Орфография туралы

Орфография туралы
Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос — дұрыс, түзу және графия — жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.

Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, к,ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары — жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылса да, фонетикалык және дәстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің ресми бекітілген «Орфографиялық (емле) ережелері» мен — орфографиялық сөздіктері белгілеп отырады. Орфографиялық ережелерді Қазақстан республикасының Жоғаргы Кеңесі бекітеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *