Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің құрамында кейде екі ғана жай сөйлем болмай, одан да көп жай сөйлем болуы мүмкін.

Ондайда жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қарым-қатынас бір текті, бірыңғай болуы да, әр түрлі болуы да мүмкін. Саластың құрамына енген жай сөйлемдердің мағыналық карым-катынасы әр түрлі, байланысу жолы әрі жалғаулықтар арқылы, әрі жалғаулықсыз, іргелес болып келсе, ондай саласты көп құрамды салалас дейміз. Мысалы, Өкпелі адамша Олжабекке тура қарай койған жоқ, екі көзі бораздада: ішкі өгіздін бірі аяғын шалыс басып еді, шыбыртқысы шарт етті, өгіз бір қайқандап бораздаға түсе қойды. (Мұст.) деген кұрмаластың құрамында 5 жай сөйлем бар. Бірінші жай сөйлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен өз ара ыңғайлас мәнде байланысқан, екінші және үшінші жай сөйлемдер өз ара іліктес мәнде, үшінші мен төртінші және төртінші мен бесінші сөйлемдер өз ара себеп-салдар (алдыңғысы себеп те, кейінгісі салдар) мәнде байланысқан. Бұл жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара іргелес, ешбір шылаусыз құрмаласқан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *