Мектептің , отбасының және қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерін кіріктіру Мектептің, отбасының және қоғамның психологиялық-педагогикалық өзара әрекет ету проблемалары.

Қоғамдық-отбасылық қатынастардың жалпы бағыттылығын айқынду мен үйлестіру тек әлеуметтік-экономикалық емес, ең алдымен үлкен маңызы бар психологиялық-педагогикалық проблема, өйткені жасөспірім ұрпақтың ізгілік-адамгершілік денсаулығы — бүкіл қоғамның қомқорлығында.

Қазақстан әрқашан кіріктіру үрдістерінің жолында болды және солай бола береді. Бұл жөнінде нарықтық экономиканың шындығына орай “Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамасында” (1997) барынша анық айтылған: “Орта білім берудің жүйелі реформасын жеделдете жүргізу

үшін, Қазақстан қоғамының түрлі топтарының шығармашылық күш-жігерін іске қосып, оларды жаңа тұрпатты ұйымға біріктіру қажет. Болашақта бұл үшін еліміздің Педагогикалық Парламенті болуға тиіс”.

Сонымен, тәрбиенің қоғамдық институты ретінде мектепке диагностикалық, үйлестірушілік, кіріктірушілік және бағыттаушылық рөлі беріледі. Оқушының тұрмыста, үйде, жақын айналасында қалай тұратынын терең және жан-жақты білуді, осы заманғы отбасылық тәрбие мәселелерінде жақсы бағдар алуды, отбасының, мектептің, қоғамның өзара әрекетін тиімді ұйымдастыра білуді, т. б. мұғалімнен ерекше талап етіледі.

Тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алатыны белгілі. Отбасы одан әрі де адамның жеке басының негізгі салаларын қалыптастырудың барынша маңызды ортасы болып қала береді.

Бірақ осы заманғы қоғамда отбасына деген көзқарастарда өте маңызды өзгерістер бодцы. Нарықтық қатынастар экономикалық фактордың (материалдық қолайсыздық) мәнін күшейтті, бұл педагогтардың бүкіл қызметінің тұлғалық-педагогикалык, әсерлілік-адамгершілік факторына қайта бағдар жасау керектігін енгізді. Бұл күнде отбасы психологиялық қорғаудың және онды әсерленушілікті қалыптастырудың қайнар көзі деген көзқарас бұзыдды. Сонымен қатар әр адамның жеке басының бақытын қамтамасыз ету отбасының міндеті болып саналады. Пәрменді өзара көмектен отбасылық өзара қарым-қатынастардан шығатын және әлеуметтік құндылықтар болып табылатын мақсаттарды жүзеге асыру, жас үрпақты өсіру және тәрбиелеу бұрынғысынша отбасының жауапкершілігінде қалады.

Отбасы мүшелерінің отбасылық міндеттерді бөлісуінің қажет-тілігіне байланысты отбасы өмірінің түрлі саласындағы: шаруа-шылық-тұрмыстық, адамгершілік-тәрбиелік міндеттерді ұсынады. Отбасы ішілік бірлестіктегі қызметтің отбасы мүшелерінің — үлкендер мен балалардың өзара қарым-қатынасын ортақтандыруда тәрбиешінің түсінігінің маңызы зор. Психологтар, социологтар, педагогтар егер мұндай бірлестіктегі қызмет болмаса, немесе ол азды-көпті өлсіреген болса, отбасылық қарым-қатынастың елеулі түрде әлсірейтінін, ал оның баланың жеке басының дамуына кері әсер ететінін дәлелдеді.

Отбасындағы түрлі құбылыс жеке тұлға үшін жаңа мәнге ие болады. Жастық шақта отбасы жас адамдар үшін рухани және тән жағынан өзінің жақсы көрушілік объектісі болып саналып, оны өзінің осы арманын жүзеге асыруға қажеттілік ретінде түсінеді. Мұнда жас адамдардың маңызды құндылық бағдары ерлі-зайыптылық болады.

Уақыттың өтуіне қарай ерлі-зайыптыларда балаларының болу қажеттілігі пайда болады. Сол кезде аналық және әкелік жаңа міндеттер, жауапкершілік сезім отбасында орнай бастайды.

Кез келген қоғам үшін ең алдымен әке және ана болудың яғни балаларды күту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындаудың әлеуметтік маңызы зор. Балалар өсе келе өз туыстарының арасындағы өзінің, орнын түсіне бастайды, қыз, ұл, іні, қарындас, немере және басқа ұғымдарды игереді, енді отбасында балаға өзінің отбасы туралы түсінігін тудыруға мүмкіндік беретін отбасының үшінші ерекше мәселесі пайда болады.

Мамандар дәлелдегендей, баланың көзқарасындағы отбасының бейбітшілігі әрқашан үлкендердің берген бағасымен дәл келе бермейді. Мәселен, “Менің отбасым” деген суреттік тестінің көмегімен жасалған зерттеу балалардың кейде отбасының құрамына, “басқа кездейсоқ” адамдарды қосып қоятын (көршілерін, таныстарын), немесе дұрыс қатынас жасаудың қисыны келмеген жақын туыстарын (мәселен үлкен ағасын) қоспайтынын көрсетеді. Психологтардың пікірінше қарым-қатынастардың барлық түрі бар: еркек — әйел, ата-аналар — балалар, балалар — ата-аналар, балалар — балалар болған отбасы ғана толық бағалы болып табылады. Отбасы мінез-құлқының бұл құрылымы, шартты түрдегі тәуелсіздікке ие болуымен оның әлеуметтік-психологиялық тұтастығын көрсетеді. Алайда өмірде отбасының мұндай құрылымының компоненттері (бөліктері) әрқашан бола бермейді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда толық емес отбасы көп. Оның осы заманғы көп тараған түрі ерлі-зайыптылық жоқ, балаларды ата-аналардың біреуі ғана (әдетте анасы) тәрбиелейді.

Сөйтіп, әлеуметтік-психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда отбасы сол қоғамның әлеуметтік тобының тиісті өлшемдеріне және құндылықтарына сәйкес келетін тұлғалық қатынастар жиынтығының бірлестіктегі қызметінде бірлесіп қалыптасатын өзара ерлі-

зайыптыларды, ата-аналардың балаларға, балалардың ата-аналарға және өзара сүйіспеншілігінде, үйірлігінде көрініс табады.

Алайда, бүгінге дейін құндылық ретінде балаларға деген қатынас соны проблема болып қалып отыр. Тағы бір жанға өмір беру, балалы болу, оны тәрбиелеу — өкінішке орай, көптеген жастардың ойында жоқ.

Мектепте болашақ әкелер мен аналар, өз балаларының тәрбиешілері өсіп жатыр. Алайда, жақын уақытқа дейін педагогтар оларды дәл осындай жағдайда қабылдаған жоқ. Соның салдарынан некелесуге, әке болуға, ана болуға, ата-аналық міндеттерін орындауға деген ниет, мектеп бітірушілердің көпшілігінде қалыптастырылмай келді. Жастар некеге тұрғанымен, баласының болуын қаламайды, “өзі үшін өмір сүруге” ғана шешім жасайды, балалар үлкен бөгет деп қарайды, өзінің ата-аналық міндетін орындаудан бас тартады. Жас аналар көп ретте балаларын босанатын үйге қалдырып кетеді немесе оларды тағдырдың тәлкегіне тастайды.

Бұл күнде шынайы рухани құндылықтар отбасына орналасқанын өмірдің өзі айтып беруде. Отбасы сүйіспеншіліктің, еңбектің, бостандықтың жоғары сақтаушысы болып отыр. Алғашқы орындардың бірінде баланың жеке басының және оның бостандығы мен махаббатын уағыздаушы ата-аналарының қорғаушылығы қажетті құндылық ретінде белгіленген. Әрине, елімізде қорғанушылықты мемлекет қамтамасыз етуі керек. Бірақ ең алдымен соғыс және өзара тартыс әлемінде құқықтармен және міндеттермсн қалай пайдалану керектігі, балаларды орынсыз күштеу мен қайғы-қасіреттен қалай сақтап қалу керектігі, отбасын қалай ізгілік тәрбиесінің қорғаушысы жасауға болатыны көбінесе отбасына байланысты.

Әмір берушілік саясаттың жаңа методологиясы бұл нарық және соғыс, ұлтаралық ұрыс-талас және басқа да апаттар жағдайындағы сүйіспеншілік пен бостандықты қорғау педагогикасы.

Отбасындағы тәрбиелік тәжірибенің екінші ерекшелігі

— оның қоғаммен табиғи байланыста болуы. Нарықтық қатынастар, жекешелендіру, жеке меншікті дамыту мәселелері көптеген балалардың ортасын және өзінің жеке басын қайта құру қажеттігін олардың алдына қойып отыр.

Сондықтан да отбасы туралы айтқанда үйден, тыс жерде болатын барлық негізгі қатынастардың мазмұнына

соқпай, елімізде, оның адамгершілік бейнесінде, оның тіршілік тағдырында болып жатқан өзгерістерге соқпай өтуге болмайды.

Бостандық пен сүйіспеншілік педагогикасын жасай отырып, бұл педагогиканың негізі тәрбиеде қалыптасады деп сенуге болады. Өйткені бостандық пен сүйіспеншілік жалпыадамзаттық, әлеуметтік және мәдениеттік мұрат -бұл мұрат қоғамның, отбасының, тұлғаның сұраныстарына жауап береді.

Әміршілдік педагогикасы тудырған кәсіпқойлықтың төмен деңгейі тәрбиеленушілерді тәрбиешілерден шеттетудің басты себебі болды.

Тәжірибе көрсеткендей, педагогикалық қарьш-қатынасты шынайы қайта құру ісі тек мектепте демократизация мен ізгілендірудің негізінде іске асырылады. Ол балаларға қамқорлық жасау, оларды жақсы көру, қайырымдылық сияқты қарапайым сезімдер арқылы іске асырылады. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиешілердің маңызды міндеті барлық педагогикалық ықпалдарды ғылыми негізде жасалған жүйеде кіріктіре және үйлестіре білу қажет. Бұл жағдайларда тәрбиешінің педагогикалық бағыты сыпайы, бәлкім, баладан барынша құпиялықта ұсталынуы мүмкін. Сонымен бірге педагог мұғалімнің оқушымен, ата-аналарымен қарымқатынастарының әлеуметтік-психологиялық тетігін анық түсінуге және оларды әр тәрбиеленушінің өздік тәрбиесіне, өзін-өзі реттеуіне, өзіндік сезіміне, өзіндік дамуына сүйенумен бұған дейін айтылған педагогикалық заңдылықтардың есебін алумен құруға міндетті.

Нарықтық экономика жағдайында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру. Нарықтық қатынастарды ендірумен байланысты Қазақстан Республикасында өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдениеттік жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етеді.

Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен қол үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланысы мен сабақтастығын бұзатындығын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттауда.

Осыған орай отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше.

Қазіргі кезде оқушьшармен сыныптан тыс және оқудан тыс кезде жүргізілетін жұмысқа іс жүзінде ешқандай көңіл

бөлінбей келгенін атап айту қажет. Бұл ретте, қазіргі кезде өте әлсіз жүргізілетін мектеп пен отбасы қызметінің келісушілігіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Ғалымдар отбасы ықпалының, әсіресе оқытудың жоғары сатысында айтарлықтай болмайтынын дәлелдеуде. Бұл жағдай ата-аналардың жұмыс бастылығымен, көптеген отбасының материалдық жағдайын жасауға шектен тыс бағдар ұстауымен ал, оның оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне теріс ықпал ететінімен түсіндіріледі. Отбасы мен мектептің тәрбиелік үрдістегі өзара бірін-бірі толықтыруы көп жағдайда жетіспей жатады.

Сондықтан қазіргі уақыттың маңызды проблемасы мектеп оқушыларының тәрбиесінде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттігі болып табылады.

Педагог тәрбиенің жоғары тиімділігіне отбасымен тұрақты және тікелей байланыс жасау негізінде жүзеге асыратын болса, оған сол сыныпта жұмыс істейтін сынып ұжымына, мұғалімдердің педагогикалық ұжымына жан-жақты сүйенгенде ғана қол жететінін өмірдің өзі дәлелдеуде.

Ата-аналардың педагогакалық мәдениетін арттыру бағытындағы мектеп жұмысының жүйесі отбасындағы ата-аналардың педагогикалық білімді өздігінен алуға басшылық жасауымен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ұжымдық, топтық және жекелей түрлерімен ұштастыруға, ата-аналарға құрмет пен қарай талап қоюға, оңды тәжірибеге сүйенуге негізделеді.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің мектептегі жүйесі олардың өз бетімен білімін көтеруіне және олармен жүргізілетін жекелеген, топтасқан, ұжымдық жұмыс түрлеріне,

ата-аналардың тәрбие ісіндегі талаптарына құрметпен қарауға, отбасы тәрбиесіндегі тәжірибесіне сүйенуге негізделеді. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру ісі ата-аналар университеті, жалпы мектептік және сыныптық лекторийлер, ата-аналар жиналыстары арқылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озат тәжірибесін тарату, әкелер мен шешелерді мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту маңызды орын алады. Әр түрлі отбасындағы озат тәжірибеге, ғылыми-педагогикалық әдебиетке жасалган талдау мектептегі оқудың түрлі кезеңдерінде, оқушылардың тәрбиесіне ата-

Әлеуметтік институт ретінде отбасының тарихи дамуының нәтижесі оның қызығушылығы мен ынтасының есебін алу негізінде отбасында баламен қарым-қатынасты қалыптастыруда басты рөл атқарады.

Сондықтан отбасылық байланыстардың маңызды мәселесі (мейлі ол бала немесе үлкен кісі болсын) жеке бастың бағдарын айқындайтын тұлғалық-мағыналық қатынастар болуы керек. Қатынастардың бұл түрі әдетте отбасы мүшелерінің бірлестіктегі қызметін белгілегенде пайда болады.

Тұлғалық-мағыналық өзара қатынастардың психологиялық тетігінің бірі өзара түсіністіктің негізін тудыратын, дүниені бағалауда және көзқарастарды өзара келісушілікке әкелетін, басқа адамның бағытына ыңғайласуға қабілеттілік — иденфикациялау (ұқсас болу) тетігі болып табылады. Отбасылық педагогикада тәрбиенің негізіне ізгілік ұстанымдары алынған болса, дұрыс, үйлесімді құрылған отбасыішілік қатынастардың жүзеге асырылуы мүмкін деп санайды. Мұндай отбасында әдетте достыққа, жылы жүректілікке, қамқорлыққа негізделген өзара қарым-қатынас орнайды да, өзара бірін-бірі құрметтеп, бір-біріне және әрқайсысы өзіне талап қоя білетін болады. Осының бәрі тұтаса келіп, бұларсыз балалардың ізгілік-адамгершілік тәрбиесі үшін қажетті жағдайларды жасауға болмайтынын отбасылық әлеуметтік-психологиялық жағдайдың (климат) ауадай қажеттігін туғызады.

Үй жағдайындағы тәрбиелік үрдістерді ұйымдастыруды қоғам арқылы тікелей реттелінетін және бағытталынатын мектептегі тәрбиемен салыстыруға болмайды.

Сонымен бірге әрбір отбасында тәрбиенің белгілі бір жүйесі объективті түрде, кейде тіпті оны түсінбей-ақ қалыптасады. Кейбір жағдайда отбасында тәрбиенің мақсаттарын, нақты міндеттерін түсінуге болады да, ал баланың қатынасында неге рұқсат етіледі, неге рұқсат етілмейтінінің есебі алынбастан, тәрбиенің әдістері мен тәсілдерінің есебін алмай қолданылады. Отбасы тәрбиесінің тәжірибесі, тәрбиелік ықпал ету жүйесі және оны әр отбасында қолдану тәсілі көрсеткендей, отбасы тәрбиесінің 4 тактикасын бөліп алып қарауға тура келеді. Ол: әміршілдік, өбектеу, “араласпау” және ынтымақтаса қызмет ету.

Отбасындағы әміршілдік (өктемдік). Отбасы мүшелерінің бірінің (үлкендерге көбірек қатысты) оның басқа

мүшелерінің ынтасы мен жекебастық қасиеттермен сезімін үнемі басып тастауынан пайда болады, Белгілі бір шешімдерді орындату мақсатында ата-аналардың өз балаларына талап қоятыны және солай істеуі керектігі өзінен-өзі белгілі. Бірақ көп талап қоюшылық өрескел қысымға мәжбүр етуге айналады. Өз кезінде А.С.Макаренко отбасылық қатынастарға қарсы тұратын тәрбиенің сенімді және дұрыс формуласын ұсынғаны белгілі: көп талап қоюшылық — көп құрмет және сенім. Ықпал етудің барлық түрінің ішінен ата-аналар тек бұйрық беру мен күштеуді ғана жөн деп санаса, онда олар баланы күштеуге мәжбүр етушілікке, оның қарсы жауап беру қарсылығына кездеседі. Баланың қарсылық көрсетуі: екіжүзділік, алдаушылық, өрескелдік жасаушылық, кейде ашық өшпенділікке баруына да мәжбүр етуі мүмкін. Ата-аналардың жалтақсыз әмірі, баланың қызығушылығы мен пікірлеріне құлақ аспау, баланың өзіне қатысты мәселелерді шешуде оның құқығына нұқсан келтіру, оның жеке басын қалыптастыруда елеулі сәтсіздікке әкеліп соқтырады.

Отбасылық өзара қатынастарда жиі кездесетін тәрбие түрінің бірі — шамадан тыс қамқорлық.

Отбасындағы шамадан тыс қамқорлық немесе өбектеу — бұл ата-аналар өзінің еңбегімен баланың барлық қажеттігінің қанағаттандырылуын қамтамасыз етумен, барлығын өз мойнына алумен, баланы қандай да болмасын қамқорлықтардан (өбектеуден) күш салушылықтан қорғайтын қатынастар жүйесі. Өкінішке орай, Мұндай тәрбие беру кезінде баланың жеке басын белсеңді түрде қалыптастыру туралы мәселе екінші жоспарға шегінеді. Шамадан тыс қамқорлықтың нәтижесі балада- ынтасыздықты, істі өздігінен атқаруға зауқының болмауын қалыптастыру болып табылады. Өйткені мұндай балалар әдетте өздеріне қатысты мәселелерді, сонымен қатар тәрбиенің жалпы проблемаларын шешуге қатыс-тырылмайды. Оның себебі тәрбиелік әрекеттердің орталығында баланың қажетін қанағаттандыру, оны қиындықтардан қорғау сияқты проблеманың болуы. Шамадан тыс қамқорлық тәрбиелік тәсіл ретінде еңбек тәрбиесінің ашық жауы. Өйткені, өбектеуге алынушы ең алдымен күштен түсіруден, жауаптылықтан, елеулі шынайы еңбек өмірінен қорғалады. Жас ерекшелік психология-сының мағлұматтары куәландырып отырғандай, осындай балалар жеке бастық және ұжымдық

психологиясының мағлұматтары куәландырып отырғандай, осындай балалар жеке бастық және ұжымдық жауаптылыққа нағыз бейімі жоқ, халі нашар, қабілетсіздер болып шығады.

Тәрбиенің тәсілі ретінде отбасылық өзара қатынастар-дың келесі түрі “қол сұқпаушылық” болып табылады. Отбасындағы түлғааралық қатынастардың бүл жүйесі мүмкіндікті тануға және тіпті үлкендер мен балалардың бір-біріне тәуелсіз болуының мақсаттылығына құрылған. Қатынастардың бұл түрі жақсы жабдықтауды қалайтын және олармен бірге болғанда жан күйзелісін талап ететін баланың өмірі мен тағдырына белсенді араласудан бас тартатын тәрбиешілер ретінде ата-аналардың енжарлығы негіз болады. Нәтижесінде ата-аналар отбасылық проблемалардың бәрінен шет қалған енжар жеке тұлғаны қалыптастырады.

Отбасындағы өзара қатынастардың өзінде тәрбие тәсілінің алғышарты мен нәтижелері ретінде көрінетін төртінші түрі — ынтымақтастық. Ынтымақтастық отбасындағы тұлғааралық қатынастардың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен, қызметімен, оның ұйымдастырылуымен және жоғары адамгершілік құндылықтарымен кірігуін қолдайды. Өзара қатынастардың жетекші түрі ынтымақтастық болып табылатын отбасы ерекше сапаға ие болады, дамудың жоғары деңгейлі тобы — ол жекеліктің дамуын қаламайды, ұжымда болуды ұнатады. Мұндай отбасы мүшелерінің арасында байланыстар орнату отбасының әрбір мүшесінде жоғары ізгілік-адамгершілік сапаларды бекітуге, отбасындағы үлкен және кіші жастағы үрпақтар арасында түлғааралық өзара өрекеттерді қалыптастыруға өкеледі. Өзара әрекеттерде болуды беріктендірудің басы бірге күйзелу негізінде, бірлескен қызмет әрекеттері негізінде басқалармен “қоса сезінуң ретіндегі отбасы мүшелерінің осындай әсерленушілік жайының көрініс табуынан болады. Сөйтіп, ұрпақтардың ынтымақтастығы бірлескен көңіл күйінің, жалпы қуаныштың, немесе сәтсіздіктің, үміттің, арманның негізінде құрылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген (басқалар сияқты өзіне, өзі секілді басқаға) үйде де, жұмыста да және қоғамда да бірыңғай адамгершілік өлшемнен шығатын қатынастардың бұл түрі барынша жоғары деңгейде шынайы ізгілікке жауап береді.

Кез келген халықтың бүкіл адамгершілік-рухани өмірі халық педагогикасында мұндай мысалдарға бай.

Осы заманғы тәрбиенің мәні — халықтардың ғасырлық, прогресшіл, адамгершілік дәстүрлерінің сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік туғызып отыр.

Бұл күнде халық педагогикасының идеялары мен тәжірибесін жалпы тәрбиеде, соның ішінде отбасылық тәрбиеде барынша мол пайдалану мүмкіндігінің шексіздігі байқалады. Әр түрлі мерекелер, фольклорлық топтар, қолданбалы өнер, ұлттық киім, жалпыадамзаттық құндылықтардан шығатын еңбек дәстүрлері, адамгершілік мұраттары осы заманғы тәрбиенің мазмұны мен үрдісін байытады.

Кез келген халықтың дәстүрлерінде (қырғыз, өзбек, тәжік, орыс, украин, неміс, ұйғыр және т.б.), сондай-ақ қазақ халқында тәрбиенің төмендегі құралдары жиі болады: сөз (ой), еңбек (әрекет, іс, қызмет), тұрмыс, әдет-ғұрып, дәстүр, өнер, дін, араласу, үлгі-өнеге. Осылардың бәрінің басын біріктіруші ана тілі болып табылады.

Бұл жөнінде тіл туралы халық педагогикасының “мен қанша тілді білсем, сонша рет мен адаммын” деген ойы барынша жаңаша естіледі. Алайда, басқа халықтар қазынасындағы байлық ана тілін меңгермеген адамға түсініксіз. Оның әсемдігін сезінбеген болып қала береді.

Гуманист-педагогтар: Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, В.А.Сухомлинский, т.б. оқушылар тәрбиесінде ана тілін үйренудің терең мәнін ерекше көрсетеді. Олар бала неғұрлым ана тілінің нәзіктігін терең тани білсе, соғұрлым ана тілінде ойындардың реңкін түсінгіш келеді, оның ойы басқа халықтардың тілдерін меңгеруге солғұрлым даярланған болады деді.

Осы заманғы өлемде халық педагогикасы тек ауызша айтылатын дәстүрлерде ғана емес, жазушылардың, өнер қайраткерлерінің көркем шығармасында, ғалымдардың ғылыми-ағартушылық еңбектерінде көрінеді. Бұл халықтар, елдер, және бүкіл адамзат мәдениетінің жиынтығын тереңдете, кеңейте және байыта отырып, халық педагогикасының педагогика ғылымымен байланысын нығайтады. Мәселен, кез келген халықта маңызды дәстүрлерінің бірі — ананың, әженің халықтың бейнесін жырлау, қолдау және марапаттау, немесе халық педагогикасында Отанға, басқа халықтарға, адамзаттың

Соңғы жылдары жүзеге асырыла басталған педагогикалық үрдістің тиімділігі айтарлықтай арта түсті, сонымен байланысты мектеп пен қоғамның тәрбиелік қызметі барынша өрістеді.

Түрлі әлеуметтік институттардың жүйесімен, соның ішінде отбасымен, мектепке дейінгі мекемелермен, мектеппен, армиямен, құрбылар серіктестігімен, бұқаралық қатынастар жүйесімен (педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің, социологтардың, ата-аналардың) жүргізілетін үрдістерді күрделендіру, осы заманғы тәрбие үрдістерінде оқушылардың ғылыми көзқарастары мен сенімдерін кешенді түрде зерттеудің, оқушылардың ізгілік сезімдерін оқыту мен тәрбие үрдісінде, оқудан тыс жұмыста, әлеуметтік қызметте пайдаланудың әдістемесі кешенді түрде зерттеуді талап етеді; Зерттеуге оқушылардың тұлғалық жағынан жан-жақты дамуын қалыптастыруды маңызды фактор ретінде оқу үрдісінде және оқудан тыс кездегі қатынастарымен байланыста (балалар ұжымында және үлкендермен) қарастырылады. Сондықтан тәрбиенің мақсаты — тұлғаны жан-жақты дамыту — қоғамның барлық жүйесімен: осы заманғы құрылыстың материалдық-экономикалық базисімен, білім мен тәрбиенің, мектептің, отбасының, жалпы мәдениетгің, ғылыми, көркем өнер ұйымдарының кең тараған желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен шешіледі.

Тәрбиенің мәні әлеуметтік-тарихи тәжірибені, жалпыадамзаттық мәдениетті жас өспірімдердің өз бойына жинақтап кіріктірілген бейнеде көрінуінен, тұлғаны қалыптастыруда және оның тұлғалық сапаларын тәрбиелеп жетілдіруде мектептегі тәрбие жұмысының бүкіл жүйесін адамзат дүниесіне, өзінің жөне басқа халықтар мәдениетінің әлеміне, әдептілік негіздеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге бетбұрыс жасауымен қорытындыланады.

Педагог оқушылармен ұйымдастырылған қызметінің нәтижесін алдын-ала көре білуге және оқушылардың теріс қылықтарын болдырмаудың жолын қарастыруға, оны әлеуметтік-құндылықтар бағдарымен қатар қоюға тиіс. Ол басқарған қызмет әдетге кездейсоқтықтан аулақ болғаны жөн. Оның тәрбиелік іс-әрекеті баламен бірлесе отырып алдын ала ойластырылған, баланың тұлғалық ерекшелігін түсінген және оның бойындағы объективтік сипаттамасын мәдениеттілікпен меңгерген болуы керек.

Педагогикалық шеберлік тәрбиелік істерді дұрыс бағыттай білумен жөне белгілі бір кезенде жаңа сапаларға өтуге өсер етуімен ерекшеленеді. Ол жай ғана өсіп қоймай, бұрынғы қолжеткеннің бүгін ескіргенін, қажетсіз болғанын да айқындай отырып, өткендегінің озық үлгілерін бүгінге жарата білуі керек. Яғни бұған дейінгі тұжырымдаманың негізінде тәрбие үрдісі тәрбие ісіндегі жақсыны жалғастырушы процес деп қарауға тура келеді.

Тәрбие үрдісін осылайша түсіну — тәрбиелік жағдайда (тәрбиелік істер) бірлікте болып табылатын өздігінен дамымалы жүйе. Олай болса тәрбиеленушілер, тәрбиелік қызмет атқарушы ғана емес, тәрбиешінің өзі, тәрбиеленушілер отбасымен, ата-аналарымен, оны қоршаушы қоғамдық ортамен өзара әрекеттесе отырып дамиды, бірақ тұтас педагогикалық үрдіс жекелеген бөліктердің жиынты-ғынан гөрі тұтас объект болып дамиды. Сонымен, тәрбиеге деген әлеуметгік, психологиялық-педагогикалық және технологиялық оқшауланған көзқарастарды болдырмайды.

Тәрбиенің осы заманғы тәсілі төмендегі міндетті талаптарды сақтау кезінде кіріктірілген көзқарас негізінде жүзеге асырылуы керек:

1. Алдымен педагогтарға өзара байланысты үш бағыттың — санасына, сезіміне және оқушылардың мінез-құлқына бір мезетте ықпал етуіне қамқорлық жасауы қажет.

2. .Алдымен тәрбиешілер, тәрбие ісімен өзін-өзі тәрбиелеуді тиімді үштастырғанда ғана істің нәтижелі болатынын берік есте сақтауы керек.

3. Тәрбие ісін кіріктіре жүргізудің басты шарты ретінде тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестіктің, әсіресе ақпарат құралдарының, әдебиетгердің, көркемөнер туындыларының, мектеп пен қоғамдық тәртіп сақтау орындарының, түрлі ұжымдар мен топтардың бірлігін ұйымдастыруды қарастыру.

4. Тұлғаға қажетті сапалар нақты тәрбиелік істер жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір мезетте ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесінің табиғи қосылу үрдісінде кіріктірілген сипатта іске асырылуы керек.

5. Кіріктірілген көзқарасты жүзеге асырудың басты шарты тәрбиенің мақсаттар, міндеттер, мазмұн, түр және әдістер бірлігін орнатуы болып табылады.

Қоршаған ортада тұлғаның өзара белсенді әрекеттесуі тұлғаның даму факторы болып саналады. Әлемнің сырын

Қоршаған ортада тұлғаның өзара белсенді әрекеттесуі тұлғаның даму факторы болып саналады. Әлемнің сырын танып білу, бағалау істері жеке тұлғаның белсенді қатысы арқылы іске асырылады.

Сонымен бүгінгі танда жеке тұлға нарықтық қатынастар жүйесінің кіріктірушісі ретінде көрініп, оның мінез-құлқы бір жағынан өзіндік тәуелсіздігі мен жауаптылығын түсінуімен, екінші жағынан, өзінің жеке бас мүлдесін басқалардың мүлделерімен кіріктіруімен, сондай-ақ тұтастай бүкіл қоғамның мүлделерімен байланыстыра білуімен логикалық бірлікте іске асырылады.

Адамгершілік мақсатта қарым-қатынас ауқымын кеңейте отырып, оқушының бүкіл өмірін күрделі түрде ұйымдастыруда әдептілік және адамгершіліх мінез-құлық ережесін игеруді ішкі қажеттіліктен туғызу қажет болып отыр. Ол оқушылардың өз халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын, тілін, мәдениетін игеруші болып терең сезінуін және оларды насихаттаушы, іске асырушы, өмірде қолданушы ретінде көрінуін көздейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Еңбектің жоғарыда айтьшған маңызды бағыттарымен байланысты жалпы білім беретін мектептің тәрбиесін жаңарту төмендегідей болады:

— біріншіден, тәрбиенің мазмұнын бүгінгі нарықтық қатынастар-дың талаптарына сәйкес келтіру;

— екіншіден, бүгінгі күн талаптарына сәйкес оқушылар тәрбие-сіндегі ауыртпалықты шығармашылықпен ойлауға, еңбектенуге көшіру арқылы олардың сезім, сана, мінез-құлықтық жағынан дамуын туғызу (оқуға араласу, еңбек, ойын, өнер, түрлі мүлделер мен қажеттіліктерге);

— үшіншіден, жасөспірім тұлғасының рухани мүмкіндігінің өсуі мен баюы қамтамасыз ету ұлттық рухани мәдениетті біздің еліміздегі басқа халықтардың тарихымен мәдениетінмен және тұтастай адамзаттың тарихы мен мәдениетінің кірігуі өзара байланысы негізінде іске асырылады;

— төртіншіден, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері, шығармашылык қызметтің жақсы нәтижелері бүгінгі күнгі білімнің талаптарына сәйкес

келетіндей болуы мұғалімнің, тәрбиешінің арнаулы өресі мен психологиялық-педагогикалық даярлығының кіріктірілуі негізінде іске асырылады.

Тәрбие — әлеуметтік үрдіс. Ол жеке адамның ақылымен және топпен бірге әлеуметтік тұрғыда жасалынған өлшемдерді, құндылықтарды, тәжірибені қабылдау. Оған қатысушылардың саналы және мақсатты қызметінің нәтижесінде біртіндеп және жүйелі түрде өзара әрекеттесудың нәтижесін қоғамдық игілікке айналдырушы үрдіс.

Тәрбие бірлескен қызмет үрдісі ретінде нақты (міндет) “тең емес” (әр түрлі) оған қатысушылардың міндетін, қатысын тәрбиелік үрдісте жасалатын процесс деп қарауға тура келеді.

Тәрбие бірлескен қызмет үрдісі. Олардың міндеті бәріне ортақ мақсатта іске асырылатын, бірақ ақыл-ой, іс-тәжірибе жағынан оған қатысушылардың біркелкілігі сақталмайтын (оқушы және оқутушы болғандықтан) тұтаса, бірлесе әрекеттесетін күрделі процесс.

Тәрбиелік міндеттерді шешуде педагогтар жаллы педагогикалық зандылықтарды басшылыққа алады. Тәрбиенің осы заманғы жүйесінің негізіне төмендегі идеялар жатады: тәрбие мақсаттарының реалистік (шындығының) идеясы; тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы; оқушылар мен үлкендер қызметінің бірлестіктегі идеясы; тұлғаның өзін-өзі билеу идеясы; тәрбиедегі онды істерге сүйену; тәрбиенің ізгілендірілуі; тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы; тәрбиелік әрекеттердің бірлігі; тәрбиедегі еркіндік және ұжымдық бағыттылық идеясы.

тізімі

1. Арсеньев А.С. Подросток глазами философа. -Алматы: Рауан, 1996. — 72 с.

2. Бейсенбаева А.А. Гуманизация образования старшеклассников на основе межпредметных связей. —Алматы, 1996.

3. Волков Г.Н. Этнопедагогизация процесса современного воспитания. / Проблемы и перспективы, развития пед. образования в современных условиях. Матер. Международ.науч.конф. Бишкек, 1997. том.С.47-57.

4. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. — М.-Л., 1956.

5. Выготский Л.С., Лурия А.Р. Этюды по истории поведения. — М.-Л., ГИЗ, 1930.

6. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. Изд-во Санкт-Петербургского униветситета.1992. — 154 с.

7. Герушинский Б.С. Философия образован ия для XXI века.

М. 1998.

8. Иванов И.П. Тәрбиелік шығармашылық істердің

энциклопедиясы. М., 1989.

9. Козлова О.Н. Программа обновления гуманитарного образования в России. Введение в теорию воспитания (пособие для учителей) М.: Интерфакс, 1994. — 207 с.

10. Коллектив авторов. Комплексная программа воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан. Астана, 2000, 28 с.

11. Концепция формирования нового социально-экономического поведения граждан РК. —Алматы: Қазақстан, 1995 — 40 с. (на каз. и рус. языках).

12. Қазақстан Республикасының орта білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1997.

13. Қазақстан Республикасының “Білім” мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000.

14. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздсрі және тарихы. Алматы, “Рауан”, 1999.

15. Қалиев С., Майғаранова III., Нысанбаева Г. Тәрбиенің өзекті мәселелері. Қазақстан мектебі, N 12,1996, 34-37 б.

16. Қалиев С., Майғаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, “Рауан”, 1999.

17. Мид М. Культура и мир детства. Избранные произведения. — М., 1988.

18. Муканов М.М., Чистякова Н.И., Леви К. Стресс об идентичности мышления дикаря и современного человека.

19. Муканов М.М. О казахском устном творчестве: пословицы и “айтыс” в их отношении к трактовке интеллектуальной деятельности.

20. Муканов М.М., Шукунов Э.Д. О наследственном и приобретенном в развитии интеллектуальной деятельности. / Генетические и социальные проблемы интеллектуальной деятельности. Серия “Психология”, выпуск IV, Алматы, 1975, с.71, 87, 110.

21. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан — 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, 1999.

22. Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности. — Алматы, 1993.

23. Леви-Брюль Л. Первобытное мышление, М.: Атеист, 1930.

24. Пидкасистый П.И. Педагогика. М., 1996. — 638 с.

25. Подласый И.П. Педагогика, М., Просвещение, 1996.

26. Созонов В.П. Формирование личности на основе потребности. // Классный руководитсль. (научно-методический журнал).-М., 1998. 2~18 с.

27. Төтенай Б. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. Алматы, 1994.

28. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халықтық дәстүр. Алматы, 1990.

29. Эриксон Э. Детство и общество. — М., 1992

30. Фридман М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1994. -286с.

31. Шилова М.И. Учителю о воспитанности школьников. М., Педагогика, 1990, — 144 с.

32. Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. М.1998. 77с.

33. Щуркова Н.Е., Муханбаева М.М. Совершенствование духовной культуры учащихся в школах Казахстана. Методические рекомендации. Актюбин. Обл. Институт усовершенствования учителей, 1992. — 34 с.

34. Харламов И.Ф. Педагогика. М.: Юрист, 1997.

Серғазы Қалиев, Шәкура Майгаранова,

Гүлхадиша Нысанбаева, Аида Бейсенбаева

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРіН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Оқу~әдістемелік құрал

Редакторлары Қ.Байділдаұлы, С.Асылбеков

Компъютерде қалыптаған Г.Сәрсенбаева

ИБ № 459

Басуға 02.07.2001 қол қойылды. Пішімі 84×108 /32. Офсеттік қағаз. Қаріп түрі «Таймс». Офсеттік басылыс. ІІІартты баспа табағы 11,1. Шартты бояулы беттаңбасы 11,4. Есептік баспа табағы 14,0. Таралымы 1000 дана.

Казақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Білім» баспасы, 480009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй,телефон 53-89-84.

Читайте также: