Микроорганизмдердің химиялық құрамы

Микроорганизмдердің химиялық құрамы. Тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдер басқа жануарлар сияқты қоректенеді, тыныс алады және көбейеді

Клеткаға келіп түскен қоректік заттар оньщ қабығын және цитоплазмасын құрауға және сонымен бірге энергия алуға жұмсалады. ‘Гіршілік әрекеті барысында микроорганизмдерде ассимиляция және диссимиляция процестері дамылсыз жүріп жатады.
Микробтар клеткасы негізінен судан және қүрғақ заттан түра-ды. Мүнда су мөлшері 75—85% болса, қүрғақ заттар үлесіне 25—15%-ті тиеді. Қүрғақ заттар деп отырғанымыз түрлі органикалық және минералдық қосылыстар. Су мен қүрғақ заттың мүндай арақатысы әр түрлі микроорганизмдерде түрліше болады.
Су—бактерия клеткаларының қүрамындағы негізгі заттардың бірі. Ылғалды жерде ғана клеткада ете күрделі химиялық процестер жүреді. Қоректік заттар сумен бірге клеткаға түссе, керексіз заттар сол су молекулаларына ілесіп тысқа бөлініп шығады. Микро-оргаыизмдердің құрғақ затында негізінен төрт элемент: көміртегі, азот, оттегі және сутегі бар. Бүл элементтер қүрғақ заттың 80—90%-тін алып жатады. Ал қалғандары: фосфор, күкірт, калий, кальций, магний, темір, натрий, хлор, марганец және басқалары. Негізгі төрт элементтердің аракатысын мына деректерден байқау-ға болады (3-таблица).
Құрғақ заттың ең негізгі бәлігі — белок заттары. Оның мөлшері қүұрғақ заттың 80%-не тең. Қоректік орта азотты заттарға бай болғанда бактериялар клеткасындағы белокта едәуір мөлшерге артады.
Негізгі элементтердің микробтар клеткасындағы мөлшері
(құрғақ затқа шаққанда, % есебімен)
Зерттеулерге қарағанда микробтар белогында өсімдіктер мен жануарлар белоктарында болатын амин қышқылдарының барлығы дерлік кездеседі. Бірақ та әр түрлі бактерияларда амиы қышкыл-дарының саны мен сапасы бірдей бола бермейді.
Негізінен микробтар клеткасында жай (протеиндер) және күр-делі (протеидтер) белоктар бар. Жай белоктардағы амин қышқылдары сапасы жағынан жоғары сатыдағы организмдердің амин қышқылдарына өте ұқсас. Микробтар тіршілігінде күрделі белоктардың алатын орны ерекше. Оның қүрамында белоктар мен нуклеин қышқылдарынан түратын нуклеопротеидтер бар. Олардың микроорганизмдер өскенде, көбейгенде зор маңызы болады.
Кейбір микроорганизмдерде кездесетіи қор заты — волютин қүрамында да осы нуклеопротеидтер бар.
Әр түрлі бактерияларда нуклеин қышқылының мөлшері де түр-ліще және ол қүрғақ затқа шаққанда 10—28% шамасында болады. Нуклеин қышкылдары негізіиен екі түрлі: олар РНК, ДНК. РНК көбінесе протоплазмада кездеседі де, белокты синтездеуде актив қатысады және тұқым қуалаушылық қасиетін езінде сақтайтын химиялық қосылыс — ДНК-ның қызметіне кәмектеседі.
Басқа күрделі белоктардан бактериялар клеткасында глюко-протеидтер, липопротеидтер, хромопротеидтер және кептеген ферменттер кездеседі.
Микроорганизмдер денесінде углеводтар негізінен полисахарид-тер: гликоген, крахмал және клетчатка күйінде кездеседі. Әсіресе полисахаридтер клетка сыртында капсуласы бар, азотобактер т. б.сияқты микроорганизмдерде көбірек болады. Құрғақ затқа шаққан-да бактериялардағы углеводтар мөлшері 30%-ке дейін, ал саңырау-құлақтарда 60%-ке дейін барады. Углеводтар клетка қабығын құрауда және тіршілікке қажетті энергиямен қамтамасыз етуде маңызы зор. Сонымен бірге олар белок пен майларды түзуге активті қатысады.
Май және май тектес заттар негізінен бактерия клеткаларының қабығында және цитоплазманың бетінде кездеседі. Май тектес заттар клетканың құрғақ затында 3—7% шамасында болады. Ашытқы саңырауқұлақтар денесіндегі май тектес заттардың мөлшері 60%-тей.
Сонымен қатар бактерия клеткаларында минерал заттар да бар. Олар бактериялардың тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Мәселен, фосфор клеткадағы нуклепротеидке және май тектес заттардың құрамына енсе, күкірт — кейбір амин қышқылдарын, калий — белок пен углеводтарды түзуге қатысады, темірдің тотығу және тотықсыздану реакциясында маңызы зор және кейбір ферменттердің құрамына енеді. Микроэлементтер ферменттер мен витамиңдер құрамына кіреді және белок түзілу процесіне де белсе-не қатысады.
Клеткадағы белоктар, углеводтар және майлардың мөлшері бактериялардың түріне және олардың қоректену тәсіліне тікелей байланысты. Мәселен, темір бактерияларында басқаларына қарағанда темір, күкірт бактерияларында — күкірт, теңіз микроорганизмдерінде — натрий мен хлор көбірек кездеседі. Сондықтан бүл микроорганизмдерді өсіргенде, олардың ортаға қоятын талабын ескеру қажет.
Микроорганизмдердің химиялық құрамын білудің іс жүзінде зор маңызы бар. Өйткені қандай да болмасын микробтың ортада белокты және майды көп түзетінін білу арқылы оларды өз мақсатымызға бейімдеуге болады. Мәселен, торула утилис дегең ашытқы саңырауқұлақ мал азықтық сірнеге (мелясса) аммиак түзы қосылғанда ғана жақсы көбейеді де, сөйтіп, ортада белоктьщ көбірек жиналуына себепші болады. Бұл микроб қоректік зат жеткілікті болғанда сыйымдылығы 500 гекталитр болатын заводтағы ыдыстар-да 8 сағат ішінде 350 /сг-ға дейін белок түзе алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *