КЛАССИКАЛЫҚ ПОЭТИКА

Ғылым мен техниканың, өнер мен әдебиетгің дүр сілкініп, дүрілдей дамыған түсы — Ояну (ренессанс) дәуірі. “Бұл адам баласы бүрын-соңғы басынан кешірмеген прогресшіл ұлы төңкеріс еді, алыптарға зәру болған дә-уір және өздерінің ой қуаты, құштарлығы мен мінезі, жан-жақтылығы мен оқымыстылығы жөнінен сол алыптарды туғызған дәуір еді” (Энгельс). Бұл дәуірдің Леонардо да Винчи (1452—1519), Николай Коперник (1473—1543), Торквато Тассо (1544-М595), Джордано Бруно (1548—1600), Лопе де Вега (1562—1635), Галилео Галилей (1564—1642) секілді данышпан өнер мен білім иелері орта ғасырлық идеализмге, діншілдік пен схоластикаға қарсы шынында да алыптарша күресіп, өмірдің сұлулыгы, өнердің шыншылдығы, білімнің тереңдігі, адамдар бақыты жолында жан қиярлықпен еңбек етті.

Ренессанс дәуірінің күллі ғылми тәжірибесінің теориялық түйіні атақты Декарт философиясы болатын. Рене Декарт (1596—1650) өзінің дүние танымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы екені мәлім: “Ойлаймын екен, демек, тірі екенмін” (Декарт). Табиғат тану, қоғам тану, әдебиет тану, өнер тану дегендердің бәріне Декарт өзінің осы ережесін методологиялық барыт етіп ұсынды. Өнер мен әдебиет туындыларындағы сұлулықты Декарт ең алдымен ондағы бүтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді.

Декарттың осынау эстетикалык, талабы француз классицизмінің ірі теоретигі Н. Буало (1636—1711) поэтикасының философиялық негізі болып қалды. Классицизмнің әдеби манифесі ретінде танылран “Поэтикалық өнер” атты эстетикалық трактатында Буало суреткф атаулйның бәріи “саналы ойға”, “парасатты ақылға”, “алдын ала пішілген үлгіге”, “қалыптасқан тәртіпке” шақырды. Оның сондағы мақсаты поэтикалық өнерді абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси-көркемдік талап-тілегін қанағаттандыру әрекетіне ғана жұмсау еді. Дегенмен, Буалоның “шывдықтан асқан сұлу жоқ” деп, суреткерге өз шығармасында шындықты, тек шындықты ғана суреттеуді ұсынуы, бұл ретте “сөз аяғын ұйқастырғандардың бәрі ақын. емес” екенін ашып, соны дәлелдеуі — әдемі әрекет.

Әдебиет теориясы мен эстетикалық ойлардың одан әрі дамуына айтарлықтай үлес қосқан Ағарту дәуірінде жасаған француздың аса көрнекті материалисі Дени Дидро (1713—1784) болатын. Мүның әдеби-эстетикалық көзқарастары сарай аристократиясының талғамы мен талабына қарсы, Франциядағы буржуазиялық революция -қарсаңындағы бұқара рухын танытты. Философ-материалист суреткерге тура “сен әрбір іс-әрекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің абыройын сақтауың қажет, рақат пен қурметке бөленген кеселді кескілеуің керек, мейрімсіз жуандардың зәресін ұшыруың қажет”* деп ап-анық ашып айтты. Дидро әдебиет пен өнердегі шыншылдық үшін күресе отырып, теория мен эстетикаға реалазм ұғымын енгізді, онық қиялға, ойдан шығару мен көркемдік жинақтауға қарым-қатынасын белгіледі. Ал оның Сараң мен Тартюф бүкіл жер үстіндегі шық берместер мен екі жүзділердің жиынтық тұлғалары екенін айтуы тіпті бір терең теориялық пікір еді.

Дени Дидро, Щығ., VI том, М., 1946, 253-бет.

Абсолюттік идеологияға қарсы, классицизмге қарсы қатал күрескерлердің бірі — немістің ұлы ағартушысы Лессинг (1729—1781). Ол да, Дидро секілді, “мен қашаннан ақынның табиғат зерттер орны — Сарай емес деген пікірдемін”* деп, турасын айтты Дәл осы піқірді Гельвеций (1715—1771), Винкельман (1717—1768), Гердер (1744—1803) қуаттаған. “Жекелеген жұпыны жертөлелерде,— деп жазды Гердер,— салтанатты сарайлардағыдан әлдеқайда сұлу талғам бар”.

Иммануил Қанттың (1724—1804) субъекгивті-идеалистік эстетикасының негізгі тұжырымдары оның “Байыптау қабілетіне сын” деген еңбегінде жүйеленіді. Канттың күллі дүниені “өзіндік затқа” және “біздік затқа” бөлгені, ал “өзіндік зат” дегенді тірі пенде біліп бола алмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол эстетиканы да, өнер мен әдөбиетті де “өзіндік затқа” сайып, бұлардың сыр-сипатын әшейін долбар (априори) арқылы ғана байқамаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы — “артық жаралған” айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық — “адамдарға ешқандай шартсыз ұнаған нәрсе”; оны “суреткер ешқандай мақсатсыз жасайды”. “Таза санаға сынында” ол тура: “Сұлулық — жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рахаттану құралына айналған нәрсе”,—деп жазды; ол “жұрттың бәріне еш-қандай мақсатсыз, тап-таза түрімен ғана ұнайды”.

Сонымен, Қант зстетикасының негізгі сипаттары: субъективті идеализм, бейтарап бақылау, өнер мен әдебиетті қоғамдық қатынастар тәжірибесінен сырт қалдыру, формализм, агностицизм, сұлулық жөнінде ғылым жасау, көркемдік талғам мен толгам заңдарын белгілеу “мүмкіндігінің жоқтығын” уағыздау. Демек, Канттың эстетикасы “өнер—өнер үшін”,_“таза өнер” деген ғылымға жат теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны тегіннен-тегін емес.

Немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770—1831) эстетика мәселелерін де өзінің жүртқа мәлім “абоолютгік идеясы” тұрғысынан, атышулы триадасы (тезис — антитезис — синтез) тұр-ғысынан байыптаған. “Айуанның өсімдіктен өрбімегені секілді, адам да айуаннан өрбіген жоқ;—дейді Гегель,—

Г Э Лессинг, Гамбург драматургиясы М, 1936, 228 бет,

кез келген тірі жан қазір қандай болса, дәл сондай қалыпта түп-түгел және бірден пайда бола қалған” *. Бұл ретте де филосфтың күллі ой-пікірі өзінің әлгібір “абсолюттік идеясына” келіп құйылып жатыр. Дәл осы секілді, Гегельдің “Эстетика” атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы _тұрғысындағы “идея” мен “құбылыстың”, пішін мен мазмұнның ара қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш түріне сай келеді:

1) Символикалық түр. Мұнда идеал әлі анық емес, ал “құбылыс” тек қана “идеяның” образды түрге айналу мүмкіндігін ғана танытады.

2) Классикалық түр. Бұл тұста “идеал” анық, өйткені ол құдайлардың бедерлі бейнесіне толық айналып, рухани ұғымды көзбен көріп, қолмен ұстар нақтылық пен заттылыққа жеткізген.

3) Романтикалық түр. Енді келіп рухани “идеал” сыртқы тұлға емес, адамның ішкі дүниесіне — сезімге, күйініш-сүйінішке, көңіл күйіне — айналып кеткен; сондықтан ол филооофияға жақын келген, яғни философияға айналған.

Өнердің осынау үш түрлі даму сатысының, яки бағытынын, әрқайсысына белгілі бір тарихи кезең, көркемдік түр сай келеді. Айталық, ежелгі үнді мазарлары, египет пирамидалары, сфинкстер секілді Көне Шығыс цивилизациясының архитектуралық мұралары өнердің символикалық түрінін, негізін құраса, байырғы Греция мен Римде кең дамыған сымбат өнері көне дүние өнерінің классикалық түрі болса, ақыр аяғында, жаңа заманда өріс алған кескін өнері, музыка, әдебиет болса, Гегельдің тұжырымынша, жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең — романтикалық түр болып табылады. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі — әдемілік, ал эстети-каның предметі — өнер, демек, эстетиканың предметі — ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындагы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді.

Өмір мен өнердегі әдемілік дегеннің өзі, Гегельдің ұғымынша, абсолюттік идеяның, “жалпыға бірдей рух-

Гегель, Шығ, II том, 356-бет.

тың” неғұрльш толық, айқын және еркін көрінуі болып табылады. Әрбір өнер туындысының эстетикалық құнын да Гегель осы тұрғыдан бағалаған.

Сәулет өнері мен сымбат өнерінде, Гегельдің пікірінше, “рух” материалды, затты, физикалық дене (тас, саз, мәрмәр, гипс, қола, мыс) түрінде көрінеді. Дәл осының өзі өнердің материалды емес идеялы, затты емес рухани сыры мен сипатының өрісін де, тынысын да тарылтады.

Қескін өнерінде үш өлшемді (биігі, ұзыны, көлденеңі дегендей) затгық дөрекілік колорит пен перспектива секілді біраз жұмсақтықпен ауыстырылады да, осының өзі оған әжептәуір алдамшы эстетикалық қасиет дарытады.

Музыкада абсолютты рух әлгіден де гөрі еркінірек көрініс табады. Ал поэзияда (зпоста, лирикада, драмада) Гегельдің киелі “абсолюттік рухы” заттылық пен нақтылықтан біржола тұсау кесіп, шығандап шығады да, өзінің еқ биік қасиетін табады. Өйткені әдөбиеттегі заттылық —• сөз ғана, ал сөз мұнда идеяның көрінісі.

Гегель өзінің данышпан диалектик болғанына қарамастан, осындай шым-шытырық эстетикалық жүйесін дәлелдеп, идеализм батпағына өзі де батты, өзгелерді де малтықтырды. Сөйте тұра, оның эстетикалық ілімі XIX ғасырдағы өнер теориясының одан әрі дамуына үлкен ықпал жасағанын жоққа шығаруға болмайды.

Батыс Европада эстетика мәселелерімен Гегельден кейін Фехнер, Вундт, Мейман, Ипполит Тзн, Гербарт, Шопенгауэр, Фрейд, Бергсон, Бродер, Христиансен, Фишер, Кроче т. б. шұғылданды.

3. Фрейдтід (1856—1939) мамандығы эстетик емес-ті, Сөйтсе де ол әдемілік деген ұғымға ден қойып, оны өзінше уағыздап, өнер мен әдебиет туындысының ең биік көркемдігі мен тартымдылығы ондағы сексуальдық су-реттерде деп түсіндірді. А. Бергсон (1859—1941) әдебиеттің мазмұны мистикада десе, Б. Кроче (1866—1952) әдебиетте ешқандай мазмұн жоқ, ал өнердің ақиқатқа қарым-қатынасын зерттеу деген эстетикалық проблема — жалған проблема деп түсіндірді.

Империализм дәуірінін, буржуазиялық эстетиктері өнер мен әдебиет мәселелерін осыншалық мағынасыздыққа апарьгп, аяқ асты етті. Олар Байрон, Гюго, Шиллер, Гете, Бальзак, Золя, Роллан секілді ұлы классиктердің эстетикалық көзқарастары мен ой-пікірлерін “надандық” деп жоққа шығарып, “әкелеріміздің, өлігін қанша сүйрелеп жүрмекпіз” деп, олардың данышпандық шығармаларынан теріс айналды.

Сөйтіп, буржуазиялық Батыстағы өнерде, әдебиетте, эстетикада бұған дейінгі кертартпа “изм” атаулының бәрінен өткен кеселді символизм, акмеизм, импрессионизм, футуризм, кубизм ойнақ сала бастады. Олар одан әрі сырғақтап, фовизм, дадаизм, пуризм, брутализм, пароксизм, симультанизм, унанимизм т. б. “измдермен” ауысып, аударылып-төңкеріліп жатты. Бірақ бұл бағыттар мен ағымдар қанша көп бола түрса да, сайып келгенде, әшейін тондары өзгергенмен, негізгі жолдары бір кертартпалық еді. Бәрінің мақсаты біреу — өнер мен әдебиетті ақиқаттан алшақтату, шындықтан шығынтып әкету.

Әдебиет тану саласында Россияда ауызға аларлық алғашқы еңбектер — басын сонау ғасырдан алатын библиографиялық опистар, сондай-ақ “риторикалар” мен “пиитикалар”, содан соң орыстың көркем сөзінің ұлттық нәрі мен әрін жан сала қорғаған Феофан Прокоповичтің (1681—1736) еңбектері, сатирик ақын Антиох Қантемирдің (1708—1744) әдеби-теориялық шығармалары мен ой-пікірлері, В. Тредиаковскийдің (1703—1769) әдеби-эстетикалық трактаттары, орыс классицизмнің теоретигі А. Сумароковтың (1718—1777) нұсқаулары мен ақыл-кеңестері, ақыр аяғында көркем сөз қызметінің мәні мен мақсаты жөніндегі Г. Державиннің, (1743—1816) әдеби-теориялық толғамдары, ақын ретінде айтқан түйінді байламдары.

Белгілі әдебиет теоретигі Л. И. Тимофеевтің айтқанындай, тіпті сол 1733 жылдың өзінде, орыс баспасөзінде “Оспадар ойындар немесе комедиялар мен трагедиялар туралы” деген мақала жарияланған. Бұл мақалада әдеби шығармалардың, “қай жерінде болмасын ылғи шындыққа ұқсас жайттар баяндалуы” талап етілген; оқиғаға қатысушы адамдар өздерінің сөздері мен іс-әрекеттерінде “тірі кісілердің” мінездерін танытуы, соларға еліктеуі, шығарма сюжетінің негізіне “болған жайлар ма, әлде ойдан шығарылған оқиға ма, бәрібір, әйтеуір шындыққа жанаспайтын еш нәрсе”* жатпауы талап етіл-

Л. И. Тимофеев, Әдебиет теориясының келелі мәселелері, М., 1955, 12-бет.

ген. Дәл осы талап Тредиаковский трактаітарында д, тұнып тұр; ол да күлкілі шығармалардағы кейіпкерле тірі “тұлғалардан көз жазбауы” керектігін айгқан. Сумароков та “жазушы болғысы келгендердің” сахнада көрсетер нәрсесі тек қана шындыққа сай болуын ескерт кен. “Еңбек сүйгіш арада” ол “қарапайым табиғилық алыстан оңай көрінгенмен, жазушыға сол табиғи қара- пайымдыққа еліктеуден қиын нәрсе жоқ”* деген.

Дей тұрганмен, осынау орыс классиктері де, француз сарай өнерінің заңдарын қалыптастырушылар секілді,’ таза дворян идеологтары екенін, сондықтан олардың: шындық туралы ұғымы сарай маңыңың ақиқатымен шектелетінін, олардың реализмі бір жақты ғана “дворяндық” реализм екенін ескермеске болмайды. Ендеше, дұрыс әдебиет тану ғылымының қалыптасу тарихын, эстетикалық ойлардың даму тарихын толғағанда біз Ломоносов пен Радищевтен бастап, Горький мен Маяковскийге келетін орыс жазушылары мен философтарының, әдебиет зерттеушілері мен сыншыларының құнарлы ең-бектеріне сүйенуге тиіспіз. Бұл ретте, бір ғана Пушкиннің сыншы ретіндегі толғамдары мен талғамдарының өзі тамаша университет десек, Лев Никола-евич Толстойдың эстетикасы мен творчестволық тәжірибесі күллі адам баласының көркемдік дамуындағы айта қалғандай ірі адым, жаңа да дана қүбылыс екенін түйсінген жөн.

Читайте также: