Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы

Стилистика  міндетін жалпы халықтық тіл мен әдеби тілден бөліп қарауға болмайды.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатынас құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпы халықтық тілді белгілі бір жүйелілікке, нормаға салатын әдеби тіл.

 

Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің, ауызша және жазбаша түр-лерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары стильдердің де қалыптасуына негіз болады (Бұл жөнінде 3 параграфта айтылады).

Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді (сөз, сөз тіркес, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді.

 

Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көз-дейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің қоғамдық үлкен мәні бар.

 

Тілдік белгілерді сұраптап қолдану заңдылықтары әдетте ай-тылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нә-тижелерін тіл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылық болады. Егер ой түсініксіз болса, онда сөз де түсніксіз шығады.

 

Мысалы:

“Палеонтолог — мамандар бұл теңіз корольдары планетамыздың дамуындағы тас көмір дэуірінде болған деп топшылайды, бұдан үш жуз миллион жылдай бұрынғы ол кезде “дүние шатырының” қазіргі алып таулы аймағы орнында ұшы-қиырына көз жетпейтін мұхит шалқып жатқан” (газеттен).

 

Сөйлемді түсіну өте қиын. Айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеу тек сөйлеушінің не жазушының жалпы мәдениетінің тө-мендігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың-бір-бірімен түсінісуін де қиындатады. Сондықтан ауызша не жазбаша түрде айтылатын ойдьщ түсінікті, нақтылы* болуьша айрықша көңіл бөліп, оның мазмүнын дәл бере алатын тілдік кұралдарды сұрыптап қолдана білудің маңызы зор. Мына бір газет оқушысының хатын алайық:

 

“Айтпағыл көп ретте келіншектер от басында қалып қояды. Кейде күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді. Бірақ, әркім де өмірдегі, өз еншісіндегі қызықтан, жақсылықтан, құр қалмауы керек емес пе? Тұрмысқа шыққасын тоқырау керекпепе.?: Жоқ. Осыған орай әріптестерім, жас келіншектердің көңілін-дегілерін білгім келетінін де жасырмаймын” (газеттен).

 

Хат қысқа жазылған. Бірақ мұнда автордың ойы түсініксіз, жас келіншектерді нендей игілікті, жақсы іске шақыратынын айқын, нақтылы жеткізе алмаған.“…Күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді”, “тұрмысқа шыққасын тоңырау керек пе?”—дегендерді қалай түсінуге болады? Тілді бұлайша қолдану логикалық қате болып есептеледі. Сонымен бірге, хатта кейбір сөздердің стильдік бояуы ескерілмей қолданыла салынған: (Айт-пағым, әріптестерім). “Айтпағым” деп қолдану қарапайым сөйлеу тілінде орынды: әріптестерім — кітаби лексика (орысша коллеги деген сөздің аудармасы), жалпы қолдануға болады, бірақ дәл осы тексте “замандастарым” десе, дұрыс болатын еді.

Баяндау түрінде жазылған материалдарда қарапайым және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздерді қолдануға болмайды. Бірақ, стилистикалық бұл талап ескеріле бермейді: “…Өсу, өрлеу жылдарының ә п е р г е н жеңістерін көз алдыңнан тағы өткергің келеді” (газеттен). Немесе, “Совхоздың мал өсірушілер коллективі мал семіртуде жақсы көрсеткіштерге ж е ті с і п, мемлекетке малды қоңдылықпен, жоғары салмақпен тапсыруга ж е т і с т і (газеттен).

 

Сол сияқты сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалатын “апай” сөзінің және ресми қатынаста қолданылатын “жолдас” сөзінің газет за-меткаларында қолданылуы да дұрыс емес. Бірақ газеттерден ондай мысалдар аз кездіеспейді.

 

Қалыптасқан (штамп) сөздердің де талғамсыз колданылуына мысалдар табылады: “Олар сонау бір кездегі Қажымұқанның ар-манын іс жүзіне асырып келеді”, “бұл жүмыстың мэні өз дә-режесінде емес”. Содан барып бірқатар кемшіліктерге жол бердім” т. б. (газеттен).

Сөз қолданудың бұл үлгісінен ресми документтер мен кеңсе іс қағаздарының ықпалы баса сезіледі.

 

Қалыптасқан сөздердің бірқатары кез келген жерде орынсыз колданылатындығы байқалады. Мысалы, өндіру сөзі мынадай тір-кестерде жұмсалып жүр, астық ө н д і р у; сүт ө н д і р у; жүн ө н д і р у; қаракөл ө н д і р у; жұмыртка ө н д і р у; қоян ө н д і р у; торай өндіру.т.б.

 

Осылар текті қалыптасқан сөздер сөйлеген сөзді және жазба тілді бір сарынды, бір әуезді жасап, тілдің экспрессивтік-эмоциональдық бояуы мен оның мәнерлегіштік қасиетін әлсіретеді. Тілді қолдану-дағы кемшіліктер тек осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Мұндай құбылыс синонимдерді, көп мағыналы сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін және грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да кез-деседі. Бұл сияқты сөйлемдерді болдырмау үшін сөз қолдану заң-дылықтарын жақсы білу қажет.

 

Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қол-дануды, үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнерлегіштік касиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, оның әр түрлі стильдерін зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Стилистика тілдік құралдардың стильдік белгілерін анықтап, оған сипаттама береді. Стилистиканың объектісі болатын негізгі мәселелер — осылар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *