Кривошипті-шатунды механизм

Блок-картер. Блоккартер іш жағына және сыртына двигательдіқ барлық механизмдері бекітілетін қаңқа больш табылады. Ол қорап пішінді болып құйылған (материалы — СИ 18-36 маркалы шойын, массасы 132 кг). Мұнда цилиндрлер орнатылған блок және иінді білік картерінің жоғарғы бөлігі біріккендіктен оны блок-картер деп атау қабылданған. Блок-картердің астыңғы жағында картердің түбі (иінді біліктің картерінің астыңғы жағы) бекітілетін өңделген фланец бар.

Бөлгіш қабырғалар мен қырлар блок-картерге қажетті қатандық береді. Үш көлденең тік бағытта бөлгіш қабырғалар гильзаларға арналған төрт бөлік жасайды. Алдыңғы және артқы қабырғалардың астыңғы жағында және бөлгіш қабырғаларында иінді біліктің подшипниктерін бекітуге арналған шығыңқы жолдар бар. Горизонталь бөлгіш қабырғаларда гильзаларға арналған ұялар жасалған. Гильзалардың қарама-қарсы ұялары жоғарғы плитада орналасқан. Горизонталь бөлгіш қабырра блок-картердін, жоғарғы қуысын төменгі қуыстан бөледі. Сумен толтырылран жоғарғы қуыс гильзалардың төңірегінде айналыс жасайтын су қаптамасын құрайды. Төменгі қуыс двигательдің жұмысы кезінде айналатын иінді білік тудыратын майлы тұманмен толады. Блок-картердің жоғарғы плитасында блок-картердің су қаптамасын өзара байла-ныстыратын және цилиндрлер қақпары бекітілетін тесіктер бар.

Блок-картердің қатаңдырын арттыру үшін- оның төменгі қуысы иінді біліктің осімен салыстырғанда 80 мм төмен ығыстырылған.

Оң жақтағы қабырғада штампыланған қақпақтармен жабылған люктер жасалған. Осы люктер арқылы клапандардың итергіш штангаларына жол ашылады. Штангалар камерасының астыңғы жағында подшипниктерге арналған қашалып жасалған шығыңқы жолдар жасалран. Алдыңғы жағына таратқыш шестерняның картері мен су насосы бекітілген. Блок-картердің артқы жағына маховиктің картері жапсыра бекітілген. Сыртқы бүйір беттерге қоректендіру және майлау жүйелерінің агрегаттары бекітілген бір-

114-сурет Цилиндрлер . қақпағы:

1 — клапан; 2 — втулка; 3 — штанга; — корпус; 5 — қақпақ; 6 — күйенте; 7 — декомпрессор білікшесі; және 9 — су қаптамасының қуыстары; 10 — құйындық камера; II — ендірме; 12 — винт; 13 — канал;14 — сфералық ойық; 15 — тірек белдеуі; 16 — гильза.

қатар сүйемелдеу жазықтықтары орналасқан. Блок-картердің сол жағына жүргізгіш двигатель (СМД-І4К және басқалар) бекітілген.

Гильзалар. Арнайы (легирленген) шойыннан -жасалған алмалы-салмалы гильзалар 16 двигательдің цилиндрлерінің

қызметін атқарады (114-сурет). Олардың ішкі беттері 1—2мм қа-лыңдыққа дейін жоғары жиілікті токпен шынықтырылған.

Кертпегі (жоғары жағында) және кигізілетін қос белбеуі (жоғары және төменгі жағында) гильза блок-картерде жасалған ұяға сұғындырылады. Кертпек блок-картердің деңгейінен 0,10—0,21 мм шығады. Гильза цилиндрлер қақпағын тартып бекіткенде оны мен блок-картер арасында нығыздалып қысылады. Гильзалардың мұ-қият жалтыратылған ішкі беті айна деп аталады. Гильза мен блок-картердің төменгі бөлігі аралығына резина нығыздауыш сақина орнатылған. Егер гильза алмастырылатын болса, онда жаңа сақина салынады.

Гильзаның жұмыстық беті диаметрі бойынша 0,4 мм-ден артық қажалса, оны аластырады.

Гильзалар ішкі диаметрі және поршеньдер сыртқы диаметрі бойынша үш топқа бөлінеді де Б, С, М әріптерімен белгіленеді. Құрастырғанда бірдей аттас гильзалар мен поршеньдер пайдала-нылады. Гильзалардың тобы жоғары жағындағы қырларында көр-сетілген. Гильзалардың өлшемдері мынадай: Б тобы—120 +0,06

+0,04

С тобы — 120 +0,04

+0,02 және М тобы — 120+002.

Поршень. Поршень қолайсыз жағдайда жұмыс істейді: ол өте қатты қызады, ұлғаю тактісі кезінде оған зор күш түседі (10— 15 тк, яғни 100—150 кН және одан да артық), үлкен инерциялық күш әсер етеді. Сондықтан поршень жасалатйн материалға және оның жасалу сапасына жоғары талаптар қойылады.

Барлық двигательдерде алюминий қорытпасынан (Ал 10 В)

115-сурет. Поршень:

1 — шатун; 2 — кертік; 3 — бағыттауыш бөлік (юбка); 4 — май альш кетуге арналған тесік; 5 және — май қырнауыш сақиналар; 6 — бекіткіш сақина; 7— саусақ; — шатунның жоғарғы басының втулкасы;10, 11 және 12 — компрессиялық сақиналар; 13 — түп; А — нығыздауыш бөлік.

жасалған поршеньдер қолданылады.Бұл қорытпаның шойынға қарағанда мынадай артықшылықтары бар: оның меншікті салмағы 2,5 есе кем,газдардан жылу алуы 30%-ке артық, жылу өткізгіштігі 4—5 есе жоғары. Бірақ бұл қорытпаның кемшіліктеріде бар: шойынға қарағанда тез тозады және сызықтық ұлғаю

коэффициенті 2—2,5 еседей жоғары. Алюминий қорытпасынан жасалған поршеньнің кемшілігінің есесі былайша қайтарылған. Гильзалар мен поршеньдердің аралығьщда едәуір саңылау қалатындай болып жасалады, қажетті нығыздау тұйықталмаған (кесілген) серпімді сақиналар арқылы іске асырылған. Поршеньнің қатты қызатын түп 13 жағының диаметрі, бағыттауыш биіктігіне (юбкасына) қарағанда қысқа болып жасалады (115-сурет). Бағыттауыш бөліктің конустылығы 0,10—0,14 (ең үлкен диаметрі — астыңғы жағында).

Двигатель салқын кезде юбка мен гильзаның аралығындағы саңы-

лау 0,14—0,18 мм.

Поршеньде үш компрессиялық сақина 10, 11 және 12 және екі май кырнауыш сақина 5, 9 бар. Май қырнауыш сақиналардың 5, 9 дөнгеленген төрт қырлы кертігінде майды поршеньнің ортасына өткізіп жіберетін тесіктер бар. Поршеньнің май қырнауыш са-қинасы тұратын кертіктерде майды ағызып алып кететін орталыққа қарай бағытталған радиалды саңылаулар тесілген. Поршеньнің түбінде клапандардың астьша келетін екі ойықша (тереңдігі 0,6 мм) жонылған. Поршеньнщ түбіндегі сфералық ойықша құйынды камераның каналына 13 қарама-қарсы орналасқан (114-сурет). Поршеньнің юбкасының кенересіндегі ойықтан жасалған өткір қыры гильзалардағы артық майды қырнайды.

Поршень жоғарғы өлі нүктеде блок-картердің жазықтығынан 0,55 мм-ден артық жоғары көтерілмеуі керек. Мұнымен бірге осы көтерілу 0,15 мм-ден кем болмауы да шарт. Алғашқы жағдайда қызған двигательдің поршені клапанмен соқтығысып қалуы мүм-кін. Екінші жағдайда сығу дәрежесі кемиді, мұның салдарынан двигательдің қуаты кемиді.

Біз жоғарыда поршеньдер мен гильзалар үшін Б, С және М әріптерімен белгіленген бірдей аттас өлшемді топтар белгіленгенін

айтып өткен болатынбыз. Әр түрлі топтағы поршеньдердің сыртқы диаметрлері мынадай: Б тобы — 120 -0,10-0,12 мм,С тобы — 120-0,12-0,І4

мм,және М тобы — 120 -0,14-0,16 мм.

Поршеньдер саусақтармен де жарақталады. Сондықтан пор-шеньдер мен саусақтарда ақ және сары түстермен белгіленген екі өлшемдік топ белгіленген. Поршеньдердің саусақ өткізілетін те-

сігі диаметрлершщ өлшемдері мынадаи: ақ түс — 

:42+о,<хв мм, сары түс — мм. Саусақтардың сәйкес диаметрлері мынадай: ақ түс —  мм және сары түс — мм.

Өлшемдік топтар поршеньдерде былай белгіленген: түп жағына әріптермен (Б, С немесе М) юбканың диаметрлік тобы, ал одан төменірек цифрлармен поршень массасының грамдық өлшемдері көрсетілген; бобышкада (поршеньнің құлағында) сары жазумен (ақ немесе сары) саусақ сұғылатын тесіктің тобы көрсетілген. Саусақтардыд тобы оның ішкі бетінде көрсетілген. Бір комплекті-дегі массаның айырмашылығы 7 грамнан аспауы тиіс.

Сақина цилиндрге салынбаған кезде, сақинаның сыртқы диаметрі цилиндрдің ішкі диаметрінен артық болады. Цилиндрге салардың алдында сақинаны қысу керек. Сол кезде кесілген жердің (құлыптың) саңылауы кішірейетін болады. Осы қалатын саңылау-дың есебінен сақина серпімді түрде цилиндрдің айнасына нығыз жанасады. Поршеньдегі сақиналардьщ кесік тұстары бір-бірімен салыстырғанда шеңбердің үштен бір немесе төрттен бір бөлігіндей ығыстырылып орналастырылады. Осының нәтижесінде кесіктерден газдардың өтіп кетпеуі алдын ала сақтандырылған. Құлыптар поршеньнің түбіндегі ойыққа немесе поршень саусағы өтетін тесік-ке қарама-қарсы орналаспауы керек. Бұл ережені орындамау са-киналардың күйіп кетуіне әкеп соқтырады.

Жоғарғы компрессиялық сақинаға 12 — хром жалатылған (115-сурет). Екінші және үшінші компрессиялық сақиналарда 11, 10 өлшемі 1,3X0,8 мм тік төрт бұрышты кертіктер бар. Хром жа-латылран сақина жоқ болса, оны кәдімгі сақинамен алмастыруға болады, тек оның кертік жағын жоғары қаратып орнату керек. Компрессиялық сақиналардын, қалғандарының да кертіктері үстіңгі жағында болады. Кертіктердің төмен қарай орнатылуы майды көп шығын жасауға әкеп соқтырады.

Жаңа гильзаға салынған жаңа сақиналардың күлпында 0,30— 0,75 мм саңылау, ал жұмыс істелген гильзаға салынған сақинада 1,2 мм-ден кем емес саңылау болуы керек. Егер гильзада орналасқан сақинаның құлпындағы саңылау 4 мм-ден артса, ал поршеньнің кертігініа биіктігіндегі саңылау 0,5 мм-ден артық болса, онда сақина жарамсыз деп саналады. Егер поршеньге жаңа сақина салған кезде кертігіндегі биіктік саңылауы 0,4 мм-ден артса, поршеньді алмастырады.

Поршеньдік саусақ және шатун. Поршеньдік саусақ және двигатель жұмыс істегенде шамасы мен бағыты айнымалы өте үлкен күшті кабылдайды. Ол 12ХНЗА болатынан жасалады. Сыртқы бетін (0,8—1,2 мм-ге дейін) цементтеу және шынықтыру оған жоғары беріктік пен шыдамдылық (оңай тозбау) қасиет береді. Осылайша өңделген саусақтың сыртында қаттылығы жоғары болумен бірге өзегінде жеткілікті тұтқырлығы болады.

Саусақ — қалықтама типті, яғни ол поршеньде де, шатунда да бекітілмеген. Оңы көлденең бағыттағы жылжудан поршеньнің бо-бышкасындағы ойыққа орналасқан тоқтатқыш сақина ұстап тұ-рады (115-сурет).

Поршеньдік саусақ пен шатун оларды жалғастырғанда 0,017— 0,042 мм-лік саңылауды қамтамасыз ететін шектеумен жасалады. Втулканы алмастырған кезде бұл саңылаудың 0,017 мм-ден кем болмауын қадағалау керек.

Саусақты престеу үшін поршеньді майға салып алдын-ала 70— 80°С-қа дейін қыздыру керек.

Шатун 40Х маркалы болаттан жасалады. Оньщ көлемдік қимасы екі товарлы болады. Жоғары басында қола втулка престелген. Жоғарғы басындағы үш тесік саусақты майлауға арналған. Иінді білікпен жалғасқан төменгі басы, алмалы-салмалы, онда болат-алюминийлі лентадан жасалған астарлар орнатылған.

Шатундық подшипниктердің астарларының қалыңдығы 3 мм, ал негізгілерінікі 5 мм. Аралык, астарлардың қалыңдығы шатунның төменгі басындағы ұяшықтарының радиусынан біршама артық. Төменгі басын шатундық болттармен тартып қысқанда ондағы астарлар қысылыңқырап орналасады. Астарларда болатын мұрттар шатунның жырашығына және оның кақпарына кіріп тұра-тындықтан астарлар ұяшықтарда берік орнатылған. Тартылып қысылған астарлар жұбынын, диаметрі алу-салу жазықтырында оран перпендикуляр жазықтыққа қарағанда 0,06 мм артық. Бұл жайт шатундық подшипникке майдын жақсы келуіне жағдай жасайды. Осы ерекшелік иінді біліктің негізгі подшипниктерінің астарларына да тән — оның алу-салу диаметрі тік диаметрден 0,04— 0,14 мм артық.

Төменгі бастары астарлардың ұяшықтары барлық шатундар үшін бірдей өлшемді. Шатунның төменгі басының астарлары иінді біліктің шатундық мойындарының диаметрлері бойынша екі өнді-рістік топқа және төрт жөндеу тобына бөлінеді: өндірістік астарлар 78, 25 және 78,00 мм; жөндеу астарлары — 77,25; 76,5; 75,75; 75 мм. Барлық топтар үшін шектеуортақ:-0,095

-0,110 мм.

Егер бір шатундары астарды алмастыру керек болса, онда оны-мен бір мезгілде қалғандарын да алмастырып салады. Негізгі под-шипниктердің астарларын да осылайша түгелдей алмастырады. Астарларды қырнауға, егеуге болмайды.. Егер астарлар мен иінді біліктің мойындары аралырындағы саңылау 0,3 мм-ге. жетсе, сонымен бірге шатундық астарлар тұсындағы мойынның жұмырлығы 0,66 мм-ден асса, негізгілердікі 0,1 мм-ден артса, онда астарларды алмастырады.

Бір комплектідегі шатун массасындағы айырмашылық 12 грам-нан артпауы керек.

Иінді білік. Иінді білік 45Г2 маркалы болаттан штампыланады. Онда бес негізгі мойын және төрт. шатундық’ мойын бар. Ортаңғы негізгі подшипник білікті көлденең бағытта жылжытпай ұстайды. Бұл мақсат үшін астарлар жасалған материалдардан дайындалған төрт тірек шаршы сақина арналған. Осы жарты сакиналар мен біліктің жақтауы араларындағы саңылау 0,110— 0,385 мм.

Шатундық мойындарда оймалы шплинттелген өшіргішпен жа-былған қуыстар бар. Бұл қуыстар каналдар арқылы бірінші, үшінші және бесінші негізгі подшипниктермен байланысқан. Двигатель жұмыс істегенде қуыстарда май тазартылады: онын, құрамындағы ауыр бөлектер. қуыстық қабырғасының мұнайына тұнба түрінде жиналады, ал таза май шатундық подшипниктерге барады. Тұнба қуыстың иінді біліктің айналу осінен ең қашық қабырғаларында жиналады. Двигатель 1920—2000 сағат жұмыс істеген соң үішінші шатундық мойынның қуысына жиналған тұнбаны тексереді. Бұл үшін алдын-ала төртінші негізгі подшипниктің қақпағын астармен бірге алады, сонан соң өшіргіштің шплинтін суырып алып бұрап шығарады. Тұнбаның қалыңдығы 10 мм-ден артатын жағдайда қуыстарды түгелдей тазартады. Қуыстарды тазартқаннан соң олардың өшіргішін ұқыпты түрде орнатып, қарсы гайкамен бекі- теді, сондай-ақ- шатундық подшипниктердің тартылуын тексеру керек. Өшіргішті дәл орнатпау майдың ағуына және май жүйесін- дегі қысымның азаюына әкеп соғады. ;

Соңғы жылдары иінді біліктің шатундық мойындарына май жи-нау түтіктері орнатылуда. Мұндай түтіктері бар двигательдердің қуыстарын тазартқанда осы түтіктерді зақымдап алмау керек.

Жоғарыда шатундық астарлар екі өндірістік және төрт жөндеуі өлшемдері тобына бөлінетіндігі айтылған болатын. Бұл жайттың иінді біліктің негізгі мойындарының астарларына да қатысы бар. ; Өндірістік топтар мынадай: 88,25 және 88 мм. Бұлар үшін шектеу: —0,100 0,115 мм. Жөндеу топтары: 87,5-тен 86 мм-ге дейін. Сондықтан да иінді біліктер де екі өлшем (топ) болып жасалады. Топтык белгі таңбасы біліктің оң жағына басылады.

Иінді біліктің шатундық подшипнигіндегі саңылау — 0,085; 0,141 мм, негізгілерінде — 0,104—0,160 мм.

Негізгі подшипниктердің гайкаларын 20—22 кгк. м (200— 220 Н. м), ал шатундық гайкаларды 14—16 кгк. м (140—160 Н. м) күшпен бұрап қатайтады. Бұл екі-үш қайтара бұрау арқылы іске асырылады.

Шатунның төменгі басы подшипникті бұрап қатайтқан соң қол күшімен біліктің, мойнында еркін қозғалуы керек. Шатунның тө-менгі басының білік мойны бойындағы көлденең люфтісі 0,17— 0,44 мм шегінде болуы керек.

Шатуны бар поршеньді (блоктың үсті арқылы) орнатқан кезде ІІоршеньнің түбіндегі ойығы жанар май насосы жағына қарауын қадағалау керек.

Иінді білікті орнынан шығарып алмай-ақ подшипниктердің са-ңылауларын тексеру үшін, картердегі майды ағызып құйып алады да түп қақпақты ашады; шатундық және негізгі подшипниктердің болттарының гайкаларын бұрап босатады; тексеріліп отырған под-шипниктің қақпағы мен төменгі астарын шығарып алады; астардың майын сүртеді; төменгі астардын, үстіне біліктін, осі бойымен ұзындығы 25 мм, ені 13 мм және қалыңдығы саңылаудыд ең үлкен шамасына тең болатын фольга салынады; қақпақты орнына салып оны қатайтып бұрайды; декомпрессорды іске қосады; білікті ай-налдырады. Егер білік еркін айналатын болса, онда саңылау шекті шамадан артық болғаны.

Шатунмен жалғастырылып поршень гильзара үстіңгі жағынан салынады. Алдын-ала иінді білікті орнатып қояды, шатунның қақ-пағын алады және поршень мен гильзаны майлайды. Гильзалардың айналасын тырнап кетпес үшін шатунның болттары таза матаға оралады.

Иінді біліктің арт жағында маховикті (массасы 45,5 кг) бекітуге арналған фланец бар. Маховик фланецке тек мүмкін бір жағдайда ғана байланысады. Бұл жайттың маңызы зор, себебі маховик газ тарату және отынның бүркілуінің озу бұрышының орнатылуын тексеру үшін нысана болып табылады. Бұл үшін маховикте орнату винті кіргізілетін арнайы ойықша бар. Бұл винттіқ маховик ойығына сұғыну кезеңі, бірінші және төртінші цилиндрлер поршеньдерінің жоғарғы өлі нүктеде екендігін білдіреді.

Читайте также: