Отын насосы және форсункалар

Жалпы мәліметтер. СК-4 және СК-4А, СКД-5 және СК-5 ком-байндарының двигательдерінде оңға арай алынатын жұдырықша білігі тангенциаль профильді төрт плунжерлі отын насостары ор-натылған. Мүндай насостар қ а т а р л ы немесе көп плунж е р л і насостар түріне жатады.

СК-6 комбайны двигателінде екі бөлікті бір плунжерлі таратқыш насос орнатылған.

Көп плунжерлі насостарда насостық элементтердің саны дви-гательдің цилиндрлер санына сәйкес келеді. Бір плунжерлі насостарда бірнеше цилиндрге бір насостық элемент болады. Осы жағ-дайда СМД-64 алты цилиндрлі двигатель үшін насостың екі бөлі-гінің әрқайсысы тарту механизмі көмегімен үш цилиндрге қызмет көрсетеді.

СМД-14К, СМД-15К, СМД-18К және СМД-17Қ двигательдерінде орнатылған отын насосы плунжерінің диаметрі 9 мм (1972

121-сурет. Отын насосы:

1 — рейка; 2 — плунжердің серіппесі; 3 — гильза; 4 — плунжер; 5 — айдамалау клапанының ершігі; 6 — айдамалау клапанының серіппесі; 7 — қысу штуцері; — және 13 — отын ағатын каналдар; 9 —гильзаның өткізу тесігі 10 — айдамалау клапаны; 11— плунжер үсті кеңістігі; 12 — гильзаның ендіру тесігі; 14 — винт; 15 — майды (отынды) плунжер мен гнльза аралығына тарататын кертік; 16 — плунжер серіппесінің тәрелкесі; 17 — реттеуіш болт; 18 — қарсы гайка; 19 — итергіш; 20 — насос білігінің 22 жұдырықшасы; 21 — итергіштің ролигі.

122-сурет. Отын насосының плунжерлік жұбы:

23 — плунжердің осьтік каналы; 24 — тік ойық; 25 — плунже радиальды бұрғыланған тесігі; 27 — плунжердің айналма тетігі; 28 — плунжердің жетектемесі; 29 — иықтық; өзге белгі 121-сурет астындары сөздерде көрсетілген.

жылға дейінгілерде 8,5 мм болады), ал оның жүрісі 10 мм. СМД-64 двигателінде орнатылған насостың плунжерінің диаметрі 9 мм, ал оның жүрісі 8 мм.

Қатарлы насостың негізгі бөлшектері. Насоста мынандай негізгі бөлшектер бар: жұдырықшалы білігі және төрт итергіші бар корпус; төрт плунжері және айдамалау клапандары бар насостың қақпағы (басы), отын беруді реттеу механизмі, отын түтіктері. Плунжерлер жұбы айдамалау клапаны, итергіш және біліктің жұдырықшасы кейде өтын насосының секциясы деп аталатын жеке элемент құрайды. Плунжерлер жұбы мен ұясы бар айдамалауыш клапан пре-цизиялы (өте жоғары дәлдікпен жасалған) детальдарға жатады. Форсункада да прецизиялы детальдар жұбы — инесі бар тазартқыш болады. Бұл детальдар жұбы бір-біріне өте жоғары дәлдікпен үйлесімді түрде таңдалады және оларды бір-бірінен бөліп ажыратуға болмайды.

Плунжер жұбы және айдамалауыш клапан. Плунжер жұбы гильзадан және плунжерден құралған (121-сурет). Бұлар отын насосының негізгі жұмыстық детальдары. Гильза насостың қақпа-рьщда орналасқан және винтпен 14 бекітілген. Оның кертігінің астына мыс төсем салынған. Гильзада бүйірлік екі тесік — ендіру 12 және өткізу тесіктері бар (122-сурет). Плунжердің жоғарғы бөлігінде айналма кертік 27 және онымен байланысқан тік ойық 24 жасалған. Осы ойықтың тілігі деп аталатын винттік жиегі 26 отынның берілуін өзгертуге арналған. Бүған қоса, осы түста екі тесік: плунжерлік кеңістікті 11(121-сурет) кертік 27 (122-сурет) пен ойықты 24 жалғастыратын осьтік 23 және радиалды 25 тесіктер бұрғыланған. Плунжердің төменгі бөлігінде оны гильза ішінде біршама бұруға арналған жетектеме 28бекітілген. Осының көме-гімен тілік жиек 26 өткізу тесігін ашатын кезеңді өзгертуге бола-ДЫ. Осы кезде отынның форсункаға берілуі тыйылады (отынның берілуі кенет тоқталады).

Серіппенің көмегімен плунжер (121-сурет) төменгі ұшымен реттеуіш болтқа 17 қысылған. Онын итергіштік 19 қалпын өзгер-туге болады. Болттың қажетті қалпы қарсы гайкамен 18 бекітіледі. Болт 17 отынньщ берілу кезеңін реттеуге мүмкіндік жасайды. Плунжер енгізу тесігін ертерек бітеу үшін, болтты бұрап шығару керек, ал шіунжер оны кешеуілдетіп бітеуі үшін бұрап кіргізу

керек.

Серіппенің тәрелкесі 16 (121-сурет) плунжердің иығына 2і (122-сурет) тіреледі. Плунжерлік жұптьщ детальдары қақпақтг планка және серіппелер сақиналарымен ұстатылады. Бүл олардь насостың қақпағынан ажыратып алғанда немесе оған қайта орнатқанда түсіп кетуден сақтандырады.

Гильзаның жоғарғы жағына айдамалауыш клапаны 10 бар ер-

шік 5 орнатылған (121-сурет). Серіппе клапанды, ұяны және

гильзаны бір-біріне қысатын, соның нәтижесінде гильзаны насос-

тын, қақпағына қысатын штуцермен 7 тартылады.

Цилиндрге берілетін отынның мөлшері двигательдің жүктелуі-

не байланысты болуы керек. Сондықтан насоста отынның берілуін

реттеуге арналған механизм бар. Оның құрылысы мынандай. Рей-

каны белгілі бір шекте көлденең бағытта (ойық пен винт оның

айналып, кетуіне мүмкіндік бермейді) қозғауға болады. Рейкаға

әрқайсысы сәйкес жетектемемен 28 жалғасқан төрт қамыт бекі-

тілген (122-сурте). Рейка қозғалғанда барлық плунжер бір мезгіл-

де бұрылады, олай болса, барлық секцияларға отынның берілуін

бір мезгілде өзгертеді. Насос барлық цилиндрлерге бірдей мөл-

шерде отын беруі қажет. Егер секцияның біреуі дұрыс жұмыс істе-

месе, онда оны былай реттейді: осы секцияның жетектемесіме

байланысқан қамытты рейкаға жаңа жағдайға сәйкес бекітеді.

Отын насосының әрекеті. Жұдырықшалар итергіштің роликте-ріне жанасқанда плунжерді жоғары жылжытады. Жұдырықшала итергіштен- асып түскенде серіппелер плунжерді төмен қозғайды

Насос қақпағыньщ П тәрізді каналдарына 8, 13 айдамалауыш помпа сүзгі арқылы үздіксіз отын айдайды (123-сурет). Клапа 30 0,4—0,6 кгс/см2 (40—60 кПа) қысымға реттелген. Артық отын үнемі осы клапан арқылы шығарылады, бұл отын түтікшемен пом паға қайтып келеді. Осылайша айналыс жасау себепті отынмеі бірге-айдалған ауа П тәрізді каналда жинақталмайды.

Плунжер төмен қарай қозғалып тесікті 12 ашқан кезде (121-су рет), отын П тәрізді каналдан оған қарай ағады да плунжердіі жоғарғы жағындағы кеңістікті 11 толтырады. Бұл — сормалау жү -рісі. Осыдан кейін плунжер жоғары қарай жылжи бастайды. Ал рашқыда ол отынның бір жартысын тесік 12 бітелгенше одан ай ^дап шығады. Осыдан соң отынға үлкен қысым түседі, бұл қысым айдамалау клапанына беріледі. Осы клапан серіппені сығады және штуцер 7 мен форсункаға жалғасқан жоғары қысымды тү тікпен отын өткізеді. Бұл — айдамалау жүрісі. Осы жүріс өткіз тесігін 9 жиек 26 (122-сурет), ашқанға дейін жалғасады. Тесік бітелісімен, плунжер үсті кеңістігінен отын бірден тесіктер 23, 2 (122-сурет), ойық 24, айналма кертік 27 және тесік арқылы ка-

123-сурет. Отын насосының детальдары:

30 — өткізу клапаны; 31 — айдамалау клапанының бәсеңдету белдеуі; өзге белгілер 121 сурет астындағы сөздерде көрсетілген.

налға (121-сурет) қарай бет алады. Осы кезде плунжер үстіндегі қысым мүлдем төмендейді, осының нәтижесінде серіппе клапанды қайтадан ұясына қысады. Сол кезде клапанның бәсеңдету белдеуі 31 әрекет етеді (123-сурет). Белдеу ұяға ене бастаған алғашқы кезеңде, ол тек қана плунжер үсті кеңістігін жоғары қысымды отын түтігінен ажыратады. Клапан ұяға толықтай түскен кезде, белдеу поршень секілді әсер етіп отынның отын түтігіндегі бір бөлігін тез сорып алады. Ондағы қысым кенет кемиді. Отынның берілуінің кенет тоқтатылуы себепті ине тозаңдатқыштың ершігіне лезде жанасады, осының нәтижесінде форсунканың соплосынан отынның ағуынан сақтануға болады.

Айдамалау жүрісі жиек 26 (122-сурет) өткізу тесігін ашқанға дейін созылады. Егер насостың рейкасы плунжер сағат тілінің айналу бағытында (егер оған үстінен қарағанда) бұралатындай болып жылжытылса, онда оның тілік жиегі өткізу тесігін кешеуіл-детіп ашады. Осының нәтижесінде отынның берілуі артады. Егер рейка қарама қарсы жаққа жылжытылатын болса, онда керісінше нәтиже шығады. Плунжер ойығының 24 барынша биік учаскесін тесікпен 9 дәл келтірсе мына төмендегі жағдай болады: тілік жиек өткізу тесігінен бір бүйірге ығысқан және оны үнемі бітемейді; плунжердің айдамалау жүрісі кезінде отын плунжердің үстіңгі кеңістігінен каналға толықтай ағады; басқаша айтқанда, насос жұмыс істеп тұрғанда отынның берілуі тоқталады.

Гильза мен плунжер өздерінің аралығынан шығатын отынмен марланады. Кертік 15 отынның үйлесуші беттер аралығына жай луына, яғни олардың майлануына мүмкіндік береді..

Отын насосының жетегі. Отын насосы двигательдің шестернялар картері фланеціне плитамен 5 бекітілген (124-сурет). Насос тың корпусына оның жетегінің шестернясының күпшегіне орналасқан бекіту фланеці қосылған. Насостың білігіне жырашықты втулка бекітілген, ал шестерняға жырашықты фланец жалғасқан. Втулка фланец жырашығымен ілініскен. Осы деталдардың әрқайсысында бір-бірден “соқыр” жырашық бар, сондықтан олар белгілі бір қалыпта ғана бір-бірімен жалғаса алады.

Фланецке 1 екі таңба — Н және Т, ал шестерня күпшегіне Б белгісі салынған. Н және Т белгілерінің маңызы жайлы 48-пара-графта айтылған. Насосты орнатқан кезде двигатель маркасына сәйкес Б таңбасын фланецтегі екі таңбаның (Н немесе Т) біреуімен дәлдестіреді. Мысалы 1700 айналыс/минут жасайтын двига-тельдерде форсунка отынды кұйынды камераға иінді білік сығу тактісіне жоғарғы өлі нүктеге дейін 8—10° жетпеген кезде бүркуге тиіс. Сол кезде двигательдің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жа-салады. Форсунканың бүркуі кезінде осындай озу бұрыштарын қамтамасыз ету үшін, насос отынды 18—20°-тан артық озу бұры- шымен беруі тиіс.

Отындық берілу кезеңінен бүрку кезеңінің кешеуілдеуі бірқатар себептермен түеіндіріледі (отынньщ сызылғыштығымен, отын жүретін тетіктердің көлемдерінің ұлғаюымен және басқалармен)

124-сурет. Отын насосының жетегі:

1 — жырашықты фланец; 2 — насос жетегінің шестернясы; 3 — фланецтің шестерняға 2 бекітілу болты; 4 — жырашықты фланец; 5 — насосты бекіту плитасы; 6 — орнату фланеці.

Фланецтегі Т белгісі шестернялар күпшегіндегі Б белгісімен дәл келгенде жоғарыдағы озу бұрышы қамтамасыз етіледі. 1900 айналыс/минут жасайтын двигательдер үшін отыннын, берілуінің озу бұрышы 26—28° болуы қажет. Бұл бұрышты Б және Н таңба-ларына дәл келтіру арқылы жасауға болады.

Жетек механизміндегі арнаулы құрылғы отынның берілуінің озу бұрышының дәл реттелуіне мүмкіндік жасайды. Бұл былайша іске асырылады. Фланец 1 шестернямен екі болт арқылы бай-ланысқан. Фланецте және шестерняның күпшегінде осылай бекіту-ге арналған он алты тесік (екі тесіктің орнына) тесілген, бұлардың фланецтегі аралықтары 21°, ал шестерняда — 22° 30′. Фланецтегі белгілердің тұсында плюс таңбасы (озуды арттыру) және минус таңбасы (озуды кеміту) бар стрелкалар салынған. Егер болттар бұрап шығарылса, фланец шестерняға қатысты оңға (плюс таңбасы бағытына) бір тесікке бұрылса және олар болттармен қайтадан байланыстырылса, онда озу бұрышы жұдырықша білігінің ГЗО’ бұрылуындай немесе иінді біліктің 3°-қа бұрылуындай артады. Болттарды келесі жұп тесіктерге алмастырып салу озу бұрышын иінді біліктің 30° бұрылысына өзгертеді.

Насосты двигательден бөліп алған кезде шестерняның орна-тылу қалпы бұрынғысынша қалады, себебі шестерня фланецпен бірге өз орнында қалады, оны арнаулы фланец ұстап тұрады. На-состы қайтадан өз орнына қойғанда, фланецтің “соқыр” жыра-шығы және втулка оның дұрыс орналасуына мүмкіндік жасайды.

Форсункалар туралы жалпы мәліметтер. Форсункалар тозаң-датқышының құрылысы бойынша бір тесікті және көп тесікті бо-лып бөлінеді. СМД-14К, СМД-15К, СМД-18К және СМД-17К дви-гательдерінде бір тесікті ФШ-6205 жабық штифті форсункалар қолданылған. СМД-64 двигателінде бірақ төрт тесікті тозаңдат-қышы бар ФД-22 форсункасы орнатылған.

ФШ-6205 форсункасының құрылысы. Насостан шыққан отын цилиндрдің қақпағында орналасқан форсункаға белгілі бір мөл-шермен келеді. Форсунканың тозаңдатқышы құйынды камераға 10 кірер жерде орналасқагі (114-сурет).

Бір-біріне дәл жымдасқан және мұқият үйкеліскен тозаңдатқыш пен ине 16 фррсунканың ең негізгі жауапты детальдары болып табылады. Оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Бүл детальдар форсунканың корпусына бұралып кіргізілген гайканың 14 ішінде жинастырылған. Гайка тозаңдатқышты корпусқа нығыздап қысады. Ине 0,35—0,40 мм көтеріле алады.

Штанга 3, серіппе 7 және стаканға бұрап кіргізілген винтпен ине тозаңдатқыштың ершігінё сығылады. Осы стакан өз кезегінде форсунканың корпусына бұрап кіргізілген. Серіппенің созылуын винтпен 9реттейді, мүнымен бірге ол бекітілген қалпында қарсы гайкамен 10 бекітіледі. Винт қалпақшамен 11 жабылған. Сақина

125-сурет. Форсункаг

1 — тозаңдатқыш; — тозаңдатқыштағы камера; — штанга; 4, 5 және 15 — отын келетін каналдар; 6 — форсунканың корпусы; 7 — серіппе; 8 — серіппе стаканы; 9 — реттеуіш винт; 10 — гайка; // — қалпақ; 12 — сүзіліп шыққан отынды әкететін тесік; 13 — тозақдатқыштың сақиналық ойығы 14 — тозаңдатқыштың инесі; 17 және 18 — иненің конусы; 19 — тозақдатқыш тесігінің конустық қабырғасы; 20 —иненің нырыздауыш корпусы; 21 — ине ұшынық кері корпусы.

ойық 13 көлбеу үш канал 15 арқылы камерамен байланысқан. Тозаңдат-қыштын, төмен жағында тесік бар. Оның конустық қабырғасы 19 иненің ныуғыздауыш конусы 20 үшін ершік болып табылады. Тозаңдатқыш тесігінің төмен жағы цилиндрлік белдеумен бітеді.

Форсунка төмендегіше әрекет жасайды. Насостан шыққан отын жоғары қысымды түтік, каналдар 5, 4, ойық 13 және канал 15 арқылы камераға қүйылады. Насос плунжерінің айдамалау жүрісі кезінде камерадағы отынның қысымы артады (125 кгк/см2-қа, яғни 12,5 МПа-ға). Қысым конустарға 17, 18 әсер етіп серіппенің кедергісін жеңіп, инені 16 0,35—0,40 мм көтереді. Сол кезде тозаңдатқыштың шығару тесігі мен иненің штивті аралығында жіңішке сақиналы саңылау пайда болады. Отын осы саңылау арқылы үлкен жылдамдықпен шапшып шығып, конус тәрізді ағын түрінде құйынды камераға құйылады. Бұл қүйылу насостың форсункаға отынды беруі тоқтағанша созылады. Насостан отынның берілуі кенет тоқталады (бұған айдамалау клапанының бәсеңдету белдеуі жәрдемдеседі). Отынның берілуі тыйылған кезде камерадағы қысым кенет төмендейді де серіппенің әсерінен ине бастапқы қалпына тез қайтып келеді. Тозаңдатқыштың шығару тесігін кенет бітеу одан тозаңданбаған отын тамшыларының ағып кетуіне жол бермейді.

Ине мен тозаңдатқыштың аралығынан, сондай-ақ тозаңдатқыш пен корпус аралығынан отынның сүзіліп ағуы мүмкін. Бұл жағдайда ол тесік 12 арқылы арнайы тесікке ағызылады.

Қоректендіру жүйесінде насосты форсункалармен байланысты-ратын жоғары қысымды түтіктер бар. Қалған түтіктер — төменгі кысымды. Әдетте жоғары қысымды түтіктің сыртқы диаметрі 7 мм-ге, ал ішкісі — 2 мм-ге тең. Төменгі қысымды түтіктерде бұл өлшемдер сәйкес түрде 10 мм-ге және 8 мм-ге тең. Жоғарғы қы-сымды түтіктің ұшы конусқа кигізілген. Насостың және форсунка-ның штуцерлеріне түтіктердің конустары соғылатын конустық ұялар бар. Оларды қосымша гайкамен қысып тартқанда қажетті тығыз байланыс пайда болады. Осы ұялар мен түтіктердің конустық ұштарының беттерінде зақымдар болмауы керек; бұлай болмаған жағдайда байланыстардың тығыздығы бұзылады. Бұл беттерді зақымдалудан қорғау үшін, мына ережелерді сақтау керек: егер отын жүретін түтік алынатын болса, онда қосымша гайкаға қорғауыш тығын кигізеді, ал насостық штуцерлердің және форсун-калардың тесіктері қалпақшалармен жабылады. Бұлай істеу на-состы да, форсункалар мен отын жүретін түтіктерді де ластанып бітеліп қалудан сақтайды. Егер двигательден форсункалар алына-тын болса, онда бүркігіштің сорайып шығып тұратын ұшына қалпақ кигізіледі.

Читайте также: