Жүріс бөлігінің жалпы құрылысы

Негізгі бөліктер. Комбайн жүріс бөлігінің құрамына вариатор жетекші доңғалақтар мостысы мен жетектелуші доңғалақтар мос- тысы енеді. Жетекші доңғалақтар мостысы іліністен, тежеуішті беріліс қорабынан, дифференциалдан, екі борттық редуктордан және жетекші доңғалақтардан құралады. Жетелеуші доқғалақтар мостысына артқы білеу, рульдік трапеция, рульдік механизм, ги -дрокүшейткіш және басқарылушы доңғалақтар жатады. СКД-5 СК-5 және СК-6 комбайндарында беріліс қорабындағы тежеуіш тен басқа екі доңғалақтық тежеуіш бар.

Вариатор. Двигательден жүріс бөлігі беріліс қорабының қа -былдауыш шкивіне қозғалыс сына-белдікті вариатор арқылы бері леді. Ол комбайнның қозғалысын біркелкі және тез өзгерту үшін пайдаланылады. Жылдамдықты өзгерту үшін тек вариатор гидро -цилиндрін басқаратын кранның рычагын бұрау керек. Вариатордың арқасында комбайндардың жүріс жылдамдығын 5-таблицада келтірілген жылдамдықтар шегінде өзгертуге болады.

Ілініс. Іліністің қызметі — берілісті өзгерту қорабын ауысты рьш қосуға және жүріс бөлігін бірте-бірте қосуға, яғни орнынаг біркелкі қозғалуға мүмкіндік беру үшін қабылдауыш шкивті жүріс бөлігінің өзге агрегаттарынан ажыратуды іске асыру. Барлы комбайндарда тұрақты тұйықталған бір дискілі кұрғақ ілініс орнатылған.

Берілісті өзгерту қорабы. Барлық комбайндарда үш жылдамдықты екі жүрісті беріліс қорабы орнатылған (үш беріліс алға қарай және бір беріліс кері қарай жүруге).

Қораптың қызметі — комбайнның жүріс жылдамдығын өзгерту есебінен жетекші доңғалақтардың тарту күшін арттыру немесе ке-міту, комбайнды кері қарай жүргізу, двигатель жұмыс істеп тұр-ғанда комбайнды тоқтатуды іске асыру болып табылады.

Тежеуіш. 1973 жылдың орта шеніне дейін шығарылған СК-4, СК-4А және “Сибиряк” комбайндарында беріліс қорабында орна-тылған бір ғана орталық тежеуіш бар. Ол шкивтен және тежеуіштік лентадан құралған. Бұларды аяқ педалімен басқарады.

1973 жылдан бастап шығарылған СК-5 және СК-6 комбайнда-рында сондай-ақ “Сибиряк” комбайндарында орталық’ тежеуіштен басқа гидравликалық жеке жетекті борттық қалыптық тежеуіш бар. Осы комбайндарда орталык, тежеуішті рычаг арқылы, ал доң-ғалақтық тежеуіштерді аяқ педалімен басқарады.

Дифференциал. Дифференциалдың қызметі — комбайндардың бұрылысы кезінде және тегіс емес жолмен жүргенде жетекші доң-ғалақтардың әр түрлі жылдамдықпен, сондай-ақ тура жүріп келе жатқанда әлгі доңғалақтардың бірдей жылдамдықпен айналуын іске асыру болып табылады.

Борттық редуктор. Борттық редуктордың қызметі — өзіне беріліс қорабы берген айналыстың жиілігін төмендету, соның нәтижесінде жетекші доңғалақтардың айналу моментін сондай дәрежеде арттыру. Редуктор айналыс жиілігін 5,6 есе төмендетеді.

Рульдік трапеция. Әрбір доңғалақтық жүйенің бұрылу центрі барлық доңғалақтар осьтерінің қиылысында жатуы қажет. Егер бүл ереже бұзылатын болса, онда бүру кезінде доңғалақ топыраққа көміліп қалады да тарту кедергісі артады. Осы себептен бұрылу центріне жақын орналасқан басқарылушы доңғалақ екінші доңғалакқа қарағанда үлкен бұрылыс жасап бұрылуы тиіс. Бас-қарылушы доңғалақтардың екеуін бір мезгілде әр түрлі бұрышқа бұру рульдік трапецияның көмегімен іске асырылады.

Доңғалақтар. Барлық комбайндардың жетекші доңғалақтары — пневматикалы, орташа қысымды шиналы, тракторлық типті, өнімділігі жоғары ,ал басқарылушылары да орташа қысымды, тайғанақтауға қарсы ребордалары бар доңғалақтар. СК-4 ком-байндарының жетекші доңғалақтарының диаметрі 1345 мм, ал басқарылушыларынікі — 900 мм. Бұл комбайндардың жетекші доңғадақтарының покрышкаларының өлшемдері 15—24, ал басқарылушыларынікі — 9,00—16. Алғашқы сан покрышканың енін (дюйм есебімен), ал екінші — доңғалақ шеңберінің диаметрін, яғни покрышканың ішкі диаметрін (бұл да дюйм есебімен) білдіреді.

СК-5 және СК-6 комбайндарының жетекші доңғалақтарының диаметрі 1400 мм, ал баскарылушыларынікі — 935 мм. Жетікші доңғалақтардың покрышкаларының өлшемі 530—61ОР, моделі ТД-21, басқарушыларынікі — 310—406, моделі Л-163.

1973 жылға дейінгі шығарылған СКД-5 комбайндарына СК-4 комбайндарындағыдай доңғалақтар салынып келеді. Соңғы жыл-дары СКД-5 комбайндарына СК-5 және СК-6 комбайндарының доңғалақтары пайдаланылған.

Жартылай шынжыр табанды жүріс. СКПР-5, СКПР-6, СКП-5 және СҚП-5-П комбайндарында доңғалақтарға қосымша ауыс-тырмалы жартылай шынжыр табанды жүріс бар. Алғашқы екі комбайн күріш оруға, соңғы екеуі ылғалды аудандардағы жұмыс-тарға арналған. Бұл комбайндардың құрылысына бірқатар өзге-рістер ендірілген (молотилканың рамасына жартылай шынжыр табанды жүрістің қиғаштамасына бекітуге арналған екі кронштейн жапсырылған, борттық редукторлардың картерлеріне серіппелі және резина амортизаторлы стакандарды тағы басқа тетіктерді бекіту үшін табандар құйылып жасалған).

Ауыстырмалы жартылай шынжыр табанды жүрістің құрамында мыналар: доңғалақ дискілерінің орнына борттық редукторлардың осьтері фланецтеріне бекітілетін жетекші жұлдызшалар; қи-ғаштамасы бар арнайы рычагтардың цапфаларына бекітілетін ба-ғыттаушы доңғалақтар мен тірек катоктары болатын шынжыр табанды арба; ДТ-75Б батпақтық трактордың 28 буынынан құ-ралған шынжыр табан бар.

СКПР-5 және СКПР-6 комбайндарының жүріс жылдамдығы 0,54—9„6 км/сағ (СК-5 және СК-6 комбайндарынікі—1,04— 18,70 км/сағ).

СКПР-5 комбайндарының жартылай шынжыр табанының то-пыраққа түсіретін меншікті қысымы 0,32—0,41 кгк/см2 (41 кПа), ал СКПР-6-да — 0,36—0,47 кгк/см2 (36—47 кПа).

СКГ-4 шынжыр табанды комбайны. Комбайнның жүріс бөлігі шынжыр табан арбашасының рамасынан, кареткалардан, сүйемел-деуіш және тірек катоктардан, керу механизмдерінен, аспалардан, шынжыр табандардан және тіркеуіш құрылғыдан құралады.

Комбайндардың күш бөлігі құрамында вариатор, ілініс, беріліс қорабы, бас беріліс және жартылай осьтерден басқа ленталы те-жеуішті көп дискілі құрғақ фрикциялы бұру муфтасы (борттық фрикциялы) және іштей іліністі бір сатылы цилиндрлік борттық редукторлары болады.

Борттық фрикциялар рычагтармен, ал ленталы тежеуіштер пе-дальдармен басқарылады.

Біртіндеп бұру үшін, мысалы оң жаққа қарай, оң жақ борттық фрикция ажыратылады, ал шұғыл бұру үшін оны тағы тежей түседі.

СКГ-6 шынжыр табанды комбайны. СКГ-6 комбайнының күш берілісінде борттық фрикциялар және іштей ілініскен борттық ре-дукторлар бар. Борттық фрикциялар гидроцилиндрлердің көмегімен басқарылады.

СКГ-6 комбайнының жылдамдығын 0,66 км/сағаттан 12,0 км/ сағатқа дейінгі шекте реттеуге болады. Топыраққа түсіретін мен-шікті қысымы 0,35 км/см2 (35 кПа).

Читайте также: