СМД двигателі

Жалпы мәліметтер.. “Колос” комбайнында орнатылған СМД-64 двигателін Харьков қаласындағы двигательдер жөңіндегі маман-дандырылған Бас конструкторлық бюро (ГСКБ) жасаған. Бұл двигатель Т-150 және С-150К жүрдек тракторларына арналған СМД-80 двигателінің бір түрі.

СМД-64 двигателі — алты цилиндрлі, — тәрізді (алшақтау бұрышы 90°), поршенінің диаметрі 130 мм және оньщ жүрісі 15 мм.

СМД-64 двигателі бойьшша кейбір деректерді келтірейік, ал жақшаның ішінде СМД-14К және СМД-15К двигательдерінің осы көрсеткіштері жазылған: 1450-1650 айналыс/минут кезіндегі ең күшті (максималь) айналдыру моменті — 65 кгс. м, яғни 650 Н. м (1000 айналыс/минутта 36,3 кгс. м, яғни 363 Н. м); литражы — 9,15 (6,3 л); сығылу дәрежесі— 15(17); зая жүрістің бір минутындағы тұрақты ең аз (минималь) айналысы 800 (600)-ден артық емес; отынның бүркілу- кезіндегі қысымы 175 + 5 кгк/см2, яғни 17,5 + 0,5’МПа (125 + 5, яғни 12,5 + 0,5), отынның беріле бастауының озуы жоғарғы өлі нүктеге (ж. ө. н.) дейін 26—28° (18—20°).

Цилиндрлерінің жұмыс тәртібі 1—4—2—5—3—6. Ұшқын шы- ғуының алмасуы иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша 90—150°, Иінді білік сағат тілінің бағыты бойынша айналады (желдеткіщ жақтан қарағанда). :

Кривошипті-шатунды жэне газ тарату механизмдері. Иінді бі-лік — үш иінді; төрт тіректі, 45 маркалы болаттан жасалған. Ша-тундық мойындар 120° бүрышпен орналасқан. Шатундық мойыін дарда майды тазартуға арналғаң куыс бар. Бұл мойыңдардың диаметрі 85 мм, ал түпкірлерінікі — 92 мм. ЦІатундық подшипник- тердегі саңылау 0,090—0,146 мм, ал түпкірлерінде — 0,100— 0,156 мм. Біліктің артқы жақтағы түпкі подшипнигіндегі осьтікі саңылау дәрежесі — 0,125—0,345 мм.

Біліктің жақтауларында қарсы салмақтар жасалған. Бұларға қосымша тағы да екі қарсы салмақ бар — біреуі маховиктер ал екіншісі біліктің алдыңғы ұшында орналасқан.

Шатундар 40Х маркалы хромды болаттан жасалған.

Шатунның төменгі басы 35° бұрышпен қиғашталып алмалы-салмалды жасалған. Бұған қоса оның басы осьтік бағытта симмет-риялы болмай жасалған, оған себеп, қарама-қарсы орналасқан ци-линдрлердің екі шатунды иінді біліктің бір шатундық мойнына ор-наласуы. Осы себепті бірқатар цилиндрдің осі блок-картердің ұзындығына сәйкес екінші қатармен салыстырғанда 36 мм-ге ығысқан.

Түпкі және шатундық подшипниктердің астарлары болт-алю-миний ленталарынан жасалады. Шатундық подшипниктердін. жо-ғарры және төменгі астарлары өзара алмастырылымды. Түпкі под- шипниктерде олар өзара алмастырылмайды: жоғарғы астарларда ортасында май әкелуге арналған тесігі бар сақиналық жырашық бар.

Түпкі подшипниктердің қақпақтары негізгі шпилькалармен және қосымша түрде картердің сыртқы жағына бұралып кіргізілетін көлденең болттармен бекітіледі.

Поршеньдер АЛ-25 маркалы кремнийлі-алюминий қорытпасынан жасалған.

Жану камерасы поршеньнің түбіне орналастырылған. Пор-шеньнің жоғарғы бөлігіне төрт сақина, төменгі бөлігіне май қыр-науыш сақина орналасқан.

Компрессиялық сақиналар ЯМЗ-236 двигателінен алынып пай-даланылған. Олардың қимасы — трапеция пішінді. Жоғарғы сақи-наның сырт бетіне хром жалатылған.

Май қырнауыш сақинаның қимасы корап тәрізді. Осы сақинаның астына радиальді ұлғайтқыш орнатылған.

Жаңа сақиналардың қүлпында мынадай саңылаулары болуы керек: компрессиялық сақиналарда 0,45—0,65 мм, май қырнауыш сақиналарда 0,45—0,75 мм. Сақиналар мен кертіктердің биікті-гіндегі саңылаулар мынадай болуы керек: бірінші сақинаның ма-ңында 0,18—0,24 мм, екінші және үшінші сақиналардың маңында 0,15—0,21 мм, төртійшінің (май қырнауыш сақинаның) маңында 0,086—0,127 мм.

Поршеньдік саусақ — қуыс, қалқымалы типті, 12ХНЗА маркалы хромникельді болаттан жасалған. Поршень юбкасында бобышкасы маңында майды поршеньнің ішіне арызып әкетуге арналған бұрғыланып тесілген тесіктері бар қалталар жасалған.

Поршеньдер мен гильзалар үшін жалпылама өлшемдік топтар Б1 СІ, С2 және М белгіленген. Бұл двигательдерді алмастыру кезінде бірыңғай топтан іріктейді.

Поршеньдер мен поршеньдік саусақтардыд бірдей өлшемді топ-тары ақ немесе сары бояумен таңбаланады.

Клапандық механизм — аспалы типті. Двигательдің салқын кезінде барлық клапандар үшін саңылаулар 0,48—0,5 мм-ге тең. Ендіру клапандары тәрелкелерінің жасырынуы 0,5 + 0,2 мм, ал шы- ғару клапандарында — 0,8+- О,2 мм.

Клапандар мен күйентелердің аралырындары саңылауларды 480 мото-сағаттан соң тексереді (қажет болған жағдайда реттейді). Иінді біліктің шатундық мойындарының қуыстарын тек күрделі жөндеуден өткізгенде ғана тазартады.

Қоректендіру жүйесі. СМД-64 двигателінде 51-параграфта ай-тылып өткендей орталық әр алуан режимді реттеуішті және пор-шеньдік сормалауыш насосты тартқыш типті екі бөлікті (секциялы) отын насосы орнатылран. Қоректендіру жүйесіне бұл насостан басқа ФГ-2 тундырғыш-сүзгі (ішінара тазарту сүзгісі), мүқият тазарту сүзгісі және ФД-22 бес тесікті тозаңдатқышы бар жабық типті форсунка кіреді.

139-сурет. Отын аппаратурасының әрекет ету схемасы:

1 — көлденең тесік; 2 — орталық жұмыстық канал; 3 — плунжердегі тарату тесігі; 4 — плунжердің втулкасындағы таратқыш канал; 5 — насостың қақпағындары таратқыш канал 6 — отын әкелетін тесік; 7 — дозатор қуысы; 8 — мұқият тазарту сүзгісі; — айдамалауыш насос; 10 — отын багы; 11— ішінара тазарту сүзгісі (тұндырғыш); 12 — редукциялық клапан,

Отын насосы отынның қысқа мерзімді бүркілуін, двигательді жүргізу айналыстарында отынның берілісін және двигательге артық жүктеме түскен кезде айналдыру моментінің берілген қорын автоматты түрде арттыруды қамтамасыз етеді.

Отын насосының реттеуіші механикалық тура әсерлі, онда отынды беруді дәлдеуші және автоматты байытқыш бар.

139-суретте отын аппаратурасының әрекеті ету схемасы көрсе-тілген. Отын бактан ең алдымен тұндырғыш-сүзгіге 11 барады, онда ол алдын-ала сүзіледі — тор сүзгі көлденеңі 0,9 мм-ден астам механикалық түйіршіктерді ұстап қалады. Мұнымен қатар тұндырғыш-сүзгінің стаканында су және механикалық қоспалар тұнады. Стаканның түбінде тұнбаны ағызуға арналған тесік бар, ол тығынмен бекітіледі.

Тұндырғыш-сүзгіге техникалық қызмет көрсету мынаған келіп тіреледі: әрбір смена сайын онда тұнбаның (су, ылай) бар-жоқтығын тексеру керек, егер ол байқалатын жағдайда оны отынның таза ағыны шыққанша ағызып жіберу керек; 240 мото-сағаттын соң тұндырғыш-сүзгі жуылады.

Мұқият тазарту сүзгісі (140-сурет)—екі сатылы, оның екі сатысы да тізбектеп қосылған. Бірінші сатысы үшін екі бөлігі де отын-

140-сурет. Мұқият тазарту сүзгісі: :

және 5 — нығыздауыш; 2 — тарту болты; 3 — ЭТФ-3 сузгілеуіш элемент; 4 — корпус; — қақпақ; 7 және 11 — бұру бұрыш-тамаларының болттары; 8 — тарту гайкасы; 9 — үш жүрісті кран 10 және 14 —вентильдер; 12 — түтік; 13 — кронштейн-сүзгі; 15 — ағызу түтігі.

дық жүйеге параллель қосылған 2ТФ-3 сүзгісі пайдаланылған. Әрбір бөлікте ЭТФ-3 ажыратыл-майтын қағаздан жасалған сүзгілеуіш элемент қолданылған. Бір ЭТФ-3 элементі орнатылған кронштейн-сүзгі 13екінші саты болып табылады.

Мұқият тазарту сүзгісінде үш үрлеу вентилі 10, 14 және үш жүрісті кран бар. Жоғарғы вентиль 10 отындық жүйеден ауа шығаруға арналған. Төменгі вентильдер 14 сүзгілеуіш элементтерді отынның кері ағысы кезінде жууға және тұнбаны ағызу үшін пайдаланылады.

240 мото-сағаттаң соң мұқият тазарту сүзгісінің (2ТФ-3) бірінші сатысын мынадай тәртіппен жуады: двигательді зая жүрістің ең жылдам айналу жиілігіне көшіреді; үш жүрісті кранды 9 А қалпына орнатады; ол жақ бөліктің үрмелеу вентилін бірнеше айналымға бұрап шығарады ағызу түтікшесінен 15 ластанған отын ағады; бөлікті таза отын шыққанша жуады; вентильдің оң жақ бөлігін жабады да үш жүрісті кранды Вқалпына орнатып, сол жақтағы бөлікті жуады осыдан соң үш жүрісті кранды Б қалпына қояды.

Двигатель 960 мото-сағат жұмыс істеген соң мұқият тазарту сүзпсшщ екі сатысындағы ЭТФ-3 элементтерін алмастырады

Насостың әрбір бөлігінде (141-сурет) втулкадан және плунжерден құралған плунжерлік жұп бар. Плунжерлер насостың жұдырықшалы білігімен ілгерлемелі-кейіндемелі қозғалысқа келе-

141-сурет. Насостың секциясы:

1—тісті втулка; 2 — плунжер; 3 — құрастыру жақтауы; — плунжер втулкасы; 5 — жалғастыру гайкасы; 6 — айдамалау клапанының ершігі; 7 — кері клапан 8 — айдамалау клапанынық тірегі; 9 — айдамалау клапаны; 10 — насостың кақпағы; 11 — қалпақша; 12 — штифт; 13 — дозатор 14 — қайтармалау серіппесі.

ді. Біліктің жұдырықшасы плунжер итергіші ролигінің астына келген кезде айдамалауыштық жүріс болады. Плунжердій, кері жаққа жүрісі (сору жүрісі) кері қайтару серіппесінің 14 әсерінен болады.

Плунжер ілгера-кейін жүрістен басқа айналмалы да қозғалыс жа-сайды, сол кезде ол отынды жеке цилиндрге тарату ролін атқарады. Айналмалы қозғалыс плунжерге аралық шестерня және тісті втулка 1арқылы реттеуіштің білігінен бе-ріледі.

Насостың реттеуші рычагтар жүйесі арқылы дозаторды 13 плун-жердің бойымен жылжыта алады, осының салдарынан цилиндрге берілетін отынның мөлшері өзгереді. Двигательді жүргізгенде арнайы серіппе (жүргізу) дозаторы автоматты түрде ең көп (максималь) шамада отын беруге көшіреді. Двигательге артық жүктеме түскенде отынның берілуін арттыратын дәлдеуіш (корректор) автоматты түрде іске қосылады.

Насостық бөлік былайша жұмыс істейді. Плунжер төмен қарай қозғалады әрі бір кезде өз осінен айналады. Ол кезде плунжер үсті кеңістікке тесій арқылы отын сорылады (139-сурет). Содан соң плунжер бір мезгілде айнала отырып жоғары қарай жылжйды. Бұл айдамалау жүрісі. Плунжердің тесікті жабуына дейін отынның бір жартысы кері сормалау қуысына ығыстырылады. Плунжер тесікті жапқан сәтте (отынның беріле бастауы кезінде) плунжердің тесігі втулканың тарту каналымен дәлдеседі. Отын плунжер үсті кеңістіктен канал 2, тесік 3, және канал 4, сондай-ақ штуцердегі клапан (141-сурет) арқылы жоғары қысыммен форсункаға қарай бағытталады.

Плунжердің көлденең тесігі 1 (139-сурет) дозатордың шегінен шығып кеткен кезде, отынның берілуі кенет тоқталады да жоғары қысымды отын түтігіндегі қысым кемиді.

Насостың корпусында (тұла бойында) сапунмен (келте түтік) жабылатын май кұяр тесік бар. Осы тесік арқылы насостың кор-пусына 100—120 см3 дизельдік май құйылады. Двигатель 240 мото-сағат жұмыс істеген соң оны алмастырады.

480-мото-сағат жұмыс істеген соң двигательден форсункаларды шығарып алады, оларды күйіктен тазартады, жуады және тозандату сапасын, сондай-ақ отынның беріле бастаған кездегі қысымын тексереді.

Майлау жүйесі. Двигательдің картеріне М10Г немесе МІОВ майы құйылады. Ауа райы суық кездерде М8Г немесе ДС-8 майын қолданады, Май магистралындағы қысымның мынадай болуы керек (кгк/см2): ең төмен (минималь) айналыста—1,5 (150 кПа), кыздырылған двигательдің нақтылы (номиналь) айналасында — 2,5—4,0 (250—400 кПа). Майды тазарту үшін толық ағынды цен-трифуга қолданылған. Май насосы екі бөліктен: айдамалау (негізгі) және радиаторлық бөліктерден құралған. Бұлардьщ алғашқысы блок-картердегі каналдармен майды сүзгіге, ал екіншісі радиаторға айдайды. СМД-64 двигателі май радиатордың салқындату беті 2,48 м2 (басқа двигательдерде 1,5 м2). Негізгі бөліктің редукциялық клапаны 9—9,5 кгк/см2 (900—950 кПа) ашылу қысымына дәлденіп реттелген. Май өте тұтқыр болатын кезде, салқын двигательді жүргізгенде осы клапан майлау жүйесіндегі қысымның шамадан тыс артып кетуінен сақтандырады. Радиаторлық бөліктің сақтандыру клапаны 2—2,5 кгк/см2 (200—250 кПа) ашылу қысымына дәлденіп реттелген. Двигательді жүргізгенде ол радиатордағы майдың қысымын шектейді.

СМД-64 двигательде майды жүргізер алдында айдамалау насосы бар. Оны қозгалысқа келтіретін шестерня жүргізгіш двигательдің шестернясымен үнемі ілініскен күйде болады. Жүргізгіш двигательді жүргізгенде, редуктордың ілінісу муфтасы әлі іске қо-сылмаған кезінде мына төмендегі жайт болады; жүргізу алдында айдамалау кезінде насос картердің түбінен май соғады да, кері клапан арқылы оны двигательдің бас магистралына береді. Жүр-гізгіш двигатель жылынғанда да (1—2 минутта) май магистралында 1;1 —1,2 кгк/см2 (110—120 кПа) қысым орнайды. Дизель жұмыс істей бастаған кезде кері клапан майдың блок-картерден насосқа барар жолын бөгейді.

Егер двигатель жүктемемен жүмыс істеген кезде манометр 2 кгк/см2 (200 кПа) қысымнан кем шама көрсетсе, онда тез шара Қолдану керек. Бүған картердегі май деңгейінің жеткіліксіз болуы, сору торының бітеліп қалуы, датчик пен манометрдің бұзылуы, арызу клапанының дәл реттелмеуі т. б. себеп болады. Двигательдің ағызу клапаны 3—3,5 кгк/см2 (300—350 кПа) қысымға дәлденіп реттелген, ал центрифуганың өткізу клапаны қысым айырма-шылығы 6—7,5 кгк/см2 (600—750 кПа) болғанда іске қосылады.

Дизельді жүргізу жүйесі. СМД-64 двигателін жүргізу үшін бір сатылы редукторлы П-350 жүргізгіш двигатель қолданылған. П-350 двигателінің қуаты (4000 айнадыс/минутта)— 13,5 а. к. (9,9 кВт). Жүргізгіш двигательді СТ-362 электрлік стартерінің немесе (стартер бұзылған жағдайда) қолмен жүргізу механизмі көмегімен жүргізуге болады. Жүргізгіш двигательді қолмен былайша жүргізуге болады: жүргізу құрылғысының шестернясы масыл (паразит) шестерняға ілінісетіндей етіп, осы кұрылғы жібінің (тросының) тұтқасын біртіндеп тарту керек; тұтқа көмегімен жұлқи тартып жіпті босату керек; сол кезде айналыс масыл шестерняға және маховик арқылы жүргізгіш двигательдің иінді білігіне: беріледі.

Жүргізгіш двигательдің зая жұмысы 2 минуттан аспауы керек.

Турбокомпрессор. Двигательде ТКРНН-1 турбокомпрессоры; орнатылған.

Заправка жасау сыйымдылықтары. СМД-61 двигателінде мы-надай сыйымдылықтар (қуыстар) бар (л): двигательдің картерінде — 20, жүргізгіш двигатель редукторының картерінде — 0,3, редуктор жетегінің қуысында — 0,15, отын насосының корпусында 0,10—0,12.

Читайте также: