Сын есмінің шырайлары

Сын есмінің шырайлары
Заттың сапалық сыны әр кез бір дәрежеде бола бермейді. Сапалық сынның белгілері бірде тым басым, артық болса, бірде бәсең болуы мүмкін. Мысалы: сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.

Сол сияқты үлкен, жақсы сияқты сапалық сындардың үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен және жақсырақ, жақсылау, аса жақсы, жап-жақсы сияқты жақын белгілері бар. Міне осындай бір тектес сапалык сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды.
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар: салыстырмалы шырай және күшеитпелі шырай. Шырайдың жасалуының екі түрлі ерекшелігі бар. Біріншіден, сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Себебі бір тектес сынның әр түрлі дәрежеде болуы тек сапалық сындарға тән, ал қатыстық сындарда ондай қасиет болмайды. Мысалы: тау-лы, үй-сіз, көш-пелі, тау-дай, т. б. сындар бір заттың екінші затқа, қимылға (тау, үй, көшу) қатысты сипатын ғана білдіреді, сынның әр түрлі дәрежесі болатын шырай мәні жоқ: таулы-рақ, үйсіз-деу, көп-көшпелі, өте таудай сияқты етіп айтуға болмайды. Екіншіден, шырай түрлері сапалық сын есімге белгілі қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі немесе күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады. Сөйтіп, шырай жасауға негіз болатын тұлға — сапалық сын есім.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *