Опциондар

Опциондар. Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды.

Контрактны сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.
Сатып алу опционы кез келген контрактідегі мерзімде, контрактіде көрсетілген акциялар санын белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді.
Екі жағдайда да опционды сатып алушы төлейтін сыйақы мөлшері әр түрлі себептерге байланысты келеді, соның ішінде сол акциялардың бағалы қағаздар нарығындағы жағдайы, опционның ерекшеліктері, опциондық контрактінің қызмет ету мерзімі, ең соңында опциондық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың шекті қатынасы әдетте сыйақы бір акцияға есептеліп көрсетіледі. Қалыпты жағдайда контрактінің мерзімінің ұлғаюымен байланысты сыйақы мөлшері де ұлғая түседі, бірақта тікелей қатынастағы тәуелділік болмайды.
Опционды сатып алушы мен сатушының өздеріне алған міндеттемелері де бірдей емес: егер сатып алушы уақтылы сыйақы төлеуді міндеттемесі ретінде санаса, ал сатушы ақ-шалай қаражаттары немесе бағалы қағаздарының кепілі түрінде, өз міндеттемелерін орындауға белгілі бір кепілдеме беруге тиіс. Ондай кепілді салу және оның мөлшері нарық экономикасы дамыған барлық елдер үшін іс жүзінде ортақ жүйемен реттеледі.
Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне бай-ланысты екі типке бөлінеді: еуропалық, американдық.
Еуропалық опцион — келісілген уәде бойынша алдағы
күнде орындауға жіберілетін опцион.
Американдық опцион — келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез келген уақытта да орындалуға жіберілетін опцион.
Опциондар өздерінің қызмет ету уақытында қайта сатылу негізінде иеленушілерін бірнеше рет ауыстырады. Бұл жерде қайта сату барысындағы баға опционның қызмет ету мерзіміне таянған сайын төмендеп отырады. Опциондармен жасалатын мәмілелер биржалық залдың бір немесе бірнеше секцияларында жүргізіледі.
Опциондармен сауда «еркін айқай» әдісімен жүзеге аса-ды. Іс жүзівде бұл келесідей түрде жүргізіледі. Сауда әреке-тімен реттеуші жетекшілік етеді. Оның жан-жағына брокер-лер мен дилерлер жиналады. Реттеуші әдетте бір акция түрімен жұмыс істейді. Ол сауда күнінің ашылуына баға белгілей отырып, сауда күнінің жабылуына қарай бағаны нақтылайды, топ арасынан сатып алу және сату бүйрық-тарын тіркейді, нарық жағдайы туралы ақпараттар береді және т.б. Брокерлер мен дилерлер биржаның мүшесі арнайы фирма өкілдері болып табылады.
Опциондармен жасалатын сауда екі бағытта жүзеге аса-ды: «қоғамдық бүйрықтарға» ңегізделген мәмілелерде брокерлік-дилерлік фирмалардың мүдделері есебінен жүргізілетін мамілелерде. Бірінші категория клиенттерге қызмет көрсетеді, яғни опциондарды сатып алу немесе сату барысында брокерлік қызметтті қажет ететін жеке және занды тұлғаларға арналады. Бұл мәмілелер делдалдық фирмалардың ісінде төленеді. Екінші жағдайда, фирма өзінің ақшаларын жүмсай отырып пайда табады немесе өзінің есебінен зиян шегеді. Бұл жерде брокерлік және дилерлік қызметтің арасындағы айырмашылық байқалады.
Опционды сауда процедурасы әрбір серияда сатушы-лардың сұранысы мен сатып алушылардың ұсыныс сыйақы-сының мөлшерін (ротация) анықтаудан басталады. Реттеуші барлық кластар анықталғанша сериялардан туындайтын мәмілелерге қол жеткізеді. Дилерлік мәртебесі бар әрбір биржашы алмастыруға күннің басында ғана емес, сондай-ақ қосымша алмастырулар қажет болған жағдайда қатынасуға тиісті. Алмастыру уақытында қандай да бір сериялар бойынша мәмілелерге байланысты
ұсыныстарға тыйым салынады.
Ертеңгілік алмастыру биржаның жұмысының басталуы-нан біршама кешігеді. Осы аралықта биржашылар барлық класс серияларының брокерлік және дилерлік желі бойынша сатып алу және сату өтініштерін жасай алады. Сөйтіп, әр серияда сатып алушылар мен сатушылардың ұсынысы жинақталады. Олармен бірге алдыңғы сауда күніндегі ұсыныстар да қамтылады.
Алмастыруды бастағаннан кейін реттеуші, сауда күнінің басындағы баға белгіленімін құрайтын сұраныстың ең жоғары бағасын және ұсыныстың ең төменгі бағасын хабарлайды. Биржашылар хабарлаған баға белгіленімінің ұсыныс бағасымен жақындығына көңіл аударады. Сонымен қатар, кейбір брокерлер өз клиенттерінің «ең жақсы баға бойынша» ойнау туралы бұйрығын ескере отырып, варианттардың ішіндегі ең жақсысы бойынша мәмілелерді жүзеге асыруға тиіс, яғни төменгі бағада сатып алып немесе ең жоғары бағада сату.
Серияның бірінші мәмілесі өткеннен кейін, реттеуші бар-лығына бірдей осы бағада басқа мәмілелерді жасауға мүм-кіндік береді және келесі серияға өтеді және т.б. Алмас-тыруды аяқтағаннан кейін биржалық мәміле мүшелері барлық серияларда сатып алу-сатуға деген ұсыныстарын жасайды. Мұндай да белгілі бір регламент әрекет етеді.
1. Егер биржашының опцион сатып алғасы
немесе сатқысы келетін бағасы реттеушінің өтінішіне
сәйкес келмесе, дилерлер қарсы ұсыныс жасай
алады. Бұл жағдайда, реттеуші арқылы рәсімделетін,
биржашылар арасында сауда келісімі жүргізіледі.
2. Реттеушіге және бір-біріне жасалған үндеулер дауыс-
тап жасалады, себебі әр қайсысы кез келген жаңа
ұсынысты естуге тиіс.
3. Сатып алу және сату опционын бірдей бағада сатуға
екі бұйрықты алған брокер, әрқайсысын жеке-
жеке хабарлауға міндетті және егер екуіне де
ұсыныс болмаса, бұйрықты біріктіре отырып, мәмілені
жасай алады.
354 Ақша, несие, банктер
4. Брокер мәмілені өзінің фирмасы есебінен жүзеге
асыруға және сонымен бірге, клиенттен комиссиондық
ақы алуға құқығы жоқ, яғни ол, таза делдал ретінде
немеее мәмілеге мүдделі екінші жақ ретінде әрекет
етеді.
5. Егер брокер бір немесе бірнеше опциондарды сатып
алса (сатса), ол бірінші кезекте сол серияның опцион- дарын сатып алуға (сатуға) құқық алады. Басқаша айтқанда, мәмілені уақытша кімнің атына бекіту керектігіне мүмкіндік алады.
Опциондық кластагы сауданы жаңарту міндетті түрде алмастырудан басталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *