Несиенің құрылымы

Несиенің құрылымы. Несиенің мәнін ашу — бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын таңу болып табылады.

Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші колма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы — қарыз беруші, ал сатып алушы -борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастык мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор — саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
Кредитор — несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес оның шоттарында сақтаулы
тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымең кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да карызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді. Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы эквивалент төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату, тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы — несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды кайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы — бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш — міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар —өз еңбектерімен күн көруші ұсак шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы — ақсуйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын. орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор — қарызды беруші жақ, қарыз алушы — берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінін ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады.
Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы — анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай-ақ, несиелік катынастар кұрылымының элементі, яғни кредитордан карыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға карай кері козғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне карыздык кұн жатады. Ол кұннын ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы — оның авансылану сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) -қарыз алушылардың несиені алуы (НА) — несиені пайдалану (НП) — ресурстардың босауы (РБ) — уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) — несие формасында орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА).
Несиені орналастыру (НО) — оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес несие береді — қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз алушының несиені алуы (НА) қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынылғанын білдіреді. Несиені пайдалану процесінде (НП) берілу объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ) қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғышарт болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (НҚ) уақытша алынған құнның қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді. Несие қозғалысының соңғы сатысы — бұл уақытша пайдалануға берілген (ҚА) құнды кредитордың алу актісі болады.
Осылайша, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесінде біз бұл қозғалыстың барлық сатылары қарызға берілген құнның толық шеңбер айналымының бөліктері ретінде өзара байланыста және өзара шартты екенін көреміз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *