Сүтқоректілердің көбеюі

Сүтқоректілердің көбеюі. Сүтқоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері: 1) іште ұрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы), 3) оларды сақтау үшін арнаулы ұя-үйшік жасау

4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, көп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт қоректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінші басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді.
Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт коректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүт қоректілерді төрт биологиялық топқа бөлуге болады.
1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратын-дар мысалы, үйректұмсықтар.
2. Ұрықтанған жұмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жұмыртқадан шыққан жас особь сүт безінен бөлі-
268
нетін сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бұл ехидналарға тән көбею болып саналады.
3. Шала тірі туатындар. Олардын, баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының құрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мұндай тәсілмен қалталылар көбейеді.
4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды.
Жануарлардын. бұл группаларының көбеюінде айырмашы-лық болумен қатар, жұмыртқаларының сипатында да айырма-шылық болады. Жұмыртқа туатындарының жұмыртқасы ірі (10—20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.
Қалталылардың жұмыртқасы ұсақ (0,2—0,4 мм), ал плацен-талылардікі оданда ұсақ (0,05—0,2 мм) болады.
Сүт қоректілердін, буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бұл бала туа-тын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған ұяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан (Сгісеtиlиs mіgгаtогus) 11—13 күн, үй тышқандары (Миз mиsсиlиs) 18—24 күн, сұр дала тышқаны (Місгоtиs агvаlіs) 16—23 күн, ірі ондатралар (Оndtіга zіЬеtһіса) 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл түлкілер 52—53 күн көтереді.
Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындар-дын буаз болу уақыты ұзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90—133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қоректілердін, буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бұғылардың буаз болу мерзімі 8—9 айға, ешкі мен қойлардікі 5—6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10— 11 айға созылады.
Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымён соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10—15, мүйіз тұмсықтарда
12—20, бұғыларда 2—4, аюлар мен жолбарыстарда 3—4 жасында жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер — кемірушілер және қоян тәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей бастайды. Тіпті тез ержететін ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер — үй тышқандары 2—5 айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейе береді.
Сүт қоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4— 18-ге дейін күшік туады.
Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қо-яндар бір жылда 2—3 рет көбейіп, әрбір көжектегенде 3—12-ден көжек туады. Тиіндер жылына 2—3 рет балалап, әрбір балалағанда 2—10-ға дейін, тышқандар жылына 3—7 рет балалап, әрбір балалаған сайын 2—10-дан көжек туады.
Көбею жылдамдығы сүт қоректілердің өмірінің ұзақтығына және оның түрлерінің өлу жылдамдығына байланңсіы. Жалпы ереже бойынша ұзақ жасайтындар өте баяу көбейеді. Мысалы, пілдер 70—80 жыл, аюлар мен ірі мысықтар 30—40 жыл, иттер 10—15 жыл, тышқан тәрізді кеміргіштер 1—3 жылға дейін өмір сүреді.
Тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты көбею жылдам-дығы да жыл сайын өзгеріп отырады. Бүл әсіресе, өсімтал түр-лерден айқын байқаладьі. Мысалы, ауа райы жақсы, тамақтық зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап, әрбір бала-лаганда 6—10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары ұрғашылары ашығып, арықтап жылына 1—2 рет балалап, 2—3-ке дейін ғана көжек туады. Туатын ұрғашыларының саны азаяды, сөйтіп жылдамдығы құрт төмендегі кетеді. Бұл сияқты жағдайлар барлық аңдарда да кездеседі.
Сүт қоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрле-рі болады. Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен ұрғашысы жұп құрайды. Мүндай жануарларға қаскырлар, қара бурыл түлкілер, түлкілер мен құндыздар жатады. Ал, маймылдардың жұбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды түрлерде балаларың өсіруге ұрғашысы да, еркегі де қатысады. Кебір нағыз тюленьдер шағылысу кезінде ғана жұп құрайды да, кейін еркегі кетіп қалады. Полигамдарға — бұғылар, есектер, жылқылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады, Сүт қоректілердің бұл түрлері, яғни жылқылар, бұрылар, есектер бірнеше ұрғашыларынық басын қосып, “үйір” құрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін ұрғашылары болады. Құлақты тюленьдердін, еркегі үйірге түскенде манына 15—80-ге дейін ұрғашыларын жиып, үйір құрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірак, бұлар “үйір” құрмайды.
Сүт қоректілердін, әрбір түрінін шағылысу мерзімі түрліше уақытта орындалады. Қасқырлар мен түлкілер қыстын, аяқ шенінде, күзендер мен қояндар көктемнің басында, бұлғындар, сусарлар жаздың ортасында, ал тұяқтылардың көпшілігі күзде шағылысады. Әрбір түрдін, өзіне қолайлы және баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эволюциялық дамудын, нәтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүт қоректілерге жататын түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын, мысалы, қасқырлардың буаз болу мерзімі 60 күн болса, ал бұлғындардікі 230—280 күндей болады.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Клара:

    Маан сұтқоректілердің пайда зияны туралы реферат керек еді.Қай сайттан іздеуге болады??????????????

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *