Реттеуіш және трубокомпрессор

Реттеуіш жайлы жалпы мэліметтер. Комбайнға -күш бірде аз, ал екінші бір жағдайда көп түседі. Егер де отын насосының рейкасы өзгеріссіз бір қалыпта орнатылған болса, онда күш көп түскен двигатель айналу жиілігін кемітер еді, ал күш аз түскенде оны арттырар еді. Бұл комбайн жұмысының технологиялық процесін бұзар еді. Комбайнның қалыпты жұмыс істеуі үшін двигатель өзіне берілген айналу жиілігін жүктеменін, өзгеруіне тәуелсіз түрде сақтауы қажет. Мұны мына жағдайда, жүктеме өзгерумен бір мез-гілде дизельдің цилиндрлеріне берілетін отынның мөлшерін де өз-герту арқылы іске асыруға болады. Бұл жұмысты әр алуан режимді реттеуіш іске асырады.

Комбайнның басқару алаңшасындағы отын насосының рычагы беріліс жүйесі арқылы реттеуіштің рычагымен байланысқан. Рет-теуіштің механизмі отын насосының рейкасымен жалғастырылған. Комбайншы отын насосының рычагы көмегімен двигательді қажет-ті режимге қояды. Жұмыс кезінде двигательге түсетін жүктеменің өзгеруі мүмкін. Бірақ белгіленген айналыс реттеуіштің арқасында тұрақты қалпында қалады. Бұл механизм былайша әсер етеді. Двигательге түсетін жүктеме азайғанда, реттеуіш отынның берілуін автоматты түрде кемітеді, осының нәтижесінде айналыс жиілігінің артуына жол берілмейді. Жүктеме артқанда реттеуіш отынның берілуін молайтады.. Осының арқасында айналыс жиілігі ке-

126-сурет. Двигательдід реттеуіші:

126-сурет. Двигательдід реттеуіші:

1 — ершік; 2 — ішкі серіппенің реттеуіш астары; 3 — муфтаның ойығы; — аша; 5 — реттеуіш винт; 6 — призма; 7 — байытқыштиқ білікшесі; 8 — тартпа; 9 — жүкше; 10 —айқаспа; 11 — шарикті подшипниктің ұясы; 12 — жетектің шестернясы; 13 — рычаг; 14 — тірек; 15 — байытқыштың кнопкасы; 16 — байытқыштың серіппесі; 17 — кронштейн; 18 — қос спираль серіппе; 19 — жетектемесі бар втулка; 20 — білікше; 21 — ең жылдам айналысты шектеуіш болт; 22 — берілісті ажыратуды шектеу шпилькасы; 23 — муфта; 24 — сыртқы серіппенің реттеуіш астары; 25 — реттеуіштің білігі; 26 — тірек-болт.

мімейді. Сонымен реттеуіш двигательдің әр түрлі режимдегі жұ- мысын автоматты түрде басқарады.

Реттеуіштің центрден тепкіш механизмі. Реттеуіштін, центрден тепкіш механизмі білікке 25 жинастырылған (126-сурет). Ол екіі жүкшесі бар айқаспадан 10, шарикті подшипниктен, айналмайтын муфтадан23 және екі серіппеден құралған. Жүкшелер центрден тепкіштің әсерімен серіппелерді сығып, муфтаны 23 жылжыта алады. Сыртқы серіппе аздап қана нығыздалып (0,6 мм-ге дейін), ішкісі — саңылаумен (3—4 мм) орнатылран. Нығыздықты астарлар 24, саңылауды да астарлар жасайды. Сыртқы серіппе бірін-ші болып әсерге түседі, яғни айналу жиілігі аз кезде. Ішкі серіппе орташа және жоғары шапшаң айналыс жиіліктері кезінде әсер етеді, ол тек муфта 23 осы серіппемен белгілі бір еаңылау жасаған кезде ғана іске қосылады.

Реттеуіштің білігіне отын насосының жұдырықша білігінің шестернясымен, ілініскен жетектеуіш шестерня бекітілген. Бұл шестерняның беріліс қатынасы 3,64. Сондықтан білікке реттеуіштің сезгіштігін арттыратын өте жоғары айналу жиілігі беріледі. Жетектеуіш шестерня насостың жұдырықша білігімен қата ң емес, фрикциялық құрылғы (пластинкалы серіппелер) арқылы байла-нйсқан. Мұндай байланыс айналу жиілігі кенет өзгергенде насос білігімен салыстырғанда оған біршама айналыс жасамай тұрып қалуына мүмкіндік жасайды. Осының нәтижесінде беріліс кезінде және реттеуіш детальдарында соққының, артық салмақтың болуы-нан сақтандырылады. Реттеуіштін, механизмдерін майлау үшін оның корпусына бақылау ТЫРЫНЫНЫҢ деңгейіне дейін май қүйы-лады. Мұны ағызып жіберуге арналған арнайы тығынды тесік бар.

Реттеуіштің рычагты механизмі. Центрден тепкіш механизмнен отын насосының рейкасына, сондай-ақ қолдан реттеу рычагынан берілетін қозғалыстар рычагты механизм арқылы беріледі.

Реттеуіштің корпусына білікше 20 орнатылған. Тірек 15 пен рычаг 13 онымен біріктіріліп жасалған. Білікшеге кронштейн 17 еркін кигізілген және тізгіні бар втулка 19 қатаң бекітілген. Втулкаға бір мезгілде втулканың тізгінін және кронштейннің 17 төменгі қабырғасын қапсыратын ұштары қайтарылған қос спираль серіппе 18 кигізілген. Осынын, нәтижесінде білікше мен кронштейннің аралығында серпімді байланыс жасалады. Серіппемен байланысқан осы екі деталь, әдетте бір жаққа немесе басқа жаққа бірге орын ауыстырады. Бірақ қажет жағдайларда кронштейн серіппенің деформациясы есебінен оған тәуелсіз түрде білікті бұра алады. Серіппе 18 әсер етуі төменде талданатын дәлдеуіш құрылғының негізгі деталі. Осымен бірге білікше мен кронштейн аралығындағы серпімді байланыс двигательдің айналу жиілігі кенет өзгергенде реттеуішті артық салмақтан қорғайды.

Кронштейн /7 ашамен топсалы байланысқан. Тартпасы бар аша және насостың рейкалы тартпасы бір-бірімен топсалы байланысқан. Ашаға муфтаның ойығына сұғындырылған екі штырь бекітілген.

Реттеуіштің корпусына ең жоғары айналыстың шектеуіш болты 21 және берілісті ажыратудың шектеуіш шпилькасы 22 бекітілген екі шығьвдқысы бар шайба тірелген. Болтты 21 дұрыс орнату реттеуіш төсем арқылы іске асырылады. Ең жоғары айналысты кеміту үшін төсемдер санын көбейтеді, ал айналысты арттыру үшін төсемдердің бірнешеуін алып тастайды. Шектеуіш шпилька былай реттелген: таяныш 14онымен жанасқан кезде, насостың рейкасы отын бёруді мүлдем тыяды. Болт 21, шпилька 22 және таяныш 14 қақпақпен жабылған. Рычаг 13 басқару алаңшасынданы рычагпен байланысқан.

Реттеуіш байытқышының білікшесі. Байытқыштың білікшесі 7 корпусқа одан шығарып алуға болатындай, бірақ ол өз осінен айналмайтын болып орнатылған. Білікшені тартып шығару үшін кнопка 15пайдаланылады. СерІппе 16 білікшені бастапқы қалпына қайтарып, оны сол қалпында үстап тұрады. Білікшеге бір қырында арнайы қиғашталып жасалған призма бекітілген. Ашаға бекітілген реттеуіш винт 5 призманың қиғаш бетіне жанасады.

Жоғарыда серіппенің 18 реттеуіштің дәлдеуіш құрылғысына

жататыны айтылған болатын. Байытқыштың призмасы да осы құ-рылғыға жатады.

Винт 5 насостың отынды барынша көбірек беруіне реттелген. Двигатель толық жүктемемен жұмыс істегенде, винт байытқыштың призмасына тіреледі. Салқын уақытта, әсіресе плунжерлік жұптар тозған болса, отынды көбірек беру керек болады. Бұл үшін байыт- қыштың білікшесін тарту керек. Винт 5 призмадан төмен түседі. Рычагты механизм насостың рейкасын отынды көбірек беру жағына жылжытады (оңға, егер 126-суретке қарайтын болсақ). Двигатель жұмыс істей бастағанда, центрден тепкіш және рычагты механизмдер рейканы отынды азайтып беру жағына, солға қарай жылжытады. Винт 5 кейін шегінеді, ал серіппе 16 призмасы бар білікшені бастапқы қалпына қайтарады.

Реттеуіштің әрекеті. Реттеуіштің білігі жылдамырақ айналған сайын, жүкшелер алшақтай бастайды және бұған кері жағдайда керісінше болады. Айналу жиілігі жоғарылаған кезде жүкшелер алшақтап муфтаны солға қарай жылжытқанда (127-сурет), оған, серіппе 28 қарсылық көрсетеді (127-суретте реттеуіштің екі серіп- песінің орнына шартты түрде тек біреуі ғана көрсетілген). Айналуі жиілігі төмендеген кезде жүкшелердің алшақтауы кемиді, серппе| осы кезде муфтаны оңға қарай жылжытады.

127-сурет. Реттеуіштін. әрекет ету схемасы:

В — двигательдің бос жүрістегі ең жоғары айналысы кезіндегі қалпы; Г — толық жүктемемен жұмыс істеген кездегі қалпы; Д — дәлдеуіш құрылғының әсер ету схемасы (К — рейканың дәлдеуіш есебінен қозғалу шамасы); 27— спираль серіппенің 18 қайтарылғыш ұшын 28 — реттеуіштің серіппесі; өзге белгілер 126 — суретте көрсетілген.

Егер двигатель белгіленген режимде орнықты жұмыс істей бас-таса, онда жүкшенің центрден тепкіш күші мен серіппенің қысым күші арасында тепе-теңдік орнайды. Муфта бұл жағдайда белгілі бір қалыпта орнығады.

Муфта аша мен штырлар арқылы топсалы түрде байланысқан. Осының нәтижесінде муфтаның барлық қозғалысы ашаға беріледі. Аша кронштейнмен топсалы байланысқан. Сондықтан ашаның жылжуы, оның насостың рейкасымен байланысқан жоғары ұшының қозғалысы тек муфтаның жылжуына ғана емес, кронштейннің қалпына (көлбеулік бұрышына) да тәуелді.

Двигатель жұмыс істеген кезде, муфта 23 оң жақтағы шеткі қалыпта тұрады. Кронштейнді 17 рычаг 13 та осы жаққа қарай бұрылған, мұнымен бірге таяныш 14 шпилькаға 22 тірелген. Аша-ның жоғарғы ұшы сол жақтағы шеткі қалыпта тұрады, ал рейка насосты толықтай іске қоспай ажыратып тастайды. Реттеуіш винт 5 призмадан бірқатар қашықтықта орналасқан.

Қолмен реттеу механизмінің көмегі арқылы рычагты 13 ең үлкен жылдамдық режиміне қояды, яғни сол жақтағы шеткі қалыпка бұрып қояды. Таяныш 14 шектеуіш болтқа 21 жанасады. Осы кезде рычагты механизмде мынадай құбылыс болады. Кронштейн білікшемен 20 бірге оңға қарай бұрылғанда (126-сурет), ол өзімен бірге ашаның төменгі үшын ілестіріп әкетеді. Оның жоғарғы ұшы оңға қарай қозғалғандықтан насосқа отын бергізеді. Бірақ та кронштейн рычагтың білікшесімен бірге винт призмаға тірелген-ше (127-сурет) бұрылады. Серіппе 28 муфтаны спираль серіппенің ұшының 27 втулка тізгіні мен кронштейннің қабырғасына түсіретін қысымынан да артық күшпен қосады. Сондықтан муфта өзінің ойығымен ашаны үстап түрады да орнынан қозғалмайды. Спираль серіппенің ұштары рычагқа 13қарағанда кронштейнге аздау бұ-рышқа бұрылуға, яғни одан артта қалуға мүмкіндік беріп алшақ-тайды.

Двигатель жүргізілген соң жүкшелер іске қосылады. Жүктеме аз кезде, айналу жиілігі өте күшті артады. Жүкшелер серіппенің’ 28 әсерін жеңіп муфтаны сол жаққа қарай жылжытады. Осының нәтижесінде аша да сол жаққа жылжиды; кронштейн рычаг 13 айналған бұрышқа бұрылады; спираль серіппенің ұштары түйіседі. Винт 5 призмадан кейін кетеді: рейка насосты ең аз отын беру қал-пына келтіреді (В қалпы).

Жүктеме қалыпты шамаға түскенде, двигательдің айналу жиілігі төмендейді. Жүкшелердің центрден тепкіш күштері кемиді. Серіппе 28 муфтаны ашасымен бірге оңға қарай жылжытады. Рейка насосты отынның көбірек беру қалпына көшіреді. Реттеуіш винт призмаға тіреледі (Гқалыпты).

Дәлдеуіш құрылғы Д қалпы двигательге уақытша артық жүктеме түскен кезде қосымша отын беруді қамтамасыз етуге арнал-

Артық жүктеме двигательдің айналу жиілігінің төмендеуіне әкеп соғады. Осының салдарынан жүкшелердің центрден тепкіш күші кемиді. Серіппе 28 муфтаны 23 оң жаққа қарай жылжытуға тырысады. Бірақ, бұған винтімен 5 призмаға, ал төменгі ұшымен кронштейннің ашамен байланысқан осімен тірелетін аша бөгет жасайды. Кронштейн рычаг білікшесімен серпімді байланысқан-дықтан, ал серіппе 28 спираль серіппеден 18 күшті болғандықтан; осы спираль серіппенің ұштары алшақтайды, кронштейн рычаг бі-лікшесімен салыстырғанда біршама оңға қарай айналады. Осының арқасында ашаның төменгі ұшы да оңға қарай және жоғарырақ жылжиды. Винт 5 аша жоғары көтерілгенде призманың қиғаш бетімен жылжытқандықтан, ол бір мезгілде оңга қарай да қозғалады. Осы қозғалыс рейка арқылы отын насосына беріледі, бұдан отынның берілуі артады. Двигатель артық жүктемені жеңген соң бастапқы айналу жиілігіне түседі. Жүкшелер қайтадан әсер етеді, ал рычагты механизм мен спиральді серіппе бастапқы қалпына қайта оралады.

Реттеуіштің корпусына таяныш-болт 26 бекітілген (126-сурет). Онын, қызметі двигательдің айналыс жиілігійің шамадан тыс (шапшаңдап кету) артуына жол бермеу. Двигательдің жүктемесі кеміп ал насостын, рейкасы немесе плунжері ұсталып -қалғанда мұндай қауіптіліктің тууы мүмкін. Сол кезде айналу жиілігі арт-қанда кронштейн таяныш-болттьщ бүркеншігіне тіреледі. Осының әсерінен ол спираль серіппенің деформациясы есебінен сол жаққа қарай бұрыла алмайды, ал оның ашамен байланысы қатаң болып шығады. Осыған байланысты центрден тепкіш механизмнің “орна-ластыру” күші насос рейкасын отынды барынша аз беру қалпына жылжытуға дейін жететіндей дәрежеге артады.

Турбокомпрессор. Двигатель цилиндрінде ауа көп болған саййн оған көп отын жағуға болады. Жанатын отынның мөлшері артқан-да двигательдің тиімділік қуаты артады. Отынның белгілі бір мөл-шерінің жануына ауа жетіспейтін болса, онда дизельдік двига-тельдіқ жұмысы кенет нашарлайды — ол түтіндене бастайды, оның тйімділігі төмендейді. Сондықтан үрлемеу — цилиндрге енетін ауаның салмақтық мөлшерін еріксіз арттыру — двигательдің тиімділік қуатын арттырудың көп тараған әдісі болып отыр. Үрле-мелеу үшін компрессорлар пайдаланылады, ал олардың жетегі ретінде жұмыс істеп шыққан газдармен қозғалысқа келтіретін газ түтіктері пайдаланылады.

Компрессор мен турбина ортақ агрегат — турбокомпрессор құ-райды. Оның әсер ету принципі 119-суретте көрсетілгең. Жұмыс істеп шыққан ыстық газ шығару коллекторынан газ турбинасының камерасына едәуір қысыммен енеді. Олар сопло аппараты арқылы турбинанын, жүмыстық қалақшаларына бағытталады да, оған өте жоғары айналу жиілігін береді (мысалы, комбайндардың дви-гательдерінде шамамен 40 мың айналыс/мин). Шығару түтігі ар-қылы газдар турбинадан сыртқа шығып кетеді.

128-сурет. СМД-17К және СМД-18К двигательдерінде орнатылатын турбокомпрессор (СМД-ТКР-ПН):

1 — компрессордың корпусы; 2 — компрессордың ендірмесі; 3 — ортаңғы корпус; 4 — май әкелетін түтік; 5 — саңылау қуысы; Б — турбинаның корпусы; 7 — соплолық тәж; 8 — турбинаның ендірмесі; 9 —турбинаның дөңгелегі; 10 — май ағызу түтікшесі; 11 — подшипник; 12 — компрессордың дөңгелегі; 13 — білік.

Турбина орнатылған білікке центрден тепкіш компрессордың доңғалағы да бекітілген. Компрессор ауа тазартқышпен 1 тазар-тылған ауаны сорып, оны сығады да двигательдің ендіру коллекто-рына айдайды. Комбайн двигательдерінде, мысалы, қалыпты қуатта айдамалау қысымы (артық қысым) 0,36—0,50 кгк/см2 (36— 50 кПа) болады. Осының нәтижесінде жану камерасына отынның артық дозасын ендіріп, двигательдің қуатын арттыру мүмкіндігі туады. Турбокомпрессор мен ауа тазарткыштын. ортақ жұмысы 118-суретте көрсетілген.

СМД-17К және СМД-18К двигательдерінде орнатылған турбо-компрессорлар 128-суретте көрсетілген. Онда мынадай негізгі бө-ліктер бар: салқындату қуысы және май әкелетін каналдары бар ортаңғы корпус3; екі өндіру каналы және шығару коллекторына бекітілетін фланеці бар турбина корпусы 6; сопло тәжімен 7 бірге жұмыс істеп шыққан газдар шығатын өткел жасайтын турбина ендірмесі 8; орталық өндіру қуысы және сыртқа шығатын қуысы болатын спираль каналы (ұлу ұясы секілді) бар компрессор кор-пусы 1; диффузор калақшаларымен бірге жасалған компрессор ен-Дірмесі 2; қалайысы басымырақ қоладан жасалған подшипникке

(тербелмелі втулка тәрізді) 11 орнатылған білік 13; екі доқғалақ — турбина және компрессор 12; нығыздауыш дискілерден, май қайтарғыштан, втулкадан және нығыздауыш сақиналардан құралған жанаспалы газ-май нығыздауыштар.

Турбина қалақшасы білікке пісіріліп жапсырылған, ал компрессор қалақшасы оған шпонкамен бекітілген.

Подшипник 11 ортаңғы корпустың орталық бобышкасына (0,06—0,10 мм саңылаумен) орнатылған және осьтік жылжу мен айналуға қарсы тоқтатқыш планка пайдаланылған. Подшипникке двигательдің майлау жүйесінен түтікпен май келеді, ол алдын-ала ленталы — саңылаулы сүзгілеуіш элементпен тазартылады. Орталық бобышка мен подшипниктің аралығына енетін май қабаты подшипниктің серпімді аспасын жасайды.

Турбокомпрессордың қалыпты жұмыс істеуі үшін оған келетін май қысымының (80—95°С температурада) 2—4,5 кгк/см2 (200— 450 кПа) шегінде болуы өте маңызды. Оны бақылауға мүмкіндік болу үшін турбинадағы майдың қысымын білдіретін датчик және көрсеткіш, және де майдың апаттық температурасын меңзейтін сигнал шамы орнатылған.

Двигательді жүргізген кезде, турбокомпрессордын, жұмыс іс- теуін немесе жұмыс істемеуін шу арқылы аңғаруға болады: бірте-бірте үдеп келе жатқан жоғары тонды дыбыс шығарады. Двигательді тоқтатардың алдында да оның әсерін дыбысы бойынша тексереді: двигательді зая жүрістін, ең жоғары айналыс жиілігіне көшіреді де отын беруді кенет тоқтатады. Ротордың тоқталғанға дейінгі қалыпты дыбысы 5 секундтай естіліп түруға тиіс. Двигательді зая жүрістің ең төмен айналу жиілігінде 3—5 минут уақыт жүмыс істеген соң ғана тоқтатуға болады. Егер бұл ере же бұзылса, онда турбокомпрессор подшипнигінің күйіп кетугі мүмкін.

Әрбір 240 сағат жұмыстан соң турбокомпрессордың май магис-тралы сүзгісін жуу керек.

Читайте также: