Жер қыртысының құрылымдық элементтері

Жер қыртысының құрылымдық элементтері. Жер қыртысының ең басты құрылымдық элементтері — материктер мен мұхиттар болып саналады.

Олардың пайда болу жолдары осы уақытқа дейін толық шешілмеген проблемалардың бірі. Бұл проблеманың. шешілуі Жер қойнауында дамылсыз жүріп жатқан геологиялық процестердің динамикалық механизмін дұрыс түсіне білумен тікелей байланысты.

Планетамыздың ішкі құрылысының өзіндік ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын және геодинамикалық қоғалыс механизмін, әсерелеп айтсақ, Жер қойнауының архитектурасын зерттейтін геологияның бір саласын геотектоника деп атайды.

Тектоникалық қозғалыстар: тербелмелі (эпойрогендік), катпар түзуші және үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзетін қозғалыстар болып ажыратылады.

Континенттерді құрайтын геотектоникалық ірі құрылымдар қатарына платформаларды, қатпарлы таулы аймақтарды және геосинклиналды аймақтарды жатқызуға болады. Платформа (француз тілінде “плат” — тегіс, “форм” — пішінді деген мағынаны білдіреді) көптеген жағдайда, екі ярустан құралатын тегіс пішінді, магмалық және тектоникалық әрекеттердің әлсіздігімен гипатталатын, тыныштық күйге ауысқан құрылым болып саналады. Олар геосинклиналды аймақтардың даму барысында, оның ең соңғы даму сатысы “орогенездік” этаптан кейін барып пайда болады. Жасына қарай, төменгі ярус — ескі, фундамент қабатынан құралған болса, ал екінші (жоғарғы) ярус — жас жамылғы қабатынан құралады. Фундамент қабаты әбден қатпарлан ған (метаморфтық әрекеттердің нәтижесінде алғашқы магмалық және шөгінді тау жыныстарынық азды-көпті өзгеріп, қайтадан кристалдануынан пайда болған) әр түрлі метаморфтық тау жыныстарынан қүралады. Жамылғы қабатын құрайтын екінші ярус көлбеу орналасқан жас шөгінді жыныстардан тұрады. Екі ярустан кұралатын платформалық аймақтар “цлита” деп аталады. Олар (бір кездерде, геотектоникалық тербелмелі қозғалыстардың нәтижесінде төмен шөгіп, теңіз суы ас-тында қалған, соған байланысты шөгінді жыныстардың қалың қабаттарымен жабылған) ескі қатпарлы-таулы аймақтардың орнында пайда болады. Қейде, фундамент Қабатын құрайтын метаморфтық тау жыныстары (граниттер, гранитті-гнейстер, кристалды тақтатастар, амфиболиттер, мраморлар және т. б.) жер бетіне шығып жатады. Олар қалқандар (щиттер) деп аталады. Мыса-лы, орыс платформасында Балтық, Сібір платформасында — Алдан, Солтүстік Америка платформасында — Канада қалқандарын және т. б. атап өтуге болады.

Плиталар құрамында жамылғы қабатында кездесетін құрылым-дық элементтер — дөңес пішінді, бірақ жайпақ пішінді антиклиздер мен ойық пішінді синеклиздер болып саналады.

Антиклиздер қатарында Украина, Воронеж тәрізді, ал синеклиз-дер қатарында Москва, Вилюй және т. б. құрылымдарды мысалға келтіруге болады.

Геосинклиналдар ұзынша (бірнеше жүздеген км-ге) созылып жатқан қозғалмалы аймақтар болып саналады. Мұндай аймақтарда магматизм және метаморфизм процестері жиі байқалып, өте қарқынды дамиды. Геосинклиналды аймақтардың даму барысында екі кезең, айқын ажыратылады. Бірінші кезеңде иілу-майысу про- цесі басым болып, соған байланысты сулы ортада шөгінді жыныс-тардың қалың қабаттары жиналады. Екінші кезеңде жалпы көтерілу және қатпарлану процестерінің нәтижесінде, қатпарлы-таулы аймақтардың пайда болуымен аяқталады. Бұл кезең — тау құрылу немесе “орогенез” (грек тілінде “орос” — тау, “генезис” — құрылу) кезеңі деп аталады. Кейінірек мұндай таулар әр түрлі тектоникалық жарылыстарға ұшырап, қатпарлы-жақпарлы тауларға айналады. Қатпарлы таулы аймақтардың ең басты құрылымдық элементтері антиклинорий және синклинорий болып саналады. Рарыштық съемкалар кезінде платформалық аймақтарда сақина тәрізді ерекше пішіндердін, болатындығы анықталды. Мүндай құрылымдардың Ай мен Марс бетінде де кездесетіндігі бұрынғы ғарыштық зерттеулер кезінде-ақ белгілі болған еді. Олардың пайда болуы метеориттермен байланысты деп саналады.

Мұхиттарда кездесетін негізгі құрылымдар мұхиторталық тау жоталары, мұхиттық терең сулы шұңғымалар (желобтар), мұхиттық аралдар тізбегі немесе аралдық доғалар және мұхиттық ойпаттар мен қазан-шұңқырлар болып саналады.

Материктер мен мұхиттардың пайда болуын (X. 1-кесте) және олардың морфологиялық, тектоникалық құрылыстарының өзіндік айырмашылықтарын, сонымен қатар геодинамикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіретін геотектоникалық болжамдар алуан түрлі. XIX— XX ғ. ғ. аралығында ең көп тараған болжам — контракциялық болжам болып табылады, ал XX ғ. мобилизм кең таралып, материктер дрейфін (жылжып, орын ауыстыру немесе көшіп жүру) дәлелдеуге арналған зерттеулер көбейе бастады. 1960—1970 жылдары “Жаңа глабальдық тектоника” немесе “Литосфералық плиталар тектоникасы” атты мобилистік концепция тез қалыптасып, қазіргі кезде қызу даму үстінде.

Материктер мен мұхиттардың пайда болуы (генезисі) туралынегізгі көзқарастар

Кезек-дер- Непзгі идеялар Проблеманын зерттеу дәрежесі Ғылым салалары және зерттелу әдістері
1 2 3 4
1.

 

 

 

2.

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.

Құрлық пен теңіздер туралыалғашқы көз қарастар (XVII ғ.дейін

 

 

 

Құрлықтардың бірінші болып,ал мұхиттар-дыңекінші болып жаратылуы (XVII ғ.екінші жартысы).

Дүниежузілікмұхит-тың бірінші пайдабо- луы.Қазіргі кездегі мұхиттар олардыңқалдықтары (реликт).болып саналады-(XVIII ғ.).

 

 

 

 

Материктер мен мұхиттардың жер қыр-тысымен бірге пайда болуы (XIX ғ.).

 

Қонтинентальдық және мұхиттық жер қыртыс-тарының айырмашы-лықтары негізінде горизонталь немесе вертикаль бағытталған қозғалыстардың басым-дылығы туралы идея-лар күресі . (XX ғ.)

Мұхиттар түбін зерт-теуде жиналған жаңа факторлар негізінде пайда болған болжам-дар (60—80 жылдар, XX ғ.)

Жердің жалпы құры-лысы материктер мен мұхиттардыңпайда болу проблемасымен бірге қарастырылады

 

Жер қыртысының, қал-ыптасуыжәне мұхит-тардыңкұралу проб-лемаларыжеке- жекеқарастырылады.

Материктердің құрылы-сын дамуын және орна-ласу заңдылықтарын алғашқыталдау. Мате-риктер мен мұхиттар құрылысының бірдейлігі туралы жорамалдар. Материктердің көтеріл-уі туралы алғашқы идея-лар.

— Материктердіқ геоло-гиялық құрылысын жан-жақты зерттеу (геотек-тоникалык, болжамдар негізінде).

 

Жердің құрылысы ту-ралы жаңа идеялар негізінде материктер мен мұхиттар туралы проблемаларды қайта қарау. Мұхиттар түбін зерттеу жұмыстарының алғашқы бастамасы

 

Материктер мен мұхит-тардың құрылысын глобальды масштабта қарастыру. Жер бедерін-ің қалыптасуына ғарыштық және пла -нетарлық факторлардың әсері —

Космогониялық зерттеулер

 

 

 

 

Космогониялықзерттеулер жәнеалғшқыгеологиялық жеке байқаулар

Геология

География

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геология

 

 

 

Геотектоника Геохимия

Геофизика

 

 

 

 

 

Геотектоника Стратиграфия Петрография Палеогеография Палеомагнетизм-

Геотермия Геохимия.

Геофизика

Космогеология

Читайте также:

комментария 2

  1. Дикош:

    классная

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *