Сын есім

Сын есім
Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның құрамында мыңдаған сөздер бар. Ол сөздер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлінетіні белгілі. Соның бір тобы — зат есім деп аталса, келесі бір тобы — сын есім деп аталады. Сын есім заттың құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді. Сын есімнің мынадай манызды белгілері болады.

1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек) т. б.
2. Заттын көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білділеді: биік (үй), кіші (інісі), тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк) т. б.
3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (адам), тентек (бала), алғыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі) т. б.
4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз), тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек) т. б.
5. Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам), жазғы (демалыс), төменгі (ағыс) т. б.
6. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?) орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп… (Абай). Осы сөйлемде желсіз, жарық сөздері тун және ай деген зат есімдердің сын-сапасын білдіріп тұр. Қандай? деген сұраққа жауап береді. Қандай түн?— желсіз түн; қандай ай?— жарық ай.
Сөйтіп, заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.
Қосымша мағлұматтар: Сын есмінің жасалуы, сын есімнің мағыналық түрлері, сын есмінің шырайлары, сын есімнің емлесі, сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *