Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұкымдасы

Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұкымдасы
Дүние жүзі бойынша 23 туысы, 230-дай түрлері бар. Негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарыңда өседі, әсіресе Гималай тауларында, Шығыс Азияда және Солтүстік Америкада көптеп кездеседі.
Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский) — биіктігі 15—30 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Жіңішке, ұзын, тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу) болады, олар тамырына жақын орналасады (прикорневые) жөне пленка тірізді қынапша жапырақшыларымен қоршалып тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, сопақшаланцет төрізді, екі жүйкелі болып келеді және сабақты сыртынан түгелімен жауып тұрады. Көкек, мамыр айларында гүлдейді. Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) ұзын болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын гүлшоғырымен аяқталады. Гүлдерінің саны 6-дан 20-ға дейін болады, олар қоңырау формалы,
Гүлдерінің формуласы.
Жемісі қызғылт-сары түсті, шырыңды, шар формалы, үш дәні бар жңцек. Улы өсімдік. БОР-дың Европалық бөлігінің барлығыңда, Кавказда, Шығыс Сібірдің ормандарында өседі. Бұл түр Қазақстанның таулы аймақтарыңда кездеседі. Дәрілік өсімдік. Гүлдері мен жапырақтарында жүрекке қолданылатьш глюкозид конваллотоксин және іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын глюкозид конвалларин болады. Оларды қайнатып медицинада түнбасын пайдалынады. Жаңа жиналған гүлдерін парфюмерия өндірісіңде иіс сулар (духи) жасауға пайдаланады. Мәдени жағдайға ендірілген сәңдік өсімдік ретіңце парктерде өсіріледі.
Кіырлышөп туысы (купена, или соломонова печать). Ормаңды, жартылай орманды және шөлейт зоналарда өседі. Біршама жуан тамырсабағы болады, жылма-жыл одан жапырағы мен гүлі бар өркендер кетеді. Қысқа қарай өсімдіктің жер беті бөлігі өлген кезде, тамырсабақта олардың іздері қалып отырады. Жидектері қанықтау-көкшіл түсті болады.
Майсаумалық, крсжапыращпы крянжем (майник двулистый) меруерггүлмен бір мезгілде гүлдейтін, кішкентай орман өсімдігі. Ақ түсті, жүпар иісті, ұсақ гүлдері, екі мүшелі типпен орналасқан, шашақ түзеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *