Көп күрек тісті сүт қоректілер

Көп күрек тісті сүт қоректілер. Жерде, орманда және жартылай суда тіршілік ететін организмдер.

Қоректену тәсіліне қарай жыртқыштар, насеком жемділер, қорек талғамайтындар болып бөлінеді. Азу тістері-нің үшы өткір және бұдырлы, сол сияқты жақсы жетілген шошақ тістері болады. Үстіңгі жағының әрбір жартысында 3—5, ал төменгі жағының әрбір жартысында 3—4 күрек тістері болады. Тері қалтасы барлығында бірдей бола бермейді.
Бұл отряд тармағының бірнеше тұқымдасы және көптеген түрлері бар. Мысалы, опоссумдар (Dіdеlрһуіdае) көпшілік өмі-рін ағашта өткізеді. Бұлардың бір ерекшелігі ересектері ағашқа өрмелегенде, жастарында анасының денесіне бекінуге көмектесетін қармалағыш құйрығының болуы. Олар кеміруші-лермен, құстармен және олардың жұмыртқаларымен, насекомдармен қоректенеді. Әдетте бұларды “қалталы егеу-құйрықтар” деп қате атайды. Тез көбейеді. Мысалы, кейбір түрлері он шақты, кейде одан да көп бала туады. Опоссум-дардың бір түрі (DidеІрһиs vігgіпіапиs) солтүстік Америкада кеңінен тараған.
Ертерек кезде Австралияда қалталы қасқыр деген түрі кездесетін. Бұлар кенгуруларға шабуыл жасайтын ірі жыртқыштар болып есептеледі. Австралияда қалталы көртышқан (Nоtогусtеs tурһіорs) деген түрлері кездеседі.
Ценолестов тұқымдасының (Саепоlеstіdае) баласын салып жүретін қалтасы болмайды. Олар таулы ормандарды мекен-дейтін, насекомдармен коректенетін организмдер. Ценолес-товтар түн жануарлары. Биологиясы толық зерттелмеген, үш туысы ғана (Саепоіеstеs, Lеstогоs, Rhупсһоlеstеs), азғана түрі белгілі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *