Салқындату жүйесі

Салқындату жүйесінің құрылысы. Двигательдердің салқындату жүйесі — жабық типті, су насоспен еріксіз түрде шыр айналады; қүю тесігі бу-ауа клапанды тығынмен герметикалы жабылған.

Радиатор екі бактан және жалпақ түтікшелерден және бұларға дәнекерленген пластиналардан құралған өзекшелерден жинасты-рылған. Пластиналар радиатордың салқындату бетін (ол 25,9 м2-қа тең) арттырады. Түтікшелердің орналасуы — коридорлы.

Бактар, түтікшелер мен салқындату пластиналары жылу өткіз-гіштігі жоғары жезден жасалған. Түтікшелердің қалыңдығы — 0,15 мм, ал пластинкалардікі — 0,1 мм. Радиатордың бүйірлеріне диффузор бекітілген. Оның қызметі — желдеткішті қоршау, оның жұмыс өнімділігін арттыру және өзекшелердің түпкір-түпкірін желдетуді қамтамасыз ету.

Бу-ауа клапанның дербес түрде әсер ететін екі клапаны бар: қысым артқан кезде жоғарғы бактан будың шығуын қамтамасыз ететін бу клапаны және сирексу (сирексу жүйедегі судын. салқындауы және ондағы будың конденсациялануы кезінде туады) болған кезде бакқа атмосфералық ауа кіргізуші ауа клапаны бар.

Су насостың жұмыс өнімділігі (1900 айналыс/мин кезде) 160 л/мин. Ол су бөлу каналдары арқылы салқындатылған суды барлық гильзаларға айдамалайды..Су блок-картердің қаптамасын қақпақтың қаптамасына одан — кері қайтып радиаторға барады.

Двигатель салқындатушы судың 80—100°С температурасында қалыпты жұмыс істейді. Ауа температурасы суық аудандарда бұл тек радиаторды желдетуді кеміту арқылы ғана іске асырылады. Бұл мақсатқа ауа сорғышта орнатылған реттеуіш перде арналған.

Техникалық қызмет көрсету. Салқындату жүйесіне құйылатын су таза әрі тұщы болуы керек. Егер кермек су пайдаланылатын болса, онда радиатордың су қаптамасы мен түтікшелеріне тез қақ тұрып, өзінің жылу өткізгіштігін едәуір кемітеді. Кермек суды тұщыту үшін, оны қайнату немесе оған каустикалық сода (10 л су-ға 8 г) қосу керек, сонан соң сүзу қажет.

Харькойтың СМД двигательдерін шығаратын “Серп и молот” (“Орақ пен балға”) мотор жасау заводы қақ кетірудің төмендегідей тәсілін ұсынады. Мынандай ерітінді даярлау керек: әрбір 10 л суға 750—800 г каустикалық сода және 250 г керосин қосу керек; осы ерітіндіні салқындату жүйесіне құйып двигательді жүргізіп, 10—15 минут бойы орташа айналу жылдамдықта қыздыру керек; осыдан соң оны тоқтату керек; двигательді 10—12 сағат әлгі ерітінді құйылған күйінде қалдыру керек; двигательді қайтадан жүргізіп, орташа айналу жылдамдықта 5—10 минут бойы қыздыру керек. Осыдан соң ертіндіні ағызып жіберіп, салқындату жүйесін мұқият түрде жуу керек.

Салқындату жүйесіне су құйылған кезде су насосында ауалы тығынның пайда болуы ықтимал. Сондықтан салқындату жүйесін сумен толтырған соң двигательдердің аз айналыс жиілігінде құю мойны арқылы насостың жұмысын тексеру керек.

Ауалы тығынды болдырмас үшін, су насосынын, корпусында тығынмен бітелетін тесік жасалған. Салқындату жүйесін былай толтырады; тығынды бұрап ашады, суды радиаторға насос корпу-сындағы тесіктен асып төгілгенше құяды, тығынды бұрап жабады.

Егер двигатель өте қызған болса, радиаторды суық сумен тол-тыруға болмайды. Егер су құю керек болса, онда двигатель зая жүріс жасап жүріп тұрғанда құяды.

Күйіп қалмас үшін, салқындамаған двигательдің құю мойнының тығынын ашқанда сақтық шараларын қолдану керек.

Жұмыс процесінде салқындату жүйесіндегі судық температура-сын приборлар қалқаныңдағы көрсеткіш бойынша қадағалап отыру керек.

Читайте также: