МАҚАЛ-МӘТЕЛ, ЖҰМБАҚТАР

Мақал-мәтел,

Жұмбақтар
Мақал
Мақалдардың тақырыбы
Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері
Мәтел
Жұмбақтар
Жұмбақтың тақырыбы,мазмұны
Жұмбақтардың өзіне тән срекшеліктері

 

 

Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, солар арқылы тұрмыс-тіршілтнің әр алуан жақтарын суреттеген; қогамдық өмірін, дүниеге көзқарасын, таптық күресін, арман-мүддесін, т.б. бейнелеп көрсеткен. Осы негізде туған және ауыз әдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың мақал-мәтел, жұмбақтарын атаймыз.

 

Мақал-мәтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, ерте заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан, бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған.

 

қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының ел ара-сынан жиналуы, хатқа түсуі, баспа бетіне шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұлардың кейбір үлгілерін ертеректе ел арасынан жинап жазып алғандар Ш. Уәлиханов, В. Радлов болғанын білеміз. Бұлардан кейін, революцияғадейінқазақтъіңмақал-мәтелдерін,жұмбақтарын жинап, баспа жүзіне шығаруда айтарлықтай еңбек еткендер: Ш. Ибрагимов, А. В. Васильев, П. М. Мелиоранский, Ф.Плотников, В. В. Катаринский, ә. Диваев, Сабыржан Садықов, Мейрам Ысқақов, т.б. болды. Аталған адамдар қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының кейбір үлгілерін жинап жазып алды да, сол кезде орталықта және Омбы, Орынбор қалаларында шығатын газет-журналдарға бастырды, жеке кітапша етіп шығарды. Мәселен, Ш. Иб-рагамов қазақтың мақал-мәтелдерін 1874 жылы Орынборда, А. Васильев 1892 жылы Орынборда, В. Катаринский 1899 жылы Орынбсрда, Ф. Плотников Омбыда бастырды. П.Ме-лиоранский жинаган мақал-мәтелдер археология қоғамының Шығыс бөлімінің еңбектерінде (1893 ж.) жарияланды. М.Ис-каков жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы қазан қаласында өз алдына кітапша болып шықты. С. Садықовтың “Жүмбақ” деген жинағы 1902 жылы қазан қаласында басыдды. ә.Ди-ваев жинаған мақал-мәтелдер “Туркестанские ведомства” дейтін газетте жиі жарияланып тұрды.

 

Қазақтың мақал-мәтелдері, жүмбақтары кеңестік дәуірде мол жиналумен қатар, баспа жүзінде шыгып, ел арасында тарап отырды. Мәселен, “Мың бір мақал” дейтін жинақ 1925 жылы басылды. 1935 жылы Өтебай Тұрманжанов төрт мыңнан астам мақал мен мәтел енгізіп “қазақтың мақалдары мен мәтелдері” деген атпен үлкен жинақ ышгарды. Бұл қазақ мақалдарынан қүралған көлемді жи-нақтың бірі болатын. 1950 жылы қазақстан ғылым акаде-миясында қазақ мақалдарының Б. Ақмұқанова құрастырған жинағы жаоық көрді. Кеңестік дәуірде қазақтьщ жүмбақтары да бірнеше рет жинақ болып басылды. Бүлар-дың ішінде көңіл аударарлық жинақ 1940 жылы шықты; оны құрастырған профессор С. Аманжолов, ал сөз басын жазып, редакциясын басқарған профессор М. әуезов еді.

 

Сөйтіп, қазақ халқының мақал-мәтелдері, жүмбақтары ел арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бергі жерде ғана жинала бастағанын көрерміз. Ал оларды ғылыми жолмен зерттеу ісі револдюцияға дейін де, онан кейін де өрістеп кетпегенін ескерту қажет. Рас, соңғы жылдары бүл іске біраз көңіл аударылып келеді; мақал-мәтел, жүмбақтар жайында жазылған үсақ мақалалар, айтылган пікірлер бар. Бірақ олар монографиялық көлемде жа-зылған ғылыми зерттеулер болып табьшмақ емес, тек бо-лашақта жазылатын үлкен еңбектердің алғашқы барлаушысы, бастамасы деуге болады. Осы жагдайларды еске ала отырып, біздің бүл еңбекте алдымызға қойған мақсатымыз: қазақ халқының тарихында ерте заманнан келе жатқан мақал-мәтелдерімен, жүмбақтарымен шолу түрінде танысу, олардың халықтық және әдебиеттік сипатын байқау.

 

Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақалдың өзіне тән ерек-

 

шеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең ал-дымен, әдебиеттік жагынан алғанда, мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, түрмыс-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі қүбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық бага, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. М. Горькийдің “Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді”,— деуі осыдан.

 

Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жа-салған қорытынды, яғни “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” есебівде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сый-дыра отырып, өзінщ өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.

 

Мақалды тудырушы — еңбекші халық. Ол халық да-нышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табыладьц^ Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген үғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан. идео-логиялық құрал еткен. Мәселен, “Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлссін”, “қүм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас”, “Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық” деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлдс жат, жа-наспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған.

 

Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайгысы, айтатын ақыл-өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары — мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.

 

Макалдардың тақырыбы

 

Халық мақалдарының тақырыбы өте көп.Солардың ішшде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайла-рына арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мүратқа жеткізуші, абырой әперетін іс екендіпн халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсстсді. “Еңбегі бардың — өнбегі бар”, “Еңбек түбі — мереке” деп, халық адал еңбекті ардақтайды. Дүние — байлық, шат өмір еңбек арқылы болатындығын, адамды тек сңбек қана қатарға қосатындығын суреттейді. Еңбек етпеген адам-

 

Казақтың мақал-мәтелдері, 8-бет, Алматы, 1950

 

 

жатып ішер жалқауларды халық өзінің мақалы арқылы сынға алады, шенейді. Бұған “Еңбегі аздың — өнбегі аз”, “Еріншектің ертеңі таусылмас” деген мақалдарды келтіругс болады.

 

Еңбек тақырыбына арналған мақалдардың қайсысы болса да ақыл-өсиет түрінде айтылады. Еңбек ету оңай еместігін, қиыншылығы мен бейнеті, ауыртпалығы барлығын ескертеді. Осылардың бәрін еңбегімен жеңген адам ғана мақсатына жететіндігін аңғартады. Мүны “Бейнет, бейнет түбі зсйнет”, “Бейнетсіз рақат жоқ”, “әрекет болмай, берекет болмас”, “Еңбек етсең — емерсің” деген секілді мақалдардан көреміз. Бұл тектес мақалдар адамды еңбек — кәсіп етуге, жұмыс істеуге үндейді, тек еңбек қана абырой-атақ әпереді деп қорытынды жасайды.

 

Адал еңбекті ардақтаған халық кәсіп ет, жұмыс істе дегенде ең алдымен мал бағуды ұсынады. Оның себебі қазақ халқының ертедегі тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі төрт түлік малға байланысты болғандығынан.

 

Өмір бойы мал бағып тіршілік еткен, оның сырын жақсы білген халық әрбір түліктің қандай қасиеті барлығын, адам өмірінде қандай орын алып, қандай қызмет атқаратындыгын мақал арқылы да көрсетіп отырады. “Түстік өмірің болса, кештік мал жина” дей отырьш, сол малдарының қасиетін, қызметін айтады. “Жылқы — малдың патшасы, түйе — малдың қасқасы”, “Түйе жисаң — нардан жи, сиыр жисаң — тарғылдан жи”, “Мал бақсаң, қойдан бақ, май кетпейді шарадан” деп бағалайды, төрт түліктің тұрмыс-тіршілікте алатын орны қандай екендігін атайды.

 

Халық озілің мақалдары арқылы мал бағу, мал басын өсіру жөнінде ғасырлар бойы жинаған, жүзеге асырған тәжірибесін айтып бсреді. “Түлік төлдсн өседі” дей отырып, сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескер-теді. “Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас”, “Ат шаппайды, бап шабады”, “Мал жисаң, қонысын тап” “Бақпа-саң мал кетеді” деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық, мал басын өсіру үшін аянбай жүмыс Істе, ерінбей еңбек ет, соңда гана мал қүралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеушілікті халық қатты сынға алады, шенейді. Үрлық пен барымта ха-лыққа жат екендігін, ол адамды тақырга отырғызатындығын, бұлардан безу керектігін айтып, “Ақ жүргсн адам азбас” деп қорытады және “Үрыға мал құтаймас”, “Үрлық, ұрлық түбі — қорлық ”, “Барымтамен бас кетер”, “Жортуылшының басы жолда қалады” деп сипаттайды.

 

Мал басының құралуы, өсіп-өрбуі тек адал еңбеккф байланысты деп түсінген халық бұл жөнінде қожа-молдалар айтатын діни ұғымдарға да қарсылық көзқарасын біддіреді. Егер дін _иелері мал басының өсуін құдайға байланысты, малды қүдай береді десе, еңбек адамы бұл түсінікті бекерге шығарады да, “Мал баққанға бітеді” деп өз тұжырымын айтады. “Тана пайда бермесе, тәңірі пайда бермейді”, “Тогыз қабат торқадан, тоқтышағымның терісі артық” деп адал еңбегімен жипаған малдарын ардақтайды. “Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кетер” деп түсінген халық, төрт туліктің қайсысы болса да адал еңбекпен бағу арқылы құралатын-дығын, сонда ғана адам мұратына жететіндігін ескертеді.

 

Төрт түлік жайында шығарылган халық мақалдарының бәрі де мал баласының адам үшін аса қымбат, қадірлі екендігін айта отырып, бұлардың ішінен жылқы мен түйені ерекше бағалайды. Түліктің басқа түрлеріне қарағанда, түйе мен жылқы көшпелі жағдайдағы шаруа адамы үшін зор қызмет атқарды, шөлдесе — сусыны, кисе — киімі, жесе

 

— асы болды. Екіншіден, түйе мен жылқы алыс жолға төзімді, әрі мықты көлік есебінде шаруа адамына көп пайдасын тигізеді. Мұнымен қатар, халықтың ел қоргау ісінде ол елеулі орын алды, басқыншы жауға қарсы аттанган батырларға сенімді серік, жауынгер жолдас болды. “Ер қанаты — ат” атавды. Сондықтан да адам баласының мақсат-мұратына жету жолында жылқының алатьга орны зор екенін “Таяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мүратқа жеткізер” деп суреттеген.

 

Халықмақалдарыныңбірсыпырасыегшшглг/скәсіпжайына арналады. Бұл тақырыптағы мақалдардың көпшілігі кейінгі кезде, шамамен айтқанда, XIX ғасырдың ішінде туған секілді. Олай дейтініміз, тарихи деректерге қарағанда, бүгінгі қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарын мекендеген кейбір рулар ғана аздаған егін салып, ертерек кәсіп еткен. Ал ша-уашылықтың бұл түрімен бүкіл қазақ халқының айналысуы

 

— XIX ғасырдың іші. Бұған басты себеп қазақ халқының Ресей мемлекетіне қосылуы, орыс халқымен араласуы, одан үлгі алуы болған. Осыдан былайғы жерде қазақ елі әр түрлі дақылдан егін егіп, оны негізгі кәсібінің біріне айналдырған. Өзінің түрмыс-тіршілігінен елеулі орын алған егін шаруа-шылығы және оның адам баласына келтірер пайдасы жайында қазақ халқы біраз шығармалар тудырған. Мұнымен қатар, егін кәсібін мақалдары арқылы да бейнелеп суреттеген.

 

Егін жайында шығарылған мақалдардың қайсысы болса да, ең алдымен егін егу адамға пайдалы екенін дәлелдейді.

 

Рас, бүл мақалдар егінді әр түрлі дақылға (арпа, бидай, сүлы, тары, т.б.) бөліп көрсетпейді, жалпы ‘“егін” деген атпен атайды (оның мәнісі қазақ арасына алғаш рет сгіннің барлық түбі бірден енбегенінен болуы керек). Егін егу, егіншілікпен кәсіп ету — шаруашылықты өркендетеді, тұрмысты жақсартады деп түсінген халық өзінің мақалдарында оған ерекше мән береді. Егін өздігінен өспейді, оны егу керек, ол үшін егін шығатын жерді даярлау, аянбай еңбек сту керек деген қорытынды жасайды. “Жер — ырыстың кіндігі”, “Жер — жомарт” деп, бар бай-лықтың жерге байланысты екенін білген халық енді осы жерге егін егу керектігін айтады. “Ексең егін — іпіесің тегін”, “Жердің сәні — егін”, “Егін еккеннің есесі көп”, “Астығы бар аш болмайды”, дей отырып егіншілікті үлгі етеді, оны тіршілік тірегінің бірі деп бағалайды.

 

қазак; макалдарынынын көрнекті такырыбыньын бірі — уйымшылдык, ынтымак, бірлік жайып қамтиды. Бұл тақырыптагы мақалдардың негізінде ақыл-ойы сергек ха-лықтың аталған мәселелер жөніндегі даналық көзқарасы, өмір тәжірибесінен алып, білгірлікпен жасаған қорытындысы жатады. Түрмыс талқысынан туып, әрбір та-рихи кезеңнің сындарынан өткен түсініктерін мақал арқылы көрсетпек болады. Үй ішінің, ел-жүрттың, бүкіл қоғамның қүралуы үйымшылдық пен бірлікке байланысты*деп біледі. “Бірлік бар жерде тірлік бар”, беркінген күш бар деп бағалайды. Мұны “Бірлік болмай тірлік болмас”, “Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ”, “Ырыс алды — ынтымақ” деген секілді мақалдардан да көреміз.

 

Бүл келтірілген мақалдардың бәрі де өмір шындығына негізделіп тугандығын, халық ынтымақ пен бірлікті, ұйым-шылдықты жақтайтындығын білдіреді. Бүлар түрған жерде халық алға басады, нығайып күшейеді, алынбас қамалға айналады деп түсінеді. Ал, бірлік, ынтымақ, ұйымшылдық жоқ жерде ыдырап тозудың орын алатындығын аңғартады. Халықтың: “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деуі осыдан.

 

қандай істің болса да белгілі бір нәтижеге жетуі — адамдардың бірлік, ынтымақ; үйымшылдыққа байланысты дей отырып, халық мақалдары бұл жөніндегі қорытындысын ақыл-өсиет, нақыл сөз ретінде келтіреді. “Саяқ жүрсең, таяқ жерсің”, “Жалғыздың үні шықпас, жа-яудың шаңы шықпас” деп, жекелік пен даралықты, көпшіліктен бөлініп шығушылықты шенейді. Барлық күш-қуат көпшілікте, халықта екендігін дәлелдейді. “Көп

 

ісінде — береке”, “Көптен шыққан көмусіз қалар”,, “Көппе тентек болсаң да, көпке тентек болма”, “қүдайға7 жазсаң да (Кінәлі болсаң да деген мағынада М. ғ.), көпке жазба”, “Көпке топырақ шашпа”, “Көп қорқытады, тсрең батырады” деп көпшіліктің, яғни бүкіл халықтың күшін сипаттайды. Бұл ретте халық өзін қоғамдағы барлық ма-териалдық және рухани байлықтарды жасаушы, салт-сана, әдст-ғұрып, тұрмыс-тіршілік түрлерін қалыптастырушы, оларды әрбір тарихи жағдайларға, өмір тілсктеріне сәйкес өзгертуші, алға қарай дамытушы негізгі күш деп таниды. Бұларды жасау, іске асыру, жекс адамдардың қолынан келмейтіндігін дәлелдейді. Сондықтан да халық мақалдары адамдардың ынтымақты, үйымшылдық пен бірлікте болуын , өсиет, нақыл етеді.

 

қазақ ауыз әдебиетінде халықтың сүйе тыңдап, сүйсіне жырлағаны — көпшілік үшін жасалған ерлік батырльщ істер, ел қоргау әңгімелері болатын. Бұл тақырыпта неше-леген әдемі әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оларды жасаушы-ларды ардақтағанын білеміз. Халықты сүйсіндірген бұл әңгімелер, оның мақалдарынан да орын алған.

 

Ел қорғау, батырлық-ерлік істср жайында туған халық мақалдары халықтың бүл жөніндегі ой-тілсгі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы кандай екендігін білдіріп отырады. Бұл тақырыптағы мақалдар, ең алдымен, кімге болса да туған жер, өсіп-өнгсн ел — Отан аса қасиетті, қадірлі, қымбат, ыстық деп көрсетеді. “Туған жердің тауы ыстық”, “Ел-жұрты бардың жүтамы жоқ”, “Ел іші — алтын бесік”, дсуімен туған елді ар-дақтайды, жоғары багалайды. Кейбір мақалдар туған слді басқа елдермен салыстыра келіп, әркімге өз елінің артық екендігін аңғартады. Мұны халық “Кісі еліндс сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, “Кісі елі — күміс, өз елің —алтын” деген мақалдары арқылы сипаттайды.

 

Өзінің мақалдарында туған жер, ел-отанды аса жогары бағалап ардақтаған халық, енді оларды қорғау әрбір ср-аза-маттың басты борышы деп білсді. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп, дұшпаннач Отанды қорғап алу халқын сүйген әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. “Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Елін сүйген ер болар”, “Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер” деген мақалдар жогарыда айтылған пікірдің айғағы.

 

Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.

 

Бұл ретте халық мақалдары мақтаулы ерлерді қоян жүрек қорқақтармен салыстырып, аз сөзбен екеуінің де образын жасайды. Ерлік, батырлық іс жасау тек Отанын, ел-жүртын, халқын сүйген адамдардың ғана қолынан кследі, осындай адамдар ғана халық намысын қорғайды, олар қандай қиыншылықтар кездессе де үрейленбей, мұңаймай, ажалға қарсы шабады деп сипаттайды. Батырлардың ерлігі күшінде емес, ақылы мен айласында екендігін көрсетеді. Мұнымен қатар халық ісі үшін қажымай күресіп ерлік жасаган, ел сүйіп батыр атанған адамдардың мінезіндегі жақсы қасиеттері де мақалдардан орын алады. Бұл қасиеттер: турашылдьщ, әділдік, айтқан сөзден қайтпаушыльщ, кіші пейілдік, жол-дастъщты сацтаушылъщ, досы үшш жан беруге барушы-льщ, т.б. екендігін аңғартады. Бүған “Ердің екі сөйлегені

 

— өлгені, еменнің иілгені — сынғаны”, “Ердің ұялғаны

 

— өлгені”, “Ер жігіт — етек жеңі кең жігіт”, “Батырда бақастық болмас”, “қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді”, деген мақалдар мысал бола алады.

 

Халық мақалдары қолынан іс келмейтін тоғышарлар мен қоян жүрек қорқақтардың да образын жасайды. Оларды мазақтап әжуалайды, келеке етеді.“қорқақ көлеңкесінен де қорқады”, “Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі”, деп, аз сөзбен қорқақтардың жағымсыз бейнесін суреттейді. қара басының ғана қамын ойлаған адам ерлік іс жасай алмай-тындығын көрсетеді. Мүндай адамдар үрейшіл келеді, кейде олар қалың қолға іріткі салады деп, “Бір қорқақ мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер” деп, қорқақ адам жайындағы халықтың турашыл бағасын береді.

 

қазақ мақалдарында ел қорғау әңгімесіне байланысты туған тақырыптың бірі — қырағылық, сақтық жайы. Бұл тақырыптағы мақалдардьщ қайсысы болса да қырағы болу, жайбарақаттыққа салынып жата бермеу жағын қарыстырады. “Жау қайда дсме — жар астында, бөрі қайда деме — бөрік астында”, “Бір елі ауызға — екі елі қақпақ”, “Сақтықта қорлық жоқ” деп халықты қырағылыққа шақырады.

 

Халық мақалдарынан елеулі орын алған, мазмүны мол, көлемі көп тақырыптың бірі — қогамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптьщ мәселелер. Бүл тақырыпты ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, халықтың мақалдары да кеңінен қамтып, тереңнен толғайды, көп мәселелердің сырын аша отырып, халыққа жат жағдайларды халық мақалдары өткір сөзбсн түйреп отырады. Жаптақтауды білмейтін, турасын айтатын халық өзінің осы аталған тақырыптагы мақалдарында аз сөзбен мағынасы терең, мәні зор мәселелерді көтереді, неше түрлі әдемі образдар жасайды, естен кетпейтін теңеулер тудырады.

 

қоғамдық мәселелерді халық мақалдары таптық тұрғыдан қарастырады. Бұл ретте халық мақалдарында алдымен сөз болатыны ел билеу мәселесі, хан, би, сұлтан, қожа-молдалар жайы.

 

Үлы қазан революциясына дейін қазақ халқы ауыр жағдайда тіршілік етті. қоғам өмірінде еңбекші халықтың правосы болмады, езіліп жаншылуда, қаналып, қамалуда, әлеуметтік теңсіздікте болды. қазақ еңбекшілерін сол кездс үстемдік еткен билеуші тап, оның хандары мен билері, болысы мен сұлтаны, қожа-молдасы, т.б. қапаста ұстады, күн көрсетпеді. Осындай ауыр жағдайда жүрсс де қазақ халқы өзінің әдебиетін тудырып, өз тұрмыс-күйін, ар-ман-мүддесін бейнелейді. Мұнымен қатар, қанаушы таптың халыққа жасаған әділетсіздіктерін, зорлық-зомбылықтарын, әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп көрсетті, халыққа қас адамдардың жағымсыз образын жасады. Бұл да халық мақалдарынан орын алды.

 

Халық мақалдары қанаушы тап өкілдерінің жауыздық іс-әрекетін, мінез-құлқын, халыққа жат қылықтарын тайға таңба басқандай етіп әшкереледі. “Хан ақымақ болса, халық күйзелер”, “Биің қылаң болса, жұртың ылаң болар”, “Төреге ерген ер тоқымын арқалар”, “қанеоқта жеп ит семіреді, пара жеп би семіреді”, “қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді”, “Бай қасына барып, бақыр болмасаң маған кел, хан қасына барып, басың жоймасаң маған кел”, “Теңгслі жерде тендік жоқ” деген мақалдар тарихи шындықтың сырын ашады. Хан, би, төре, сұлтан, т.б. халықтың қас дұшпаны, елді алдаушы, парақұмар, әлеуметтік теңсіздікті тудыру-шылар екендіктерін көрсетеді; олар жайында халық өзінің әділ сынын, турашыл бағасын айтады, таптық көзқарасын білдіреді.

 

әрине, еңбекші халық осындай теңсіздік, қаналу жағдайында жүрсе де, ол өз үстем тап адамдарынан кем санаған емес. Байлық, әлеуметтік дәрежесі кем болғанымен ақыл-ойы, еңбегі артық екендігін мақалдары арқылы да

 

дәлелдеп көрсетеді. Мұны “Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар”, “қарадан шыққан хан жақсы”, “Данышпан айтса — ел айтқаны, елдің қамын жеп айтқаны”, “Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық” деген мақалдардан көреміз. Сондай-ақ, еңбекші халық ауыр өмір талқысын көре тұра, сары уайымға салынбайды, мүңайып, түңілмейді, болашақта жарқын тұрмысқа жетеміз деген оймен күдер үзбейді. “Батқан күннің атар таңы бар”, “Уайым түбі сары алтын, сарғайған жетер мүратқа” деп, жақсылықты болашақтан күтеді, соған жететініне кәміл сенеді.

 

Халық мақалдары қоғамдық мәселелерді сөз еткенде, қожа-молдалар, діни угым жайын да қарастырады; бұған да көңіл бөліп, сын-бағашн беріп отырады. қазақ халқы дін жолын қуған, дін үгітіне мүлде беріліп кеткен халық емес. қазақтар дін сөзін екі жағдайда гана есіне алатын секілді: басына ауыртпалық түсіп, қысылган кезінде немесе қатты ауруга үшыраған күнінде құдай дегенді, дін сөзі дегенді аузына алады, басқа түскен қауіптен қүтылу жолын іздеп қарманады. Ал басқа уақытта қазақтың дшшіл, құдай-шыл болуы өте сирек кездеседі.

 

Діни сенімі осындай болған қазақтар қожа-молдалар айтатын, солар тарататын үгітке онша көп илана қоймайды, оған кейде сықақ, әжуа түрінде қарайды. Мүнымен қатар, қожа-молдалар, олар айтатын діни үгіттер еңбекші халықтың қамын емес, қанаушылардың пайдасын көздейтінін, олардың үстем тап адамдарымен бірлесе оты-рып халықты езетіндігін мақалдары арқылы бейнелейді. Осы ретте мағынасы терең халық мақалдары қожа-молда-лардың жағымсыз образын жасайды, оларды обырлар, ха-лықты алдап басын айналдырушылар деп көрсетеді. “Сопы сүмнан шығады”, “қисық арба жол бұзар, дүмше молда ел бүзар”, “Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді”, “Аңқау елге — арамза молда”, деп дін иелерін келекеге айналдырады.

 

қожа-молдалар өздерінің үгіт сөзінде дүниедегі ең адал, ең әділ, ең турашыл — періште десе, оған халық “Алтын көрсе періште жолдан таяды” деп сын айтады, періште жай-ындағы діни үғымды бекерге шығарады. Дін үгіті бойынша, әрбір адам күніне бес рет намаз оқуға, бірнеше рет дәрет алуга тиісті; солай еткен адам ғана жұмаққа барады-мыс. Халық бұл үғымды да сықақ етеді, “Дәрет дамбал шірітер”, “Мың жұмақтан бір күнгі тірлік артық”— деп қорытынды жасайды. Сондықтан да халық “Алладан ойбайым тыныш” деп, өзіне түсініксіз дін сөздеріне, дін үгітіне бой үрмайды.

 

әрине, дін жайында шығарылған мақалдардахалықты діни ұғымдармен күресуге, оған қарсылық көрсетуге шақыратын үгіттер жоқ. Ондай әңгімслсрді халық сртедс ашық айта да алмаған. Бірақ халық дінді, діни ұғымдарды, олардытаратушы қожа-молдалардысынайды. әжуа, келеке, мазақетеді. Мұның өзі дінге қарсы ашық күреске шақыру болмаса да, халықтың дінге көзқарасы қандай сксндігін айқындайды.

 

Халық мақалдарының қоғамдық мәні бартақырыптарының бірі — ок,у-білш, тазальщ-тәрбие, шпез-қулық, әдет-г\>рып жайлары. Бұлар жөнінде халықтың ойы, көзқарасы, шығарар қорытындысы, айтар ақыл-өсиеті қандай екендігі байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету, жаманнан жиіркеніш тауып бсздіру — аталған тақырыптағы мақалдардың басты мәселесі.

 

Өнер-білім, оқу, ғылым жайын сөз қылғанда, халық мақалы әңгімсні бұлардың адам баласына тигізетін пайдасы көп ексндігін көрсетуден бастайды. Жақсылығы көп жа-рық дүнис —, оқу-ғылым арқылы жасалады дей отырып, оны қараңғылық пен надандыққа қарама-қарсы қояды, са-лыстыру жасап, түйінді қорытынды шығарады. “Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы”, “Оқыған — озады, оқымаған — тозады”, “Білек сүріндіре алмағанды — білім сүріндіреді”, “Өнерліге өлім жоқ”, “Білекті бірді жығады, білімді мынды жыгады”, “Білімдіге — дүнис жарық, білімсіздің — түбі ғарып,” “Өнерлінің өрісі — үзақ” деген макалдарымен халық өнер-білімді, оқу мен ғылымды аса жоғары бағалайды. Бағасын бере отырып, ақыльш айтады: оқы, үйрен, білімді бол!— дейді. әринс, оқу, білім алу жолы оңай еместігін де халық мақалына қосады. “Оқу — инемен құдық қазғандай” қиын екендігін аңғартады. Бірақ қиыншылықтан қорқып оқымай қалуға болмайды, оқи берсе, оған ынта-жігермен беріле кіріседі, адам баласы мақсатына жстеді деп көрсетеді. Халық “оқу оқы, білім ал” дегснді текке айтпайды, білім алған адам халыққа қызмет стедІ, пайдасын тигізеді, халықтың ілгерілсп алға басуына үлкен үлес қосады деп түйеді. Ал адам оқымаса, оған ұмтылмаса қараңғылық пен надандықтың шырмауына түссді, ғарыптық халгс ұшырайды дсп біледі. Сондықтан да халықтың бұл алуандас макалдары жас ұрпаққа_арналған үгіт, ақыл-өсиет, нақыл сөз болып отырады. Өмір бойына оқи бср, “оқып болдым, жетілдім” деуден сақ бол дегенді де ескертсді.

 

Деисаулық, тазальщ, тәрбие жайындағы мақалдардан халықтың ерте заманнан келе жатқан және тұрмыс-тіршілігінде сыналған тәжірибелері орын алғандығын байқаймыз.

 

“Ауру — астан”, “Саулық негізі — тазалық”, “Денсаулық — зор байлық”, “Көзің ауырса, қолынды тый; ішіңауырса, тамағындытый”, “Аурудыңалдынал”, “Жасыңда салақ болсаң, бара-бара былық боларсың” сияқты мақалдар халықтың денсаулық, тазалық жайындағы үғым-түсінігін көрсетеді, тазалық сақтаган адам ауру-сырқаудан аман болады деп біледі. Мұнысы — халықтың бүгінгідей дәрігері, емханасы болмаған ксздс жасаган тәжірибесі, содан Іпығарған қорытындысы, жүрттьщ үлгі алуы үшін айтқан нақьтл сөзі. Адампыц міпез-цулщы, хальщтыц әдет-гурпы да мақалдардан елеулі орын алды. Бүларға халық көпшілік бұқара тұргысынан қарайды. Халыққа жақсы, жағымды көрінетін, үлгі алуға жарайтын мінез-қүлықты, сондай әдет-ғұрыпты мақалға қосады. Халық алдында адал, турашыл, шын-шыл, әділ болу, халық жүктегсн міндетті абыроймен орындау, өтірік-өсск айтпау, жалқау болмай сңбек-кәсіп ету, кіші пейіл болу, жолдастықты сактау, досқа жәрдем-көмек, ашу шақырмай ақылмсн іс істсу т.б. сияқты жақсы мінсзді қадірлеп үлгі стсді. Мүны жол-жоба, ақыл-өсиеткс айналдырады. Ха-лық үғымында не нәрсс деп танылса, мақалдар соны құптап отырады. Сондай-ақ, сртеден келе жатқан әдет-ғұрыптың ішінен халық өз мүддесіне, көпшілік тілсгіне, қабысатындарын ғана алып, мақалынан орын берсді. Ал халық тілегіне, көзқарасына жатпайтын әдст-ғүрыпты дәріптсмейді. қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу — ауыз әдсбистінің бір түрі — мазмүны жағынан болсын, тақырыбы жағынан болсьга орасан көп дүние скендігін көрсетсді. Халықтың ғасырлар бойына сақтап кслгсн жәнс өзінің тіршілік-түрмысында, қоғамдық өміріндс қолданған мақалдары халықтық сипатын жоймай, ‘біздің заманымызға жеткснін байқаймыз. Халықтың арман-мүддссін, көзқарасын, әрбір қоғамдық, таптық жағдайларга бсрген бағасын білдіретін, ақыл-өсиет, нақыл сөз ретіндс айты-латын бұл мақалдар бүгінгі күнде дс өзінің қасиетін жойған жоқ.

 

қазақ мақалдарының өзінс тән нсгізгі бір ерекшелігі — аз сөзбен көп магына беретіндігінде. “Аз сөз — алтын, коп сөз — көмір”, дсй отырып, халық өзі-нің мақалдарында мазмұнды әңгіменің “тобықтай түйінін” береді, ой-пікірін, көзқарасын әрі терең, әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы олпы-солпы болмайды, стск-жеңі жинақы, ықшам кследі. Айтылатын пікір, жасалатын қорытынды, бсрілетін баға толық дәлелдснгсн, шыңдалып,

 

МАңАЛДАРДЫң ӨЗІНЕ ТәН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

шынайыланып жонылып, өткірленіп келеді. Сондықтан да мақал оралымды, өткір болады. Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады.

 

Ішкі құрылысы жағынан алғанда, мақалдар екі түрлі: біріншісі — айтайын деген ойын ашық етіп бірден, турасынан білдіреді (“Жауды аяған жаралы қалады”, “Бірлігі жоқтың

 

— тірлігі жоқ”, т.б.). Екіншісі — негізгі ойды астарлап айта-тын, ишаратпен білдіретін мақалдар. қазақ мақалдарының біразы осы соңгы түргс енеді. Мұның мысалдарына “Жығылсаң нардан жығыл”, “Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме” деген мақалдарды жатқызуга болады. Сырт қарағанда бұл мақалдарда айтылатын ой айқын, әрқайсысы өз орнында тұрған секілді. Бірақ олардын, түпкі магынасында басқа әңгімелержатады. “Жығылсаңнарданжығыл”дегенде, нардан жығылып қалуды айтып отырған жоқ, нардай іске ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. “Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме” деуде тура мағына болумен қатар, астарлап айтылган жанама мағына бар. Ол сырлас болмаған, сырын білмеген адаммен бірден ашна-жай болудың қолайсыз жағдайға душар ететінін аңғартады. Со-ндай-ақ, “Түйенің үлкені көпірден таяқ жер”, “Керек тастың ауьтрлығы жоқ”, “қысқа жіп күрмеуге келмес”, “Аузы күйген үріп ішер” деген тәрізді мақалдарды алсақ, бұлардың ішінде тура мағынадан гөрі, астарлап айтылған, жанама түрінде берілген мағына, ой-пікір жатқанын байқаймыз. Айтайын деген негізгі ойды осы сияқты жанама түрде астарлап айту мақалдарға тән ерекшелік болып табылады.

 

Мақалдарға тән ерекшеліктің бірі — оның құрылысында. Мақалдар көбінесе, бір сөйлемнен құрылады “Кеңесті ел

 

— кемімсс”, “Тіл — қылыштан өткір”, “Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады” т.б.). Осындай бір сөйлем арқылы-ақ мағынасы терең, мазмұнды әңгімелерді жеткізе алады.

 

Мақалдардың құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір сөзді қайталаушылық, сөз ұйқасымы айрықша орын алады. Мақалды бұлай етіп қүру, оның мазмұнын тереңдете түсумен қатар, айтылатын негізгі ойды көркемдеп жеткізуге себепкер болады, соған көңіл аударады. “Болған іске болаттай берік бол”, “Үміт — үзілмес”, “Ерлік — елдің сыны”, “Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емсс” дегендерден дыбыс қайталаушылықтың, дыбыс үндсстігінің үлгілерін көреміз.

 

Мұнымен қатар, қазақ мақалдары, көбінесе, өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түріндс жасалады. Негізгі ойды аз

 

сөзбен өткірлеп, жеткізе айтуды көздеумен бірге, оның әдемі, көркем және үйқасымды болып келу жағын да қарастырады. Бұл ретте кейбір мақалдар бір шумақтан түратын өлең сияқты. Бұған: “Ат басына күн туса, ауыз-дықпен су ішер; ер басына күн туса, етігімен су кешер”, “Арық деген жаман тай, жазға шығып ат болар; жамандығың сезілсе, жақын кісі жат болар”, “Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар, жақсылықты көп қусаң, бақ-дәулетің молығар” деген мақалдар мысал бола алады. Мүндай мақалдар кейде терең магыналы толғау, нақыл сөз есебінде ре айтылады.

 

Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз МәТЕЛ саптасы жағынан бір-біріне жақын және

 

үқсас келеді. Бірақ өзара айырмашьшығы да бар. Басты айырмашылық — бұлардың мазмұнында.

 

қай мақалды алсақ та, оның мазмүнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімслер жатады, мақал соларға берілген да-налық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал мәтелдерде бүл секілді мазмүнды, оқиғалы әңгімслер өтс аз кездеседі. Мәтелдер, көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы (“Көппен көрген ұлы той”, “қүрыққа сырық жалғап”, “қызым саған айтам, келінім сен тыңда”, “Тілге тиек хсасап”, “Ханнан қазық, биден тоқпақ”, т.б.) ретінде қолданылады. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бүл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді; кейбір сөздерін тыңдаушының өзі аңғарып түсінер дсген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бүл мәтелдің өзіне тән ерек-шелігінің бірі болып табылады.

 

қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және Ж¦МБАқТАР ерте заманнан бастап бүіінгі күнге дейін

 

даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі — жұмбақтар. Ол — барлық слдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.

 

Халық шығармасьшың жүмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдар-дың, бүкіл коллективтің еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесінен туған . Алғашқы кезде адам баласына

 

1 М.әуезов. Жүмбақтар туралы, 1940, (“Жұмбақтар” жинағы); А. А. қайев. Русская литература, 1953; И. М. Колесницкая. Загадки, 1954; (Рус-ское народное поэтическое творчество под. ред. проф. П. Г. Богатырева); ә.Маргулаи. Жұмбақ, 1960; (Казақ әдебиетініц тарихы, I том)

 

дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардыңсыры,неденжасалатындығымәлімболмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жолын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүни-есін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылы тануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-біріне ұқсас бслгілсрінс қарап, олардың қандай зат екендігін, нсден шыққандыгын анықтаған. Жұмбақтардың алғашқы үлгілері осылай шыққан.

 

Бертін келс адам баласының ой-өрісі, дүнис танымы, білім көлемі ұлғайған ксзде, жаратылыс дүниесінің жәнс заттардың шығу сырын анықтап аңғарған кезде жұмбақтар алгашқы қалпынан өзгере бастайды. Бұл ксзде шығарылған жұмбақтарда адамға таныс заттардың немесе жаратылыс құбылыстарының сьгртқы бслгілсрі ғана алынады, соған қарап жүмбақ шығарылады. Жұмбак заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырын ұстайды. Сондықтан да ойга алгап нәрсепіц өзіп айтпай, оныц сырт көрітстеріп, сыртқы белгілерін қысқаша си-паттауды, солар арқылы жумбщ етілгеп затты табуды жумбщ дейміз.

 

Жұмбақтың алғашқы үлг-ілері сртедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігінс, еңбск-кәсіп ету жайларына байланысты туып, кейіннсн халық өмірімсн бітс қайнасқан, талай ғасырмсн біргс жасасқан, өзінің қалыптасу және даму про-цесіндс жаңа мазмүн, жаңа тақырып алып отырған. Ауыз әдсбиетінің басқа тарихи дәуірлер туғызған жаңалықтарды бойына жинай келген. қай ксздс болса да, жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде қолданған. Мұнымсн қатар, жұмбақтың білім бсрерлік, білмсгенді білугс ұмтылдырарлық қасиеті барлығын халық жақсы түсінген, Сондықтан да жұмбақ халықтың күндслікті өмірінен ерскшс орын алған.

 

Жұмбақ айту — әр халықтың әріден келс жатқан дәстүрінің бірі. М. әуезов жоғарыда аталған еңбсгінде, қазақтың сртсдегі әдст-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта ксліп, былай деген: “Кейде бүкіл бір сртск жұмбақтан туады. әңгімелі әсем жыр, дастан ата-улының талайының жұмбаққа согып кететіні болады. Ертеде срдің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған”. Бұл — тарихи шындыққа негізделген пікір.

 

қазақтың көптегсн ертегілеріне мазмұн болған да не-месс сондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білсміз. Бұған “қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “қарт пен тапқыр жігіт”, “Аяз бидің сртегілері” дәлел. Сон-дай-ақ, ерте заманда күйеу таңдаған қыздар: “Жұмбағымды шешкен жігітке ғана тием”,— деп, жүмбақты өнер салыс-тыру, жігіттің ақыл-ойын сынау ретінде қолданған. Бертін келе жүмбақ ақындар айтысынан орын алған. Айтысқа түскен ақындар бір-бірінің ақындық өнерін байқаумен қатар, білім көлемдерін де сынасқан; ол үшін бір-бірінс жұмбақ берісіп, өнер салыстырган. Ал снді кейбір елдерде жұмбақ үлкен әңгімелі жырлар тууына себепкер болған. Мәселен, сскі грек жұртының Эдип патша жайындагы тра-гедиялы әңгімесі жұмбақтан (Сфинкстің “Таңертең төрт аяқты, түсте скі аяқты, ксшкс үш аяқты болатын не?” деген жүмбағы) басталып, көп жағдайларды суреттеген.

 

Міне, мүның бәрі ауыз әдебиетінде жүмбақтардың мәні зор болғандығын көрсетеді.

 

Жүмбақ — оқушы балалар мен жастаркі білім берерлік, тәрбиелік мәні бар қүралдың бірі.

 

ЖҮМБАңТЫң

 

ТАңЫРЫБЫ,

 

МАЗМҮНЫ

 

Халық жүмбақтарының тақырыбы өтс көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, сңбек-кәсіп қүралдары, хайуанаттар мсн өсімдіктер , адам жәнс оның өмірі, өнс-р-білім, техника т.б. жүмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар, мазмүны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне снгендс, әрқайсысы жалпылама түрдс алынбай, бөлшектене, жекслене алынады.

 

Аталған тақырыптағы жүмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын көрсету, толық хронологиясын беру қиын нәрсе. Дегснмен кейбір тақырыптағы жұмбақтардыц қашан тугандығын бслгілеугс болады. Мәселен, өнер-білім, тсх-ника жайында шығарылған жүмбақтар бсргі кезде, XIX ғасырдың ішіндс туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлсйді” (хат), “Өзі жаңа, өзі тесік” (елеуіш), “Өмірді өлшейді, ешкімнсн сүрамай; тілінді ал-майды, тетігін бүрамай” (сағат) дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін емсс. Өйтксні ертсдсгі адамдарға хат, елеуіш, сағат дсгендсрдің өзі түсініксіз болатын. Сон-дықтан бұл тсктсс жүмбақтарды бсргі кездің шығармасы деп қарау керск.

 

Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін тану әрекетіне байланысты туған деугс

 

болады. Бұл тақырыптағы жұмбақтардан адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен Күнді, Жер мен көкті, от пен суды, қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды, т.б. жұмбақ еткенде, өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселергс салыстырады.

 

Аспан әлемі жұмбақ көлеміне енгенде көз жетпейтін дария^ үлксн көк шатыр, кең сарай бейнесіндс алынады. Кейдс сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін жұмбаққа қосады. Мәселен:

 

Көріп едім бір үлкен дарияны, Барша қыз мекен өтіп жатыр оны. Ішіндс ерлі-байлы екі аққу бар, Жарықтық жеті сарбас балалары,—

 

деп, аспанды — дарияға, жұлдыздарды — қызға, Ай мен Күнді — аққуға, Жетіқарақшыны — балаға теңейді.

 

Ай мен Күн, жұлдыз, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан үнемі парланып жұмбақталмайды, әрқайсысы өз алдына бір жүмбақ болып та отырады. Сонда күнді алма деп немесе күміс табақ, ақ сандық деп бейнслегіді.

 

Жұлдыздар, көбінесе, ақ моншақ, мерует, шашылған тары, ұсақ тас немесе қыз бейнесінде жұмбаққа досылады. (“Үй үстінде ұсақ тас”, “Там басына тары шаштйм”, “Тақиям толған сөк, ертеңгісін дым да жоқ”, т.б.).

 

Айды жүмбақ еткенде, көбінесе оның үш мезгілі (жаңа туган ай, айдың жартысы, айдың толған кездері) бөлшектене алынады. әр мезгіліне бөлек-бөлек бейне табады. (“Көп бауырсақ ішінде бір қалаш”, “Жабық астында жарты күлше”, т.б.). Мұнымен қатар, Айды су бетіне түскен көлеңкесімен де суреттеп отырады. Мысалы:

 

қонақтап күндс келер су бетіие, Пар келмес гаућар затты келбетіие. Мекені су жүзіндс көрінеді, Тамаша, қарап түрсам суретіне,—

 

Халық аспан әлемінен Шолпан, Үркер, Жстіқарақшы, кемпір-қосақ, найзағайды да жұмбағына енгізеді. әрқайсышна ұқсас келетін сыртқы бсйне, сурет, сипат, белгі табады. Шолпан, Үркер, Жстіқарақшыны, көбінесе, құс бейенсінде (Жетіқарақшыны — үйрек, Үркерді — ба-лапан, Шолпанды — тоты құ.с деп) суреттейді.

 

Жаратылыс тақырыбына шығарылған жұмбақтардың бірсыпырасы жерге байланысты айтылады. Бұл ретте жұмбақ көлсміне снетіндер: жер, су, от, боран, қар, тау, тас, өсімдік, т.б. Жерді жұмбақ еткенде өлшеусіз пішілген

 

бір дүние, көлеміне көз жетпейтін кілем түрінде сипат-тайды (мысалы: “Өлшеусіз піштім, жіпсіз тіктім”, “Зер-зер кілем, зер кілем, көтерейін десем зор кілем”, т.б). Суды жыланға теңейді немесе ағысымен аңғартады. (“Жылт-жылт еткен, жырадан өткен”, “Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ”. “Отқа жанбас, суға батпас” деп мұзды, “Жер түбінен боз жорға ат келеді” деп боранды жүмбақ етеді.

 

Жер әлемін жұмбаққа енгізгенде оған жер бетіне шығатын өсімдіктерді де қосады. Бүл ретте халықтың жұмбақтарынан егін, шөп түрлері орын алады, әрқайсысының шаруашылыққа пайдасы көп екендігін көрсетеді. “Аласа терек, алпыс бүтақ, бүтақ сайын үя, ^ұя сайын жұмыртқа” деп егіннің басын жүмбақтайды. қауын-қарбызды көгевде жатып семірген лаққа тсңейді. “қырға кілем жайдым” деп, жазғы жасыл жер көрінісін образды түрде бейнелейді.

 

қазақ жүмбақтарының күрделі бір тақырыбы — төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен, оның сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып жүмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Бүл тақырыптағы жұмбақтар “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың ем-шегі), “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шөпшек терді” (түйенің өркеші, ерні) секілді больш келеді. Кейде әр түліктің неше айда төлдейтінін де жүмбақ арқылы білдіреді. “Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі” дегенде түйенің он екі айда бір боталайтыны, жылқы он айда»құлын-дайтыны, сиыр тоғыз айда бұзаулайтынын, ешкі бес айда лақтайтынын көрсетеді.

 

Хайуанаттар дүниесінен жүмбаққа қосылатыны: қасқыр, қоян, аю, жолбарыс, арыстан, түлкі, т.б. Бұларды жұмбақтағанда, олар сыртқы бейнесімен, мінез-қылыгымен алынады. Кейде жыртқыш аңдар жұмбақ көлеміне өздерінің адам баласына, төрт түлікке жасайтын қастышмен енеді. Мысалы:

 

Кілемніц түрлеріндей жүндсрі бар, Лйбатты, жаи шыдамас үіідсрі бар, Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ, Кстстін зиян қылып бір жері бар,—

 

дсп жолбарысты жұмбақтайды. Немесе:

 

Белестен шапқан бссті ат, Бүлкіл келгсн жслісті ат,

 

Күзетсізді іздейді, Малдан күдер үзбейді,—

 

деп қасқырды сипаттайды.

 

қасқыр жайы жұмбаққа, көбінесс, оның үй малына жасайтын қастыгымен алынады. Мәсслен, — “Келінінің ата-сына айтқаны” дейтін әңгімеде қасқыр ғана жұмбақталмайды. Онымен біргс ескі ауылдың әдет-ғұрпы да суреттеледі. Бұл әңгімсде келіні атасына: “Сарқыраманың ар жағында, сыл-дыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, қынамадан жаныманы әкеліңіз”,— депті. Мұнда өзсн, қамыс, қой, қасқыр, қынап, бәкі жұмбақ түрінде айтылады. Ескі салт бойынша, жас келіндср ауылдағы үлкен кісілердің атын атамайтын болған, атай қалса, ол күнәлі саналатын. Ал мыиа жұмбақ түрінде айтылып отырған әңгімсде кісі атына үқсас кслетіндері бар (Өзенбай, қамысбай, қасқырбай, қойшыбай, Бәкібай болуы мүмкін). Сондықтан оларды дана келін әрі жұмбақ, әрі түсінікті етіп тапқырлықпен жеткізеді. Бір жағынан, қасқырдың малға келтірген қаскүнсмдік зиянын айтса; скіншіден, сскі салтқа байланысты ұғымды да жүмбақ стеді.

 

Хайуанаттар мсн қатар, қазақ жұмбақтарынан шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, т.б. қысқасы, барлық жәндіктер дүниесі орын алады. Бұлар өздерінің түс-түгі, сыртқы бслгілерімсн, әр түрлі тіршілігімен жұмбаққа енсді. Бұл тақьгрыптағы жұмбақтар “Үшқанда өлсң айтады, қонғанда жер қазады” (қоңыз), “Кішкснс ғана қара тас, атан түйе тарта алмас” (қарақұрт)^ “Елек-слек тарым бар, көтсре алсаң бәрін ал” (құмырсқа және илеуі), “Ат басты, арқар мүйізді, бөрі ксудслі, бөкен санды” (шегіртке) сияқты болып келеді.

 

Жұмбақгардың аса бір мол тақырыбы — е^рек-кәсіп құрал-дарыжәне турмысқа керекті жабдьщтар жайына арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі құрал-сайман-дардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпке дейін қамтиды. Арба, шана, қамыт-сайман, ср-тұрман; балға, балта, қысқасы, бар-лық шаруа қүралдары, үй жабдықтары, киім-кешек, ыдыс-аяқ, инс-жіп, т.б. жұмбақ көлсмінс снсді. Мысалы:

 

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының, Тимсйді ұшы жсргс аяғынын. қос қолды хайуанға арта салып, Салады әуезіне баяғының,—

 

дсп арбаны суреттсйді. Нсмссс “Өзі батыр, жасырынып жатыр” (қақпан), “Тұрса түйсдсй, жатса қояндай” (ср-тоқым), “Алдын айпар, жанын жайпар” (шалғы), “Ертс

 

 

тұрдым, екі айыр жолға түстім” (шалбар), “Екі шеті жұды-рықтай, ортасы қылдырықтай” (тұтқыш), “Кішкене ғана тостаған, көтсріп мені тастаған” (үзеңгі), “Бір тышқанда екі құйрық” (ине, жіп), “Кішкене ғана ақ күшік, жүгіре-жүгіре буаз болды” (ұршық), “Үзын қүйрық сауысқан, бір көлдін суын тауысқан” (қауға), “Отыз омыртқа, қырық қабырга, беры ұстап тұрган — ауыз омыртка” (отызы — уық, қырқы — кереге, ауыз омыртқасы — шаңырақ), деп жұмбақ етеді.

 

қазақ жүмбақтарының тақырыбы және мазмұны жағынан әрі күрделісі, әрі көбі: ок,у-білім, . өпер, техника жайын суреттеуге арналады. Бұл тақырыптағы жұ-мбақтардың біразы қазақ елінің Ресей мемлекетіне қосылған ксзіндс туған сскілді. Ал басым көпшілігі біздің заманымызда, қазақ халқының экономикасы мен мәдениеті өркендеген кеңестік дәуірде туғандығын байқаймыз.

 

Кеңестік дәуірде қазақ халқы экономикасы өркендегсн, мәдениеті гүлденген елге айналды, оқу-білім, тсхникага ис болды. Ертедегі қазақтардың түсіне енбеген, тек арманы. болған мәдениет ордалары, оқу-білім беретін орындар, тех-ника құралдары көбейді. қазақ жастары оқуға ұмтылды, әр түрлі жоғары мамандықтар алды, техниканы меңгерді. қазақ ауылының тұрмысына енген бұл жаңалықтар халықтың ауыз әдебиетінс, соның ішінде жұмбақтарға үлкен әсер етті; тақырыбы мсн мазмұны жаңа жұмбақтар тууына себспкер болды.

 

Аталған тақырыптағы жұмбақтар өнер-білім, оқу, тех-никаны жалпылама түрдс алмайды, әрқайсысын ажырата, жекелеп алады және нәтижссін айтады. Мысалы, оқу оқып, білім алуға керекті жабдықтар мен құралдарды сипаттау арқылы оқу-білім жайы жұмбақталады. Бұл ретте жұмбаққа енстіндер: қағаз, қарындаш, қалам, әріп, географиялықкарта, дәптер т.б. Жүмбақ қалам мен қарындашты жүйрік жоргаға, сия сауытты — тастан соғылған, суы таусылмайтын құдыққа, әріптерді — ағайындас адамдарға теңейді. Кітапты “жаны жоқ болса да, ақылы адам ісін істейді” деп, немесе:

 

Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіиді қарап тұрсац күлгізеді. Жалғанда әңгімесі сондай қызық, Жаныіщы тыіщай берсец кіргізеді,—

 

деп сипаттайды. Географиялық картаны жұмбақ еткенде:

 

Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін.

 

4 — 1068

 

Көл көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереидейтін,—

 

деп бейнелейді.

 

Техника туралы шығарылған жұмбақтардың көлеміне енетіндер көбінесе, автомашина, паровоз, поезд, телеграф, телефон, радио, комбайн, трактор, электр, самолет, т.б. Халықтың жүмбақтарында паровозды алып күшті қара айғыр немесе бозда*лн қара інген деп, поезды көшіп бара жатқан керусн деп суреттейді. Радионы жансыз бүлбұлға немссс аспан тілшісіне теңейді. ¦шақты аспан айдынында жүзгсн жайын бейнесінде алады. Элсктрді “байласаңыз жүрс бас-тайды, шешкендс түрып қалады” деп көрсетеді. Телеграфты жұмбақ еткенде:

 

Білмеймін аяқтарын неше мыңнан, Бір нәрсс арқасында жалғыз қылдан, Өзінін иелері әмір қылса, Жср жүзін бір сағатта сайран қылған,—

 

деп сипаттайды.

 

Өнер-білім жайында шыгарылған жұмбақтар бір жылда неше ай, неше күн, нешс жұма бар екендігін дс суреттсйді. Бұл ретте жұмбақ жылды самұрық құсқа, бір жылдағы 365 күнді жүмыртқаға, 12 айды үяға, 48 жұманы балапанға теңейді. Сөйтіп бүл жұмбақты халық календарь ссебіндс айтады.

 

Халық жұмбақтарының кейбіреулсрі өтксн замандағы байлар мен діп иелеріп кулкі, әжуа етіп сипаттайды. “қу ағаштың басында құтырған адам айғайлайды” (мсшіт, молда) деген жүмбакта халықтың дінгс, азаншы молдаға көзқарасы қандай екенін білдіреді. Дін ордасы деп молдалар айтатын мешітті қуарған ағашқа, азаншыны қүтырған адамға тсңейді, мазақ стеді.

 

Ауыз әдебиетінің басқа түрлсрі секілді, жүмбақтардың да өзінс тән срскшеліктсрі бар. Ең алдымен жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жүмбақтың өзі дс, оның шс-шуі дс асқан тапқырлықпен құрылуға тиісті. Сонда ғана ол жұмбақ болады.

 

Жұмбақта фантазиядан да дсрсктілік, нақтылық басым келсді. Ол жүмбақ көлемінс енстін нәрсслерді алыстағы бұлдырдан емсс, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрсслерін жүмбақ стсді. Бұл нәрсслсрді жал-пылама түрінде алмай, бөлшсктсп, жскелсп алады, әрбір заттың бөлек-бөлек бөлшсктерінс айрықша көңіл ауда-рады. (Рас, жұмбақта бірнсшс нәрссні бірақ айтатын, жал-

 

ЖҮМБАңТАРДЫң ӨЗІНЕ ТәН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

пылама түрде көрсететін кездері де болады. Бірақ ол өте аз кездсседі.) Мәселен, жүмбаққа сиырды енгізгенде, оның өзін айтумен қабат, мүйізін де, емшегін де, сүтін де бөлек жұмбақ стеді.

 

Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттайды (“қараша тауым қарлы болды, бір жуса кетпейтұғын зәрлі болды” шаштың ағаруы). Мүнымен қатар жұмбақ әрбір затты құлаққа сстілетін дыбыс бслгісімен де бейнелейді. Мысалы: “әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті” деп күннің күркіреуін жүмбақтайды.

 

Жүмбақтың өзіне тән бір ерскшелігі — жүмбаққа алы-натын нәрселерді атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде. Мәселен, құлыпты жұмбақ еткенде:

 

ә, керсмет бір ит бар Үй бағады, үрмсйді, Аяғы жоқ жүрмейді. Рұқсатсыз ол иттсн Ешкім үйге кірмейді,—

 

деп келеді. Жұмбақтардың көпшілігінде осы ерскшелік айрықша көзге түсіп отырады.

 

Кейде жұмбақ әрбір заттың неден істелгенін, тегі қандай екенін, кейіннен, қандай күйгс түскенін де снпаттайды. Мысалға үйге ұсталатын ши туралы жүмбақты алайық. Онда:

 

Өз слімде шөп едім,

 

Желкілдеген боз едім.

 

қолға түстім, қиылдым,

 

Он жерімнен буылдым,—

 

делінеді. Ал түзды “Судан шығады, судан қорқады” дсп жүмбақтайды.

 

Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі — заты жақын заттарды парлап, қосарлап айтуында. Ай мсн Күн, Жер мен көк, қыс псн жаз, күн мен түн, қол мсн аяқ, т.б. жүбымен алынып жұмбаққа қосылады. Бұл рстте, мысалы, Күн мен Ай мына түрдс Жұмбақ стіледі:

 

Бірсудін бір үлы бар және қызы, ‘ Білсді ол сксуін дүнис жүзі. Үйықтайды үлы түндс, қызы күндіз, Жүргендс білінбейді басқан ізі.

 

Жүмбақтың қайсысы болса да негізгі ойды образ, ора-лымды ұшқыр сөз арқылы білдіреді. Көрксмдік суреттсу құралы болып табылатын тсңеу, метафора жүмбақта көп қолданылады. Бір нәрссні екіншісіне теңеп, салыстыра оты-рып образ жасайды. Мәсслен, шегірткені:

 

Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды;—

 

деп суреттейді де, көз алдына оның кескін-пішінін елес-тетеді.

 

қазақтың жүмбақтары, өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге үқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, үйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Мүны-мен қатар, жұмбақтарда да дыбыс үндестігі, дыбыс қайталаушылық, сөйтіп барып айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. Мұны “Жаралғавда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Ти десем тимейді, тиме десем тиеді” (ерін), “Тақиям толган тары” (жүлдыз), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адам-ның есімі) сияқты жұмбақтардан көреміз.

 

Сонымен, қазақ халқының ерте заманда туып, бүгінгі күнге дейін өсу, жаңару үстінде келе жатқан жұмбақтары ұлттық мәдениетіміздің көрнекті бір тарауы болып табы-лады. Оларды адам баласының ой-өрісі, дүнис танымы, білім көлемі ұлгая беруіне көмектесетін, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын, соған ұмтылдыратын, білімдік, тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз.

Читайте также: