповтың либреттосы бойынша, компо-зитор Е. Г. Брусиловский “қыз Жібек” атты опера жазып, сахнаға шығарды.
қазан революциясына дейін “қыз Жібек” жыры туралы жазылган зерттеу еңбектер де, айтылған пікірлер де болған
Ы. Дұйсенбаев.жогарыдааталғанецбегі, 101-бет.
“Оренбургский край”газеті, №62,1906.
ЬІ. Дүйсенбаев, жоғарыда аталаған еңбегі, 102-103-бет
емес. Мұндай еңбектер де, пікірлер де кеңестік дәуірде туа бастады. Бұл жөнівде Сәкен Сайфуллин, Мұхтар әуезов, Сәбит Мұқанов, ғабит Мүсірепов, қажьщ Жұмалиев, Ес-мағамбет Ысмайылов, Мұсатай Ақынжанов, Бейсенбай Кен-жебаев, Ысқақ Дүйсенбаев, т. б. бірсыпыра пікірлер айтты. Олар жырдың қай дәуірді суреттейтіндігін, халықтық сипа-тын, қайшылықтары мен кемшіліктерін, көркемдік ерек-шеліктерін сөз етті.
Сәкен Сейфуллин: “қыз Жібек” жыры ноғайлы рулары ыдырап, бөлініп кеткен заманды суреттейді” , — дейді. Мүхтар мен Сәбиттің айтуына қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың шамасында туған секілді . Өйткені жырда ата-латын рулар сол кезде Жайық, қата теңіз (онысы Каспий теңізі яғни Атрау теңізі болуға керек) бойларын мекендеп, сол манда көшіп жүрген. Атраудан бастап, бүгінгі Маг-нитогорскіге дейін созылған жерлерді Жағалбайлылардың қоныс еткені аз емес дейді. Ал тарихшы Мұсатай Ақынжанов бұл пікірге қосылмайды. Оның айтуынша, “қыз Жібек” жыры Кіші жүздің Ресейге қосылуынан кейін туған. Оған дәлел, — дейді М. Ақынжанов, — жырда аталатын жерлерді қазақтар Кіші жүздің Ресейге қосылганына дейін мекен еткен емес. Екіншіден, жырдағы кісі аттары, Базарбай, Төлеген, қорен қалмақ, Шеге, т. б. дегендер, бертінде пайда болған. Мүнымен қатар, жырдың тілі бүгінгі тілімізгс жақын, ескі сөздер жоқтың қасы дейді .
әдебиетшілер мен тарихшылардың екінші бір көтерген мәселесі “қыз Жібек” жырының халықтық немесе халыққа жат шығарма екендігін анықтау айналасында болады. Сәкеннің айтуынша, “қыз Жібек” байлардың ұлдары мен қыздарын ардақтаған, соларды мадақтап суреттеген жыр болып табылады. Бұл пікірді Мұсатай да қостайды. “Жырдың жұртқа таныс вариантында, — дейді М. Ақынжанов, — халықтық элементтер өте аз. Жырдың идеялық мазмұны және көркемдік түрі халықтық емес. Поэманың мақсаты — көшпелі тұрмысты, жерді жеке меншік етіп пайдалануға және адамды адам қанауға негізделген патриархалдық-фе-одалдық қарым-қатынастарды мадақтау; ескі өмірді, қыздарды қалың малға сату, сатып алуды және әмеңгерлікті
1 С. Сейфуллин. Казақәдебиеті, 1 -кітап, 1932.
2 Казақәдебиетішңтарихы, Ітом, 548-бет, 1960, “Батырларжыры” (жииақ), 1939.
3 М. Ахинжанов. Проблема народности казахскихсоциалыно бытовых поэм, стр., 11-12,1953.
уағыздау. Сөз жоқ, бұл идея феодалдардың мүддесін көрсе-теді- Поэмада озық ой-пікір жоқ, еңбекші бұқараның езушілерге қарсы күресі суреттелмейді, поэма ілгері ұмты-луға шақырмайды”, — дейді .
“қыз Жібек” жайында пікір айтқан (жоғарыда аталған) әдебиетші, ғалымдардың екінші тобы бұл жырдың халықтық негізінде шыкқандығын дәлелдейді. Мүхтар, Сәбит, қажым, ғабит, т. б. жырдың халықтық сипаты барлығын, халық тілегіне үйлесетіндігін айта келіп, жырға көптеген өзгерістер енгендігін, жырды үстем тап өз мақсатына пайдаланбақ болып өңдегенін, халықтық әңгімелерді фео-далдардың мүддесіне қарай бұрмалағандығын айтады.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің дұрыс жағы да, қисынга келмейтін теріс жағы да бар. Жырдың шығуы, онда сурет-телетін оқиғалардың болған кезі жайында Сәкен, Мұхтар, Сәбит пікірлері бір-бірінён алшақ кетпейді және дүрысқа үйлесетін секілді. Өйткені, тарихтың айтуынша, XVI ғасырдың орта кезінде ноғайлы ыдырайды. Сол кезде қазіргі қазақстан жерінде қүрылған үш жүздің бірі Кіші жүз болады. Кіші жүздің қарамагына: жеті ру (Табын, Тама, Жағалбайлы, Кердері, т. б.), әлімүлы (Шөмекей, Кете, Төрт қара, қарасақал, т. б.), Байұлы (Адай, Тана, Шекті, Алшын, Шеркеш, т. б.) сияқты рулар енеді және олар Жайық, Орал бойларын мекендеп, сол маңдарда көшіп-қонып жүреді . Он алтыншы ғасырдың аяғынан бері қарай Кіпіі жүз нығая бастайды.
Бұл тарихи деректерге сүйенсек, “қыз Жібек” жырының әңгімесі XVII ғасырда туған секілді деген пікірді қостауға болады. Мүның үстіне жырда қалмақтардың қазақ еліне шабуыл жасауын көрсетуі де кездейсоқ нәрсе емес. Та-рихтың айтуынша, қалмақ басқыншылары сол XVII ғасырда қазақ елдеріне көбірек шабуыл жасаған. Ал жырдағы кісі аттары Кіші жүздің Ресейге қосылғанынан соңғы уақытта пайда болды деушілердің еске алатыны мынадай: Базарбай, Төлеген, Сырлыбай, Шеге деген аттар Ресеймен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туған, базар, сыр, шеге сияқты үгымдар осы кезде пайда болған дейді. Осыған қарап, жыр әңгімесінің шығуын қазақ. елінің Ресейге қосылуымен байланыстырады. Бұл — әрине, бал ашып болжау жа-сағандай, жаңсақ айтылған пікір. Ерте кездің өзінде-ақ, қазақ әдебиетіне әсері тиген шығыс әдебиетін былай қойғанда, Орта Азия халықтары тудырған шығармаларды, тіпті қожа
М.Ақьмжанов.аталіанецбегі, 12-бет. 2 ИсторияКазахскойССР.Ітом.стр. 150,1957.
Ахмет Иассауиға байланысты аңыз-әңгімелерді алайық. Осы-ларға сыр, шеге, базар, қала, сауда-саттық деген үғымдар, атаулар өте көп кездеседі. қожа Ахметтің мешіті қандай сырмен боялганы, қандай шегелер қағылғаны, шеберлсрдің еңбегіне қандай төлем берілгені айтылады. Демек, жырдағы кісі аттарын бергі заманда пайда болды деу, соған қарап жыр әңгімелері соңғы кезде туды деу шындыққа жанаспайды.
“қыз Жібек” жырының идеялық негіздері жайында Мүхтар, қажым, Сәбит айтқан пікірлерді дұрыстыққа келеді деуге болады. Жырдың жүртқа таныс және талдау бергелі отырған вариантында, әсіресе оның бірінші бөлімінде, ха-лықтық сипат бар екендігі, жырдың бұл бөлімі халықтық ортада туғандығы байқалады. Ескі рушылдық, феодалдық әдет-салтқа наразы болған Төлеген жастардың бас бостан-дығын аңсайды, қалыңдықты өзі тандауды, сүйген адамына өз еркімен үйленуді көздейді. Бірақ ол мақсатына жете алмай өлімге душар болады. Бәлкім, жырдың халықтық ортада туған варианты осымен, яғни Төлегеннің өлімімен, аяқталуы да мүмкін. Бұлай болғанда жырдың халықтық сипаты айқын көрінеді. Онда жыр жастардың бас бостан-дығы болса екен деген халықтық идеяны білдірген тілектен туса керек. Және де ескі әдет-ғұрып, рушылдық-феодалдық құрылыс тудырып белгілі заң-жобаға айналдырған салт жүріп тұрған кезде бостандыққа үмтылған жастардың көптсгсн бөгеттерге жолығатындығын, мақсаттарына жете алмай-тындығын реалистік тұрғыдан бейнелеген. қозы Көрпеш пен Баян сияқты трагедияға ұшырайтындығын және жас-тарды осындай күйге түсірген ескі салтқа, оны қолдаушыларға халықтың наразы екендігін білдіргенін көреміз. “қыз Жібек” жырының бірінші бөлімі халықтық ортада туган, алғашқы кезде өз алдына жеке түрде айтылған жырболуы мүмкін десек, ол әлгі айтылған халықтық идеяны жыр етіп таратқан болып шыгады.
Бірақ жырдың халықтық ортада туған және жеке вариант болып тараған бірініпі бөлімін кейіннен үстем тап өз мүддесіне сәйкес пайдаланған. Оған жаңа бөлім қосып, Сансызбайды мақтай әңгіме еткен, феодалдық ортаның иде-ясын білдіретін жыр етіп қайта жырлаған. Жьірдың осылай өңделгені айқын көрінеді. Онда жыр Төлегенді ескі салт-ты, ата жолын бұзды деп бейнелейді. Төлеген сияқты жастардың бостандыққа үмтылуын қуаттамайды, қайта он-дайларды жек керетіндігін білдіреді. Ал ата жолын, ескі салтты заң етіп ұстаған Сансызбайға батырлық тұлға беріп көтере жырлайды. Төлегенге қарсы қойып жолын болғызады, мұратына жеткізеді. Және де ескі салттың ха-лыққа жат бір түрі- әмеңгерлікті, “аға өлсе, іні мұра” де-ушілікті дәріптейді. Сөйтіп, әуелде халықтық ортада туған “қыз Жібек” жыры кейіннен қатты өндеуге ұшырап, фе-одалдық-кертартпалық сипат алған.
“қыз Жібек” жырын осы сияқты аз-кем қайшылықтарына қарап, оның қалай өңделгенін, үстем тап-тың қандай түрде редакциялағанын ескермей тұрып, бірден халыққа жат жыр, халықтық мәні жоқ шығарма деу қиянат секілді. Мүнымен қатар, жырдың халықтық еместігін дәлелдеу үшін жырда еңбекші бүқараның езушілерге қарсы жүргізген таптық күресі суреттелмейді деп бағалаушылық құргақ социология болып табылады. “қыз Жібекті” былай қойғанда, халықтық жыр деп танылған “қамбар батырдың” өзінде тап күресі айқын көрінбейді. Сондықтан “қыз Жібек” жырын қайшылық-кемшіліктерімен ала отырып қарауға тиістіміз.
Біз талдауға алғалы отырған және көпке таныс болған “қыз Жібек” жыры екі бөлімнен құралған. Біріншісінде Төлеген мен Жібек жайы суреттеледі. Жыр әңгімесі Төле-геннің өлімімен аяқталады. Екінші бөлімі Сансызбайға арналады да, оның істерін суреттейді. Екі бдлімнен тұрған бұл жырдың әңгімесі халықтың әдет-ғұрып салтынан туады. Жырдың алғашқы бөлімінің негізгі идеясы — жастардың бас еркі болуын көксегендіктен шығады, ескі мен жаңаның тартысын бейнелейді. Екінші бөлімінде, яғни жырдың ха-лықтық сипаты жоқ бөлімінде, ескі әдет-ғүрып, салтты дәріптеушілік идеясы беріледі, соны дәріптеп негізгі заң деп қараушылық баяндалады. Жырдағы бұл идеялар басты кейіпкерлердің мінез-қүлқы, іс-әрекеттері арқылы суретте-леді.
Жырдағы басты кейіпкердің бірі — Төлеген. Ол өзіне тең жар-жолдасқа ескі салт бойынша, ата-ананың айтты-руымен, қосылуды көздемейді. Сүйген жарын өзі тавдап алуды мақсат етеді. Бұл ойын ол Жайыққа алғаш аттанып бара жатып, шешесіне білдіреді.
Бір сұлу алмай, шешеке-ау, Сірә да, көңілім, тынар’ма. Талап қылған ісінен Ат басын ерлер бұрар ма,—
Деп, өзінің еркін махаббат іздеген бір асыл жарға қосылу жолында қандай іске болса да шыдауға бел байлаған адам екендігін айтады.
Ойына ал^ан асыл жарды ез елінен таба алмаған Төле-ген саудагерден қыз Жібек жайын естіп, оған сырттай ғашық болады, “іздегенім сол” дегендей ойға келеді. Осыдан былай оның Жібекке деген махаббаты арта түседі, жас жүрегін ғашьтқтық сезімі билейді. Төлегеннің осы халін, көңіл күйін жыршы ақын әсірелей суреттеп, үдетіп жібереді. қыз Жібекке тез жетіп көрісуді, ұғысып білісуді асыға аңсаған Төлеген:
Атына қамшы басады, Тұлпардан туған Көкжорға ат Аузынан көбік шашады. Жер тарпынып, жануар,
Ауыздықты басады. Алдындағы белестен Орғытып келіп асады
Сырттай ғашық болып, алыстан аңсап келген Төлеген қыз Жібекті көріп көңілі толады. Екі жас бірін-бірі ұнатып қосылады да, аз уақыт қызық дәурен сүреді. Бірақ олардың өміріндегі бұл бір тәтті кез үзаққа созылмайды. Төлеген қазаға, Жібек қайғыға үшырайды.
Төлегеннің ізгі мақсатына жете алмай, арманда кетуіне жырдың алғашқы бөлімінде бірнеше себептер келтіріледі. Рушылдық-феодалдық құрылыс заманында, ескі әдет-ғұрып дәуірлеп тұрған шақта, жастардың еркін махаббат іздеуі, бас бостандыгы болуын көздеуі жүзеге аспайтын қиял екендігін көрсетеді. Ондай жастардың өмірі ұзаққа бар-майтынын, қайғы-қасіретке душар болатындығын, қаншама әрекет жасаса да, ескі салтты жеңіп шыға алмайтындығын суреттейді. Сол жастардың өкілі ретінде алынған Төлеген аңсаған арманына жету жолывда қозы Көрпеш сияқты көптеген кедергі, бөгеттерге кездеседі. қабағын қарс жапқан қатал әке, ескі салттың күзетшісі болған Бекежан, өзінің жалғыздығы, шөл дала, алыс жол — барлығы Төле-генге кездескен кедергі, мол бөгет болып шығады. Оларға қарсы алысарлық күші жетпей Төлеген қаза табады. Осын-дай ауыр халге душар болған Төлегенге жыршы көпшіліктің аяушылық сезімін білдіреді:
Айтып айтпай немене, Сол секілді асылдар Кебіні жоқ, көрі жоқ,
Ит пен құсқа жем болып, Мұратына жете алмай, Арманда болып кетіпті,—
деп, жас жігіттің өліміне өкінеді.
Жырдың халықтық негізі кейіннен феодалдық қауым тілегіне сәйкес өзгертілген де, Төлеген ата жолын аттап, теріс бата алғандығынан өлімге ұшыраған адам болып көрінеді. Ескі діни ұғымдарды дәлел етеді. Теріс бата алған адамның жолы болмайды, оған ешкім де көмектеспейді, қайта қалың қырсыққа жолығады дейді. Бұған бірнеше мы-салдар келтіреді. Соның бірі Көкжорғаның Төлегенгс
жәрдем бере алмауы болады. Батырлар жырының барлығывда яа батырға серік болған тұлпардың қызметі зор болатын, батырмен бірге жауға қарсы баратын, жау қоршауынан батырды құтқарып әкететін. Кейде ондай тұлпарларға тіл бітіп, батырға ақылшы, жаудың қайда екендігін білдіретін. Дл Төлегеннің Көкжорғасы ондай емес. Жау қамап кел-генде Көкжорға басын жерге салып, Төлегенді құтқарысуға жарамай қалады. Мүнымен жыршы теріс бата алған Төле-геннің неліктен жолы болмагандығын көрсеткісі келеді.
Басында еркін махаббат іздеп, сүйген адамына қосылуды арман еткен және белгілі мөлшерде ескі салтқа қарсылық білдіре шыққан Төлеген кейіннен өзінің әлсіздігін сезіне бастайды, ескі салгқа мойынсүнып, оны қүптағандай болады. Осы тұста жыршы ақын рушылдық, феодалдық салттың бір түрі әмеңгерлік, жесірлік дегенді әңгімелеп, оған Төлеген мен Жібекті көндіріп те шыгады. Төлеген еліне қайтар алдында: “Олай-бұлай болып кетсем, артымнан іздеп шығар інім Сансызбай бар, ол сені жылатпас, мұратыңа жеткізер, сені әмеңгер етіп алар”, — дегенді Жібекке ескертіп кетеді. Және бұл ойын ол Сансызбайға да айтады:
Олай-бүлай боп кетсем, Асыл туған Жібекті Еш жаманға қор қылмай, Өзің бір алып сүйгейсің,—
дейді. Сөйтіп, жыршы ақын Төлегенді де ескі салтты құптаған адам етіп бейнелейді. Мұнысы феодалдық сананы дәріптеген ақынның “қыз Жібек” жырының халықтық нұсқасын бұза отырып, үстем тап тілегіне қарай пайда-ланғандығын?ңгартады.
Жырдағы ең басты кейіпкердің бірі — қыз Жібек. Төле-ген сияқты, Жібектің де — ерекше мінезі бар. Талай байдың мырзасы айттырмақ болғанда, Жібек оның бірде-біріне көңіл бөлмейді, сүйген жігітіне өз еркімен қосылуды арман етеді. Жібектің осындай мінез-сипатын әсірелеп көрсету үшін жыршы ақьш әр түрлі әдіс қолданады. Сырттай ғашық болып, алыстан іздеп келген Төлегенге ол Жібекті бірден жолықтырмайды, біраз уақыт қызды көрсетпей, жігітті қызықтыра түседі. Жібектің басқа қыздардан артық екендігін байқатпақ болып, Төлегенді қалың көшке кездестіреді. әр көшті бастап бара жатқан сұлу қыздар бірінен-бірі өтеді.
Көш алдына қараса, Бейіштен шығып келмесе, Бір қыз кетіп барады. Бұл жалғанда хор қызы. Таң мезгілі болганда Сондай-ақ болып туар да Шолпанның туған жұлдызы, Адамзаттың бір қызы,— қигені атлас қырмызы, деп суреттесе, келесі қыздар одан да әдемі, сұлу көрінеді. Оларды көргенде Төлеген “Жібек осы болар” деп қалады. Бірақ ол Жібек болмай шығады. Көш соңында Жібектің шешесі келе жатады, оның сұлулығы алдыңғы қыздардан да асып түседі. Бұларды көрген Төлеген: “Жолдас қыздары мен шешесі мынадай сұлу болғанда, Жібектің өзі қавдай екен”, — деп таңцанады, Жібекті көруге асығады, оның осы сәттегі барлық арман-мүддесі қыз Жібек болады. Төлеген мен қаршыға қыз Жібектің күймелі арбасына кездеседі. қаршыға Жібекке: “Өзіңе тең ер жігіт ертіп келдім”, — дейді. Бұл сөзге Жібек қатты ашуланып, мен-мендік білдіреді, паңцық көрсетеді. “Бай тауып әкел дегенім жоқ”, — деп қаршығаға тосын жауап қайырады. Бірақ қаршығаның жақсылықтан басқа жаманшылық ниеті жоқтығын білетін Жібек қадірлі ағаның көңілін қалдырмайын деген оймен күймесінен шығып амандасады да, қайтадан күймесіне еніп кетеді. Жібектің сұлулығына көзі түскен Төлеген таңдана қарайды, тұла бойын ма-хаббат сезімі билеп әкетеді. Жыршы ақын Төлеген сияқты жігіттерді көрмей жатып өзіне ғашық еткен қыз Жібектің сүлулығын суреттей келіп:
қыз Жібектің ақтығы Наурыздың ақша қарындай, Ақ бетінің қызылы Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары Жазғы түскен сағымдай, Білегінің мүсіні Айбалтаның сабындай…,-
Жібек Төлегенмен жүздесіп сөйлескен кезде де ірілік білдіріп, тәкаппар мінез көрсетеді. Жас жігітті сынау мақсатымен оған біраз әзіл-оспақ, ащы сөздер де айтады, өзін жоғары ұстап: “Мен де сенен кем емеспін, асылмын, танысаң кел, танымасаң жолың әне, жүре бер”, — дейді. Ақындар айтысында қолданылатын, бірақ кешірім етілетін тұрпайы сөздерді айтуға дейін барады. Жібектің сынау түрінде айтқандарын көңіліне алмаған Төлеген қыз сөзіне орай жауап қайырады. Сөзбен қағыса отырып, екі жас бірін-бірі үғыса бастайды, еүйіспеншілік сезім, ұғысу пайда болады. Мұның арты махаббат, ғашықтыққа ауысады.
Бір кездегі тәкаппар, паң Жібек енді Төлегенді көрме-се, тұра алмайтын болады. Басында қызға жігіт ғагаық болса, енді жігітке қыЗ гашық.
Үйден шықты Кыз Жібек… Атқан оқтай жылысып, Ор қояндай ығысып, қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт стіп… Буындары былқылдап, Отауға қарай жөнелді, ғашық жарын көрмекке, дейді- Ескі дәстүр бойынша қызды іздеп баратын жігіт бо-латын. Ал қыз Жібек бұл салтты бүзады да, оңаша отауда жатқан Төлегенге өзі барады. Мұнымен жыршы Жібектің де Төлегенге ғашық екендігін, асыл жарын көре алмаса, түра алмайтындығын аңғартпақ.
Жібек Төлегеннен бұрын дәмелі болған талай жігіттерді естіген де, көрген де еді. Бірақ олардың бірде-біріне Жібек сөз беріп, көңіл аудармаған-ды, қайсысын болса да өзіне тең деп есептемейтін, менсінбейтін-ді. Ал Төлегеңге кез-десіп, алғаш рет қағыса сынағанда-ақ, оның қандаи жігіт екендігін байқайды, оған көңілі толады, “аңсаған адамым осы” дегендей болады. Төлегеннің ақыл, көркіне ғана емес, адамгершілігіне, ерлік өр мінезіне сүйсінеді. Және менсінбеген жігіттерінің кектеніп жаманшылық істеу қаупін түсінген Жібек сол қауіп-қатерден қүтқарып а^Іатын, қорған болатын тек Төлеген деп біледі. Сондықтан да ол Төле-генді өзіне тең жар-жолдас деп қол береді, ендігі өмір қызығы Төлегенге байланысты деп ақ көңіл, адал нитімен, таза махаббатымен қосылады. Төлегенге айнымас жар екендігін сегіз жьшдай күтуімен де көрсетеді.
Жібектің Төлегенмен өткізген аз күндері аса бір қызық дәурен еді, бір-біріне сүйісіп қосылған екі жастың өміріндегі ең әдемі кезі болған еді. Бірақ бұл дәурен үзаққа созылмай, ақыры ауыр қайғыға әкеп соғады. Жау қолынан қаза тауып, Төлеген өлгеннен кейін Жібектің басына бір қайғыдан соң екіншісі орнай бастайды. Сүйген жары Төлегеннің қаза болуы Жібекке қатты батса, ”Бекежанның жауыздығы одан кем соқпайды. Бекежаннан құтыла бергенде, қылышынан қан тамған қорен келеді, ол шаңыраққа қобыз тарта, айбынды ызғарын білдіре, күш көрсете келеді. Осын-дай жағдайда азалы Жібек қиын халге килігеді. Есіне Төле-генді және оның қоштасарда айтқан сөзін түсіреді. Төлегенді жоқтай отырып:
Тағыда бас қосқаным Жағалбайлы, Жылқысы көптігінен баға алмайды, Сол елде сірә жігіт жок па, тәңірі-ай, Жесірін іздеп келіп, неге алмайды,—
деп зарланады. Бір кезде ескі салтқа қарсылық білдірген, сүйген адамына өз еркімен қосылуды көздеген Жібек енді сол салтқа бас иеді, қүптаушысы болады. Меңіреу дүниенің мейрімсіз заңына бой үсына отырып, жас қайны Сансызбайдың әмеңгері болып баруға ризалық білдіреді: “Тағдырдың жазуы осы шығар”, — деп көндіккен пейіл көрсетеді. Бұған жалғыз қыз Жібек емес, қытымыр заманда талай Жібектердің осындай азалы ауыр халге душар болғандығы елестейді. Олар қаншама қарманып талпынса да, барар жер, басар тауы болмай, әділет таба алмай, ескілік салтка бағынады. Соның бірі қыз Жібек еді.
Ескі салтқа бас иген Жібск снді Сансызбайдың іздеп келуін, оған әмеңгері болып баруын арман етеді. Осыдан былай жыр әңгімесінің екінші бөлімі басталады. Мүндай жыршы ақын рушылдық, феодалдық салтты дәріптей отырып, соны идеялық нысанаға айналдырады. Бұл ретте Ы. Дүйсен-баевтың жоғарыда аталган еңбегінде айтқан: “қыз Жібск пен Сансызбай жайы жырдың бөлек варианты болуға керск” деген пікірі дұрыстыққа келетін сияқты. Жібектің әмеңгерлік салтты құптауын жыршы мадақтап, көтере жырлайды. Және бұл ретте Жібекке өжеттілік, ерлік мінез, қысылған жерде жол тапқыштық сипат береді. Басында жан-тәнімен Төлегенді сүйген Жібек кейіннен:
Тұлпардыц қалған тұяғы, Сансызбай іздеп келіпті; Тілекті берсе құдайым, қосылайын дсп тұрмын Басында қосқан теніме,—
дейді. Ескі әдет-ғұрыптан туған әмеңгерлікті жыршы шене-І мейді, оны белгілі заң, ата жолы деп қарайды, ЖібектіІ соған бағындыра сөйлейді. Жібек бұл салтқа қарсылықі білдірмеген, қайта оны қостаған адам етіп бейнелейді. Сан-І сызбай келген кезде Жібек әрі ақылды-айлалы, әрі өрі мінезді сипатта көрінеді. Ол Сансызбайға әмеңгер болыпі қосылу үшін алдымен жолда тұрған күшті жаудың қалмақі ханы қореннен құтылу жайын қарастырады. Ақылмен айлаі жасайды, жеңгссі арқылы қореннің тұлпарын сұратады.І Бірақ: “Жібек маған тимеймін деп айтады ғой, атымдыі бермеймін”, — дейді хан. Сонда оған Жібектің өзі барып,[ Сандалкөкті сұрап алады. Жібекке Сандалкөкті береі тұрса да, хан сезіктенеді, біреумен қашып кетер деген ойғаі келеді де, қыздың соңынан еріп шығады. Бұл арада ЖібекІ қулығын да асырып жібереді: “Ей, тақсыр, неше атаңнані бері хансыз? Хан болған өзіңіз бе, иә арғы атаңнан беріі хансыз ба,”, — деді. қорен: “Жеті атамнан бері ханмын”, (
— дейді. Жібек: “Сен хан болатын болсаң, мен сенің әйелің болатын болсам, құл қойшыға ұқсап көш жөнекей мснің қасыма неге келесің. Бұл жерде тұрмаңыз, ілгері барып шатырыңызды тігіп жатыңыз, біз көшпен бірге барамыз”,
— дейді. Хан алданып соғылады, Жібек айласын асырып,
Саясызбаймен кете барады. Жібектің бұл істерін жыршы сүйсіне жырлап, мақтан етеді.
Жнрдың Төлегенге қарсы қоя, жағымды кейіпкер ретінде суреттейтіні — Сансызбай. Ол рушылық-феодалдық қауым тудырған әдет-ғұрып салттың қорғаушысы және қолдап құптаушысы болады. Сондықтан да оған батырлық беріледі. Жайық бойына екінші рет аттанып бара жатқан Төлеген:
Алтын балдақ, ақ семсер Саған арнап соқтырып, Салдырып қойдым қынапқа Аш беліне ілгейсін… Бадана көзді кіреуке
Тоғыз қабат көк сауыр, Саған арнап соқтырып, Будырып кеттім кілемге Оны үстіңе кигейсің,—
дейді Сансызбайга. Оған арналган тұлпар да, қару-жарақтар да басқыншы жаудан ел-жүртын қорғауы үшін емес, салтты қолдауы үшін даярлаған болады.
Ескі салтты жақтаған, атадан бата алып шыққан, әмеңгерін іздеп аттанған, “аға өлсе, іні мүра” дегенді қолдаған Сансызбайдың жолы болып отырады. Ол кездескен бөгеттердің бәрін жеңеді. қоренмен кездескенде Сансызбай батырлық қимыл көрсетеді. қоренмен жекпе-жекке шығады, жасанган жауға қарсы барады. Өзінің кезегі кел-генде “қорамсаққа қол салып, сұр жебе деген оқ алып” қорен ханды ұшырып түсіреді. Сонда оның атқан оғы:
Зырлауменен өтеді, Бір төбеге жетеді, Үй орнындай бір жерді Төңкере тастап кетеді.
Оқ тоқтаган кезінде қорен аттан құлады. Туы қолдан үшады.
Кейіннен ол Сырлыбайдың еліне қайта оралып келеді де, жау әскерлерін қырып-жойып, қайын жүртын қүтқарып алады. Сөйтіп, жыршы-ақын Сансызбайға батырлық түлға бере, көтере жырлайды. Ескі салтқа қарсы келмей, оны қолдаған, бата алған адамдар міне осындай жолды болады деген феодалдық-кертартпалық көзқарасын білдіреді.
“қыз Жібек” жырында үнамсыз, жек көрінішті бейнеде алынғандар — Бекежан мен қорен. Мүның біреуі ішкі жау, екіншісі сыртқы жау болып суреттеледі. Олар бір-біріне ғашық болған жастарды зар жылатып айыруды ғана көзде-ген жандар емес. Соньшен қатар, олар — ел-жұрттың ма-засын алған, жауыздық-зүлымдық әрекеттер жасаған адамдар. Бұл жағынан Бекежан мен қорен бір-біріне үқсас та келеді. Бірақ екеуінің мінезі, ісі екі түрлі. Бекежан — іші тар қызғаншақ, пасық адам. Ол Жібекке сырттай ынтық, қызға сырттай тон пішіп өзіндік санайды, бөтен адамға бермеймін деп әрекеттенеді. қыздың сүймесін, тимесін білген Бекежан зорлық, қиянат жасайды. Бақталас адамы Төле-генге қарсы жекпе-жек күреске бара алмайды, қарақшылық әдісін қолданады, бір қурайды тасалап келіп Төлегенді атып өлтіреді, екі жасты зар жылатады. Осындай жауыздық жасаған Бекежанды.
Атана нәлет, қарақшы, құдайым сені қарғасын, қатын-балаң зарласын, Басына қиын іс түссе, қасыңа досын бармасын!—
деп қарғайды Жібек. Осы жауыздығы үшін Бекежан өлім жазасына бұйырылады. Бұдан жауыздық, қарақшылық, қиянат пен зорлық жасаушыларды, қанаушылықты халықтың жек көретіндігі де аңғарылады.
Жау бола тұрса да қалмақ ханы қореннің мінезі, іс-| әрекеті Бекежаннан басқаша. Ол алдына қойған мақсатына жету үшін Бекежан сияқты қарақшы, қорқақ болмай, ашык күреске шығады; намысын күшпен қорғаған батыр болыг суреттеледі. Жібектің Сансызбаймен кеткенін біліп, қоренІ олардың соңынан қуады; Сансызбайды жекпе-жек ұрысқаі шақырады және батырлардың дәстүрін жасап алғашқы кезектіі өзі алады. Осы тұста жыршы ақын Сансызбайдың да ер| екендігін айқындай түсу үшін қоренді күшті батыр етіпі көрсетеді. қорен мықты болғанымен де СансызбайданІ жеңіледі. Бұл арада зорлықшыл, әділетсіз жау қаншама) күшті болса да жеңіледі деген халық санасы аңғарылады.
қорен қаншама ашушаң, содыр, ожар мінезді болганмені жол білмейтін тентек емес. Жібек келіп, қореннің тұлпарын [ сұрап алады. Ертеңіне: “Тұлпарымды беріп жіберіндер”, —I деп қорен Сырлыбайға хабар салады. “Тұлпарыңды алған! да, көрген де емеспіз”, — деген жауапты естігенде қоренІ қатты ашуланады, әскерін жинап алып, Сырлыбайдың аулын] шабуға аттанады. Сонда оның алдынан қаршыға шыгып:
Тұлпардың сырын білесін, Біле тұра әйелге Тұлпарды неге бересің? Өзің беріп атынды,
Жұрттан неге көресід? Өз мініцді ойламай, Тентектік қылып, күйеу жан, Алмағын елдің зәресін,—
дейді. Бұл сөзден ұтьшған қорен қаћарынан қайтады. әйткенмен қорен осал жау емес. Ол да — зорлықшыл, қиянат жасағыш адам. Өзін сүймеген Жібекті күшпен ала-мын, көнбесе көндіремін деп әрекеттенеді. Және де Жібекті сырттай иемденіп, өзіндік етіп жүреді. Қоренніңсы мінезін жырда күлкі, мазақ қылады, оны топас ақымақ адам етіп сурсттейді. қыздың өзі ксліп түлпарды алуын ясақсылыққа жорыған және Жібектің мұнысы: “Мені ұнатып, тямек болғандығының белгісі”, — деп ойлаған қорен түлпар-мен сырғытып бара жатқан Жібекке қамқорлық білдіреді:
I Иә, шрім-ау, иә, пірім… Тастап кстіп жүрмесін,
I Көксандалды жүгіртср, » Айналайын, Жібек-ау,
I қыз Жібек менің қатыным, Ақырын шапшы, ақырын,—
5 Басы қатты Сапдалкөк
дейді. Бұл сөдер Жібектен дәмелі болған қоренді кекету, мазақтау ретінде айтылады.
“қыз Жібек” — сюжет қүрылысы, көркемдік шеберлігі жағынан да көрнекті жырдың бірі. Жырдың өзінс тән ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөліп текссрген, бірсыпыра құнды пікірлер айтқан Мүхтар мен қажым дсуге болады. “Жыр оқиғасын айтып беруде үш түрлі әдіс аралас жүреді, олар: хикаялау, сипаттау, сөйлету”, — дейді Мүхтар жоғарыда аталған еңбегінде.
Тақырыбы мен мазмұны ескі әдет-ғұрып салттан алынған “қыз Жібек” — бір оқиғаны екіншісімен байланыстыра баяндауы, оларды көптеген тартыстар арқылы суреттеуі жағынан әрі тартымды, әрі әсерлі жыр. Және жыр оқиғасы желісін үзбей, тізбектеле айтылады, әрбір үсақ жайлардың өзі кеңінен жырланып кетеді. Жырда, әсіресе оқиганы си-паттау арқылы баяндау әдісі мол қолданылады. Көш кар-тинасы, Жібектің сүлулығы, оның отауға барғандағы келбеті, Сандалкөктің шабысы, т. б. картиналар жасалады. Мәселен, Жібек мінген Көксандалдың шабысын жыршы ақын:
Табан жолмен тартысып, Тарта-тарта Жібектің
Луыздықпен алысып, Алақаны тозады.
Екі қолы қарысып, Томаша жерден сырғытып,
Үшқан құспен жарысып, Ойпан жерден орғытып…
Маядай мойнын созады. , Үйтқытып, заулап келеді,—
деп суреттейді. Бүдан, М. әуезов айтқандай, Сандалкөктің шабысы ғана емес, Жібектің қуанышы да елестеп бара жатқандай болады. Ал қорен мінген қаз мойын қара түлпар-дьщ шабысы Сандалкөктен де асып түседі. Жібектің кетіп қалуына намыстанған қорен хан Сансызбайларды қуа ат-танады. Осы түста жыршы ақын қалмақ ханының сырт піщінін, намыстан туған ашуы мен атының шабысын:
Жөнеді қалмақ, жөнеді, қаз мойын қара тұлпарды,
Шеңбер үрып келеді. Сауырға сипай қамшылап…
Көк қабыландай арсылдап, “Шу” десе қалмақ дауысы,
Тебінгісі тарсылдап, Түлек қүстай шацқылдап,
қүйысқаиы сартылдап, Сауырынан аққан ақ көбік Омырауда балшылдап.
Кәпір қалмақ жөнелді, қаћарланып келеді,—
деп суреттейді, осы картинаны көз алдыңа елестеткендей әсер қалдырады.
Жыршы-ақын оқиғаны сипаттау арқылы баяндай оты-рып, қажым Жұмалиев айтқандай, күрделі образдар жа-сайды. әрбір кейіпкердің мінезі, іс-әрекеттері бір-біріне ұқсастығы жоқ бояулармен безенеді, әр түстес әдемі порт-реттер жасалады. Бұған мысал етіп көш бастап келе жатқан қыздарды алайық. Олардың бейнесін сипаттаганда жыршы-ақын бірінен-бірін асыра, әдемілей түседі. әрбір қыз өз алдына бір портрет болып шығады. Бұл ақынның шеберлігін, көрсетеді.
Жыр оқиғасын айтып беруде жыршы ақынның қолданған і тағы бір әдісі — сөйлету. Оқиғаны ақын үнемі баяндау, сипаттау арқьшы емес, жырдағы кейіпкерлерді сөйлету арқылы да дамытып отырады. Кейіпкердің ішкі ойы, сезім дүниесі, қуанышы мен күйініші, арманы мен тілегі, т. б. сөйлету түрінде, яғни олардың өз сөздерімен, монолог және диологтар ретінде, баяндалады. Сөйлету әдісін оқиганы сезімге құра айтып берудің бір түрі деуге болады. Жібектің түсі, Төлегеннің алты қазға айтқаны, Жібектің жоқтауы жыр әңгімесін бірсыпыра дамыта түсумен қатар, олардың сезім дүниесін, арман-мүңын білдіреді, тыңдаушыны тебірентіп егілдіргендей әсер қалдырады. Мұнымен қатар, жыршы-ақын сөйлету әдісін қолданғанда ертедегі халық поэзиясының; әр алуан үлгілерін (естірту, жоқтау, қоштасу, жалбарыну, айтыс т. б.) ретімен пайдалана отырады. Солар арқылы да кейіпкерлерінің хал-жайын аша түседі.
“қыз Жібек” — ақындық тіл жағынан да әдемі жырдың бірі. Неше түрлі әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, әдемі теңеулер, сөз айшықтары жиі үшырайды. Жыршы-ақын халықтың тіл байлығын пайдаланып отырып, аз сөзге көп мағына сыйғыза біледі. Жібектің сұлулығын, тұлпарлардың шабысын немесе кейіпкерлердің көңіл-күйін суреттегенде ақын тілінің әдемілігі де, байлығы да көрінеді.
қорыта келгенде, “қыз Жібек” жыры қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті бір үлгісі болып табылады. Жырдың жогарыда көрсетілген қайшылықтарымен қатар, халықтық жақтары да бар екендігі сөзсіз. Сондықтан да оны сын көзімен қарай отырып, пайдалануға тиістіміз.
“АЙМАН-ШОЛПАН”
қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты туган жыр-дьің бірі — “Айман-Шолпан”. Жырдың сл арасынан жазьш алынған нүсқасы 1896 жылы қазан қаласында басылып шықты. Бірақ оны жырлаған ақынның аты-жөні күні бүгінге дсйін мәлім смес. Жырдың қысқаша мазмұны 1901 жылы “Торғай газетінде” (№17) басылды. Ал 1902 жылы “Торғай облыстық всдомосы” (№62) жырды қазак тілінде жариялады. Бүлардың бәрі 1896 жылғы басылғанын қайталады. Бұл жыр 1939 жылы қажым Жұмалиев қүрастырған “Халық поэма-лары>> деген жинаққа енді. Жазушы М. әуезов жырда айты-латын әңгімелерді негізге ала отырып, “Айман-Шолпан” атты пьеса (1934 ж) жазды, ол алгашқы кездс қазақтың Абай атындагы опера театрында қойылды, кейіннен облы-стық театрдың репертуарынан орын алды.
“Айман-Шолпан” жырының оқиғасы реалистік өмірден алынған. Жырдың басты кейіпкерлері — Көтібар мен Ары-стан — тарихта болған адамдар. Тарихи деректердің айту-ынша, Көтібар Берсеннен, Арыстан Тінәліден туған. Бсрсен мен Тінәлі бір кісінің баласы. Бұлардың руы — Шскті, оның ішінде Тілеуқабақ, мекіені — қазіргі Ақтөбс облысының Шалқар ауданы. Көтібар мен Арыстан өткен гасырдың ортасына дсйін өмір сүрген . Т. Шойғарин: “Көтібар Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының он бірінші ауылында туган, үрпақтары осы күндс де бар”, — десс, Тыным Бірманов: “Ақтөбс облысының Ключсвой ауданында Көтібардың моласы бар. Көтібарды бай-сұлтандар, хан тұқымдары Жанқасқа дегснге ақша бсріп өлтіртсді. Оның сүйсгін Арыстан мен Есет сауын айтып, әзср тауып алады”, — деп жазады . Ал жырдагы Айман, Шолпан, әлібектер жайьтнда тарихи мәліметтер жоқ.
қ. Жүмалиев “Айман — Шолпан” жырының оқиғасы Исатай мен Махамбет бастаган халық көтерілісінен кейін туған , — дейді. Ал филология ғылымдарының кандидаты ә. қоңыратбаев “қазақ әдебиетінің тарихы” (I том, 1948 ж., 207-бет) жазган еңбегінде бүл жырдың XIX гасырдың орта шеніндс тугандығын айтады. М. Ақынжановтың дәлелдеуіне қараганда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші жартысының
қазақәдебиетініңтарихы,Ітом,207-бет, 1948.
Бұл екі адамның мақаласы “Социалистік Казақстан” газетінде 1939 жылы 6сәуірдс№79 (5085) басылды. 3 “Халықпоэмалары”, 134-бет, 1939.
бас шенінде, яғни қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталған кезде, туған . Бұлардың қайсысы болса да жырдың нақтыльі шыққан мезгілін дәлелдеп көрсетпегенмен де, оқиғасы шың-дық өмірден алынғандығын анықтайды.
“Айман — Шолпан” жырына талдау берместен бұрын, оның мазмұнымен қысқаша таныса кетелік. Онда былай делінеді: Кіші жүз ішінде шөмекейдің өлген бір кісісіне үлкен ас беріледі. Оған таманың бай адамы Маман келеді, ол сән-салтанатымен, өңшең нарға артқан тоғыз саба қымызымен келеді. Шөмекейліктер Маман байды құрмет-пен қарсы алып, алтындаған ақ үйге енгізеді. Бұл асқа қант-шай алып тогыз нарға тоқаш артып шектінің батыры Көтібар да келеді. Оның жадағай үйге көңілі толмайды да, Маман бай отырган үйді бер деп шіренеді. Шөме-кейліктер сасады да, Көтібарға жауапты өзің бер дсп Маман байға барады. Маман бай Көтібардың кедейлігін өзінің байлығын айтады. Осыдан кейін бай мен батыр ерегіседі, Көтібар күш көрсетеді: “Еліңді шауып аламын”,
— дейді. Көтібар өзінің інісі Арыстанның: “Арындама”,
— деген ақылына қүлақ аспайды.
Аста ат шабысы болады. Бәйгеден Көтібардың күрең аты озып келеді. Бұған масаттанған Көтібар, Маманға алғашқы айтқан сөзін қайталайды да: “Еліңді шауып алам”,
— деп аттанып кетеді. Айтқанындай-ақ, Көтібар жеті жүз жігіт алып Үрпекбас деген жерде отырған Маманды шауып алады. Маманның АГІман, Шолпан атты екі қызын жайдақ нарға мінгізіп алыт кетеді. Жолшыбай Айман өзіне Көтібардан ‘бір жорға сұрап алады да, оны Шолпанға береді. Екінші тұлпарды Арыстаннан алады. Айман Көтібардың жігіттерінен: “Шолпан екеуіміздің бірімізді елге қайырыңыздар”, — леп өтінеді. Бұған Көтібар үндемейді, Арыстан келісім білдіреді. Шолпанды еліне қайырады. Оны Арыстан бастаған жіпттер еліне шығарып салады, Және де Айман еліне қайтьга бара жатқан Шолпан арқылы өзінің атастырған күйеуі әл бекке сәлем жолдайды: “Алпыс күннен қалмай, келіп жете І”, — дейді.
Көтібар еліне келеді. Оның Теңге деген тоқалы бар екен. Оны жігіттер әзіл араластырып ашуландырып: “Сені Айманның көрімдігіне береміз”, — дейді. Бұған намы-станған Теңге Айманмен қақтығысады және Айманның алдына ешбір адамды шығармаймын деп үйіне қайтады. Айтқандай-ақ Айманды қарсы алған адам болмайды, сонан соң ол
‘ М.Ақынжанов.жоғарыдааталганеңбегі, 27-бет.
Арыстанның ауылына барып түседі. Айман Көтібардың ұлы Есетпен танысып, оны бауырына тартады, балаға жақсы кйім-кешек тігіп береді. Ол Есетке ақыл үйретеді; “әкеңе бар киімдеріңе байгазы сүра. Алпыс күнге дейін Айманға үйленбе, берер байғазың осы болсын де”, — дейді. Есеттің тілегін Көтібар орындайды, сонда бүған Арыстан араласып, баланың тілегін қабылдаттырады. Айман Есеттен Көтібарднң күші күрең тұлпарында екенін біледі және айламен тұлпарды қолына түсіреді.
Осы кезде бір мың төрт жүз жігіт алып әлібек келсді. Оның алдынан күрең тұлпармен Айман шығады. әлібек Айманды танымай қалып найза салады, Айман өзін та-нытады. әлібек Шекті елін шабуылдайды. Бірақ арашашы Айман болады, ол екі жақты татуластырады. Көтібар өкіл ата болып, Айманды әлібекпен аттандырады. Шолпанды Айман Арыстанға қосады. Екі жақтың шабуылға түсксн малы қайтарылады, ел арасында татулық орнайды. Жыр осымен аяқталады.
“Айман — Шолпан” халықтық жыр және ол өткен ғасырдың 70 жылдарында шығарылған секілді. Жырдың оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі болған жаңалықтарды суреттеу идея-сынан туған деуге болады. Мүның бірнеше себептері бар.
қазақстанның Ресейге қосылуы өткен ғасырдың 70 жыл-дарында аяқталған еді. Бірақ бүл қосылу бүкіл қазақ елінде бір мезгілде басталған емес-ті. әуеді Ресей мсмлекетіне Кіші жүз (1731 ж.), содан кейін Орта жүз (1740 ж.), өткен ғасырдың бас кезінде Үлы жүз қосылды. Мүның нәтижесінде қазақ елінің түрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне көптеген жаңалықтар енс бастады, ел басқару, ел билеу істеріне бірсыпыра өзгерістер енді. 1822 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтары жайында арнаулы устав шыгарды да, бұрынғыдай хандық жолымен ел билеу тәртібін өзгертті. Орта жүз округтерге бөлінді. 50-70 үйден бір әкімшілік ауыл, 10-12 ауылдан бір болыс (волость), 15-20 болыстан округ қүрылды. әрбір ауылды үш жылдық мерзімге сайланған старшиндер басқаратын болды, окургтерді болы-стар сайлаган ага сүлтандар басқарды .
Бертін келе бүл устав та өзгерді. Патша үкіметі 1865 жылы арнаулы комиссия қүрып, оған қазақ елін билеу, басқару жайында “Уақытша жоба” (мүны қазақтар “Жаңа низам” дейді) жасауды тапсырды. Комиссия жасаған жоба 1868 жылы 21 қазанда қабылданды.
1 История қазахской ССР, том I, стр. 303-304, 1957.
“Уақытша жоба” бойынша қазақ елі облыстарға бөлінді. Орал мен Торғай облысы Орынбор генерал-губернатор-лығына, Ақмола мен Семей Батыс-Сибирь генерал-губер-; наторлыгына қарайтын болды. Ал Жетісу мен СырдарияІ облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. • әрбір облысты губернатор басқарды. Облыстар уездерге\ бөлінді; уезд бастықтары болып патша үкіметінің офицер- | лері, ал олардың көмекшісіне қазақ байлары тағайындалды. Уездер болысқа, болыстар ауылға, бөлінді. Болыстар да I ауылдарды билейтін старшиндар да сайлау арқылы! белгіленді. Бірақ “сайлау” деген аты болмаса, оган қатысатын да, сайланатын да байлар еді. Олар патша әкімдеріне көптеп пара бере отырып өздерін өткізетін.
Сөйтіп, сл басқару жөнінде сскі тәртіп жойылады, оның орнына “сайлау”, жоғарыда “тағайындау” тәртібі қолданылады. Бұл ретте патша әкімдері қазақтың байлары-мен, пысықтарымен санасып, бірлесіп отырады. Кімдс-кім ұлықтарға жаға білсе, параны көп берсе, бай болса, оларды патша әкімдері дәрежеге жеткізетін болады. Және мұндай “сайлау” тәртібі ел арасының алаауыздығын, бақастығы мен тартысын кушейте түседі, елді жікке бөлу, араздастырып атыстыру көбейеді. Мұның арты әкеліп дау-жанжалға, ұрыс-қағысқа соғады. Осы жағдайларды өз көзімен көрген және терең түсінген Абай “Болыс болдым, мінеки”, “Мәз болады болысың” дейтін өлеңдерінде тамаша етіп суреттеген болатын. Мұны қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар әуезов те “Абай” романында жан-жақты алып, реалистік тұрғыдан “сайлаудың” таптық сырын ашып көрсетті.
қазақтың әлеуметтік тұрмысына, қоғамдық өміріне енген үлкен жаңалық ел билеу, ел басқару ісі ғана емес еді. Мұндай өзгеріс, жаңалықтар қазақтың экономикалық жәнс мәдени өміріне де енген еді. қазақ даласына қалалар салына бастады, өндіріс орындары және мектептер ашылады, са-уда-саттық қарым-қатынастар күшейеді. Бұлардың қазақ халқы үшін аса көп прогрестік мәні болды, халқымыздың экономикасы мен мәдениетінің дамунша, алға баса өрлеуіне жағдай жасады, әсер етті.
қазақ еліне капиталистік қарым-қатынастардың ене бас-тауының да сскі феодалдық қүрылыспен салыстырганда анағұрлым прогрестік мәні болған. В. Л. Ленин “Россияда ка-питализмнің дамуы” атты еңбегінде: “Реформадан кейінгі дәуірдің ішінде кеңінен және тереңінен дамып келген, дамьш отырған бұл процестердің бәрі тұрмыстың ескі түрлеріне қарағанда, оның терең прогресшілдік маңызы бар”, — дейді
В. И. Ленин. Шығармалары, 3-том, 509-бет.
Капитализм элементтерінің қазақ еліне ене бастауы, әлеуметтік тұрмыс пен қоғам өміріне бірсыпыра өзгерістердің кіруі ескі әдет-ғұрып, салтқа да әсерін тигізеді. Бұл жөнінде де көптеген жаңалықтар туды. Осындай өзгеріс, жаңалықтарды жүзеге асыру, дамыта беру үшін патша үкіметі, оның жергілікті әкімдері ескіні көксейтін адамдарды жақтаған жоқ, жаңа заманның мән-жайын түсінген және соған қызмет ететін жаңа адамдарды қолдай бастады, соларға арқа сүйеді. Бұл жайды қазақ халқы да түсінді, ел басқару, ел билеу ісіне экономика мен мәдениетті жаңа бағытта дамуы жолында жаңаша қызмет ететін адамдар болу керектігін ұғынды. Осындай адамдарды ардақтады және оларды ескілік өмірді, кертартпа дүниені көздейтін, сол үшін күресу ойынан қайтпаған адамдарға қарсы қоя бастады. Және де мүндай жаңа адамдар ерлермен қатар әйелдер арасынан да шығады деп үғынды. Халықтың осы үғымы оның әдебиетінен де орын алды. Соның бірі “Айман — Шолпан” жыры деуге болады.
“Айман — Шолпан” — реформа дәуірінен кейін қазақ аулындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды, қоғам өміріне, түрмыс-салтқа енген өзгеріс, жаңалықтарды суреттеу иде-ясынан туған жыр. Ол өзінің осындай негізгі идеясын жырдағы басты кейіпкердің мінезін, іс-әрекеттерін суреттеу арқылы көрсетеді. Бұл ретте жырдың кейіпкерлері екі топқа бөлінеді. Біріншісі — ескілік өмірді, бүрынғы түрмыс-салтты жақтайтындары. Ол — әлеуметтік сахна-сынан кетіп бара жатқан феодалдық қүрылыстың өкілдері Көтібар мен Маман. Екіншісі — жаңа туып келе жатқан капиталистік қарым-қатынасты, қоғам өмірінде соған негізделген жаңалықты жақтаушы жастар. Олар: Айман, Арыстан, әлібек, Шолпан. Бұлар қазақ қоғамына ене ба-стаған жаңа дәуірдің өкілдері ретінде жырға қосылады, олар бүрынғы заманда кездеспеген жаңашыл іс-әрекеті, мінез-қылығымен алынады. Сондықтан да олар бүрынғы қазақ әдебиетінде болмаған, жаңа заманда туған жаңа кейіпкерлер болып табылады. Сөйтіп жырда ескі мен жаңаның тартысы бейнеленеді, оқиға соның төңірегінде құрылады.
Жыр оқиғасы Маман мен Көтібардың үйге таласып қақтығысуынан басталады. Бүдан олардың өздері үстемдік етіп, әкімдік жүргізген заманы сол қалпында деп түсінушілігі көрінеді, ол заманның өтіп бара жатқандығын, қогамдық қарым-қатынастардың өзгере бастағанын мойындамаушылықты аңғартады.
қазақ қоғамында көп заман бойына ел билеу, ел басқару ісі хандар мен феодалдардың, батырлардың қолында больщ келеді. әміршісі де, әкімі де солар еді. Бірақ XIX ғасырдың бас кезінде-ақ олар бұл дәуренінен айырыла бастаған бо-латын. Дегенмен олар мұны мойындамай: “Заман әлі де біздікі, барлық билік қолымызда, айдасақ — жүресің, ақырсақ — көнесің”, — деді. Маман мен Көтібар да сонда, бұрынгы дәрежесі бұзылмаған, өзгермеген, баяғы бірқалыпта деп түсінеді. Сондықган да олар үйге таласуды сылтау ете, өздерінің құдіретті қолында, бұрынғыдай күшті екендіктерін жұртқа танытпақ болады. Маман байлығын айтып күш білдіреді, Көтібарды кекей сөйлейді. Ол Көтібарга:
Маман айтты: дәулеті бар пемедей, Жүр еді осы Шскті кезі келмей. Үй тандап біздіц елден ие қылады, Су артқан қаратаудаи қума кедей,—
дейді. Ол Көтібардың байлығын біле тұрса да, одан өзін мықтылау етіп көрсету үшін әдсйі кедей деп кемітеді.
Маманның бұл сөзіне ыза болған және оның алтындаған ақ үйге түсуіне, ондай үй өзіне тимегеніне намыстанған Көтібар елге қамшы үйіріп қалган әдетіне басады; ашу-жанжал шығарады, Маманды шауып алатындығын білдіреді. Ол Маман байга:
Аулыңа жеті жүз қол жүргізбесем, Шектіні таң сәріден тигізбесем. Көтібар менің атым жерге кірсің,— Айманды жайдақ ІІарға мінгізбесем,—
деп, ант етеді. Ол артынша-ақ осы сертін орындайды да, Маманды шауып алады, оның скі қызы Айман мен Шол-панды жайдақ нарға мінгізіп әкетеді.
Белгілі мөлшерде жыр Көтібарға батырлық сипат та береді. Оның “батырлық” қимылы, тік мінезді дөкірлігі, морттығы, намыстанып ел шабуымен» көрінгендей болады. Ол ескі әдеттерін қолдайды, халыққа қамшы үйірген салтына тартады, жұрттың бәрін ызғармен ықтырам деп ойлайды. Ат жарысына үш жүздей сайгүліктер қосылғанын біле тұрып: “Бас бәйгімді шаппай бер”, — деп менмендік мінез білдіреді. Көтібардың осы сияқты мінездерін, іс-әрекеттерін халық жыры дәріптеу ретінде емес, күні өткен батырды мазақ, күлкі ету түрінде суреттейді.
Көтібар өзін-өзі жоғары бағалап, “мықтысынып” жүрсе де, оның әлі Теңгеге де жетпей қалады. Аймавдарды алып келе жатып: “Мен барып, үйдің ішін қуантам”, —
Ідеп ауылына қарай тарта жөнеледі. Бірақ Көтібар үй іцпінқуантаалмайды. Теңгенің қаћарына үшырайды. “Айман-! ды алса, тұрмаймын, кетемін”, — деп айқай салған, ашу щығарған Теңге Көтібарды қыңқ еткізбейді. Сөйтіп, “ба-тырсынған” Көтібар, ақырында, жүрт алдында күлкіге айналады.
Жыр Көтібар мен Маманды дәурені өтіп бара жатқан феодалдық қүрылыстың ескі көзі етіп суреттейді. Олардың заманы ескіргені сияқты, өздері де ескірген, тозған адам екендігін аңғартады. Солай бола тұрса да, олар тозып. ескіргендігін мойындамайтын, бұрынғы күндерін жоқтап со-ны көксейтіндігін, тартысып, таласып өтетіндігін білдіреді, соған әрекет жасайды. Олардың мұнысын халық жыры: “әурешілік болмайтын іс”, — деп бағалайды және ажуа етеді. Бұл тек Көтібар мен Маманды ғана мазақтау емес. Сонымен қатар, олардың күні өтіп бара жатқан заманын, ескі салтын, жащ деуірге үйлесі жоқ мінездері мен іс-әрекеттерін келеке, сықақ етеді.-Жыр бұлардың қазақ халқының алға басуына шырмау болатындығын, жаңа заман жағдайына керегі жоқ адамдар екендігін аңғартады. Жаңа тілек, жаңа жағдайлар тұрғысынан қараған жыр Көтібар мен Маманды, солар арқылы ескі өмірді, оның халыққа жат салттарын сынайды.
Көтібар мен Маманды ескі феодалдық дүниенің кер-тартпа өкілдері деп сипаттаган және олардың бүдан былай өмір жасай алмасын тарихи шындық тұрғысынан суреттеген жыр ендігі жерде заманның адамдарын көрсетеді. Олар
— жастар. Жыр халықтың жаңа дәуірдегі үмітін ақтайтын жастар екендігін аңғартады. Олардың мінезін, ісін үнамды түрде суреттейді. Бұл ретте жырдың ерекше көңіл бөлгені
— Айман.
Айман — реформа дәуірінен кейінгі жерде қазақ қогамына енген өзгерістер мен жаңалықтарға сәйкес әлеумет сахнасына шыққан жаңа адамдардың өкілі ретіндс жырга қосылады. Ол жаңа дәуірдің жыршысы бейнесінде алынады және оның ақылы, мінезі, ісі Көтібар мен Маманга қарсы қойыла жырланады. Жаңа заманның жаңа адамы болған Айманды халықтың ендігі панасы, қамқоршысы, ақылгөйі деп көрсетеді, “Айман болар, өлгенде паналарың” — дейді жыр.
Айман өз кезіндегі қазақ әдебиетінде енген жаңа кейіпкер. Бұдан қазақ әдебиетінде Айманға дейін жыр болған қьіздар жоқ деген ұғым тумау керек. Ондай қыздар (қүртқа, Назым, Ақжүніс, қыз Жібек т. б.) болған. Бірақ олардан
Айманның айырмасы — әлеуметтік мәселелерге арласуында, жаңа заманда ел басқару ісіне ерлермен қатар әйелдердің де қатысқанын, ел арасын шабуылдан құтқарушы, арашашы, татулық орнатушы екенін көрсетуінде.
Айман — ақылды, білгір, болашақты болжағыш қыз. Көтібардың елге шабуыл жасауы оған қатты батса да, қайғысын сыртқа шығармайды, дәрменсіздік білдірмейді. қайта қара күштің иесі Көтібарға қарсы шығып, оны ақыл-айламен жеңу жағын қарастырады. Бүл ретте Айманның бірінші жеңісі қотібардан жорға сұрап алуы, оған жайдақ нардың үстінде келе жатқан Шолпанды мінгізді. Бірақ Айманның өзі де аянышты күйде, нарға жайдақ мініп келе жатқан-ды. Енді ол тағы бір жорғаны сұрайды, Көтібар бермейді. Сонда Айман:
Ку түйе ел шапқанға обалың деп,
Ақ Айман қамшы меннеи басқа ұрады,—
Айманның бұл әрекетті тек түйені ғана емес, сонымен қатар, Көтібарды да басқа үрганға тең еді. Осыдан былай Айман Көтібармен тартысқа түссді, сөзге келіп еркін сөйлесе, ақылын асыра бастайды. Есебін тауып ол Шол-панды еліне қайырады. Бұл оның екінші бір жеңісіне айна-лады.
Айман Шолпанды еліне аттандырып, өзінің сүйген жа-ры әлібекке хабар салады. “Алпыс күннен қалмай келіп жетсін”, — дейді және Көтібардың ырқына бой бер-мейтіндігін, сүйген жарына адал екендігін айтады. Мұны ол өзінің ақыл-айласына сенгендіктен, соған ~сүйеніп іс жасай алатындығын білгендіктен айтады.
Көтібарды жеңу жайын қарастырған Айман мақсатына жету үшін Теңгені пайдаланады. Батырдың Теңгеден асып кете алмасын біліп, оған қарсы Теңгені салады. Теңгемен кездескенде:
Базарда Тецге болсаң, пұл боларсын, қолына қүрық алсаң, құл боларсың. Батырдын айтқан сөзі рас болса, қолыма су құятын күн боларсыц,—
дейді Айман қулық жасап, Теңгснің намысына тиеді. Теңге арқылы Көтібарды қыңқ еткізбеу жайын көздейді. Айман-ның бұл ойы жүзегс асады. Көтібар Теңгснің тегеурінен шыга алмай қалады. Сөйтіп ол тағы бір қауіптен құтылады. Бірақ Көтібардың: “Айманды тоқалдыққа алмасам, Көтібар^ атым құрысын”, — деген сөзін есінде ұстаған Айман, Көтібар бұл антынан танбайды деп түсінеді. Со-
ндықтан Айман тағы бір амал жасайды. Бұл жолы Есетті
яайдаланады.
Айман жырда болашақты болжағыш қыз болып та су-
реттеледі. Көтібардың Маманды шауып алмақ ниетінде
зйтқан сертін Айман естіген-ді. Оның бұл сертіне жетпей Іқоймасын білген Айман алдын ала қам жасап, мал-І мүліктерін жан-жаққа жасырады. Бұл сырын ол Шолпанға
• айтады:
қызыл күм есік алды беткей бар-ды, Кұдайым салды басқа қайғы-зарды. Ішінде үш жүз ішік санап салған, Жалғыз шыбық түбінде төрт тең бар-ды. Көтібар серт қып кетті деген күні Аралға айдап тастап ем бес жүз атты,—
дейді. Айманның мүнысы да ақылмен істелген іс болады. Және де Көтібар Маманнан айдап алған малдарды қасындағы жігіттеріне үлестіре бастағанда, Айман да олжа сұрайды. “Өздеріңмен бірігіп Маманды мен де шабыстым”,
— деп, олжаға жүз нар алады. Ондағы ойы айдауға түскен малынан аз да болса үлес алып қалу еді.
Жыршы-ақын белгілі мөлшерде Айманға ерлік сипат береді. Ол әлібектің ”• келер мерзімі жақындаған ксзде Көтібардың күрең тұлпарын, қару-жарағын қолына түсіреді де, сүйген жарының алдынан шығады. Жыр мүнымен Айман өз намысын ақыл-айласымен ғана емес, керек болған жерде қару-жарақпен де қорғап алуға жарайтын қыз ейендігін аңғартпақ және ақылына срлік мінезі сай демек.
Айман бойындағы сүйкімді қасисттің бірі — оның әлібекке адалдығы, қыз махаббатының беріктігімсн де көрсетіледі. Көтібардай қара күштің қолына түсіп түтқын болған, одан қүтылып кетуі екі талай жагдайға үшыраған Айман артындағы қалған асыл жары әлібектен күдер үзбейді. қандай халге түссе де, есінен әлібек шықпайды, қайткен күнде де оған қосыламын деп өзіне-өзі ант етеді. Сол үшін күреседі. Бүл ойын ол Шолпан арқылы әлібектің өзіне де жеткізеді.
Көнліме ғашық оты болды уайым, Пенденің қадір алла білер жайын. Ешкімге басым кеспей мен тимеспін, қазаны жеткізбесе бір қүдайым,—
Дейді. Асыл жар, адал дос„ түрақты махаббат иесі сксндігін білдіреді.
қалың қолмен әлібек келіп, Көтібардың еліне шабуыл зкасаған шақта Айман үлкен адамгершілік іс жасайды. Ол ел арасына араздық отын салмай, екі жақтың ашуын басушы,
келістіріп татуластырушы болады. Бір кезде қара басының намысы үшін Көтібар ел шауып ерегіс бастаған еді. ЕндЬ сол кекті қайырмақ болып әлібек аттанды. Екі елдің арасында I үлкен дау, жанжал туды. Мұның арты жақсылыққа| соқпайтынын, қайта ерегістен туған араздық үдей беретінің, і одан елдің зықы кететінін аңғарған Айман осы тұста билік айтады. Ол Көтібар мен әлібекке:
Алыстың да, жыгыстьщ, екі батыр> Сіздерді бітірейін төре беріп,—
дейді де, екі жақты жарастырып, татуластырады. Шолпанды Арыстанға беріп, өзі әлібекке қосылады. Көтібарды әрі қүда, әрі өкіл ата етіп кетеді. Осындай ақылды төрелік айтқан, ел арасын бүліндірмей келісімге келтірген Айманға жұрт разы болады.
Сондықтан да халық Айманды жаңа заманның сүйікті қызы етіп көтере жырлайды. Көтібар мен Маман бай ел арасын бүлдіруге бар болса да, татуластыруға жоқтығын айта отырып, бұл жөнінде жыр Айманды үлгі етеді. Оның адамгершілігін, ақылын, мінезін, ел үшін жасаған істерін артық бағалап, халықтың ендігі сенері де, сүйенері де Айман секілді жаңа адамдар, жастар екендігін көрсетеді.
Жырдың жағымды бейнеде алған адамының бірі — Ары-стан. Ол мінезі салмақты, ақылды жігіт кейпінде суреттеледі. Бұл ретте Арыстанды өз ағасы Көтібарға қарама-қарсы қойылған кейіпкер деуге болады. Арыстан ағасының ісін де, дөрекі мінезін де ұнатпайды, оған ақыл айтып, дүрыстық жолға салуды да ойлайды. Көтібар Маманды шауып аламын деп ант берген шақта, Арыстан:
Дәулеті әр пенденіц бөлек-бөлек, Көтеке, ашуды қой, ақыл керек. қымыздың қызуына желік қылған, Шайтан сөз топ ішінде неге керек,—
деп, ағасына ақыл айтады. “Маманмен ерегісіп елді бүлдірме, ондай әрекет жасама”, — дейді.
Көтібар қалың қол жиып, Маманды шабуға аттанғалы тұрған кезде де, ағасының бұл ісін Арыстан қостамайды, оны теріс деп біледі. Сондықтан да ол Маманның елін шабысуға бармайтындығын айтады: “Елдің обалына қалмаймын”, — дейді. Бірақ Көтібардың бір беттілігін, айтқан сөзінен танбайтындығын білетін Арыстанды жырда •былай дейді:
Лебізін ағасының қайыра алмай, Арыстан амалсыздан о да жүрді.—
Басында ел шабуға бармаймын деген және ағасының бүл 0рЫғьгаұнатпағанАрыстанамалсызданқалыңқолғакосылып ^аманның еліне аттанады. Ол осы шабуылда Көтібар тағы бір нәрсені бүлдіріп алар деген оймен шығады. Арыстанның бұл қаупі шындыққа келеді. Аяушылық сезімі жоқ Көтібар екі қызды жайдақ нарга мінгізеді және халдерінің мүшкілдігін айтып ат сүраған Айманның сөзіне қүлақ аспайды. Ағасының қаталдық мінезін жек көрген Арыстан адамгершілік жа-сайды: “Бақталасың Маман болғанмен, екі қыздың жазығы жок”! — Деп оларга екі ат алып береді.
Көтібардың ерегіспен жасаған бұл шабуылының арты үлкен дауға, үрыс-жанжалға әкеп соғатынын, Айман сияқты, Арыстан да түсінеді. Сондықтан ол алдағы күнде ел-жүрттың ылаңға түспеуін көздейді. Болашақта бітісер істің белгісін іздейді. Ол үшін Айманның тілегін қабылдап, Шолпанды еліне қайыру керек деп үйғарады және бүған қарсы болған Көтібарды көндіріп алады. Осыдан былай Арыстан мен Айман ел қамын ойлаған адамдар болып шыгады. Айманның ақылмен жасаған әрбір ісін ол қолдап та отырады. Ессттің байғазы деп сүраған тілегін Көтібардың ырқына қоймай орындатады. Овдағы ойы Айманды ел-жұртынан, сүйген жарынан айырмау, Көтібардың: “Айманды тоқалдыққа ала-мын”, — дегснін болдырмау еді. Егер Көтібар тағы бір пәле бастап, Айманды тоқал етіп алатын болса, онда ел арасы татулыққа келмей, қырғын үрысқа айналады деп түсінген Арыстан істің насырға шаппау жағын қарастырады. Шолпанның еліне қайтарылуы, Есеттің байғазы алуы Ары-стан мен Айманның ел қамын көздеген ойынан туған сді.
Екі елдің келісімге келіп, татуласуына Айман сияқты Арыстан да себепкер болады. Ол осы табысын, татуласудың берік белгісі ретінде Шолпанға үйленеді. Шолпанды өзіне тең жар-жолдас деп түсінген Арыстан оны ақ көңіл, адал нитеімен, барлық махаббатымен сүйіп қосылады. Олардың арасындағы сүйіспеншілік, Арыстаннын Шолпанға көңілі түсуі, танысуы екі елдің бітісер кезінен бұрынырақ басталған еді. Шолпанды еліне әкеп салған кезде-ақ Арыстан бүл қызды қатты үнатып қалған-ды, Шолпанға деген махаббат сезімі ұялаған-ды. Шолпанды асыл жар деп, оған қосылуды арман еткен еді. “Маманның Көтібар алдап алган малдарын иесіне қайыртып берем, ел арасын келістіріп туыс болып табысармын”, — деген-ді. Арыстан Шолпанға қосылам деп үміттенгендіктен айтқан сді. Ол:
Басына қызыл құмның шығып тұрды, қайғымсн қарап көрді талай қырды.
Бұл малды тірі болсам, қайтарам дсп, Арыстан уәдс қылып, қайта жүрді,—
Арыстан осы уәдесінс жстсді, Айманныц төрслігін қабыд алып, Шолпанға қосылады. Ел арасының бітісуінс, табысьщ татуласуына басты ссбепксрдің бірі болады.
Сонымсн халық жыры Арыстан образын жағымды бсй-нсдс сурсттсй отырып, оны өз тұсының жастарына үлгі стеді. Елдің сндігі тілсгі дс, үміті де жастар, сксндігін, бұлар жаңа заманның бастаушысы болатындығын аңғартады.
Жыршы әлібск пен Шолпан образы айқын түрдс су-рсттслмесс дс, олардың да жаңа заманның жсмісі сксндігін сезінгсндсй боламыз. Бұл рсттс олар Айман мсн Арыстан бейнссін толықтьтра түсксн образ сскілді. әйткснмсн әлібск образына жырда азғантай болса да көңіл бөлінсді. Ол сауда-саттық ісінс араласады, қазақ арасына жаңадан кіріп кслс жатқан капиталистік элсмснттсрді құптаған кісі болып көрінсді. әлібек образының бір қыдыру көзгс түсетін жсрі — оның қасына 1400 жігіт алып, Көтібарға шабуыл жасауы. Бұл шабуыл Көтібардан кск қайыру гана смсс, сонымсн қатар, оны сскі салтқа, барымтаға, сл талауға жәнс бұларды қолдаушыларга қарсы көтсрілгсн халық күші дсугс болады.
“Айман — Шолпан” — композициялық құрылысы, оқиғаны баяндауы жағынан өзіндік срскшелігі бар жырдың бірі. Жырдың басты срскшслігі — оқиғаны шиелснісксн тартысқа құруында. Оның қандаіі әңгімссін алсақ та үлксн тартысты көрсміз. Мұиың өзі жыр оқиғасын әрі қызықты, әрі әссрлі стсді. Көтібар мсн Маман, Айман мсн Көтібар, Тсңгс мсн Айман арасьшдағы тартыс, қақтығысуларды су-рсттсу арқылы жыр оқигасы дами түссді.
Екіншідсн, жыршы ақын жағымсыз ксйіпксрді сурсттс-гсндс, олардың мінсздсрін, іс-әрсксттсрін күлкі мазақ стс, сықақтай сипаттайды. Маманның байлығын айтып шірснуі, Көтібардың “батырмын” дсп ксудссін соғуы — жырда ащы мысқыл, кслсксгс айналады.
қорыта кслгсндс, “Айман-Шолпан” — рсформа дәуірінен ксйінгі ксздс қазақ қоғамына снген жаңалық, өзгсрістсрді шындық түрғыдан бейнслсгсн халықтық жыр. Бұл жыр жаңа жағдайға байланысты қоғам өмірінсн орын алған талас-тартысты, сскінің жсңіліп, жаңаның жсңетіндігін бейнслсйді, әлсумст сахнасынан ығыстырылып бара жатқан жәнс сскілікті қолдаушы адамдарға жаңа заманның адамдарын, жастарды қарсы қоя отырып, соңгыларын ардақтай жыр-лайды, үлгі стсді.