Микробиология

Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте’ ұксас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал, ферменттер мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресуде, шырынды азық—сүрлем даярлауда кеңінен қолданылады.
Топырақта жүріп жататын негізгі биологиялык процестер, топырақтың құнарлылығы, оның сапасы мен құралуы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты. Микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі жақсарады, сөйтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микрооранизмдердің тіршілігінің нәтйжесінде топырақта азот, көміртегі және фосфор элементтерінің көбеюіне мүмкіндік туады.
Микроорганизмдерді барлық судан да кездестіредаіз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста, қшектік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатынауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған.
Жалпы микрооргонизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан ‘зор. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады.
Жанар қазба байлықтар — шымтезек, тас көмір, мұнай сияқты заттардың түзілуі де микроорганизмдердің әрекеті нәтижесінде болатыны анықталды.
Сонымен табиғатта микроорганизмдердің көмегімен заттардың күрделі айналымы жүріп жатады.
‘ Микробиология — микоорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың вегізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері — ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар. тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорга-низмдердің әсерінен болады.
-. КПСС XXV съезінің СССР-де халық шаруашылығын дамытудың X бесжылдықтағы жоспарында микробиология өнеркәсібін жедел дамыту міндеті қойылған.
Микробиология өнеркәсібінің негізгі мақсаты — халық шаруашылығын мал азықтық белоктар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, бактериялы тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға қажетті препараттар және басқа да микробтық өнімдермен қамтамасыз ету.
Айта кететін жай кейбір заттарды (Віг витамині, ферменттер, кейбір алмастырылмайтын амин қышқылдарын) тек қана микро биологиялық жолмен алады, олар химиялық тәсілмен әзір өндірілмейді. Ал, бұл заттарды рационға қосса малдан, құстан қосымша көптеген өнім алуға болады.
Өсімдіктерді микробиологиялық жолмен қорғау әдісін шаруашылыққа кеңінен енгізу, егісті түрлі зиянкестер мен аурулардан сақтауға, сөйтіп, елімізде овощтардан, жемістердең, мақтадан және басқа да дақылдардан мыңдаған тонна қосымша өнім алуға жол ашылды. Осыған байланысты қазіргі кезде қолданылып жүрген көптеген улы химикаттарды келешекте пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік туады.
Қазір микробиологиялық жолмен алынатын ферменттер етсүт, тамақ пен жеңіл өнеркәсіптерде, медицина, химия өнеркәсіптерінде және ауыл шаруашылығында қолданылады. Сондай-ақ біздің елімізбен қатар микробтық ферменттерді қолдану шетелдерде: Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарында, Англияда, Чехословакияда, Голландияда және Федеративтік Германия республикасында кеңінен етек алып отыр.
Осы жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше көңіл бөлдік, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяндауға тырыстық.
Микроорганизмдер адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне зиянды әсерлерін тигізетіні де мәлім. Қазіргі кезде олардың әсерінен болатын аса қауіпті аурулар белгілі болып, олармен дәйекті күресу шаралары белгіленіп отыр. Бұларға қарсы күресуде басқа микробтардан алынатын антибиотиктерді, емдік вакцина, сывороткаларды қолдану жақсы нәтиже беріп отыр. Көптеген дәрі-дәрмек өнеркәсібінің фабрикалары осы антибиотиктерді және басқа да емдік препараттарды өндіреді.
XX ғасырдың езінде микробиологиядан ғылымның жаңа саласы — вирусология бөлініп шықты. Ол орыс оқымыстысы Д. И. Ивановскийдің 1892 жылы ашқан вирустар әлемін зерттейді. Құтыру, қызылша, шешек, полиомиелит сияқты аса қауіпті ауруларды қоздырушылар өте майда вирустар екені белгілі болды. Оларды егжейтегжейіне жете зерттеу біздің ғасырымыздың 40-шы жылдарында құрастырылған электронды микроскоптар көмегімен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар микробиологияның отан қорғау жөнінде де алатын орны ерекше. Дүние жүзілік үстемдікке құмар империалистер көздеген мақсаттарына жетуге барлық айлаамалдарын қолданудан бас тартпайды. Мұны тарих көрсетіп отыр.
Қазір кейбір капиталистік мемлекеттер микроорганизмдердің адам мен жануарлардың өміріне қауіпті аурулардың тууына себепші болатын әрекеттерін соғыс мақсатына пайдалануды кездеп отыр. Олар антибиотиктердің өзі қарсы тура алмайтын микро Организмдердің қасиеттерін күшейтіп, оны әр түрлі жәндіктерге (маса, сона, шіркей, шыбын, бүрге т. б.) жүқтырып, қолданбақ. Өйткені мұндай жәндіктер жұқпалы ауруларды селолар мен қалаларға тез таратып, жаппай қырғынға ұшырау қаупін тудырады. Ол үшін микроорганизмдерді жан-жақты зерттеп, жете талдау керек. Сонда ғана олардың қауіпті әрекеттерін біліп қана қоймай, нақты күрес шараларын белгілеп, келтіретін пайдасын да білуімізге мүмкіндік болады.
Оқулықтың негізгі мақсаты — микроорганизмдердің табиғаттағы әрекеттерін баяндау. Соңдықтан мүнда микробиологияның басқа салалары (медициналық, санитариялық, ветеринариялық т. б.) жеке қарастырылмайды.
Кітаптың мазмүны және тиісті материалдардың дұрыс қамтылуы жөнінде пікір айтып, кемшіліктерін көрсетіп, пайдалы кеңес берушілерге авторлар алдын ала шын жүректен алғыс айтады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *