Сөйлемнің түрлері

Сөйлемнің түрлері. Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.

Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Өзі мықтап жүдепті. Тар қапастан шыққанмен, бірақ сағы сынбаған (Ә. Н.). Бірінші сөйлемде өзінің мықтап жүдеуі туралы бір ғана ой айтылса, екінші сөйлемде (ол) тар капастан шықса да (бір ой екінші оймен жалғасып), сағы сынбау туралы (қарсылықты мәндегі күрделі ойға ұласып кеткен) күрделі ой білдіріп, құрмалас сөйлем болып тұр. Ол айырмашылық бұл сөйлемдердін интонациясынан да байқалады.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.
Айтылу мақсаты хабарлау, сүреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Күн еңкейді Оңтустіктен ақырын ғана майда жел білінді. Еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиді (С. С.)
Бұнда күннін еңкеюі, майда желдің білінуі және күн лебінің денеге жұмсақ тюі жайында үш түрлі ой хабарлана баяндалып айтылган. Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте (.) қойылады.
Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Мысалы:
— Қазір осы елдің жүн-жұрқасын жиятын кім?— деді ол. Оның сөзіне жөнді жауап бермеймін. Бұл жолы да оны жұрт тәлкек қып:
— Е, оны қайтесің? Қай түйенің жүнін өткізейін деп едің? (Ә. Н.).
Мысалда сөйлемдер 1) жүн-жұрқаны диятын кім екенін; 2) оны қайтетінін; 3) қай түйенің жүнін өткізетінін білу және жауап алу максатында айтылған. Сұраулы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып бәсеңдемей, көтеріңкі қалпында бітеді. Сөйлем соңында жазуда сұрау белгісі (?) қойылады.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.
1. Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не айтасыз? Неге күлдіңіз? От неге жақпайсыңдар? От қайда, отын қайда? (Ғ. Мұст.)
2. ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше шылауларының қолданылуы арқылы. Жерім жаман ба? Мен жаман ба?— Ремонт бітті ғой?
— Бітті.— Тұқым ше?— Тұқымды да тазартып сайлап койдық (Мұст.).
3. -ғой, -қой, -ау, -еу шылауларының, ә, сірә сияқты оқшау сөздердің, болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы.— Осы ғой алған жоспары?— Ия, осы. Көп керек шығар?— Екі жүз елу пұт жетеді.— Біздің Ақтөбеден үлкен болды-ау ол?— Дегенмен ойымыз үйлесті білем?— деп, жымыңдаған Төкенге агроном қостамай, не қарсылық айтпай, кенеттен бір сұрау берді. (Мұст.)
4. Сұрау интонациясы арқылы.— Япырай, ие бермей кетпесе? Қалай ұғындырарын білмей:
— Жүрек?— деді тракторист.
— Жүрек? Мұның да жүрегі бола ма? (Мұст.)
Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында (.)я леп белгісі (!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді -шы, -ші жұрнағының үстелуі арқылы жасалады.
Күрек-шоттарын ала келсін. Қойларын қорыққа салып, қар аршып, жан сауғаласын! …Бар! Шап. Жиып кел тегіс!— деді…— Сондықтан таныдың ғой. Бір сәтін ұмытсамшы!… (М. Әуезов)
Айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, аяу, екіну т. б.) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып
— Жә, тоқтат!— деді.
— Мынау өзі аттатар емес! Бас салып, қарап тұр ғой!— деп қалды. (М. Әуезов)

Читайте также:

1 комментарий

  1. САИДА:

    мәтіндегі сөйлемнің жігін тап дегенді қалай түсінуге болады?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *