Таза ауа — тіршілік кепілі

Таза ауа — тіршілік кепілі
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.

Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі.
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000—2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай
көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға
шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процесінтіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамында тек 0,5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталады, ал тау бөктерлеріндегі ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі болды. Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозандармен де ластайды. Әсі-
ресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3—0,5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 %. 1988 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 процентке ості. Егер ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтижеге бермейтіні
белгілі. Егер көмірқышқыл газы жинала берсе, онда күн сөулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып қалып мұзға айналады, яғни, мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін деген болжам бар. Ал екінші көзқарасқа тоқталатын болсақ, онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер бетінденгі энергия космос кеңістігіне тарамай калады, ауаның температурасын жоғарлатып жібереді. Сол себептен жер бетіндегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп теңіздер мен мұхиттардың сулары көбейіп, деңгейлері көтеріледі, яғни жер бетін топан суы басып кете ме деген болжам бар. Қазіргі кезде ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күнделікті радио-телевизор хабарлары айтыл жатады. Газет-журналдардан оқып жатырмыз 0,04 продентке дейін СО2 жиналуы ғалымдардың болжауы бойынша, дүние жүзінде тірі организмдерге қолайсыз «парниктік эффект» дейітн құбылысты тудырады. Климат мүлдем өзгеріп кетеді, жылдық орташа температурас 0,8—3 градусқа дейін өседі.
Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 километрдей жол жүргендс бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна таскөмір 10 адамға бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл жолдарды айлаудың өзі қорқынышты.
Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс улануы АҚШ-та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс жүйелері басқа биосфсра байлықтарын аяусыз пайдаланумен қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы газға айналдырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес, басқа да көршілес отырған елдерге нұсқан келтіруде. Өйткені ауа өне бойы бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа ауысып отырады да улы, зиянды заттарды тарата береді.
АҚШ-та жыл сайын ауаға 150—160 миллион тоннадай зиянды заттар қосылып отырады. Яғни жан басына шаққанда бұл әрбір адамға 400—500 килограмнан келеді. Зиянды заттардың жалпы химиялық құрамында 5,2 проценттей көміртектің тотығы, 18 про-цент күкірт тотығы, 12 процент көмірлі өттек, 6 процент азот тотығы, 12 процент әртүрлі заттар бары анықталды. Осындай улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады. 150 миллионнан астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 миллион тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал жер жүзінде 300 миллиондай аетомобильдерден ауаға қосылып отыратын улы газдардың көлемі 200—250 миллион тоннадай болады.
Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі — тұман деген мағына береді.
Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман (смог)» түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай-ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес, шет елдің мемілекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатарлар орнату, газбен және электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару проблемалары туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау проблемаларын шешу жолдары зерттелуде.
Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып, әр түрлі улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мындаған адамдардың өмірін алып кетеді. Міне, 1952 жылы аса зардапты Лондонның түтінді тұманын американ ғалымы Л.Баттонның жазғанын төмендегі тараулардан оқисыздар.
Ортаны қорғау агенттігі 1984 жьшды Америка Құрама Штат-тары конгресіне «Ауаның ластануынан болатын экономикалық зиян» деген баяндама әзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта есеппен алғанда жылына 2,3 миллиард доллар болған. 1900 жылы оның көлемі 16,9 миллиардқа жеткен.
1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде (бұрынғы СССР-де) химия өнеркөсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың тонна изотопты, 12 мың тонна күкірт қышқылды, 30 мың тонна күкіртті ангидритті және көптеген басқа затгарды атмосфералық ауаға таратқан.
Атмосфера ластануының зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігі шұғыл «төмендейді. Күн сәулесі энергиясының 40—50 процентке жуығын Нью-Йорк және басқада ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің ‘ еліміздің (ТМД-елдерінің) барлық цемент заводтарында жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Нью-Йоркте ғана бір шаршы километр территорияда айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми деректер біздің қолымызда бар.
Планетаның радиоакгивті элементтер мен ластануы (улануы) — саналы және сауатты адамдарға белгілі. Бұл түсінікті дс. Жапонияда атом бомбасын жарылу қасіретінің салдарын сипаттап жазу, атмосферадағы ядролық қаруларды сынауға қарсы шығу біздің барлығмызды бұл зәру проблемаға егжей-тегжейлі қанықтырады.
Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде-бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру мүмкін емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталынады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшірген сымақты болып, бір жеті күн халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді-кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды-жасылды оттарды көріп тамашалаған. Қараңғы қазақ қайдан білсін! Ол оттардың нағыз жан азабы екенін. Сол адамдардан күні бүгінге біреуі де қалмай барлығы өліп қалған.
Қолда бар ғылыми деректерге қарағанда, Невада штатындағы полигонда 1957 жылдан бастап ядро қондырғыларынан 200-ден астам жер астында жарылыс сыналған. Барлық сынаулардың үштен бірі радиоактивтік элементтердің атмосфераға енуімен байланысты. Атом қаруының сынағы жүргізілетін Невада шөлінде 540 шаршы километрдей алаң уланып кеткен. Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының радиоактивтік төгінділермен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақталынады деп ғалымдар тұжырым жасайды.
Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі радиоактивті заттардың ағуы болмауына ғалым-физиктер, атом саласындағы мамандар кепілдік бере алмайды. Ғалымдар атап көрсеткендей, ядролық технологияның соның ішінде «бейбітшілік»
мақсатын-дағының ең күрделі проблемасы — жоғары активтік заттардың қалдықтары — цезий-137, стронций — 90 және басқаларын сақтауда болып отыр. Қазіргі Америкда осындай қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың қоймасы сенімді деп айтуға болмайды. Ричленде, Вашинітон штатында ғана соңғы 15 жыл ішінде осындай ағып кету 16 рет болған. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивтік қалдықтар түскен.
1971 жылы Америка сенаторларының бірі былай деп жазды:
Тіпті елде жыл сайын өндірілетін радиоактивті қалдықтардың бір проценті ғана айналаны қоршаған ортаға түссе, радиоактиитік қарулану ауқымы жағынан кезінде Хиросимаға тасталған 100 атом бомбасының жарылыс зардабымен тең түседі.
Бірақ атом энергиясы жөніндегі комииссия қалдықтардың қалған 90% қауіпсіз етіп жерлей ала ма?»
Құрылықты радиоактивті зарарлаудан қорғай отырып, мұхитты ластайды. Көптеген қалдықтарды бетон контейнерлерге салып бітеп, мұхиттың ең терең жерлеріне тастайды. Контейнерлердің беріктігі мен бұлар тасталынатын тереңдік қауіпсіздікті біраз уақытқа қамтамасыз етеді. Бірақ қанша уақытқа? Мұны ешкім білмейді.
Цирконий-93-тің радиоактивтік ыдырау кезеңі миллион жылдай, ал цезий-137-тікі үш миллион жылдай болады т.б. Өзімізді радиоактивтік қалдықтардан қауіпсіз ете отырып, кейінгі ұрпақ-тарымыз үшін біз мейлінше қисапсыз да қауіпті қалжыңға басып отырған жоқпыз ба? Бұлар қашан да болсын контейнерлерден сөзсіз шығып, терең сулы мұхит шұңғылдарына шығып кетуі мүмкін ғой.
Басқа да тастандылар бар. Олар радиоактивті емес, алайда өте қауіпті тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін магазиннен сіз күні бұрын өлшеніп, целлофан қапшыққа орап салынып қойылған конфеттерді сөреден аласыз. Сіз өзініндің ұлыңызға сыйға тартатын плюш аюды синтетикалық мөлдір қапшыққа мүқият оралып, сырты өсем бантпен байланған. Шампунь немесе ваннаға арналған қылқан сүйығы жұмсақ пластик флакондар сатылады. Біздің тұрмысымызда товарды көріктендіретін химиялық ыдыстар биосфераға түседі де, оны ластайды.

Читайте также:

комментария 2

  1. дильназ:

    үлкен рақмет сізге!!!

  2. керим:

    спасибо)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *