Кесірткелердің көбеюі

Кесірткелердің көбеюі. Рептилилердің ұрықтануы іште болады. Еркектерінің шағылыс органы бар. Жұмыртқалары судан тыс құрлықта құрғақ жерде дамиды.

Даму кезінде амфибилерде болатын личинка стадиясы болмайды. Жұмыртқадан ересектеріне ұқсас және ересектері тіршілік ететін жағдайда өмір сүруге бейімделген дене мүшелері кішкене рептилий шығады.
Барлық рептилилердіқ жұмыртқаларының сырты мықты талшықты қабықпен қапталған. Ол жүмыртқаны кеуіп кетуден, механикалық әсерден, бактериялардың ішіне еніп кетуден сақтайды. Мұндай қабығы алынып тасталран жұмыртқаның бірнеше сағаттың ішінде кеуіп кетіп, қабығы бар жұмыртқалардың сол қалпында қалғаны немесе 10—15% салмағын жоғалтқанын “тәжірибеде байқаған. Судың мұндай мөлшері жұмыртқаның гигроскопиялық қасиетінің арқасында қалыптасады, әрі ол оның дамуына әсерін тигізбейді. Рептилидің кейбір түрлерінің (тасбақалар, крокодилдер, геккондар) жұмыртқаларының талшықты қабатының үстінде құрғап кетуге кедергі болатын известі қабығы болады.
Тасбақалардың, крокодилдердің жұмыртқаларында (құс жүмыртқасының ағы сияқты) белокты қабы болады. Бұл ұрық-тың дамуына керекті су қорымен қамтамасыз ететін қабық бо-лып саналады, Басқа рептилилердің жұмыртқаларының дамуына қажетті судың пайда болуына екі жағдай себепші болады. Біріншіден — майдың тотығуы нәтижесінде, екінші — жұмыртқа қабығы арқылы сыртқы ортадан алады.
Егер салыстырып қарасақ, амфибилердің жұмыртқасындағы май 8—11% болса, рептилилердің жұмыртқасындағы майдың мөлшері 40% болады. Мұндай ерекшелік рептилилердің жұмыртқасындағы май тотыққанда әлде қайда көп су бөліп шығаруына мүмкіндік береді.
Рептилилер жұмыртқаларында болатын талшықты, известі және белокты қабықтардан басқа ұрық дамыған кезде ұрық-тың өзінен амнион, сероза және аллантоис деп аталатын қабықтар пайда болады. Олардың ұрықтың дамуына бейімделуде үлкен маңызы бар.
Алғашқы даму стадиясында ұрық жұмыртқаның сары затының ішіне еніп кетеді. Ұрықтың бас бөлімінің алдыңғы жағы-нан қатпар пайда болады. Ол қатпар дами келе ұрықтың арт-қы бөлімінде қаптап жабады. Мұны амниотикалық қатпар деп атайды. Сөйтіп пайда болған амнион ұрықтың сыртын қаптап жатқан тұйық қапшыққа ұқсайды. Амниотикалық қуыстың ішінде толған сұйық зат болады, ұрық осы сұйықтың ішінде жатады, яғни амнион ұрықты жұмыртқаның қатты қабағына тиюден сақтайды.
Ұрықтың бірнеше қабықтың ішінде жатқанын ескерсек, он-да қалай тыныс алады және зат алмасудың продуктылары сыртқа қалай шығады деген заңды сұрақ тудады. Тыныс алура алғашқы бейімделушілік жұмыртқаның сары затын қоршап жатқан көптеген қан тамырларының торы болып саналады.
Мұны сары заттың қан айналу шеңбері деп атайды. Ұрық өсе келе сары заттағы, басқа бөлімдеріндегі қан тамырларының торы жойылады. Аллантоис ұрықтың артқы ішегінің құрсақ жақ қабырғасынан шығатын қапшық тәрізді тұйық зат. Аллантоис дами келе сары уыз қапшығы мен сероз кабығының аралығына жабыса өскен үлкен қапшықшаға ұқсайды. Дамуының соңғы кезінде аллантоис ұрықты және сары зат қапшығын бүтіндей қоршап алады.
Аллантоис екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден — тыныс алу органдарының қызметін атқарса, екіншіден — ұрық қуығы болып саналады. Аллантоис тек қана зәр затын жинайтын пассив орган емес, зәрдің құрамындағы артық суды сорып алып, қан тамырлары арқылы денеге түсіріп, одан зәр арқылы организмнен бөлінуіне себепші болатын орган. Одан басқа зат алма-су кезінде пайда болған заттардын, бір бөлігі газ түрінде организмнен бөлінуіне себепші болады. Бұл жұмыртқадағы негізгі энергия көзі болып саналатын май тотыққанда су мен көмір қышқыл газы бөлінетін процеске негізделген. Амфибилер мен салыстырғанда рептилилерде белоктың мөлшері әлде қайда аз болады.
Қорыта келгенде рептилилердің жұмыртқаларының құры-лысы мен дамуының мынандай бейімделушіліктерді көруге болады: 1) жұмыртқаның известі және талшықты қабықтары, жұмыртқа сұйықтығын ағып кетуден, кебуден, механикалық зақым келтіруден сақтайды; 2) жұмыртқаның қоректік затқа сары уызға бай болуы, оның личинка арқылы дамымай, тура дамуын камтамасыз етеді; 3) жұмыртқаның гигроскопиялық қасиеті сыртқы ортадан жүмыртқаға судьщ өтуіне себеп болады; 4) кейбір түрлерінде суға бай белоктың болуы және сары уызында майдың көп болуы, жұмыртқада су қорының жеткілікті болуын қамтамасыз етеді; 5) амниотикалық қуыста сүйық заттың болуы ұрыққа қалыпты жағдай туғызады және оны механикалық әсерлерден сақтайды; 6) Ұрық сыртының түрліше қабықтармен капталып тұруы (аллантоис), оның тыныс алуына және зат алмасуда пайда болған газдарды сыртқа шығаруға себепкер болады. Рептилилердің көбеюіндегі бұл сияқты ерекшеліктер, олардың құрлыққа тіршілік етуге көшуіне әсер еткен.
Рептилилердің көпшілігі ұрықтанған жұмыртқалар салып көбейеді. Жұмыртқаларын күн қызуы жақсы түсетін, азды көп-ті дымқылы бар топырақтан жасаған ұяларына салады. Шірі-ген ағаш түбіріне, өсімдік үйінділерінің арасына жұмыртқасын салатын түрлері де кездеседі. Америка крокодилі батпақты то-пырақтан шұңқыр қазып, соған жұмыртқасын салады да үстін есімдіктер шіріндісімен жауып тастайды.
Әдетте рептилилер жұмыртқалағасын одан ары қарай қам-қорлық жасамайды. Бірақ, кейбір крокодилдер, жұмыртқала-ған “ұяларының” маңайында болып оны басқа зиянды жануарлардан қорғайды. Ұрғашы питондар жұмыртқаларын денесімен орап жатады. Бұл кезде біріншіден, олар жұмыртқаларьы қорғаса, екіншіден, жұмыртқаларының дамуын тұрақты жылылықпен қамтамасыз етеді. Питондар ұясынын, жылылығы оның айналасындағы орталықтың жылылығынан +10°, +12° артық болады. Ешкіемерлердің ұрғашылары да жұмыртқаларын қориды.
Рептилилердің кейбіреулері балаларын тірі тауып та көбе-йеді. Бұл кезде ұрықтанған жұмыртқа өзінің барлык даму ста-диясын жұмыртқа жолында өткізеді де, анасының денесінен шығысымен жұмыртқасының қабығы жарылып дүниеге кіш-кене рептилий келеді. Мұндай жардай — сұр жыландарда, тірі туатын кесірткелерде (Lасегtа vіvірага) және ұршық тэрізділерде (Апgиіз fгаgіlіз) байқалады.
Сарыбас жыландардың жұмыртқаларының құрсақта болу мерзіміне қарай сыртқы орталықта дамуы 30 күннен 60 күнге дейін созылады. Сөйтіп, тірі жұмыртқа туу ұрықтанған жү-мыртқаның құрсақта болу уақытына байланысты. Тірі жұмырт-ка туу қасиеті мына рептилилерде де болады, мысалы, құм жыданында, теңіз жыландарында көптеген сарыбас жыландарда, кесірткелерде тірі жұмыртқа салады. Крокодилдер мен тасбақаларда тірі жұмыртқа туу ешқашанда байқалмайды. Таулы жерлерде және солтүстікте тірі туатын рептилилер-дің көбірек тарағаны анықталған. Рептилилердің кейбір түрле-рі әр түрлі табиғат жағдайында көбейеді. Мысалы, бір түрлі та-биғат жағдайында жұмыртқа салып көбейсе, ал екінші бір жағдайда тірі туады. Мысалы, тибет жұмырбастысы (Рһгупосерһаlиs tһеоЬаldі) биіктігі 2000—3 000 м жерде жұмыртқа туып көбейсе, биіктігі 4 000—5 000 м жерде тіршілік еткендері тірі туып көбейеді.
Рептилилердің кейбір түрлерінің тірі тууы климаттың сал-қын болуының себебінен болу керек. Жұмыртқа анасының құрсағында жатқанда дамуына керекті бір қалыпты және жоғары температурамен қамтамасыз етіледі. Дене температурасы тұрақты болатын сүт қоректілерден рептилилердің айырмашылығы, бұлардың ұрғашылары күн-шуақты пайдаланып, ұрық дамуына қажет тұрақты температура жасауға әрекет етеді.
Кейбір рептилилердің (теңіз жыландары, кейбір хамелеон-дар) тірі тууына себепші болатын қосымша жағдай, олардың суда, ормандарда және жер астында тіршілік етуі.
Рептилилер жұмыртқаны көп салмайды. Жұмыртқасының санының 100-ге жетуі, немесе одан көп болуы сирек кездеседі. Мұндай жағдай ірі крокодилдерде, тасбақаларда және жылан-дарда байқалады. Әдетте рептилилердің жұмыртқасының саны 20—30-дан аспайды, ұсақ кесірткелер 1—2 ғана жұмыртқа салады. Тасбақалар бір жазда бірнеше рет жұмыртқа салатыны белгілі.
Крокодилдер, тасбақалар 6—7 жасқа толғанда, жыландар 3—4 жасқа толғанда, кесірткелер 1 жасқа толып, екінші жасқа кеткенде, ал кейбір ұсақ рептилилерде 9—10 айда жыныс без-дері пісіп-жетіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *