Коммерциялык несие

Коммерциялык несие — бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.

Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты — тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель — жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал- жабдығы бола алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялык несие өндіріс пайызының және тауарларды өткізудің үздік-сіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытга фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын — төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілетгілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапоңдық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялык талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларынкі — 20-25%. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек каржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі — тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына карамастан қысқарып кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде «коммерциялық несие» терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист «бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады». Сондыктан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі — аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын тандаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады.
Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кем-шіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақтата жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру — банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.

Читайте также:

комментария 2

  1. Janny merit:

    Сәлеметсіз бе, мен ханым Janny Merit, уақыт өмір мүмкіндігі несие береді Жеке несие кредитор сенімдімін. Егер сіз қарыздарын төлеуге жедел несие керек болса немесе сізде өз бизнесін арттыру үшін несие керек пе? Сіз банктер мен басқа да қаржы институттарының қабылдамаған? Сіз шоғырландыру несие немесе ипотека қажет пе? біз Сіздің барлық қаржылық мәселелері өткеннің ісі жасауға осында, өйткені көп іздеген. Біз 2% ставкасы бойынша бизнеске инвестициялауға, жаман несие қаржылық көмек мұқтаж жеке тұлғалардың, немесе төлеуге шот ақшаға мұқтаж қаражат үлестіреміз. Менің ойымша, біз сенімді және бенефициар көмек көрсету және несие ұсынуға дайын болады деп Сізді хабардар осы орта пайдаланғыңыз келетін. Сондықтан электрондық пошта бүгін бізге хабарласыңыз:
    (kingswillloan@gmail.com)

  2. mary:

    атауы болып табылады ханым Мэри, Сәлем. Менің асыл отбасы жер бетінен жойылып кету жалпы босатылды кезде мамырға дейін Colorodo өмір сүру үшін қуаныштымын, бірақ менің асыл отбасы және мен қайта бақытты көңіл-күй болып табылады және мен қазір үлкен әйел сенімдімін. Мен өмірімді сақталған Laon компанияға жатқызуға болатын, мен несие сұрайды ешкімге қараңыз уәде дейін біздің бизнес өртеп және бәрін жоғалтқан, Мен берілді маған және менің family.We туралы куәлік осы құралдарын пайдалану арқылы жатырмын менің қайтадан өмір бастау оларды қанағаттандыру және хабарласыңыз және оларды айтып инвестициялық мақсаттар үшін маған несие қарызға Құдайдан қорқатын адам 2% сыйақы ставкасы бойынша $ 120,000.00 туралы баптау оларға оны Reefer олар екі ай бұрын несие берді ханым Мэри болып табылады.

    Email: (creditchristianloan@gmail.com) ….. Құдай ұлы көмекшілер халқына бата,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *