Жіктеу есімдігі

Жіктеу есімдігі
Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Олар мынадай:

   жак жекеше

тұрі

   көпше

түрі

/

II сыпайы III

 мен

 сен

 сіз

 ол

біз, біздер

 сендер

 сіздер

 олар

Бірінші жақ — айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тындаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жак. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі

Септік

    мен

сен

     ол

біз

   сіз
А. мен сен ол біз сіз
I. ме-нің се-нің о-ның біз-дің сіз-дің
Б. ма-ған са-ған о-ған біз-ге сіз-ге
Т. ме-ні се-ні о-ны біз-ді сіз-ді
Ж. мен-де сен-де о-нда біз-де сіз-де
Ш. ме-нен се-нен о-дан біз-ден сіз-ден
К. мені-мен сені-мен оны-мен біз-бен сіз-бен

Септік

сендер

сіздер

олар

А. сендер сіздер олар
I. сендер-дің сіздер-дің олар-дың
Б. сендер-ге сіздер-ге олар-ға
Т. сендер-ді сіздер-ді олар-ды
Ж. сендер-де сіздер-де олар-да
Ш. сендер-ден сіздер-ден олар-дан
К. сендер-мен сіздер-мен олар-мен

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-га айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, көмектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлгасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.

жақ

мен, біз

    сен, сіз,       сендер,сіздер ол, олар
/        мен-мін

        біз-біз

           —       —
II             — сен-сің, сіз-сіз       —
           — сендер-сіңдер       —
сіздер-сіздер
III            —          — олар, ол

Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

Читайте также:

комментария 4

  1. Шерлок Хоумс:

    Вы идиоты!!! Напишите на РУССКОМ ЯЗЫКЕ!!!!!!!

  2. Naruto:

    СПС ОЧЕНЬ ПОМОГЛИ!

  3. Малика:

    Всё понятно но я это уже знаю и мне не это надо было!!!Блин…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *