Орфоэпия туралы

Орфоэпия туралы
Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (орфос — гректің дұрыс, түзу және эпос — сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады. Сөздер мен сөз тіркесінін айтылуы мен жазылуы әрдайым бірдей бола бермейді.

Мысалы, барған, балалар, алтын сағат, жастар бригадасы сияқты сөздер мен сөз тіркестері бірдей айтылады және жазылады. Ал, ішсе, сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, көз салды сияқты сөздер мен тіркестер осылай жазылса да, іш-ше, сем-бе, ағ ешкі, сақ пол, құлұн, өрүк, көс салды болып айтылады. Сөздердің орфоэпиялық нормалары орфоэпиялық сөздіктерде көрсетіліп отырады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *