Сабан сіліккіш

Құрылысы. Сабан сіліккіштң жұмысы жөнінде 3-параграфта атылған. Енді оның конструкциялық ерекшеліктерін айқындайық.

 

Сыңар барабанды комбайндардың бәрінің клавишасының мөлшері бірдей   дерлік: олардың ұзындығы   СК-4   пен СК-4А-да 340 мм, СК-5 пен СК-6-да 3618 мм. Қос барабанды комбайндарда лавиша едәуір қысқа: СКД-5-те 2862 мм, СКПР-6, СКПР-5 және, СК-6-ІІ-де 2559 м,м.

 

Иінді білік клавишасының айналу жиілігі онша емес: СК-4 пен СК-4А-да — 196 айналыс/минут; СКД-5-те—195 айналыс/минут; СК-5 пен СК-6-да — 203 айналыс/минут.

 

СК-4, СК-4А, СК-5 және СКД-5 комбайндарында клавиша төрт каскадты, СКПР-6, СКПР-5 және СК-6-ІІ-де олар үш каскадты болады. Барлық клавишаның жұмыстық беті — жалюзді, реттелейді (жалюздің тұрақты бұрыштық көлбеуі 45°). Күріш жинауға арналған барлық комбайндарда клавишаға алмалы-салмалы шыбық орнатылған (қажет болған жағдайда оны шығарып алуға болады). Бұл шыбықтар тазалауды қиындататын майда сабандардың тазалағышқа түсуіне бөгет жасайды.

СК-4 комбайнында алдыңғй екі каскадтың астына фартук ілінген, оның біріншісі екі бөліктен тұрады (металл және кенептен сасалған) және оны реттейді. Сабаны шамалы және сабаны орташа астықты жинағанда алдыңғы фартукты толық түсіреді. Сабаны көп астықта металдан жасалған бөлігін молотилка қақпағына бекітеді, ал кенепті бөлігін салбыратып қояды. Қалған барлық комбайндарда бірден фартук 12 бар  (2-еурет). Фартуктың міндеті — қатты жылдамдықпен айналғанда  барабан лақтырған кейбір дәнді ұстап қалу. Сонымен қоса, ол сабанның үйіліп-төгіліп  келуін біршама тежейді де, одан дәннің жақсы бөлінуіне жағдай жасайды.

 

СК-5 және СК-6 комбайндарының (өрі оның барлық модифи- кациясында) клавишасы сайлы сопақ втулкасы бар бір рет май-ланатын шарикті подшипниктен тұрады. Сонымен  бірге жетек- теуіш білік подшипнигінің корпусына резина амортизатор орна- тылған. Бұдан басқа барлық комбайндарда клавиша ағаш под- шипникке орнатылған. Бұл  подшипниктер   шамшат  ағашынан жасалып, автолда пісірілген, сондықтан оларды бүкіл жұмыс мау- сымы бойы майлаудың қажеттігі жоқ. Басқа ағаш подшипниктерге де (аспа тазалағышына, бұрынғы шығарылған жатка шнегінің  көзшелеріне,  шөмелелегіштің  сабан  нығыздағышы  мен  топан нығыздауышының подшипниктеріне, қалбағай шабағына, жина-уыштың орталық тіреуіне т. б.) осыны қолдануға болады. Егін орағы науқаны аяқталраннан кейін бұл ағаш детальдардың барлығын тазартып, тағы да АКп-10 немесе АК-15 майына салып,  120—130° температурада екі сағаттай пісіреді. Иінді біліктен подшипниктерді, сондай-ақ олардың төсемдерін шығарарда, бұларды кейіннен өз орнына қою үшін белгі соғады.

 

Клавишаларды шөмелелегіштің сабан нығыздауышындағы са-банға тікелей жақындатады. Сондықтан сабан нығыздауыштың  тоқталуы сабан сіліккіштің кептелуіне, тіпті сынуына апарып соқтырады. Сабан нығыздауыштың жұмысын бақылау үшін сиг- нализатор енгізілген, бұл сабан сіліккіштің шыға беріс бөлігінде молотилка қақпағына бекітілген.

 

Сигнализатор дегеніміз клапан, ол көлбеу қалпында серіппемен ұстатылады. Мүндайда оған пісіріліп бекітілген рычаг қосқыштың кнопкасын басады да, прибор қалқанының сигнал лампочкасы мен дыбыс сигналының арасындағы электр желісін ажыратып жібереді. Егер сабан сіліккіште сабан көп жиналса, онда  ол қақпақтағы йлапанды қысады. Мұндай жағдайда клапан рычагы кнопканы босатып, қосқыш электр желісін тұйықтайды. Прибор қалқанындағы лампочка жанып, дыбыс сигналы қосылады.

 

Техникалық қызмет көрсету. Сабан сіліккіште реттеуіш жоқ.  Егер жалюз майыспаса, ластанбаса және белгіленген бұрыштық  көлбеулігі ең кемі 45° болса, онда клавиша жақсы жұмыс істейді.  Қылтанақты және арамшөп басқан дақылдарда жұмыс істегенде  клавишаларға қылтанақ бітеліп қалмағандығын тексеріп, қажет болған жағдайда оны тазалайды. Клавиша бітеліп қалса дән ысы-рабы көбейеді. Жұмыс басталар алдында клавишалар бір-біріне, молотилка бүйіріне жанаспайтындығын тексереді. Клавишаға аспапты немесе басқа да заттарды қоюға болмайды, өйткені мұның өзі жалюз бетін бүлдіруі мүмкін. Егер жалюздің бастапқы формасы өзгерсе, онда оны түзеу қажет.

 

Клавишаларды шөмелелегіш жағынан және қақпақтың люгі арқылы арнайы қырнағышпен (ол құрал-жабдықтар комплектісінде бар) тазартады.

 

Ағаш подшипниктегі клавишалардың дұрыс құрастырылғанды-ғын тексеру үшін былай істейді: екінші немесе үшінші клавиша-лардың төменгі подшипниктерін шығарады; подшипникті бекітетін болттарды алады; клавишаларды қолмен бұрайды; клавиша крон-штейнімен салыстырғанда подшипниктің қаншалықты жылжы-ғандығын өлшейді, егер 3 миллиметрдей жылжыса, онда сабан сіліккіш дұрыс құрастырылған деп есептелінеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *